Ақтөбе қаласы, МҚКҚ «Қалалық оқушылар сарайының» қосымша білім беру педагогы және домбыра класының жетекшісі



Дата08.07.2017
өлшемі30,48 Kb.
#20833
Басарова Клара Саткаровна
Ақтөбе қаласы,

МҚКҚ «Қалалық оқушылар сарайының» қосымша білім беру педагогы және домбыра класының жетекшісі

Музыкалық шығарма үйретудің әдісі

Қалалық оқушылар Сарайында жас бүлдіршіндердің жан –жақты дамуына түрлі бағыттағы жұмыстар ықпалы тигізетіні сөзсіз. Осындай бағыттардың бірі ұлттық тәрбие. Ұлттық тәбиені сіңіру жолдарының бірден бір жолы – ол баланы ұлттық өнерге баулу. Осы мақсатта оқушылар сарайындағы ашылған домбыра үйірмесі қазіргі таңда үлкен студияға айналып отыр. Студиямызға 9-12 жасқа дейінгі балаларға емтихан арқылы қабылдаймыз. Емтиханда – ырғақ, есте сақтау, есту қабілетін бағалаймыз. Әр оқушының сана сезімі, білімі, музыкалық қабілеті бірей болып келмейді әрине. Біздің студиямызға келетін балалардың ішіндегі музыкалық дайындықпен келгенде бар. Бұл жеке сабақ алғандар. Жалпы мектепке домбыра үйірмесіне қатысқан балалар және домбыра ұстамаған балалар. Сондықтан әрбір оқушыға қабілетіне байланысты жеке жоспар құрамыз. Қабілеті төмендеу оқушыға немқұрайлы қарау, қайта оқушылардың бірдей екендігін бөлуге болмайтындығын оқытушы әр уақытта есте ұстау керек. Оқушылардың жасы да әртүрлі. Жалпы білім беретін мектепте 2-3-4-5-6 класста оқитын оқушылар бар. Сабақты әрі жемісті, қызықты өткізу үшін оқытушының сабақ беру әдісі оқушының көңіліне, ой –өрісіне сай болу керек. Бірінші жарты жылдықта домбыраның құрылысымен танысамыз, домбыраны дұрыс ұстау, дұрыс отыру, нота сауаты, халық әндерімен жаттығулар болса, екінші жарты жылдықта шағын шығармаларды, халық күйлерін игеруге тиіспіз. Қазақ халқы күйге бай. Сондықтан болашақ домбырашының репертуарында күй мол болуы қажет. Күй тарту оңай шаруа емес. Бұл жолда біз теориялық материалды ертегі –аңыздармен қызықтыра оқытуға тырысамын. Қазіргі уақытта біздің домбырашыларымыз домбыра аспабына лайықтап түсірілген музыкалық шығармаларды көптен ойнап жүр. Берген шығарманы қайталатып ойнау, жаттықтыру әдісінің маңызы зор. Музыкалық шығарманы үйрету үшін, оқушыға шығарманы талдап, есінде сақтайтындай қарапайым тілмен түсіндіре білу керек. Әсіресе шығарманың немесе күйдің қағыстарына, өйіткені қағыс берген күйдің мінезін, музыкалық бейнесін қасиеттейді.



Музыкалық шығармаларды үйретудің бірнеше жолдары бар. Шығарманы оқушыға басынан аяғына дейін орындап көрсету. Өйткені, оқушы шығарманың жалпы мінезімен танысады. Шығарманы үйренгенде оны бөлшектеп үйрену, бөліп жаттау керек. Шығарманы автор көрсеткен екпінде орындау үшін, әуелі жай екпінде ойнап, содан кейін екпінді бірте бірте қосу керегін түсіндіру. Өзімнің тәрбие жұмысымда әрбір оқушыға өз алдына жеке –жеке педагогикалық әдісін қолданамын. Оқушыға шығарманы қайталатып ойнатып жаттықтыру, ырғағын дауыстап есептеп, динамика белгілеріне көңіл бөлу, қаже жерлерін қайталатқызып, ойнаттыру. Оқушы шығарманы сүйсініп орындаса, ондай шығарма баланың шеберлігінің өсуіне мүмкіншілік береді. Шығарманы оқушыға бергенде балаға осындай сұрақтар қойылады:

  • бұл шығарма көңілді ме, көңілсіз бе?

  • Көңілсіз және көңілді шығарманы қалай ажыратуға болады?

Музыка тыңдау оқушы үшін өте пайдалы. Оқушының орындау шеберлігін, техникасын арттыру үшін, репертурада – жаттығулар, гаммалар, итюдтер болу керек. Өзіме ең жауапты кезең емтихан тапсыру кезеңі. Емтиханда бала ұялады, қысылады, қорқады. Сондықтан сабақ кезінде өзін еркін ұстауды үйретемін., бет қимылдарын түзеу үшін, айнаның алдына отырғызып, өзіне қара деп айтып отырамын. Білезік, шынтық, иық бос болу керек. Өз бетімен даярланып үйрену, музыка тыңдау, оқушы үшін өте пайдалы. Оқушының өз бетімен даярлаған шығармасын тексерем, тыңдаймын, өз пікірімді айтып отырамын. Сабақ кезінде орындалатын шығарманың музыкалық мінезін, ырғақтық ерекшеліктерін, нюанстарын динамикалық белгілерін оқушыдан сұрауының маңызы өте зор. Өйткені, ол оның ойын оятып, қанаттандырады. Оқушыға қандай музыкалық шығармалар орындағысы келетінін өзіне тапсырамын. Егер оқушының таңдап алған шығармасы программаға сай келсе, онда ол шығарманы жұмыс жоспарына енгіземін. Оқушының отырысында он қолмен, сол қолдың дұрыс пайдалануын бақылап, жөндеп, байқалған кемшіліктерді айтып, оны қалай жөндеуге болатынын айтып түсіндіремін.

Шығарманың қиын жерлеріне келгенде бірнеше рет қайталатқызып, ойнаттыру керек. Бұдан кейін оқушы өз қатесін түсініп, оны тез игеріп кетеді. Көбінесе оқушыға питццикато штрихымен тремоло штрихы қиынға түседі. Сондықтан тримоло штрихына жаттығулар, ал питццикато штрихына гамма беремін. Оқытушы өз шәкіртін жақсы орындаушы музыкант болып шығуына оның өсуіне жауапты. Жақсы музыкант болу үшін оқушы талаптануы, ізденуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет