«Есіл ауданы білім беру бөлімінің Красивинский орта мектебі»ММ.
Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Сынып: 5 "Б"
Қазақ әдебиеті пәнінен мұғалімі:Табагабулова З.В.
2014-2015жж.
Ашық сабақ: Табагабулова З.В.: Б.Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Сабақтың тақырыбы:Б.Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
(«Ұшқан ұя» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет беру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Ертегісімен таныстыру.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденуге ,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: Бауыржан Момышұлының шығармасы,өнегелі сөздері арқылы елін,жерін ,халқын сүюге,патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, сурет, кластер. Көрнекіліктер:Б.Момышұлы портреттер,суреттер,кітаптар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі:Сәлеметсізбе оқушылар!
–Балалар ,бүгін біздің сабағымызда қонақтар келіп отыр.Орнымыздан тұрып сәлемдесіп алайық.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
–Балалар бүгін сәуір айының нешесі?Қай күні?
Үй тапсырмасын сұрау
-М.Дулатов деген кім?
-Қашан,қай жерде туған?
-М.Жұмабаев қашан туған?
-Қай жерде туған?
-Қандай шығармаларын білеміз?
-Балалар мамырда бізде қандай ең үлкен мерекесі?
Жаңа сабаққа кіріспе.
Сұрақ: - Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Орыс және қазақ халқының қандай ертегілерін білесіңдер?
Жауап:
- «Алтын балық», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе», «Түлкі мен ешкі» (Оқушылар'>Оқушылардың негізінен білетіндері «Алдар көсе» мен «Қожанасыр» екен). Ертегідегі кейіпкерлердің несімен ұнағанын сұрау.
- Балалар мына суреттерге назар аударайық.
Бұл сызбада ертегілердің 3-түрге бөлінетінін көріп тұрмыз.(флипчарт)
Хайуанаттар туралы ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілері.
Тұрмыс-салт ертегілері.
- Біз 5-сыныпта қандай ертегілермен таныстық?
- «Түлкі мен ешкі», «Қаңбақ шал», «Мақта қыз бен мысық»
(Кейіпкерлерін атау керек)
Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабақта біз «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген қазақ халқының ертегісімен танысайық. Бұл ертегіні Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» романында жазған. Ертегіні өтпес бұрын Б.Момышұлы туралы білгеніміз дұрыс.
Оқушылар: Б.Момышұлы туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып шығады:
Оқушы:Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай?
Оқушы:Көкорай шалғын, кең өлкем, жерің дәмді,
Жазың салқын, жайлауың малға жайлы.
Сағынып алыс жерден келгенімде,
Көзім тойып көркіңе мейірім қанды.
Оқушы:Мен кім едім, мен едім,
Мен де мыңның бірі едім,
Қызықпай баққа, атаққа,
Адал еңбек ұлы едім.
Қызмет еткен халыққа,
Ақниет мыңның бірі едім.
Оқушы:Атақсыз солдаттың бірі едім.
Ата аруағы қолады
Адал еңбек еткен соң.
Панфиловтан бата алдым
Жау қаһарын төккен соң.
Артыма ерді мың солдат,
Тағдырын маған тапсырып,
Рузаға жеткен соң
Ел ұлдары мың солдат
Белуардан қан кешіп,
Сынға түсті бекініп,
Отқа түсіп, су кешіп,
Жүзден аса соғыста,
Бес-алты рет қоршауда,
Бал орнына у ішіп.
Қан майданда халық үшін
Намыс туын көтердік.
оқушы: Әрқашан аты ауызда,
Ықпаған батыр дауылдан.
Айналған даңқы аңызға
Момыштың ұлы Бауыржан.
оқушы: Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қуды жауды Москваның түбінен,
Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.
оқушы: Ол қаһарман сүйген ерен Отанын,
Халық берген оған батыр атағын.
Ауыр сынның арқалаған азабын
Ерлігінді әнмен алаулатамын.
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бейбіт өмірде жазушы болып екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.
1928ж-мұғалім болды
1932ж-армияға шақырылды
1936ж-Ленинград финанс академиясын бітірді
1941ж-316-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданады
1941-1945 ж- Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияны басқарады.
1952ж-Жоғары әскери академиясын бітіреді.
1950-1956жж- Жоғары әскери академиясында сабақ береді
Демалысқа шыққан соң-жазушы болды.
Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья»
«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.
Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі-батыр рухына қойылған ескерткіш.
Бауыржан Момышұлы 1982 жылы,тамыз айында дүниеден кеткен.
Б.Момышұлының соғыс туралы, балаларға да арнап көптеген шығармалар жазған. Сондай шығармасымен біз бүгін танысамыз. «Ұшқан ұя» романында Б.Момышұлы өз жанұясы туралы жазған. (Тақтада ілініп тұрған көптеген суреттерді, портреттерді көрсете әңгімелесу)
-Б.Момышұлы туралы суреттері
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ертегісі бойынша сөйлеу.
-Дүниетану сабағынан қарлығаш құсы туралы мәлімет сұрау
Балалар, біз бүгін осы батыр ағамыздың «Ұшқан ұя» кітабыны алынған «Қарлығаштың Құйрығы неге айыр?» деген ертегісімен танысамыз.
- Қарлығаш қандай құс, ол туралы не білесіңдер?
- Біздің аулымызда қарлығаш бар ма?
- Қарлығаш қандай жерлерде мекендейді?
-1 оқушы қарлығаш туралы қысқаша реферат дайындайды (қазақ тілінен)
Қарлығаш.
- Қарлығаш жайлауды, сондай-ақ біздің ата-әжелеріміз тұратын ауылдыарымызды мекендейді. Қарлығаш Қазақстанның оңтүстік облыстарында көп болады. Қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды, өйткені ол – қасиетті құс, адамзаттың жолдасы. Міне, бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкрі де осы қасиетті құс қарлығаш.
-Сергіту сәті:
-Орнымыздан тұрайық ,топ,топ,топ басайық
Қане ,қолды созайық ,жаттығулар жасайық
Бір отырып,бір тұрып,қолымызды белге қояйық
Оңға,солға ұмтылып,бір қимылдап алайық
Ертегіні оқымас бұрын, мына тақтадағы сөздіктермен танысайық
Сөздік жұмыс
әділ – справедливый
құрт – құмырсқа — черви и муравьи
бақа – шаян — лягушки и скорпион
тілін біліпті – знал язык (понимал)
жау шабады – наступил
жұлып алады – вырвал
айта алмайды – не может говорить
ызыңдайды – жужжит
тап береді – набросился
ұшып үлгереді – успеет улететь
құйрық – хвост
тіліп өтеді – прорезал
шағатын жәндіктер – насекомые
жарлық береді – дает распоряжение
алдын тосады – ждет
қарлығаш – ласточка
масаны көреді – увидит комара
тілін шығарады – высовывает язык
менің ұрпақтарым – свое потомство
ең тәтті қан – самая вкусная кровь
айтқаның болсын – пусть будет по-твоему
Ертегіні қысқаша қазақ және орыс тілінен мазмұндап айтамын
Мәтен мен жұмыс:балалар ертегіні , оқып шығады
Дәптермен жұмыс:
Бауыржан Момышұлы туралы дәптерлерге кестесін толтыру керек:
Аты
жөні
|
Туған жылы
|
Туған жері
|
Қызметі
|
Шығармалары
|
Дүниеден кет-
кен жылы
|
Қорытынды: 1.Бауыржан Момышұлы қашан туған?
2.Қарлығаштың құйрығы неге айыр?ертегісінін бас кейіпкерлері?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Бауыржан Момышұлы туралы өмірбаяны мазмұндау керек.Ертегіні оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |