Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі а ш ы қ саба қ Тақырыбы : Ағашты көркемдеп оюдың түрлері



Дата01.04.2017
өлшемі66,79 Kb.
#13110
түріСабақ
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі


А Ш Ы Қ С А Б А Қ
Тақырыбы : Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
9 сынып

Өткізген :

технология пәні мұғалімі : Дүйжанов. М


Ырғыз 2012 жыл



Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері


Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға ағашты көркемдеп ою әдістерін меңгерту

Дамытушылық : Оқушылардың қол икемділігін, іскерлігін, шеберлігін

қалыптастыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға сай

бұйымды жасауды дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды үнемділікке, тиянақтылыққа, көркемдеп оя

білуге тәрбиелеу



Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сарамандық, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, нұсқалар, плакаттар, қауіпсіздік ережелері

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, сызғыш, ағаш материалдары, ою пышағы,

балға, ара, қашау, қайшы, зімпара қағазы, қиылған ою үлгісі, лак, щетка т.б.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сабаққа қатысымын түгелдеу;

ә) Сабаққа дайындығын қадағалап, қажетті құрал - жабдықтарын тексеру

б) Үй тапсырмасы бойынша сабақ сұрап, бағалау.

2. Өткен материалдарды пысықтау

1) Ағашты көркемдеп оюдың қандай тәсілдері бар?

Ағашты көркемдеп оюдың бедерлеп және жұмырлап ою тәсілдері бар.



2) Көркемдеп өңдеуге қандай ағаштар пайдаланылады?

Көркемдеп өңдеуге май қарағай, терек, үйеңкі, жөке секілді жұмсақ ағаштар

пайдаланылады .

3) Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін қолданылатын құрал түрлері?

Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін қашау,сүргі, бұрғы қолданылады .



Жаңа тақырыптың мақсатын баяндау

---- Балалар, бүгінгі сабағымызда ағашты оюдың және ағаштардан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің алуан түрлі жасалу жолдарын іс жүзінде жасауды үйренеміз . Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары . Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп жасауды айтады. Бедерлеп оюда тақтаның оң жағына өрнек түсіруде қашауды ұстағанда қолыңды өзіңнен сыртқа қарай сәл жантайта ұстайды . Жұмырлап оюда ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ табақ, ожау сияқты бұйымдарды жасауды айтады . Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометрииялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометрия-лық сурет салу арқылы жасалады.

Геометриялық оюлар – ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі . Үшбұрыш, шаршы,дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер екі, үш және төрт қырлы ойықтар түрінде орындалады .

Геометриялық оюлардың элементтері.

Геометриялық оюлар пышақ , қиғаш жүзді және жартылай дөңгелек қашаулар-мен орындалатын бірнеше негізгі элементтерден құралған әр түрлі комбинациядан тұрады . Геометриялық оюлардағы ең қарапайым элементтер – тереңдігі мен ені әр түрлі , түзу және қисық сызықты екі қырлы ойықтар. Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үш қырлы ойықтар ( үшбұрыш ) көбірек таралған .



Екінші тәсіл – өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады.

Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды :

- біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке

кеңістіктегі көрініс беріледі ;

- екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да

ойықшалап бедер беріледі ;

- үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеу,

бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап , бедер беру тәсілімен орындайды.



Өрнекті тақтай бетіне көшірудің 3 әдісін қарастырайық:

  1. Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі ;

  2. Өрнекті тақтай бетіне ортасынан бастап салу әдісі ;

  3. Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі .

Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы :

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою ;

  2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою ;

  3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою .

Ағашты ою арқылы бұйым жасау үшін :

  1. Ең алдымен ою үлгісін қағазға салып алып қияды ;

  2. Үлгіні ағаш тақтаның бетіне көшіреді ;

  3. Тақтаға қарындаштың ізін қуалап , пышақтың жүзімен өрнекті түсіру үшін қашауды жұдырыққа тік етіп сығымдап ұстап, ішке қарай нығырлап тартып оюды ;

  4. Екінші көмекші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болады ;

  5. Дайын өрнекті , бұйымды тазалау, әрлеу , лактау.

Оқушылар ақ қағазға геометриялық ою-өрнектердің түрлі үлгілерін сызып, қию әдістерін орындайды . Верстакта ағашты өңдеу жұмысы жүргізіледі.

Оқушы ағашты арамен кесу, түрпімен тегістеу, зімпарамен тазалау, қарындашпен белгі түсіріліп , ойылатын жердің бойымен сызықтар жүргізіліп, ою пышағымен кертіп ойылады , лакпен әрлеу жұмыстарын жүргізіледі. Сарамандық жұмысты орындау кезінде әдеттегідей қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы қажет.



1. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмысқа дейін

  1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)

  2. Жұмысқа қажетті құрал- саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер

(верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б)

  1. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр

  2. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын

Жұмыс кезінде

  1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт

  2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын

  3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар

  4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр

  5. Жұмыс кезінде алаңдама

  6. Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал

Жұмыстан кейін

  1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр

  2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды

  3. Өзіңді ретке келтір

  4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Орындап болған оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Перфокарта таратылады.



Сабақты қорытындылау :

1.Ою дегеніміз не? бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу

2. Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп иесі ? үйші

3.Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі ? өрнек ою

4. Ағаштың мықтылығы, төзімділігі, қаттылығы ағаштың қандай қасиеттеріне жатады? механикалық қасиеттері

5. Ағаш үгіндісін қыздырып престеу арқылы алынған үлкен көлемдегі плита қалай аталады ? ДВП

6. Ажарлайтын сұйық ( май ) ? лак



Оқушылардың жұмысын жинап алып, жақсы орындалған жұмыстары бағаланады.

Үйге тапсырма :

дайындаған ою – өрнекті ағаш бетіне көшіріп, өрнектерді оюды аяқтау .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет