Орындаған:Уйсинбаева.Н.А Тексерген:Калдыбаева.Ч.Б Жоспар - 1.Қарапайым физиотерапия
- 2.Жылытқыш қолдану
- 3.Мұзды мұйық қолдану
- 4.Қыша қағаздарын қолдану
- 5.Ыстық ылғалды компресс қою
- 6.Қорытынды
- 7.Пайдаланылған әдебиеттер
Физиотерапия түсінігі - Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.
Жылытқыш қолдану - Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі мүшелерге қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді. Жылытқышты ауырған және көгерген жерге қойса, жылудың әсерімен ауырғаны басылады. Медицинада резеңке қалтадан жасалған және электр жастық жылытқыштары қолданылады.
- Көрсеткіштері:
- — Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін — Жалпы жылыну үшін — Созылмалы гастрит және колит ауруында(ауырсынуды басу үшін)т,б
- Қарсы көрсеткіштері:
- — Іштің түсініксіз ауырсынуы — Жедел аппендицит — Жедел холецистит т,б
Мұзды мұйық қолдану - Мұзды мұйықты қолдану
- Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
- Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
- Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Қыша қағаздарын қолдану - Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Алғаннан кейін денеге жабысып қалған қышаны жылы сумен шайып, содан кейін ептеп сүртіп тастайды, тері қатты қызарған болса, ол жерге вазелин жағады. Қышаны қолдан дайындау үшін оның құрғақ ұнтағын (балалар үшін оны жартылай бидай не картоп ұнымен араластырады) жылы су қосып, қою ботқа болғанға дейін араластырады. Дайын ботқаны нығыздау матаға 0,5 см қалындықпен жағады. Содан кейін бетіне шүберек салып денеге жабысқанша саусақпен басып ұстайды не бинтпен таңып тастайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына, гипертонияда желкеге қояды. Тері ауруларымен ауырғанда қышаны пайдалануға болмаңды.
- Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
- Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Ыстық ылғалды компресс қою - Ыстық компресті — тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.
- Қыздырма компресс көрсетілімі, қарсы көрсетілімі;
- Қыздырушы компресс қою
- Мақсаты: Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.
- Көрсетілімі: Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.
- Қарсы көрсетілімі: Қан кетулер, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.
Қорытынды - Физиотерапияны қолдануға көрсетілімдер, физиотерапиялық әдісі беткейлі региональді және орталық қан айналуды жақсартады, ұлпаның трофикасын жақсартады, нейрогумаральдық регуляцияны қалыптастырады, және иммундық жүйенің бұзылуын қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер - 1. Г.Т.Бекетаева,Н.К. Сейтмамбетова, Әкімниязова Н.К «Мейірбике ісі негіздері»
- 2. С.М.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбике ісі негіздері пәніне арналған басшылық»
- 3. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г 2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы 2005г.).
- 3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р. «Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.
- 4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г. 5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина, ГЭОТАР – Медиа, 2009 г
- 6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007г
Достарыңызбен бөлісу: |