Қашықтан оқытудың тиімділігі
Смагулова Марал Ельтаевна
Нұр-Сұлтан қаласы № 63 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде ушығып тұрған эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді. Мұғалім мен оқушы енді алшақ отырып, яғни қашықтан жұмыс жасап отыр. Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен мқғалімдер арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.
Еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалысып жатыр..
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам телесабақ әзірленеді. «Қашықтан оқыту» түсінігі оқушы мен мұғалім арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді. «Онлайн-оқыту» тақырыбы интернет-байланыс арқылы жүреді. Яғни, мұғалім мен оқушы бір-бірінен бөлек тұрады. Ұстаз тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қарап, бағалап, кері байланыс жасап,қайтадан оқушыға жібереді. Оқушылар өз кезегінде сабақтарға қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімге тексеруге жібереді. Бас кезінде айтарлықтай қиындықтар туындады, бірақ ұстаздар үнемі тығырықтан шығатын жол іздеп жүретін адамдар. Сабақ жоспарының тезисін құру арқылы тапсырмалар дайындап,оларды оқушыларға Күнделік кз, вацап арқылы жіберіп,кері байланыс орната алатын мүмкіндігіміз бар. «Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет,»- деген Министрдің айтқанын қолдап,расында, сапа төмендеп кетпесе екен деп уайымдаймыз. Барлық жер шарының тұрғындары осы індеттен тез жазылып, оқушылармен бетпе-бет жүздесуге асықпыз!
Осы IV тоқсандағы тәжірибемнен қоса кететін болсам, маған қашықтықтан оқыту ұнады. Себебі орта жаста болсамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдану білімдерімді тереңдеттім. ZOOM платформасымен видеосабақ жасауды үйреніп, оқушыларға шағын сабақтарды түсіндіріп Whatsapp желісі арқылы жіберіп отырдым. Сонымен қатар оқушыларда үнемі кері байланыс жасап отырды. Осы тұста айта кететін жағдай, оқушылар үй жағдайындағы қол жетімді құралдармен кері байланыстарын жасады. Мұндағы бір ерекшелік сыныпта көп ашыла бермейтін оқушылардың белсенділігін байқадым.
Қашықтан оқыту тек оқушылардың емес, ата-аналардыңда белсенділіктерін оятты, оған дәлел ретінде 2 сәуірде өткен жалпы ата-аналар жиналысын айтуға болады. Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді. Сол еңбегімізді біліп ата-аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, рахмет-алғыстарын айтқан видеороликтерінде қабылдадым.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
Интерактивті әрекеттесу формалары;
Сапалы білім алу;
Уақытты үнемдеу;
Ыңғайлы уақытта оқу;
Территориялық шектеулер жоқ;
Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |