4) Бақылау функциялары:
сыныптағы білім алушылардың оқу үлгеріміне, сабаққа қатысуына, сыртқы келбетіне, эмоционалды-психологиялық жағдайына бақылау жасауды жүзеге асыру.
11. Сынып жетекшісінің функцияларына сәйкес білім алушылармен жүргізетін мынадай жұмыс нысандарын таңдайды:
1) жеке (әңгімелер, кеңестер, мәселені бірге шешу жолдарын іздестіру және тағы басқалар);
2) топтық (шығармашылық бірлесткітер, өзін өзі басқару органдары және басқалар);
3) ұжымдық (байқаулар, спектакльдер, концерттер, жорықтар, слеттер, жарыстар және тағы басқалар).
Білім алушылармен жүргізетін жұмыс нысандарын таңдауда:
орта білім беру ұйымының міндеттеріне сәйкес қызмет мазмұнын және негізгі түрлерін айқындауды;
білім беру процесін ұйымдастыру қағидаттарын, білім алушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мүмкіндіктерін, сыртқы жағдайларды ескеруді;
сыныптағы білім алушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметінің мазмұны, әдістері мен нысандарының тұтастығын қамтамасыз етуді басшылыққа алған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |