«Атамекен атаулары» Солтүстік Қазақстан этномәдени ғылыми зерттеулер институтының жетекшісі, профессор Зарқын Тайшыбайдың қүрастыруымен өңіріміздегі жер-су



Дата01.02.2018
өлшемі13,81 Kb.
#37357
«Атамекен атаулары»
Солтүстік Қазақстан этномәдени ғылыми зерттеулер институтының жетекшісі, профессор Зарқын Тайшыбайдың қүрастыруымен өңіріміздегі жер-су, елді мекендер атауларын тарихи және этнолингвистикалық тұрғыдан кең ауқымда зерделеген "Атамекен атаулары" атты кітап жарыққа шықты.
Авторлар жергілікті толонимика саласында шешімін таппаған мәселелерді жинақтап, жүйелеп, тарихи атауларды біріздендіріпті.

Зарқын Тайшыбайдың айтуынша, халық тарапынан қойылған жер-су атаулары солжердің табиғи құжаты болып саналады. Еңбекте өңірдегі топонимдер діңпайдаболуы, дамуы, тілдік қабаттарының құрамы, тарих и өзгерістерге ұшырауы жергілікті халықтың тұрмысы, экономикалық-әлеуметтік, шаруашылық өмірімен сабақтастырыла баяндалған.



Бұл ұжымдық зерттеу облыс тарихында тұңғышрет қазақша және білікті мамандардың белсене қатысуымен шығарылған ғылыми танымдық еңбек саналады. Алдағы уақытта тіл жанашырлары тарапынан елді мекендер мен жер-су атауларының сөздігің қазақша-орысша электронды қорын жасау, өлкетану порталын ашу, экспедициялар ұйымдастыру қолға алынбақшы.
// Солтүстік Қазақстан. - 2016. - 7 қаңтар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет