«Оқу үдерісін және білімді бақылауды цифрализациялауға арналған программалық жабдық құру сұрақтарын зерттеу»



бет1/3
Дата27.06.2022
өлшемі50,5 Kb.
#147125
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Resenzia Murtaza
Тәжірибе 9 - Гулаш Кощанова, Асқанбаева Ғ.Б. Аналитикалық геометрия, Асқанбаева Ғ.Б. Аналитикалық геометрия, Асқанбаева Ғ.Б. Аналитикалық геометрия, Асқанбаева Ғ.Б. Аналитикалық геометрия, тесты грамотность чтения, иупс (1), СРСП, Тұтас педагогикалық үрдерістегі оқыту мен білім беру мен, Южно – казахстанская государственная фармацевтическая академия, делаю

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


«7М01503-Информатика» білім беру бағдарламасының магистранты Мұртаза Шадияр Махсұтұлының «Оқу үдерісін және білімді бақылауды цифрализациялауға арналған программалық жабдық құру сұрақтарын зерттеу» тақырыбына жазған магистрлік диссертациясына


СЫН-ПІКІР


Тақырыптың өзектілігі, оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы.
Қазіргі таңда білімдік ресурстар мен орталардың сандарының артуы тек қана қалыпты жағдай ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тікелей талаптардың бірі болып табылады. Қолданыстағы үздік білім платформалары түрлі қажеттіліктерге байланысты әзірленуде. Бұл қосымшалар көбіне веб-қосымшаларға бағытталғанымен кросс-платформалы, мобильді қосымшалардың қолданыста өзектілігі кем емес. Мобильді құрылғылар бүгінде күнделікті қолданыста барлық адамның ақпарата алмасу құралы болып табылады. Есеп бойынша мобильді қосымшалардың саны шамамен 5 миллиардтан асты. Смартфон мобильді құрылғысын әлем халқының 80%-ы қолданады. Мобильді қосымшалар алаңының өзектілігі сияқты факторды елемеуге болмайды. Әр түрлі ақпарат түрлеріне қол жеткізу үшін мобильді құрылғыларды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Мобильді қосымшаны әзірлеуде тұтынушылардың қажеттіліктерімен қатар, дамыту мақсатында қолдану платформасы, мобильді операциялық жүйені дұрыс тандау керек. Сондықтанда оқушыларды жалпы бағалаудың әдісін құруға бағытталған қосымшасын құру өзекті болып табылады және осы жүйе оқушылардың арасында біліктілік пен үздік оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар шеңберіндегі ғылыми нәтижелер.
Магистрант Шадияр Махстұлының диссертациялық жұмысы өзекті ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады және зерттеу логикасына сәйкес орындалған.
Сонымен қатар зерттеу нәтижелері республикалық басылымдарда жарияланған. Бұл магистранттың зерттеушілік қабілетін көрсетеді.
Зерттеу жұмысында келесі ғылыми нәтижелер алынған:
- Зерттеудің теориялық негіздері: Білімдік оқу ресурстарын құру және қолдануды теориялық зерттеу. Білімдік оқу ресустардың жергілікті жағдайын зерттеу. Мобильді оқыту технологияларын енгізу әдістері мен формаларын зерттеу, Android операциялық жүйесіне негізделген қосымшаларды құру технологияларын талдау, мобильді программалау негіздерінің теориясын зерттеу. Оқушылар біліктілігін бағалау жүйесі “Scoorang” қосымшасы құрылымын әзірлеу және жүйені құру;
- Зерттеудің практикалық негіздері: Android операциялық жүйесіне негізделген оқушылардың арасында біліктілік пен үздік оқушыларды анықтауға арналған мобильді қосымшасын жобалау және құру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет