Датчик өлшенетін не бақыланатын шаманы ыңғайлы түрде жіберіп, ары қарай түрлендіріп, өңдеп, тіркеу, сақтау үшін ыңғайлы сигналға түрлендіргіш құрал. Басқаша айтқанда датчик



бет1/8
Дата26.05.2020
өлшемі18,2 Kb.
#71250
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Датчиктер


Датчиктер

Датчик өлшенетін не бақыланатын шаманы ыңғайлы түрде жіберіп, ары қарай түрлендіріп, өңдеп, тіркеу, сақтау үшін ыңғайлы сигналға түрлендіргіш құрал. Басқаша айтқанда датчик өлшенетін электрлік емес сигналдарды (шамаларды) электрлік сигналға түрлендіретін құрал.

Өлшенетін шамамен тікелей қосылған датчик бірінші ретті деп аталады. Медициналық электроникада өлшенетін не бақыланатын электрлік емес шаманы электрлік сигналға түрлендіретін датчиктер ғана қарастырылады.



Датчиктер түрлері

Датчиктер генераторлық және параметрлік болып бөлінеді.



Генераторлық датчиктер өлшенетін сигналдың әсерінен кернеу немесе токты тікелей өндіреді (қорытып шығарады). Оларды активті дейді. Генераторлық датчиктер белгілі бір құбылыстарға негізделуіне байланысты аталады:

1) пьезоэлектрлік - пьезоэлектрлік эффект;

2) термоэлектрлік - термоэлектрлік эффект (жабысқан жердегі температурасы әртүрлі болатын параллель жалғанған әртекті өткізгіштерден тұратын электр тізбегінде ЭҚК-ң пайда болу құбылысы);

3) индукциялық - электромагниттік индукция;

4) фотоэлектрлік –фотоэффект.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет