Дәрістің тақырыбы: Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы



Дата06.02.2022
өлшемі18,43 Kb.
#80118
түріАнықтамалық
Байланысты:
1 дәріс - Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістемесі


Дәрістің тақырыбы: Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы.
2. Оқыту нәтижелері: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснама негіздері мен әдістерін; педагогикалық зерттеулердің мәнін, сипаттамасын, жіктелуін; ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктерін; ғылыми-педагогикалық мәтінді ресімдеу ерекшеліктерін (стиль, анықтамалық-библиографиялық аппарат, ғылыми аппарат және т.б.) және т. б. біледі; ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесінің негіздерін түсінеді.
Дәрістің жоспары:

  1. Әдіснама білімді жинақтау және практикада қолдану тәсілдері жайындағы ғылым ретінде.

  2. Әдіснаманың объектісі және пәні.

  3. Диалектикалық теория ғылыми білімнің жалпы әдіснамасы ретінде.

  4. Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.

Дәріс тезистері


Әдіснама білімді жинақтау және практикада қолдану тәсілдері жайындағы ғылым ретінде.
Әдіснама ең алдымен ғылыми танымның әдіснамасы, яғни ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім. Ғылымның әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне (объектісі, талдау пәні, міндеті, құралдар жиынтығы) сипаттама береді. Осылайша, ғылымның әдіснамасы – таным және ондағы өзгерістердің теориялық жиынтығы.
Кез-келген әдіснама реттеуші және нормалау қызметтерін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (суреттеуші, бейнелеуші) және прескрептивті (нормалау) формаларында көрінеді. Дескриптивті әдіснама – бұл ғылыми білімнің құрылымы мен ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыт береді. Прескрептивті әдіснама – іс-әрекетті реттеуші қызметін атқарады.
Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар:

  • философиялық деңгейде танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары қарастырылады;

  • жалпығылыми деңгейде теориялық тұжырымдамалар жинақталады;

  • нақтығылыми деңгейде арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы белгіленген;

  • технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.

Осылайша, әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар, ғылымның әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық идеялардың жиынтығы. Бұл идеялар белгілі бір құбылыстың теориясын құруға мүмкіндік береді.
Әдіснаманың объектісі және пәні.
Қандай да болмасын ғылымның әдіснамалық объектісі - ғылыми зерттеу үрдісі, яғни құрылымдық бөліктері біртұтас ғылыми-танымдық іс-әрекет. Ғылымның әдіснамасының пәні – білім, оның генезисі және оны алу тәсілдері, практикалық қолданыс табуы.
Әдіснаманы ғылыми танымның ерекше аймағы ретінде бөліп қарау объективті дүниенің күрделі құбылыстарының мәніне адам ойының терең еніп, оны түсіне білу қажеттілігінен туындайды. Ғылымның әдіснамасы қандай да бір шындық дүние саласының ғылыми таным объектісін, таным объектісінің пәнінің белгілі бір жақтарын қарастырады. Оған мыналар кіреді: ғылыми таным объектісі мен пәнін зерттеудің ерекшеліктерін көрсететін қажетті зерттеу іс-шараларының жүйесі, таным нәтижелерінің адамдардың практикалық әрекетіне тигізетін ықпалы үрдісінің ерекшеліктері.
Диалектикалық теория ғылыми білімнің жалпы әдіснамасы ретінде.
Философияда ұзақ уақыт бойы екі негізгі философиялық әдіснама қалыптасқан: идеалистік жәнематериалистік. Қазіргі кезеңде нақты мәселе бойынша белгілі бір қауымдастықтың мүддесін жақтаған идеалистік ойшылдар бар. Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде белгілі бір құбылыс, объект барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себеп-салдарлы байланыста екендігі маңызды орын алады. Осыдан материалистік бағытқа негізделген ғылым өз зерттеулеріне ықпал жасайтын өндірістік-экономикалық және әлеуметтік-саяси факторларға байланыстыра жүргізеді. Материалистік ғылым өткен дәуірдегі қоғамда көрініс берген теориялық тұжырымдарға, бүгінгі күні өзгерген саяси-әлеуметтік талаптарға орай қалыптасып жатқан ой-пікір ауқымын дәл осы тұрғыдан зерттейді, әрі өрбітеді. Диалектикалық және тарихи материализм тәрбиенің әлеуметтік мәні, адам дамуындағы әлеуметтік пен биологиялықтың өзара әрекеті, жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының мәні, адамның қалыптасуына әсер ететін объективті және субъективті факторлар сияқты маңызды педагогикалық әдіснамалық мәселелерді шешуге ғылыми негіз болады
Нақты ғылым әдіснамасы сұрақтарын талқылау материалистік диалектика негізінде жүргізіледі. Бірде-бір ғылым әсіресе, ғылым мен техниканың қазіргі даму жағдайында ғылыми таным әдіснамасы мәселелеріне ерекше зейін бөлмесе нәтижелі жұмыс жасай алмайды.
Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.
Педагог-зерттеуші бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:

  • педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі;

  • білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғынуы;

  • педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет