Ата-аналар комитеті туралы ереже Жалпы ережелер



Дата02.10.2019
өлшемі15,47 Kb.
#49057
Байланысты:
Ата

Ата-аналар комитеті туралы ереже
1.Жалпы ережелер

1.1. Бұл ереже жалпыға орта білім беретін орынның өзін-өзі басқару ұйымы болып саналатын  №10  орта мектебінің ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жария етеді.

1.2. Ата-аналар комитеті туралы ереже мектепшілік ата-аналар жиналысында қабылданады және құрылтайшылардың келісімі және мектепшілік бұйрықтың шешімі төңірегінде бекітіледі.

1.3.Ата-аналар комитетін төраға басқарады.Ата-аналар жиналысын өткізуге мүшелері жауапты болады.Ата-аналар комитетінің жұмыс жасау мерзімі-1 жыл

1.4.Ата-аналар комитетінің жұмысының жүйелі жасалуын бақылау үшін мектеп директорының орынбасары мүшесі болып бекітіледі.

1.5.Ата-аналар комитетінің жұмысы БҰҰ-ның Баланың құқығы туралы конвенциясымен,ҚР Білім туралы заңы,білім беру ұйымдарындағы типтік ережелермен,мектеп жарғысымен және жалпы ережелермен байланысты болады.

1.6.Ата-аналар комитетінің шешімі ұсыныс ретінде беріледі.Ата-аналар комитетінің міндетті түрде орындалатын шешімі тек қана мектепті қалыптастыру мақсатында құрылған бұйрықпен байланысты болады.

1.7. Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері.

-№ 10 орта мектебінің әкімшілігімен бірге оқу процесін реттеп қалыптастыруда жағдайлар жасайды

-оқушылардың өмір қауіпсіздігі және денсаулығы ,жеке тұлғаның еркін дамуы,оқушының қызығушылығының заң жүзінде қорғалуы,мектепшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі

-Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру,оқушының құқығын және баланың жан-жақты дамуындағы отбасының жағдайы.



2.Ата-аналар комитетінің қызметі

2.1.Оқу процесін ұйымдастыруда қалыпты жағдайлар жасау(оқулықпен қамтамасыз ету,көрнекі –құралдар дайындауға көмектесу)

2.2. Әр сыныптағы ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жүйелеу ,бақылау.

2.3.Ата-аналар арасында түсіндіру және ұсыныс беру жұмыстарын ұйымдастырады.

2.4. Мектепшілік іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту

2.5.Мектептің жаңа оқу жылына дайындығына қатысу

2.6.Мектеп әкімшілігімен бірге дұрыс тамақтанумен  дәрігерлік қызметті бақылайды

2.7.Мектеп әкімшілігіне мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысын өткізуге көмектеседі

2.8.Өз тараптпарына түскен ұсыныс ,сұрақтарды қарастырады.Мектеп басшысының нұсқауымен осы ережеде көрсетілген комитет құзырындағы мәселелерді қарастырады.

2.9.Комитет құзырына кіретін мектепшілік сұрақтарды қарастырады.

2.10. Оқу процесіндегі қауіпсіздік шарттарын іске асыруға,ұйымдастыруға санитарлық-гигиеналық ережелермен талаптарды сақтауға қатысады.

2.11.Мектеп өмірінің қалыптасу дәстүріне байланысты үгіт насихат мәселесімен басқа қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды

2.12.Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәртіпбұзушылық,бақылаусыздық,қараусыздық пен қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша мектептің педагогикалық коллективімен байланыс жасайды.

2.13.Комитет құзырына жататын мектепшілік іс-шаралар өткізу және басқа мәселелер бойынша мектептің өзін-өзі басқару, басқада ұйымдармен байланыс жасайды.

2.14. Жалпы оқуға қамту қорынан бөлінген қаражатты бөлуде байланыс жасайды.

3.Ата-аналар комитетінің құқығы

Осы ережеде айтылған комитеттің құзырына сәйкес төмендегідей құқықтары бар

-мектептің әкімшілігіне,өзін-өзі басқару ұйымдарына ақпараттар жөнінде нәтиже алу,оларды қарастыруға ұсыныс жасау

-басқа мекемелермен ұйымдарға түсініктеме беруге

-мектеп әкімшілігінен және өзін-өзі басқару ұйымдарынан ақпарат алу немесе оны тыңдау

-сыныптардың  ата-аналар комитетінің шешімдеріне сәйкес оқушылардың ата-аналарын өз отырыстарына шақыру

-отбасындағы бала тәрбиелеудегі кемшіліктері үшін ата-аналарға сын айту

-мектепшілік және т.б іс-шараларды өткізуге көмектесіп,белсенділік танытқан ата-аналарды марапаттау

-өз қызметтерін іске асыруда комитет мүшелерінің жетекшілігімен тұрақты және уақытша комиссияларды ұйымдастыру

-ішкі актілерді құрастыру және қабылдау

-комитет құзырына жататын педагогикалық кеңестің жеке отырыстарына өзін-өзі басқару ,басқа ұйымдардың мәселелеріне байланысты отырыстарға комитет төрайымы қатыса алады.

4.Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі

  Комитет

-жұмыс жоспарының орындалуына

-комитеттің ұсыныстары мен шешімдерінің орындалысына

-мектеп әкімшілігімен ата-аналар арасындағы отбасылық және қоғамдық тәрбие жөніндегі өзара түсіністік мәселелерін қалыптастыру

-қолданылатын заңнамаларға сәйкес сапалы шешімнің қабылдануына

-комитеттің жеке және барлық мүшелерінің әрекетсіздігіне

-ата-аналар комитеті төрағасының ұсынысы бойынша комитет жұмысына қатыспаған мүшелері,сайлаушылардың шешімімен орнынан алынуына жауап береді


5.Жұмысты ұйымдастыру

5.1. Комитет құрамына әр сыныптан бір ата-ана кіреді.Жыл баысындағы өтетін ата-аналар жиналысындағы өкілдер комитетке сайланады

5.2. Комитеттің сандық құрамы өз еркімен анықталады.

5,3, Өз құрамынан комитет төрағасы сайланады( санына байланысты төрағаның орынбасарларымен ,хатшылары сайланады)

5.4. Комитет мектеп директорының келісімімен жасалған жұмыс жоспарымен қызмет етеді

5.5. Комитет өз жұмысы жөнінде жылына екі рет жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысында есеп береді

5.6. Комитет отырысқа қатысқан тең жарты мүшелерімен шешім қабылдай алады.Шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданады.

6.Іс-жүргізу

6.1.Комитет жалпы білім беру мекемелеріндегі іс-жүргізу нұсқауларына сәйкес жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының және өз отырыстарының хаттамаларын жүргізеді

6.2.Хаттамалар электронды түрде теріліп жазылады,  мектеп кеңсесінде сақталады.

6.3.Комитеттегі  іс-жүргізу жауапкершілігі комитет төрағасына немесе хатшыға жүктеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет