Ата-аналар жиналысының хаттамасы



Дата08.02.2022
өлшемі14,2 Kb.
#118138
Байланысты:
Ата-аналар хаттамасы


Ата-аналар жиналысының хаттамасы
22.05.2021ж
Тақырып: «Қауіпсіз жаз»
Ата-аналар жиналысының мақсаты: 2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың оқу үлгерімімен таныстыру.
Жазғы демалыстағы бала өмірі мен қауіпсіздігіндегі ережелермен таныстыру.

Қатысқаны:15. Қатыспағаны: 9



Ата-аналар жиналысының қысқаша жоспары

  1. 2020-2021 оқу жылының аяқталуы (оқушылардың оқу үлгерімі)

  2. Оқушылардың жағзы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  3. Әртүрлі сұрақтар

Жиналыс тақырыбы бойынша сөйледі: Абылқасен Д.Қ.- 2 «Ә» сынып жетекшісі.
2020-2021 оқу жылы аяқталып қалды. Оқу жылы сіздер үшін де, оқушылар үшін де оңай болмады. Сіздер барынша қолдау жасап, түсінік таныттыңыздар үлкен рахмет.Сынып бойынша барлығы 24 оқушы. Жалпы білім деңгейлері орташа. Сыныпта үздік оқитын оқушы Амер И,Бахыттиева Ж, Жанболат Ә,Қадылбек І,Нурмагамбетова А,Оралова А. Екпінді оқушылар- Айтмағанбет М,Альжанов Р,Алтынбек Б,Қуаш Қ,Құрмаш Н,Маненова А,Мустафин А,Сыздыков А,Окен А,Акижанова Ж. Білім сапасы-66%, үлгерім -100%. 24 мамыр сабақ сабақ кестесімен болады.
Өздеріңіз білесіздер, короновирустық инфекцияның таралуына байланысты 2020-2021 оқу жылын қашықтан бастап, аяқтап отырмыз. Оқушылардың оқу үлгеріміндегі олқылықтарды толықтыруда 26 мамырдан-19 маусым аралығында «Жазғы мектеп» жүмыс істейді. Оған сіздер мектеп директорының атына өтініш жазсаңыздар болады.
Жазғы демалыс 01 маусымнан – 31 тамыз.Балалардың қайғылы оқиғаға ұшырауы жазғы демалыс кездерінде болады. Сондықтан, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды. Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады.
Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп - қатерлер де жоқ емес.Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата - ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелесулеріңіз дұрыс.
Жазғы демалыс уақытында жолда жүру ережесінің қауіпсіздігімен, өрт қауіпсіздігімен, суға шомылу кезіндегі суға кету қаупін болдырмау мақсатында ережелерімен таныстырды. Ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама берілді.


Ата –аналардың сұрақтары, ескертулері, тілектері:

1 Жазғы мектепке барады.


2. Балаларымыздың өмірі мен қауіпсіздігіне әрбір ата-ана өзі жауапты емес пе?




Шешім: 1. Әрбір ата-ана баласын Жазғы мектепке жіберсін.
2. Әр ата-ана баласының жазғы демалыстағы өмірі мен қауіпсіздігіне жауап берсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет