Ақтөбе қалалық білім бөлімі №14 "Қонжық" мектепке дейінгі ұйымы



Дата17.06.2018
өлшемі17,21 Kb.
#42971
Ақтөбе қалалық білім бөлімі

№14 "Қонжық" мектепке дейінгі ұйымы


2-кіші орыс тілді сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Мемлекеттік тіл

Тақырыбы: Азық -түлік

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Тажикенова К.М

Тәрбиеші: Айтжанова Ж.К


2014-2015 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Тәрбиеленушілердің тілдерін дамыта отырып, танымдық үдерістерін қалыптастыру. Азық-түлік атауларын қазақша атап, орысша аудармасын атай алу.

ҰОІӘ-нің барысы:

Шаттық шеңбері:



Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз,
Сәлем, сәлем, сәлем!
Балалар орындарына отырады.

Ходит в белом колпаке

С поварёшкою в руке.

Он готовит нам обед:

Кашу, щи и винегрет.
Тәрбиеші: Балалар кәзір біздерге бір қонақ келеді! Қане қарсы алайық.

(Аспазшы киімін киген қазақ тілі мұғалімі кіреді.)

Аспазшы: Амансыңдар ма балалар?! Мен сендеге бүгін әртүрлі тағам түрлерін таныстырып, құрт жасауды үйретуге келдім.

Қандай тағам атауларын білесіңдер?

Балалардың жауаптары

-айран


-нан

-ет


-сүт

Олай болса мен сендерге суретті жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сиырдың ТРИЗ-дік моделі.

Мүйізі бар, төрт аяғы бар, желіні бар, жүні бар, құйрығы бар, бұл не?

Аспазшы : Сиыр

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді осы сиыр бізге қандай тағам түрлерін береді екен экраннан қарап көрейік.

Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.

Бидайдың ТРИЗ-дік моделі. Бидайдан қандай тағам түрлерін аламыз?

(балалардыңжауаптары)

Д/ойын: "Дүкен"

Мақсаты: Балалар бір-бірден дүкенге келіп өздеріне ұнаған тағам түрлерін сатып алады.

Аспазшы: Балалар енді мына сатып алған тағамдарыңның ішінде сүзбе, ақ ірімшік бар екен. Мен сендерге қазір құрт жасауды үйретейін. Содан соң дастарханнан ас ауыз тиеміз!

(Тәрбиеші, аспазшы алдын-ала дайындалынған әзір бойынша балаларға құрт жасауды үйретеді)

Д/ойын: " Дастархан басында"

Дастарханды ашамыз

Астан дәмді татамыз

Айран іштік, сүт іштік,

Нанды жедік, май жағып

Құртты жедік тамсанып,

Тоқаш жедік тықырлап,

Қарнымыз тойды тоқ,тоқ,тоқ!

Мақсаты: Балалар дөңгеленіп дастархан басына отырып, өздерінің ішкен тағам түрлерін атайды.

-Мен май жедім

-мен ет жедім

-мен сүт іштім

-мен нан жедім

-мен печенье жедім

-мен құрт жедім

Тәрбиеші: Ас ішіп болдық енді бата беріп, ас қайырайық!

1бала:

Асың асың асыңа!



Берекет берсін басыңа!

2-бала:


Дастарханнан дәм кетпесін

Үйлеріңнен сән кетпесін!

3-бала

Дастарқаныңа береке берсін



Бастарыңа мереке берсін-

4-бала:


Астарыңа адалдық берсін

Бастарыңа амандық берсін.



Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сендер тағамдар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Енді келген қонақтарға сау болыңыз айтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет