Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже Жалпы ережелер Осы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы»



бет1/12
Дата29.01.2022
өлшемі87,5 Kb.
#115989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Сынып жетекшіге ереже


Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагог қызметкерге (бұдан әрі – сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.

3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарына және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

4. Сынып жетекшісінің қызметі – білім беру ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған процесс.

5. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды.

Сынып жетекшісіне тағайындауға кандидатураларды іріктеуді білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады, басшының бұйрығымен бекітіледі.

6. Сынып жетекшісі қызметіне бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

7. Білім беру процесінің қатысушылары білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері, білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлер (мектептің медициналық қызметкерлері, психологтар, логопедтер), білім алушылар, олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет