Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау,бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған.Ол қаржыны басқарудың функциялық элеметтнрімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы эканомикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көшдері, пайдалануы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, пайдалану,айырбастау,бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам,ең алдымен мемлекет тарапынвн ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен мынадай белгілі бір шаттардың кезінде оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды,ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы эканомикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе,қаржыны басқару элеметтерінің бірі ретінде қаржылық бақылау қондырмалық категория болып таьылады. практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау ныанында жүзеге асырылады,бірақ бұл бірдей деуге болмайды
Бақылау функциясы-қаржының ішкі қасиеті,ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болыптабылады. Қаржылық бақылаудың арналымы мемлекеттің қаржы саясаттың ойдағыдай іске асыруға жәрдемдестігінде, қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану үдерісін қамтамасыз ететіндігінде. Экономикалық категорияларды пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде қаржылық бақылаудың ерекше саласы ретінде қаржылық бақылаудың белгілі бір қолдану сферасы мен тиісті нысаналы бағыттылығы болады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады. Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстарын, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында қалыптастыру және пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдерістер болып табылады.
Алайда қаржылық бақылаудың объектісі тек ақша қаражаттарын ғана тексерумен шектелмейді.Түпкілікті қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақша қатынастарымен ортақтастырылатындықтан ол елдің материал,еңбек ,табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Бақылау нәтижелерінің анытық қағидаты-бақылау нәтижелерін бухгалтерлік,банктік құжаттармен мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің өзге құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық қағидаты-бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы,мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының,мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Парламентіне, Президентіне,Үкіметіне,мәслихаттарғаесепберетіндігі.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылаудың жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (бақылау құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы- шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа (үстеме) тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.
Нарықтық қатынастар жағдайларында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан – таражға жеткізді және басқалары. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірде барлық келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділеттілікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкінігін реттеу құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу үдерісіне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандардын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Қаржылық бақылаудың объективтігі неде?
Аудиторлық бақылау дегеніміз не?
Қаржылық бақылаудың қандай түрлерін білесіздер
Достарыңызбен бөлісу: |