Қаржылық есепті құру және ұсыну
Қаржылық есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беруді жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының валютасымен құрылуы керек жене өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі.
Қаржылық есеп беруге, оны уақытында тапсыруға жауапкершілік атқаратын субъектінің басшысы мен бас бухгалтері (бухгалтері) қол қояды.
Еншілес кәсіпорындары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есеп беруден басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы зандылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес консолидирленген қаржылық есеп беруді құруға және оны тапсыруға міндетті.
Заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулері қызығушылық білдіруші тұлғалар үшін баспада жария етуге ашық болып табылады. Жылдық қаржылық есеп берудің растылығы мен ақиқаттылығы аудиторлық ұйымдардың ұсынылатын тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталынады.
Қаржылық есеп беру нысандарын толтырған кезде келесілер бейнеленіп көрсетілуі керек:
• белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен құрылтай құжаттарына сәйкес қаржылық есеп беруді ұсынатын субъектінің аты;
• субъектінің мекенжайы - субъектінің заңды мекен-жайы, саласы (қызмет түрі) көрсетіледі;
• мемлекеттік мүліктерді басқару органы - мемлекеттік заңды тұлға иелігінде тұрған және қаржылық есепті тапсыратын органның аты;
• меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Қайта құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезен, оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап осы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзім болып табылады.
Ұйымдар қаржылық есеп беруді келесілерге ұсынады:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика органдарына;
3) құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына.
Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей тапсырады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептің кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі жөнінде әрқилы мәліметтерді қажет етеді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептің кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі жөнінде әрқилы мәліметтерді қажет етеді:
инвесторлар- жасаған инвестициясының дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігін анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін ақпараттарды талап етеді;
Достарыңызбен бөлісу: |