Ата-аналарға кеңЕС



Дата31.07.2020
өлшемі14,66 Kb.
#75873
Байланысты:
АТА-АНАЛАР5А КЕҢЕС.


АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

  • Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек.

  • Сұрақ қоя білуге үйрету керек, ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға, кітапханада жұмыс істеуге т.с.с  Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап беруге тырысуы керек.

  • Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана, әңгіме, пікірталас түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек. Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек

  • Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады.

  • Баланы өз істеген жұмысын бағалап, талдауға үйретіңіз. Жұмысындағы қателіктерін көрсету емес сол қателікті таба білуге бағыттаңыз.

  • Баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту керек.

  • Баланың кез-келген жетістігін атап өтіп, мақтап, мадақтаған жөн. Бұл баланың өз-өзіне деген құрметін, бағалауын қалыптастырады. Баланың бұрынғы, қазіргі жетістіктерін салыстырып, алға дамуын атап отырыңыз. Бірақ өзге баламен салыстырмаңыз.

  • Баланың іс-әрекетін бағалай отырып, оның жеке басына көшпеңіз. Өз ата-анасы үшін жеке тұлға ретінде ол әрдайым ең жақсы, ең қымбат. Мысалға былай айтпаңыз: “Сен ылғи да ұқыпсызсың”, керісінше “Сенің мына істеген ісің ұқыпсыз істелді”


Жиі-жиі өзіңізді балаңыздың орнына қойып, сондай жастағы кезіңізді есіңізге түсіріп отырыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет