Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже Жалпы ережелер Осы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы»



бет8/12
Дата29.01.2022
өлшемі87,5 Kb.
#115989
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Сынып жетекшіге ереже

16. Сынып жетекшісі жыл сайын:

1) оқушылардың жеке істерін рәсімдейді;

2) оқу жылы бойындағы сыныптағы тәрбие жұмысының жай-күйіне, білім алушылардың тәрбиелік деңгейіне талдау жүргізеді;

3) сыныптың тәрбие жұмысы жоспарын (сынып жетекшісінің жоспары) жасайды;

4) сыныптағы білім алушылар туралы статистикалық есеп жинайды және мектеп әкімшілігіне тапсырады.

5. Сынып жетекшісінің құжаттамасы

17. Сынып жетекшісі мынадай құжаттаманы жүргізеді:

1) орта білім беру ұйымы жұмысының перспективалық жоспары негізінде тәрбие жұмысының жоспары. Тәрбие жұмысының талдауы мен жоспарының нысанын мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды;

2) білім беру ұйымы басшысы белгілеген нысанда сыныптың әлеуметтік паспорты;

3) сыныптағы білім алушыларды педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, табиғи зерттеу нәтижелері;

4) ата-аналар комитеттері мен ата-аналар жиналыстары отырыстарының хаттамалары, ата-аналар жиналыстарын дайындауға арналған материалдар;

5) балалармен жүргізілетін тәрбие іс-шараларының материалдары;

6) сынып жетекшілігі бойынша әдістемелік жұмыс материалдары;

7) тәрбие жұмысының тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдауы;

8) есептер, талдау және басқа да материалдары.

6. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігінің өлшемшарттары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет