“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”
Абай
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.
Жетінші сөз
ДАРЫНДЫЛЫҚ
«Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».
Дарындылықтың байқалуында екі түрлі көзқарас бар: «барлық балалар дарынды» және «дарынды балалар өте сирек кездеседі».
Достарыңызбен бөлісу: |