Ашық тәрбие сағаты «Қарты бардың – қазынасы бар» Алмас



Дата15.09.2017
өлшемі68,25 Kb.
#32364
Ашық тәрбие сағаты «Қарты бардың – қазынасы бар»
Алмас:

Уа, ағыйын, бүгін қызық той–думан,

Осы тойға барлық жұрттар жиналған.

Осы тойдың құрметіне, ағыйын,

Қарттар күні барлық елде тойланған.
Назерке:

Есенсіз бе, қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өзіңіздей ұлағатты болуға

Өсиетіңді жүрегімде сақтармын.
Алмас:

Армысыздар, құрметті келген қонақтар!


Назерке:

Бүгінгі 1-қазан – Қарттар мерекесі құтты болсын!

Біз сіздерге ӨМІР ...
Алмас:

Ешқашан таусылмайтын БАҚЫТ...


Назерке:

Сөнбейтін ШЫРАҚ ...


Алмас:

Әрқашан орындалар АРМАН тілейміз.


Назерке:

Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі – оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Алмас:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!


Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар!
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Алмас:

«Қарты бардың – қазынасы бар» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Назерке:

Олай болса құрметті аталар мен әжелер сөз кезегін даярлық тобына берейік.



Би даярлық тобы, қабыл алыңыздар!
Алмас:

Ал қазір сөз кезегін біздің достарыңызға берейік, олар қалай қарттарды құрметтеу керек сіздерге мақал-мәтелдерің айтып береді


Қуат. Қамқорлық:

Қарттар деген – әр үйдің дара шыңы,

Отбасының қамқоры, жанашыры.
Ақпейіл. Мейірімділік:

Төгетін ұрпағына мейірім нұрын

Қарттар деген – үйдегі жарық күнің.
Аңсар. Түсіністік:

Қоймай қарттың қас–қабағын қату ғып,

Болу керек түсіністік, татулық.
Айым, сүйіспеншілік:

Қарияңа сүйіспеншілік болмаса,

Жақсы көре қоймас сені ол да аса.
Дильназ. Жанашырлық:

Қариялар үміт жібін үзбейді,

Ұрпағынан ол да жылу іздейді.
Алмас: Үлкенге үнемі сәлем бер.


Назерке: Үлкенге қарсы шықпа


Алмас: Үлкеннің батасын қабыл ал.


Назерке: Үлкен кісіні ренжітпе.


Алмас: Ауылыңда қария болса, Жазып қойған хатпен тең.


Назерке: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.


Алмас: Ақылды қария – ағып жатқан дария.


Назерке: Өткен менен кеткенді, Көп жасаған қарт білер.
Алмас:

Аталатын құрметпенен аттарың –

Сіздерсіздер алтын қазық қарттарым.

Ұрпақтарың керегесін кең жайған,

Ғанибет қой осынау бір шақтарың.
Назерке:

Бәрін білер ата салты, ғұрыптың,

Жақындығын туған–туыс, іліктің.

Тілейсіздер барша мынау ғаламда

Тұрса екен деп шуақ шашып, күліп күн.

Тәрбиелі ашық сабақ бастаймыз

Ұжымы боп Жамбыл орта мектебінің!

Алмас: Құрметті аталар мен әжелер сөз кезегі 1 сыныпқа келді. Олар сіздерге би дайындап келді.

Қуат:

Атамыз – біздің панамыз,

Атамыз – біздің данамыз.

Атадан ақыл аламыз,

Атадай адам боламыз!
Ақпейіл:

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Жамандықтан сақтандырып

Жүрген алтын ақ әжемді

Жүрсем деймін шаттандырып.
Аңсар:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де жақын маған.

Жанымда әжем жүрген кезде

Бақытты да батыл болам.
Айым:

Менің әжем – бал әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.
Алмас:

Мейірімді жүрегі

Атамды ел біледі.

«Жүз жасағын, балам» деп

Бата беріп жүреді!
Көрініс «Алдараспан» 6 сынып
Алмас:

Мәнді және маңызды

Толған ылғи ой басы.

Ертегі мен аңыздың

Таусылмайтын қоймасы.

Айтады ертек жан атам

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды таратам

Жер мен көкті аралап.

Ертегілер еліне

Бір шегетін сапарды

Ардақтаймын өмірде

Асқар таудай атамды.
Назерке:

Әжем менің мейірімді,

Сыйлайды үлкен – кішілер.

Әжеге деген пейілімді

Әжесі барлар түсінер.

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім,

Мейірімі таусылмас

Күн нұрына теңедім.

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты, ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес, ақ әжем.

Аман – есен жүріңізші,

Бар тілегім сол, әжем!
Ақпейіл:

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен – кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.
Аңсар:

Асыл әжем, ақ әжем,

Құтты болсын мерекең.

Қуантып әр балаңыз,

Таси берсін берекең.
Айым:

Жүзі жарқын, жаны ізгі

Жан бар ма екен атамдай?

Бірақ бала тәрізді

Тұрады әкем бата алмай.
Қуат:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болар өзі де.
Айым:

Менің әжем – жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман – есен жүр, әжем!
Алмас:

Әжем менің

Асыл адам қымбатты

Бір мен ішін

Сұлу, ғажап сымбатты.

Әжем менің

Құрақ ұшып аймалап,

Туған күннен еркелетіп сол бақты.


Назерке:

Мейірімі жел жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп

«Құлыным» деп құшады.

Жан жуытпай маңына,

Ас сақтайды кәрі әжем.

«Бес» ап келсем алдында

Биіктейді дәрежем.
Би: 5 сынып
Алмас:

Жырақта жүрсем мақтанам,

Жаныңда жүрсем баптанам.

Атырған көзден тірліктің

Ақпанды таңын, ақ таңын.

Көңілдерін кірбің шалмаған

Кешсе де өмірдің шатқалын.

Тарланы болған даламның –

Қайырымды қайран қарттарым!
Назерке:

Аршып ап батпақ, балдырдан,

Арқалап өткен сан жылдан.

Намыс пен арды мұра етіп

Ұрпақтарына қалдырған.

Уызымен елдік, кеңдіктің

Ұл – қызын ауыздандырған.

Әкеңнің жоғын білдірмей

Аймалап шығар алдыңнан.

Бәйтерегі биік бақтарым,

Қайыңдай қайсар қарттарым!
Би 11 сынып
Алмас:

Ұрпағыма айтар мақтаным,

Сендермен тірі салт қаным.

Алдында дәйім жүріңдер

Қазығым – алтын қарттарым.
Назерке:

Барша ата – әже,

Құтты болсын мереке!

Әрқашан Сіздермен

Бірге болсын береке!
Алмас:

Қарттар күні ұмытылмас ешқашан,

Жүрейікші қарт кісіні аялап.

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.
Назерке:

Қайран қазақ қарттары, қадірменді,

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді.

Мына әлемде таба алмас адамзат

Өздеріңіздей білікті тәлімгерді.
Би: 7 сынып қазақша би

Алмас:

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,

Ниеті ақ, пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялай.
Назерке:

Жыл өтеді, уақыт алмасады,

Сол жылдардың қарттарсыз бар ма сәні?

Қарттар күнгі тәрбие сағатымыз

Мектепішілік ән – күймен жалғасады!
Алмас:

Сонымен бүгінгі мерекеміз берекелі болсын!


Назерке:

Келесі Қарттар күніне аман – есен жетейік!


Алмас:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға ата – әжелерге көп – көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет