Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Ділдар Мамырбаеваның «Әке мен бала»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі329,25 Kb.
#189440
  1   2
Байланысты:
Әке мен бала Д.Мамырбаева



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Ділдар Мамырбаеваның «Әке мен бала» әңгімесінің осы 
электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма 
kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана 
оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп 
сенемін. 
— Әке, әке! Кетпеші! — Мен арқа-басым суық терге 
малынып, ӛз даусымнан ӛзім шошына ояндым. 
Биылғы мамыр айының орта шені жылдағыдан ӛзгеше 
Алматыны күйдіріп тұрды. Түн қапырықтығы тынысты тарылтып, 
кеңірдегіңді қылқындырып тастайды. «Тастақ» базарының 
жанында анам екеуміз шағын ғана жер үйде тұрамыз. Базардың у-
шуы, құжынаған адамдардың қара жүрісі қаңсып тұрған ауаны одан 
әрі кептіріп, қаңырығыңды түтеді. 
Орнымнан тұрып, ӛзім оқитын мектептің спорт алаңына 
келдім. Балалар футболдың қызығына беріліп кетіпті. Бір шеттен 
сыныптасым Жандос келе қалды. 
— Ақша табайық, — деді ол. 


— Қайдан? 
— Айдардың үйіне ұрлыққа түсеміз. 
— Жоқ, олай істей алмаймын. 
Ол ішімнен түйіп қалды. Мен бүрісіп отыра кеттім. Оған 
қарсы тұруға шамам жетпейді. «Ұрсаң, ұра бер» деп орнымнан 
ауырсына тұрдым. 
Біздің мектептегі жүйе осылай. Әр сыныпта 2-3 басбұзар бала 
болады. Ӛзінен күші аздау балаларға қамқорлық кӛрсеткен болып, 
жанында ұстап, тӛменгі сыныптардан ақша жинатады. Ӛзіне әбден 
бағындырып алған. 
— Біз — жанаяспас доспыз. Достар бір-біріне кӛмектесуі 
керек. Ұрлықты мен жасаймын, сен қарауылдыққа тұрсаң да 
болады, — деді. 
Қанша қырсығып тұрсам да, басымды изедім. 
— Сен ертең денешынықтыру сабағына форма әкелме. 
Оқушы­лар сабаққа қатыспаған балаға телефондарын, үйлерінің 
кілттерін береді де, ӛздері сабаққа кетеді, сол кезде Айдардың 
үйінің кілтін бӛлек ұста да, маған бер, — деді. 
Оның әзіретінің кӛлеңкесінде жүргендіктен, айтқанына 
кӛнбеуге әбдім жоқ еді. 
Айдар шешесі екеуі мектептің түбіндегі үйде тұрады. Анасы 
күні бойы жұмыста. Жандос Айдардың үйіне талай рет барған. Қай 
заттың қай жерде тұратынын әбден зерттеп алған. 
Мен ертесі Жандостың айтқанын істедім. Мұғалімнің «келесі 
жолы сабаққа формасыз келсең, тоқсанға екі шығарамын», — деген 
сӛзі маған шыбын ӛлтірдім дегендей ғана әсер етті. 
Сабақтан соң іргедегі кӛлге шомылуға бардық. Бұл біздің 
ойыннан кейінгі әдетіміз. Кӛлдің жағалауынан түнімен жанындағы 
«Ангар» деген кабактан араққа сылқия тойып, одан тӛбелесіп, 
қабағы жарылып, кӛзінен ызғар шашқандарды да, саудасын жасап 
жылмың қаққандарды да, кӛздері кӛк тұманданып аласұрғандар 
мен алпыс екі тамырын махаббаттың шуағына бӛлеп, қара тастың 
ӛзіне мейіріммен қарап отырған жастарды, жасамыстарды да 
кездестіруге болады. 


Мұнда суға секіретін биік мұнара бар. Балалардың бәрі сол 
жерден кӛлге құлдыраңдай орғиды. Оның басына шыққанда 
айналаң алақандағыдай кӛрінеді де, ӛзіңді кӛлге барып құйылар бір 
бұлақтай сезініп, жоталанып кетесің. Ӛрттей лаулап, құйын­дай 
құлдыраңдап ұшасың. Достарыңның арасында «черт» болып 
кӛрінгің келмейді. Егер осы биіктен сілкініп тұрып, секіре алмай 
қалсаң, құның түседі. Балалардың ортасындағы «салмағыңнан» 
айырыласың. Жазаланасың. Футболда қақпаға тұрып, ӛткізіп алған 
әрбір добың үшін майлы құйрығыңды тебуге ұсынасың. 
Мен биіктен қорқамын. Мұнараға шыққаныммен секіріп 
кетуге жүрегім дауаламайды. Қорқақ қып жаратқан Тәңір ме… құса 
болам. Санам сансырайды. Жүрегім түйнеледі. Мұндайда зейініме 
мұңнан 
басқа 
ешнәрсе 
қонақтамайды. 
Мұнара 
басына 
шыққаныммен, секірмедім де, баспалдақтан қайта жерге түспедім 
де. Менің қарғуымды күткен балалар біраз айналшықтап жүрді де, 
күтуден жалығып, қолдарын бірақ сермеп, ӛз жӛндеріне кетті. Мен 
орнымнан тапжылмадым. Кешкі салқыннан ба, әлде үрейден бе, 
денем тітіркеніп, тоңазығандай болды. Жандостың Айдардың үйіне 
ұрлыққа түсуіне себепші болғанымды айтсайшы. Ӛз-ӛзімнен 
жиркеніп, түңілдім. Не де болса, осы жерден қайта түспеуге 
бекіндім. Байламым осы. Кейіннен ұрлықтың Жандостан келгенін 
білді, бірақ дәлелдей алмады. Жандос қуысбас болғанымен — 
қусирақ. Тӛтеннен қойылған әр сұраққа жауабы дайын, сӛзі мығым. 
Жауап бергенде жүзі момақан тартып, ойнақтаған жанары 
ойлылыққа ауысатын. Мұғалімдер одан жамандық келеді деп 
ойламайды. Бәлкім оның ӛктем дауысты әкесінен ығатын да болар. 
Иә, оның сондай жолындағысын аттап, таптап кететін әкесі бар. Ал 
менде ше?.. 
Мені қалың ой жетелеп кетті. Басым, қол-аяғым аман. 
Мінезімде сойқандық жоқ. Сонда маған не жетпейді? Менің 
жаным, ӛзегім, ішкі сарайым неге бос, неге әлсіз? Себебін іздеймін. 
Сор келемін десе, аяқ асты ғой. Онда Қордайда тұратынбыз. 
Әкем кӛшенің басындағы үйдегі бала-шағасы кӛп тәтеге кетіп 
қалғанда, менің әлі мектепке бара қоймаған кезім еді. Кӛшеде 


зуылдап ӛтіп жатқандардың ішінен әкемнің кӛлігінің даусын 
жазбай танимын. Жұмыстан қайтар уақытында үйге кіретін биік 
табалдырық үстіне отырып алып күтетінмін. Бұрылып келсе ғой 
деп ойлаймын. Кӛшенің шаңын бұрқыратып таныс кӛлік зу етіп ӛте 
шығады. Жүрісі де баяуламайды. Кей-кейде әкемнің сұлбасын 
кӛріп қаламын. Басын басқа жаққа бұрып алады. Мен тӛмен қарап 
жер шұқимын. Әкемді бӛтен балалардан қызғанамын. Ерлі-
зайыптыларды азғырып жүретін ажырасу деген қоғамның бұралқы 
итінің неге қабатынының түйінін таба алмай, дәрменсіз күй 
кешемін. Әкемнің бізді тастап кетуі жұлын-жүйкемді үзген. 
— Әке, сен қайтып келсең, балмұздақ та, комикстердің 
супер­қаһармандарының ойыншықтарын да сұрамаймын, — деймін 
кеуде тұсымдағы қалтама салып қойған суретіне қарап. 
Сурет үнсіз. 
— Анам кӛлігінің терезесінің әйнегін сындырмағанда кетпес 
пе едің? 
— Иә, солай, — деп ӛз сұрағыма ӛзім жауап беремін. Сурет те 
күрсінгендей болады. Содан ол бейнені қайтадан орнына салып 
қоямын. 
Осы сәттің суреті ӛзегіме ӛксік боп орнығып алған. Қайда 
жүрсем де ӛзімнен алыстаған емес. Қайта қалыңдап, қамықтырып 
жүдететін. Бұл сезімнің титтей ұшқыны да әкеме жетпейтінін 
білемін. Ол мені іздемейтініне де кӛзім жеткен. 
Менің алабұртқан, аласапыран болған кӛңілімнің құнын бес 
тиын етіп қаланы қараңғылық басты. «Бүгін не мұнарадан секірем, 
не ӛзіме бір нәрсе істеймін, әйтеуір баспалдақпен қайта жерге 
түспеймін» деп ӛз-ӛзіме сӛз бердім. Қалың ой астында қалғып бара 
жатқам… 
— Күнім-ау, сені іздемеген жерім жоқ қой, — деп, шешем 
келіп құшақтай алды. Ӛзі еңіреп тұр. 
Мен қатып қалғандай жібімедім. 
— Жүр үйге! 
— Бармаймын! — деп зірк еттім, — бармаймын. 


— Осында түнемекпісің, сонда? — шешем батылсыздана 
сұрады. 
— Секіріп ӛлемін. 
Бұл сӛзім шешеме жер айналып, тау құлап, аспан кӛшкендей 
әсер еткенін білемін. Жол апатынан екі қолын, аяғын, жеті 
қабырғасын сындырып, тӛсек тартып жатқан жерінен енді тұрған 
кезі еді. Кӛңілін астан-кестең етпеуіме де болады. Бірақ осы 
уақытқа дейін ӛзімнен күші басым балалардың психологиялық 
қысымы, әкесі барлардың ӛр кеуделілігі мені ӛзгертіп жіберген. 
Бандит бала, атаман бала болғым келеді. Оған бірақ мотивация 
жетпейтін. Алдымда ағам, артымда інім жоқ, сүйенетін арқа тұтар 
әкем жоқ. Күн сайын ӛзімнен күші басым балалардан таяқ 
жейтінмін. Сол жанымды жүдеткен. 
— Ӛміріңнің түйінін ӛлім шеше ме? — анам дәтке қуат болар 
ешнәрсе таба алмағандай нали сұрады. 
— Иә, айналып келгенде менің осындай «черт» болып 
жүргеніме сіз кінәлісіз, сіз. Бір нәрсе айтсам: «ой, ол сенің 
қолыңнан келмейді», «сенің мінезің жаман ғой» — деп бетімнен 
қағып келдіңіз. Менің бір ісімді мақтап, арқамнан қаққан кезіңіз 
болды ма? — ӛзегімдегі қақталып жүрген ыс-жалынды лақ еткіздім. 
Анам тұқырып қалды. Менің бойым сәл болса да жеңілдеді. 
Біреудің ерік-жігерін жаншу бойыма рахат сезім береді екен. 
Анам тілі мен үнін жұтып қойғандай мелшиіп отырып, 
біраздан соң: 
—Тұзыңа тышпа! — деді. — Сӛзі зілді шықты. Ӛзіңді айта 
бермей, біруақ менің де халіме үңіліп, түсіністікпен қара. Менің 
сорымның қалыңдығы шашымдай. Мына ӛмірдің ыңғайлы 
ӛткелінің қайда екенін білсем, шашым жасыма жетпей ағармас еді 
ғой. Бір сен деп жүрмін. Не таршылық, не жамандық кӛрдің? Ӛз 
қауқарсыздығыңды ӛзгеге жаппа. Әкесіз ӛскен жалғыз сен бе? Жоқ, 
әлде, әкесіздердің бәрі шетінен ӛліп жатыр ма? Елдің ұлдары 
жоғын айтпай-ақ қасқыр-жүрек болып жүр ғой. 
— Онда сондай қасқыр-жүрек ұлды бала етіп алыңыз. 


— Алла берген ондай баланы. Ол ондай болмаймын деп 
отырса, бойындағысын бағаламаса, не істеймін, айтшы, не істейін? 
Сен сырттан іздеп жүрген бақыт ӛзіңнің ішіңде жатыр. 
— Қайда ол, қай жерде жатыр? Не ішкенге, не жегенге 
жарымаймыз! Менің ішкі тығыным атылғандай лақылдатып 
жатырмын. 
— Сыныптасың Алмасқа қарашы. Аяқ астынан, ойламаған 
жерден мүгедектің арбасына таңылып қалды. Кӛл-кӛсір ақша да, 
қабат-қабат үй де, әке де, шеше де кӛмектесе алмады. Балам, бақыт 
деген ӛзіңнің қанағатың екенін мен де кеш түсіндім. Қателіктерім 
де содан басталды. Сен ақылды баласың. Ӛз бойымдағы 
кемшіліктердің сенде болмағанын қалаймын. Сен менің жүрегімнің 
ішіндегі жүрегімсің. 
Шешем иығымнан ұстап, құшақтады. Бұл жолы мен де оның 
бауырына тығылдым. Екеуміз де ұзақ жыладық. Бір-біріміздің 
қадірімізді енді ғана түсінгендей болып, мұнара баспалдақтарын 
іштей санап, тӛменге түстік. 
Менің мұнарадан секірмегенімді балалар білген жоқ. Жан­дос 
аяқ астынан басқа мектепке ауысып кетті. Келесі күні ойында ең 
белсенді шабуылшы болдым. 
— Анашым, бүгін қарсыластардың қақпасына 3 доп соқтым!!! 
— деп үйге дабырлай кірдім. 
— Ақырын, әкең келді, ұйықтап жатыр, — деді анам екі 
саусағын ерніне басып. 
Күнде атқарып жүрген, бойы үйренген әдеті осы секілді. Ӛзі 
тым жайбарақат. Күтпеген жағдайдан миыма құрт кіріп кеткендей, 
қас пен кӛздің арасында жандүниемнің астан-кестеңі шықты. 
Шекемнен қара тер бұрқ етті. Жатын бӛлмеге кірдім. Шынымен-ақ, 
еңгезердей қара сұр адам ұйықтап жатыр. Қабағы түксиген. 
Шаштары тікірейген. Беті безеудің ізінен бұжыр-бұжыр, әжімді. 
Кеуде тұсыма сақтап жүрген суретті алып салыстырдым. Кескін-
келбетін ұқсаттым да, ұқсатпадым да. 
Анам кешке дастархан жайды. Әкем келіп жайғасты. Ӛзгеше 
бірнәрсе болатын шығар деп күттім. 


— Ертең Ильичевка жаққа жүреміз. Демалысты Шымкентте 
ӛткізесің, —деді. Әңгіменің басы да, аяғы да осы болды. Жауап 
күтіп, бетіме қарады. 
— Жарайды! — дедім екі ойлы қалыпта. 
— «Жарайды, әке» деп айт! — деп түзетті сӛзімді. Даусы 
дӛрекі естілді. Үндемеп едім, тағы қайта­лады. 
— Жарайды, әке! — дедім даусымды тістерімнің арасынан 
сыздықтата шығарып. Ильичевка менің ұғымымда Сицилияның 
Палермосы секілді. Ол жерде тұратындар үшін ӛз ауылдары Мысыр 
шаһарындай. Әкем сол ауылдың тумасы. Мені ауылға апармақшы. 
Жамандықтың бет-жүзі болмайды деген рас. Оның бет-
әлпетінен ешнәрсе байқай алмадым. Менің кӛзімдегі үрейге, 
бойымдағы қорқынышқа селт етпейтін секілді. Баяғыдан бері 
бізбен бірге тұрып келе жатқандай, шайын асықпай, сораптап 
ішуде. Кӛрмегеніме он жылдан асқан әкенің кенеттен қайта оралуы 
ӛмірімнің қалыпты ырғағын бұзып жіберді. Бӛтен, жылуы жоқ жан 
баса-кӛктеп келіп, ӛз ӛктемдігін жүргізбекші. Анам бәріне үнсіз 
келісуде. Әкесін кӛрсін дегені ме… 
Шымкентке бағыт алып барамыз. Кӛлік ішінде екеуден 
екеуміз. Үнсізбіз. Еркелей білмеймін бе, еркелегенімнің тұрпаты 
сол ма, қыңырайып отырмын. Сол қасарғыштығыма жылылықпен 
жауап берсе деймін. Ит те иесіне еркелейді ғой. «Әке деген 
осындай болу керек» дей ме екен, әлде алғашқы күннен ықтырып 
алайын деген ойы бар ма, ызғарлы да қатал. Ӛз-ӛзіне кереметтей 
сенімді. Жол-жӛнекей сатып алған тамақтарын жемей қойдым, ол 
да маған мәймӛңкелемеді. «Неге жемейсің?» деп сұрамады да. 
Менің қалап тұрған тамағымның жанынан мән бермегендей болып 
ӛте шығады. Екеуміз де бір-бірімізге тістеніп келеміз. Жетісайға 
барар жолда дарияға бір сүңгіп шығуға тоқтадық. Қайыққа 
отырдық. Ескекті маған ескізді. Бірінші рет ұстап тұрсам да, 
тырмысып есіп келем. Екеуміздің арамызда әңгіме жоқ. Бір-
бірімізге ӛшігіп отырған адамдардаймыз. Ара-арасында мен жаққа 
кӛзінің астымен қабақ шыта қарап қояды. Менің ішкі арпалысым 


ӛшпенділікке айналып бара жатқандай. Қандай қатыбас, ит мінез. 
«Әке» деп айтуға ішімдегі қатып қалған түйіндер жіберер емес. 
Жағалауға иегін сүйеп тұрған бір мүйіске келіп тоқтадық. 
Балық аулау деген бір қызық іс екен. Жағалауда үн-түнсіз, 
тапжылмай сағаттап отырасың. Қармағыңа ештеңе іліне қоймайды. 
Бірақ рахат. Психотерапия, медитация деп тренинг ӛткізіп, ақша 
табатындар үшін мына жер саялы орын. Қиялыңды қалай 
қалықтатады десейші… 
Батыстан тұтасқан бұлт кӛрінді. Жаңбыр иісі келді. Су беті 
бозғылт тартты. 
— Кеттік! — деді. Темірден жаратылған адамның даусындай 
сезімсіз шықты. 
— Балық қапқалы тұр! — дедім бетімді бұрмай, — сәл күте 
тұрыңыз! 
— Онда қал! — деді де, құрал-жабдықтарын жиыстырып, 
қайыққа салып, машинасын қойған жағаға қарай қайрылмай кете 
барды. Жай басталған жаңбыр екпіні күшейе бастаған. Жейдешең 
отырған менің арқамды суық қарып барады. Әкемнің (әке деп те 
айта алмаймын) мына қылығы ӛкпелетіп, қолқа жүрегімді 
алқымыма тақап қойды. Тӛбемнен тӛмен қарай құйылған жаңбыр 
суы мен кӛз жасым араласып кетті. Бір орнымда қатып қалғандай, 
тапжылмай отырмын. Иегімнің қалшылдауы мен дарияны 
қоршаған бұталардың селкілдеуі қоғамның қандай нәрсеге болса 
енжар болып кеткендігінің суретіндей болып бойымды езіп тұр. 
Әкем екі-үш сағаттан кейін, бұлт астынан шыққан күн 
жаңбырды ығыстырғанда, айнала тынышталғанда мен отырған 
жерге қайта келді. Түк болмағандай: 
— Кеттік! — деді тағы да. 
— Мен сенімен енді ешқайда да бармаймын! — шатынап 
тұрып, ақшия жауап бердім. Осы сәт шапалақтың шарт ете түскенін 
аңдамай қалдым. Кӛзімнің оты жарқ ете түсті. Ішімде бір топалаң 
басталды дейсің. Балық аулап отырғандағы қиялдарым мен 
мақсаттарымның быт-шыты шықты. Жын ұрып кеткендей болдым. 
Бар даусыммен айқай салдым. 


— Сені кім шақырды, сендей әкенің кӛк тиынға да керегі жоқ. 
Осы күнге дейін қайда болдың? Мені таптауға, ұруға, жігерімді құм 
қылуға келдің бе? Кімсің ӛзің? 
Кӛзіме қан толып кетті. Ӛзіме ӛзім ие болудан қалып барамын. 
Кӛзім оның қалтасынан бір ұшы шығып тұрған бәкіге түсті. Асқан 
бір жылдамдықпен суырып алдым да: 
— Ӛлтірем сені! — дедім, — осыдан қара да тұр, ӛлтірем! 
Қалған кӛңіл — шыққан жан деп тұрмын. 
Менің жаным мен жүрегімді енді түсінгендей, жүзіндегі 
кешелі бергі аяз жібіп, басқа түрге енді. Ӛзінің ісіне ұялғандай, 
қателіктеріне бармақ тістегендей. Шарт кесілгелі тұрған тағдырды 
қайта бір жымдастырғысы келіп тұрған сезімді мен қалай ұқтым, ол 
жағын білмеймін, жүрегім дыз ете түсті. Ашу мен ақыл алмасып 
барып, сабаға түсе бергенде, қолымнан бәкі жерге түсіп кетті. Әкем 
жерден алды да, тұнжырай қарады. Ақырындап маған жақындай 
берді. Қамсыздығыма ӛкініп тұрмын. Ішімді үрей кеулеп барады. 
Қарсы алдымдағы жан жақыным ба, әлде жат адам ба, ажырата 
алмай кӛзім тұманданды. Беталды жүгіре жӛнелдім. Артымнан 
қуып келеді: 
— Балам, тоқташы, тоқта! — деп айқайлайды. Дауысы 
жалы­нышты. Мен ӛзімді тоқтата алмай келемін. Тіленіп, ӛтінген 
сайын, зуылдаймын. Белгісіз бір күш дәл қазір тоқтасам жағдайды 
мүлде ӛзгертіп жіберетіндей. 
— Балам! Балам! — дейді шырқырап. Дәті берік болып 
кӛрінген адамның елжіреуі бүйрегіңді бүлк еткізеді екен. 
Жүгіргеннен ӛкпем ӛше бастағанда, жағалаудағы биік ағаштың 
басына ӛрмелеп шықтым да: 
— Ағаштың ұшар басынан түбіндегі қара тасқа секіріп ӛлем! 
— дедім. 
Әкем ағаш түбінде ентігін баса алмай тұр. 
— Айналайын! Қорқытпашы! Кешір мені! 
Біреу кешірім сұраса, елжіреп қалам. Әкеме жайбарақат қана 
кӛз тастадым. Ағаштың жуан бір бұтағынан ұстап ӛрмелеп келеді 
екен. Ол жақындап қалғанда секіріп кеттім. Тасқа түспей, суға күмп 


бердім. Әкемнің ұстап тұрған бұтағының шарт сынғанын кӛзім 
шалды. Кешелі бері мүләйімсіп, тыныш жатқан дарияның ағыны 
бүгін тым қатты. Мӛлдір моншақтай болып кӛрінетін су 
тамшылары қазір таудай-таудай толқынға айналған. Дария ӛз-
ӛзінен тулап, шулап кетті.
* * * 
Маған қара күшпен жан-жағын ықтырып жүретін адам­дар 
ұнайды. 
Соларға 
қызығамын, 
еліктеймін. 
Ӛзгелердің 
қолпаштағаны, мақтағаны жаныма майдай жағады. Ерекшеленіп 
тұрғанды жақсы кӛремін. Жандос басқа мектепке ауысқан соң 
«айналамда жүрген балалар менен сескеніп жүрсе» деген мінез 
пайда болды. Бокстан үйренген әдіс-тәсілдерімді былғаныштау 
бағытқа жұмсадым. Айналамдағыларды ықтыра бастадым. 
Мектебімізде муай тай спортынан Азия, Еуразия чемпионы болған 
бала оқиды. Сол ғана маған шекесінен қарайды. Ол тәкаппар, қатал 
болатын. Оның бұл мінезі намысыма тиді. Менің бойымда да 
қабілет мол. Бірақ мен бірнәрсеге қол жеткізе қояйын деп ӛзімді 
қинамаймын. Сол бірде спарингке шақырды. Муай тай — 
тайландық жекпе-жек ӛнері. Соққы беру. Соққы басқа да, қол-аяққа 
да, тізеге де беріле береді. Ережесі қатал. Біздің мектептің бүкіл 
қыздары, ұлдары жиналған. Бокстаса бастадық. Соққылары жеңіл 
секілді. Ұру тәсілін білмейтіндей кӛрінді. Сӛйтсем, айласы екен. 
Ашық қалған тұстан естен тандыра соққы берді. Ешнәрсе кӛрмей 
қалдым. Шайқалақтап тұрмын. Ӛзімшіл ӛжеттігім оянды. «Я духом 
сильный» деп ойлап үлгердім. Айнала шуды естімеймін. Муай 
тайда бас-кӛзге қарамайсың. Сәл есім жиналғанда астына кіріп, 
құлаттым да, ұра бастадым. Құлағанды соққылау әдетімде жоқ еді. 
Бұл жолы ол ұстанымнан айныдым. Жиналғандар әзер дегенде 
ажыратты. 
Жекпе-жекке аудандағы «бандитпіз» деп жүрген балалар да 
жиналған болатын. Суық қарулары да бар. Абырой болғанда 
жағдай ушықпай аяқталды. Ертесі бұл оқиғадан қаладағы біраз 


жұрт хабардар болды. Мектепке тӛбелеске қатысқандардың да, 
қатыспағандардың да ата-аналары шақырылды. Кӛбі мықты, 
құзырлы орындарда жұмыс істейтіндер. Әркім ӛз баласын ақтап 
әлек. Кеше ғана кӛшеде жүргенде бір иығымды тӛмен, бір 
иығымды жоғары ұстап, қыр кӛрсететін мен бүгін әркімнен бір сӛз 
естіп, тауым шағылып, әл-дәрменім құрып тұрмын. Сүйенер, 
қорғаныш болар менде әке жоқ. Шешем келді. Бауыры тілгіленіп 
жылап тұрды. Мені мектептен шығаратын болды. Басқа жол жоқ. 
Біздің сыныпта директордың баласы оқитын. Оқиғаның ішінде ол 
да болған. 
Жүрегім қанталап, жан-жақтан қойылған сұраққа: 
— Менің сӛзімнің біріне сеніп, біріне сенбейсіздер. Олай 
болса, анық-қанығын Арғынбектен сұраңыздар, — дедім. 
Директор селк ете түсті. 
— Арғын да болды ма? — деді. 
Дүйім жұрттың алдында айтылғандықтан, енді оны да 
шақыруға тура келді. Жағдай бір сәтте басқаша сипат алды. 
— Жігіттердің арасында не болмайды? Бас жарылып, қол 
сынған жоқ, —деп, директор ушығып тұрған жағдайды сылап-
сипап түк болмағандай етіп шығарды. Чемпион бала екеуміздің бір 
мектепке сыймайтынымызды біліп, қолма-қол оны басқа мектептің 
директорымен сӛйлесіп, сонда ауыстырды. 
Тал қарматқан осы оқиға маған әкені қатты іздеткен. Бір ойым 
«дұрыс істедім, ӛзімді дәлелдедім» деп ақтап жатса, екінші бір 
ойым «оңбайсың» деп ӛзімнен түңілдірді, жиіркендірді. Мұндайда 
ақылдасар әкенің болғанын қаладым, Жаратқаннан жалынып 
сұрадым. Тілегімнің орындалуын күттім, кӛп күттім. Келсе, 
ажырамаспын дегенмін. Келіп еді, қашып барамын. Толқынмен 
арпалыса жүріп, артыма қараймын. Менен кӛз жазып қалмасам 
екен деген ұмтылыспен малтып келеді. Қалайда маған жетсем екен 
дейді. Қарғып, қарғып кеткісі келетінін сеземін, қауіп-қатерді 
елемейтін секілді. Тасқын жолын бӛгеген сайын жанұшыра 
құлаштайды. Дәл қазір мен үшін, менің суға батып кетпеуім үшін 
жанын, жүрегін беруге әзір екенін «балам, балам!» деген бірде 


құлағыма жетіп, бірде үзіліп естіліп жатқан даусынан сеземін. 
Жағаға жақындағанымда айнала бір сәт жым-жылас, жым-жырт 
бола қалды. Дүние тынғандай. Дария ернеуінен асып тасымағандай. 
Жағалаудағы шӛптер де сыбдырсыз. Әр жер әр жердегі дӛңкиген 
тастарға қараймын. Мелшиіп тұр. Бүгінгі күннің әлегінен санам 
сансыраған ба, әлде шынымен солай ма, дария баяу ғана тербеліп 
жатыр. Әкем су бетінен де, жер мен кӛктің арасынан да кӛрінбейді. 
Жейдемнің қалтасында тұмардай боп сақталып жүретін суретін 
қолыма алайын десем, түгі қалмай езіліп кетіпті. 
— Әке! — дедім талықси, тұншыға айқайлап. — әке! 
Кетпеші! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет