1. Шаруашылық қызметті талдаудағы салыстыру тәсілі



Дата06.02.2022
өлшемі13,73 Kb.
#79800
Байланысты:
ШҚТ 1709

1. Шаруашылық қызметті талдаудағы салыстыру тәсілі


Салыстыру - бұл танымның ғылыми әдісі, бұл процесте белгісіз (зерттелетін) құбылыс бұрын зерттелген белгілі құбылыстармен салыстырылады. Салыстыру көмегімен экономикалық құбылыстардағы жалпы және спецификалылық анықталады, нысандардың өзгерістері, олардың даму тенденциялары мен заңдылықтары зерттеледі.
Салыстыру типтері.
ШҚТ міндеттерінің бірі жоспардың орындалуы жөнінде кәсіпорын қызметін жүйелі бақылау және жан-жақты бағалау болып табылады. Бұл үшін нақтылы мәліметтер жоспарлы көрсеткіштермен салыстырылады. Мұндай салыстыру айдағы, тоқсандағы немесе жылдағы жоспардың орындалу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Нақтылы мәліметтерді жоспармен салыстыру жоспарлы көрсеткіштердің негізделуін тексеру үшін де пайдаланылады. Бұл үшін 3-5 жылдық нақтылы мәліметтер ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырылады.
Сондай-ақ жоспармен салыстыру өндіріс резервтерін үшін қажет. Бұл мақсатта жүргізілген шаралар көлемі туралы нақтылы мәліметті жоспармен салыстырады.
ШҚТ-да қол жеткен көрсеткішті перспективті жоспар көрсеткішімен салыстыру маңызды мәнге ие. Бұл перспективті жоспардың орындалу барысын көрсетеді.
Сараптамалық жұмыс тәжірибесінде бекітілген нормалармен (материалдардың, шикізаттың, энергияның, судың жұмсалуы) салыстыру да пайдаланылады.
Мұндай салыстыру ресурстардың үнемделуін немесе артық жұмсалуын табу үшін керек.
Талдауда нақтылы қол жеткен нәтижелерді өткен жылдар мәліметтерімен салыстыру жиі қолданылады. Бұл көрсеткіштің өзгеру қарқынын бағалауға, экономикалық процестердің даму тенденциялары мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Салыстырудың келесі түрі – үздік нәтижелермен салыстыру. Бұл озық тәжірибе мен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін табуға жағдай жасайды.
Шаруашылық аралық салыстырмалы талдаудың үлкен мәні бар, бұл талдау өндіріс мүмкіндіктерін іздеуге, озық тәжірибені зерттеуге бағытталған.
Экономикалық талдауда салыстырмалы талдаудың келесі түрлерін ажыратады: горизонтальды, вертикальды, трендті, сондай-ақ бір шамалы және көп шамалы.
Горизонтальды салыстырмалы талдау зерттелетін көрсеткіштердің нақтылы деңгейінің базадан (жоспарлы, өткен кезең, орташа деңгей, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері) абсолютті және салыстырмалы ауытқуын анықтау үшін пайдаланылады.
Вертикальды салыстырмалы талдау арқылы жалпы тұтастықтағы бөліктердің үлес салмағын, тұтастық бөліктерінің өзара арақатынасын есептеу жолымен экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымы зерттеледі.
Трендтік талдау бірқатар жылдардың көрсеткіштерін базистік жыл деңгейіне салыстырмалы өсу және өсім қарқындарын зерттеу үшін, яғни динамика қатарларын зерттеуде қолданылады.
Бір шамалы салыстырмалы талдауда бір объектіні бір немесе бірнеше көрсеткіштері бойынша немесе бір немесе бірнеше объектілерді бір көрсеткіш бойынша салыстырады.
Көп шамалы салыстырмалы талдау көмегімен көрсеткіштердің кең спектрі бойынша бірнеше кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін салыстыру жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет