Арнамалы иммундық алдын алу. Вакцинадан кейінгі асқынулардың алдын алу,емдеу және мониторингі



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі142,84 Kb.
#85914
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 СӨЖ слайд

Вакцинадан кейінгі асқынулардың алдын алу

Орындаған: Қажиахметова Нурайна


Нұр-Султан қаласы әкімдігінің “Жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ МКК

Иммунопрофилактика

жасанды иммунитетті күшейту немесе орнату мақсатында жасалатын халықты немесе индивидуальдыжаппай қорғау әдісі. Оның өзі арнамалы емес және арнамалы болып бөлінеді. Біздің қарастыратынымыз арнамалы иммунопрофилактика болып табылады.

Профилктикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер

 1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер: 1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа және одан да жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникалық-гипореактивті синдром); 2) осы вакцинаны бұрын салғанда болатын асқынулар – тез болатын аллергиялық реакциялар, соның ішінде егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок, вакцина салғаннан кейін жеті күн ішінде пайда болатын энцефалит немесе энцефалопатия. 2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер: 1) АИТВ-инфекциясын қоса алғандағы тұрақты иммун тапшылық жағдайы; 2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік; 3) жүктілік. 3. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер: 1) орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинациялау сауыққан күннен бір жылға дейінгі мерзімге қалдырылады; 2) жіті гломерулонефрит – вакцинациялау сауыққан соң 6 айға дейін кейінге қалдырылады; нефротиялық синдром – вакцинациялау кортикостероидтермен емделу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады; 3) температураға байланыссыз ауырлығы орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар - вакцинациялау сауыққаннан кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі; 4) әртүрлі патология кезінде стероидтерді, сондай-ақ иммуносупрессивті қасиеттерге ие басқа да препараттарды қолдану; 5) біртіндеп ұлғаятын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар вакцинациялауға жатқызылмайды; асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар ремиссия кезеңінде егіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет