Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Б/С4.шығарма бойынша жазылған әдеби сын пікірлерге сүйене отырып өзіндік сыни пікір жазу.
Үзіндіні оқы. Өлең жолдарындағы материалдық құндылық пен рухани құндылықты анықта. Қазіргі заманда өзекті ме? Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша
Суына Жетімкөлдің шөлдейтұғын
Суымен сырқаттарын емдейтұғын
Ұрпақтан-ұрпақ алып жалықпастан
Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын көлдін, налытпастан
Дәстүрін аттамаған, анық басқан...
Бағалау критерийі
Дескриптор
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Поэмадан берілген үзіндіні оқиды
Өлең жолдарындағы құндылықтарды анықтайды
2-тапсырма.
«Венн диаграммасы» әдісі
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы материалдық және рухани құндылықтарды салыстырады.
Шығармадағы жаңашылдық пен ғаламдық мәселелерді талқылайды.
дамытып жазады. (2-3 сөйлем)
Дәстүр, бесік, отбасы,қасиет, жаралы аққу, ақ төсек, аппақ айдын, жаулық
Әдеби сын туралы анықтамамен танысыңыз. Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сын бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдірмей отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы.