Қатынастар мен әдет-ғұрып құқығы



Дата21.10.2022
өлшемі16,23 Kb.
#154213
Байланысты:
Үсен Айжан соц-11
«²ñêåðë³ê ?àðûì-?àòûíàñ ýòèêà» ï?í³ áîéûíøà, docsity-sushchnost-pozitivistskogo-metoda-v-sociologii-o-konta

Үсен Айжан соц-11 тобы
Қатынастар мен әдет-ғұрып құқығы
Қауымдастық ерік-жігер тірі ағзаның тіршілігінен басталады. Себебі, тұқым мен отбасының мәні социологиялық мағынада адамдардың жалпы өмірінің субстанциялық негізі ретінде түсіндірілетін тіршіліктен тұрады. Ал, қоғамдық ерік жеке сайлау еріктерінің қиылысатын нүктесінен бастау алады.
Ежелгі наным-сенімдер мен мифтерге сәйкес, жер жыртушы мен дән себуші арасында үлкен айырмашылық болды. Дән себушіні ерлі-зайыптылық міндетін атқаратын күйеумен теңестірді, сонда бұл отбасыда дүниеге келген баланы егістіктегі ұрықпен салыстырды. Ал, жер жыртушыны әке санамай, олардың балаларын батпақта өсетін қамысқа теңеген.
Біздің әдет-ғұрыпымыз ата-бабаларымыздың, еліміздің, халқымыздың дәстүрімен бірдей. Әдет-ғұрып сезім мен пікірге қарағанда, оның тәжірибесімен көбірек байланысты. Әдет-ғұрып және әдет-ғұрып құқығы ең алдымен ауыл қауымдастығында және маңайындағы жерлерде басщылық етеді. Адамдар оларды заңмен бірдей қабылдау керектігіне сенеді, бір-біріне "ата-бабаларымыз солай жасаған, бұл дұрыс" деп айтады.
Бірауыздылық пен әдет-ғұрып бір-біріне ұқсас түсініктер, бірақ арасында шегара бар. Бірауыздық бейбітшілікке, бірлестікке шақырады, ал әдет-ғұрып пайда болған жанжалдарды талқылап, шешуге ұмтылады. Егер ойлансақ, бұл екеуінің мақсаты бір екендігін байқай аламыз, бірақ бірауыздыққа отбасылық, корпоративтік рух тән. Олар жанның бастапқы, мінсіз гармоникалық бірлігінің, отбасылық рухтың тікелей көрінісін береді, осылайша оны ассимиляциялау мен жаңартуды жеңілдетеді.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары
Қазақстан Республикасы егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану мақсаты қойылып отыр. Қазақтың дәстүрлік құқығы өте ұзақ, жүздеген жылдар бойы қалыптасып, дамыды.
Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың қоғамдық құрылысына әскери демократиялық белгілері тән болды. Оның құрылысының әлеуметтік негізі қандас-туыстас және одақтас тайпалар.
Дүниежүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Отбасы-рулық топтар барлық уақытта бірге көшіп-қонатын бірнеше ауылдардан құрылған. Мұны «бір ата баласы» деп атайды.
Мен қазақ халқының мұрагерліктің болу құқығына назар аударғым келіп тұр. Қазақ халқы ежелден-ақ мұрагерлікке ерекше көңіл бөлген. Барлық замандарда, қандай заң шығарылса да мұрагерлік ол – заңдардан шет қала алмаған. «Қасым ханның қасқа жолында да», «Есім ханның ескі жолында да», Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да тіпті Ресей боданы кезінде де бұл мәселе көрнекті орын алған.Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып қағидалары бойынша әке мұрасына иелік ететіндер, марқұмның балалары, әке-шешесі, аға-інілері, жақын туыстары қала берді аталас ағайындары болатын.Әке орта жастан асып немесе қартайып қайтыс болғанда, ол өзінің артында қалатын мұрагерлеріне тиісті үлестерін беріп «ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып» үлгерген жағдайда қара шаңыраққа, мал-мүлкіне ешкімнің дауы болмай, оған енші алмаған кенже баласы түгелдей ие болып қалады. Мұндай жағдайда әке артында тірі қалған шеше алдында екінші рет күйеуге шығу мәселесі ойда болмайтындықтан «мұрагерлік» әңгіме болмай, кіші баласының үйінде отыра береді.Ал, әке жастай қайтыс болып, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, онда әмеңгерлік әдет қағидасы өткізілетін..Жесір қалған ана тұрмысқа шықпай, балаларын бағып отыра беремін десе, оған зорлық жасалмаған. Оның орнына бүкіл туыстастары жетім қалған балалар мен жесір әйелге қамқорлық жасаған.
Қорытындылай келе, әдет-ғұрыптар құқығы- әртүрлі мерекелер мен рәсімдердің мәні мен құндылығы. Біздің қазақ халқымыздың салт дәстүрлері көп жылдар бойы қалыптасып, бүгінгі күні заманға сай сипатқа келген.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. "Общность и общество" Ф.Тённис (2002)

  2. Қазақ қоғамының әдет ғұрыптары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет