Ақтөбе облысының белгілі тұлғалары



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі498,48 Kb.
#34948
  1   2   3
Ақтөбе облысының белгілі тұлғалары

Реті

Ақтөбе өңірінен шыққан белгілі есімдер

Тарихи тұлғалар

Дүниеге келген жері

Қайтқан уақыты

Ескерту

Сіңірген еңбегі

Атауы, берілгені туралы мәліметтер

1

Қараұлы Бөкенбай батыр

Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған кіші жүз батыры

1680 жылы дүниеге келген. Нақты туған жері белгісіз, дегенмен Елек, Шыңғырлау немесе Үстірт пен Ырғыз аралықтарында

дүниеге келген деп жорамалдауға болады

1774 жылы қайтыс болған 




Жастайынан өзінің ағаларымен бірге жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске шығып, ерлігімен көзге түсті. 18-ші ғасырдың бас кезінде табын руына рубасы болып сайланды. 1710 жылы Тәуке ханның ықпалымен өткен Қарақұмдағы халық құрылтайына қатысып, онда жауға тегеуірінді соққы беру үшін бытыраңқы қазақ жасақтарын біріктіру жөнінде ұсыныс білдірді. Жоңғарлармен күресте Әбілқайыр ханмен бірге болып, қазақ жасақтарының үлкен бір тобына қолбасылық жасады. 1726 жылы Әбілқайырдың Еділ қалмақтарына жасаған жорығына қатысты. 1741 жылы 500 адамнан тұратын жасақпен түрікмендерге жорық ұйымдастырды.

Ақтөбе қаласы бойынша –1, Мәртөк ауданы бойынша – 2, Байғанин ауданы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 1

2

Әбілқайыр хан

Кіші жүз ханы, қолбасшы


1693 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген



1748 жылы қайтыс болған




Өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан тарихи тұлға.

Ақтөбе қаласы бойынша – 2, Алға ауданы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 4, Қобда ауданы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 1, Темір ауданы бойынша – 1, Әйтеке би ауданы бойынша – 2, Ақтөбе қаласында ескерткіш бар

3

Әйтеке би

Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы

1644 жылы Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м.дүниеге келген

1700 жылы Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымында жерленген




Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқын-шыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Қобда ауданы бойынша – 1, Шалқар ауданы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 2,

Әйтеке би атында аудан, көше, ескерткіш бар



4

Көбен би

Кіші жүздің барымта биі, әлім елі мен адай еліне төрелік еткен би

Байғанин ауданында дүниеге келген

Өлген жылы белгісіз




Көбен би Байғанин ауданының қадірлі мақтанышы.




5

Мөңке би

Қазақтың ұлы биі, туған жері Шалқар қаласы

1675 жылы Шалқар қаласындадүниеге келген

Өлген жылы белгісіз




Мөңке би өз заманында келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Шалқар ауданы бойынша – 2, Алға ауданы бойынша – 1,

Ақтөбе, Шалқар қалаларында ескерткіш бар



6

Наурызәлі батыр

Батыр, би

Ақтөбе облысында 18 ғасырда дүниеге келген

қайтыс болған жылы белгісіз










7

Жетес би

Би

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында 1835 жылы дүниеге келген

1907 жылы қайтыс болған




Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасы шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Жетес бидің Райым Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің “Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан” жинағында жазылған.

Шалқар қаласы бойынша – 1

8

Әжібай би


Үлкен би

Ақтөбе облысында 1699 жылы дүниеге келген

1778 жылы қайтыс болған




Әжібай ӨтегенХангелдіРайымбекТауасарЕсбол батырлармен тізе қосып, Жетісуды жаудан тазарту жолындағы шайқастарда ерлік көрсетті. Есімі қызылбөрік руының ұранына айналды. Құба қалмақтар жөңкіле қашқан кезде Әжібай батыр СарыарқағаҚаратауғаТүлкібас пен Қазықұртқа бытырай ауып кеткен Ұлы жүз қазақтарын атамекені Алатауға қайта жинап, мал шаруашылығымен, егіншілікпен, бау-бақша егумен айналысуға жөн сілтеп, жол көрсетті. Түрген өзенінен тоған салдырып, ұзындығы 15 шақырымдай арық қаздырды. “Әжібай тоғаны” аталған сол арна осы кезге дейін ел кәдесіне жарап келеді. Шоқан Уәлиханов Ұлы жүз туралы мақаласында Әжібай батырдың баласы Бердіқожаның, немересі Қожамқұлдың,шөбересіАтамқұлдың би болғанын жазады. Батыр өмірі Әжібай Мәлікеұлының “Ер Әжібай” деректі дастанына арқау болған.

Ақтөбе қаласы бойынша –1, Қобда ауданы бойынша – 1

9

Мыңбай батыр

Кіші жүздің батыры, би әрі болыс болған тұлға

1795 жылы Байғанин ауданында дүниеге келген

Өлген жылы белгісіз




«Адай көтерілісінде» орыс үкіметіне қарсы ерекше қолбасшылығымен аты қалған, ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр. Қазақтың қамы үшін атқа мініп, елінің намысын жыртып, оның ертеңі үшін арпалысқан біртуар тарихи тұлға. Мыңбай батыр Байғанин ауданының қадірлі мақтанышы.

Сондай ақ бұл өлкені би әрі болыс болған.




10

Есет Көтібарұлы

Қазақтың ұлы батыры, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған

1803 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген

1889 жылы дүниеден өтті




1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.

Шалқар қаласы бойынша – 4, Шалқар ауданында кесенесі бар

11

Жарас батыр

Кеңес Одағының батыры, М.Ғабдулиннің «Майданда» шығармасының басты кейіпкері

ХҮІІІ ғасырдың басында өмір сүрген


Өлген жылы белгісіз




Жарас мерген өзге де белгілі тұлғалармен бірге ел қорғанына айналды. Тарихтан осыдан кейінгі  шайқастарда қазақ батырларының жеңіске жеткендігі белгілі болады. Жарас мергеннің бабасы Пұсырманда 1726 жылғы Бұланты, Білеуті шайқастарына қатысқан.




12

Көтібар батыр

Қазақ батыры, Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан

1757 жылы дүниеге келген. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Шалқар өңірінде дүниеге келген

1823 жылы қайтыс болады




Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен.Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған.




13

Қобыланды батыр

Қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған

Қазақтың ірі қолбасшысы, қалмақ, жоңғарларға қарсы күрескен



 XV ғасырда өмір сүрген, Қобда ауданында дүниеге келген

Өлген жылы белгісіз

антропологиялық зерттеулерге сәйкес 45-50 жасында қайтыс болған. Ақтөбе облысы Қара-Қобда өзен бойында жерленген






Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Қобыланды батыр ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі.Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 1, Хромтау қаласы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 1, Мәртөк ауданы бойынша – 2

14

Абат-Байтақ

батыр

Ақтөбе облысы Қобда ауданында 14 ғасырда дүниеге келген

15 ғасырда қайтыс болған







Қобда ауданы бойынша – 1

15

Алтай батыр




Ақтөбе облысы Ойыл ауданында 18 ғасырда өмір сүрген







Алтай батырдың ерлік істерін қазақтардың қалмақтарға қарсы соғысында көруге болады. Жетіру руларының арасында кеңінен танымал болды. ХҮІІІ ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген тарихи тұлға.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1

16

Асау-Барақ

Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі

Ақтөбе облысында 1743 жылы дүниеге келген

1840 жылы қайтыс болған




18 ғасырдың 70-жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастапЕділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысты. 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды. Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізді. Орал әскери кеңесінің рапортында (1785 жылы наурыз) Асау-Барақ екімыңдық жасағымен үкімет әскеріне қарсы тұрғаны жазылған. Батырдың тегеурінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді,Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеді. Оның есімі табын руының ұранына айналды.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Темір ауданы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 1, Байғанин ауданы бойынша – 2

17

Арал батыр

Қолбасшы, қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан

Ақтөбе облысы Темір ауданында 18 ғасырда өмір сүрген

Арал батыр Жемнің төменгі ағысындағы Бақашы әулиеніңқорымына жерленген




Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай Балпашұлы бидің інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының “Сабалақ” дастанында суреттелген. Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған Арал батыр қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды. 1738 ж. Әбілқайыр ханды қолдаған ру басылары Ресейге бодан болуға екінші рет ант бергенде құжатқа қол қоюдан бас тартқан.




18

Қызыл Тұрдалыұлы

Қазақ халық әншісі, жырау, сазгер

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Көптоғай ауылында шамамен 19 ғасырда дүниеге келген

Қайтыс болған жылы белгісіз




Мұхит салдың заманындағы ірі әншілердің бірі. Ол 1921-22 жылдардағы ашаршылықтың құрбаны болған. Қызылдың «Мешін-тауық», «Ой, гөк» атты екі әні ғана сақталған.

Темір ауданы бойынша – 1

19

Сәңкібай батыр

Батыр

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында ХVІІ ғасырдың 1687 жылы дүниеге келген

1804 жылы қайтыс болған




Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ жерінің батысын жаулап алуға тырысқан қалмақтарды Еділ мен Жайықтан асыра қуу кезінде Әжібай би мен Арал батыр бастаған сарбаздарға қолдау көрсетуде Сәңкібайдың атқарған рөлі өте күшті. Оның есімі Сағыз, Жем, Ойыл бойына кеңінен жайылған.

Сәңкібайдың өмірі Әжібай бидің саясатымен, іс-қимылымен тығыз байланысты болды, біте қайнасты. Ол белгілі бидің ақыл-кеңес алар нөкері, нағыз сенері, сүйенері, халықпен екі ортада байланыстырушысы, дәнекері болды. 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстік беткейінде Әбілқайыр хан бастаған қазақ жасақтары жау қолын талқандады. Осында Есет Көкіұлы Кіші жүздің туын көтерген батыр ретінде көрінді. Сәңкібай Әжібай бимен бірлесе отырып, үлкен парасаттылық пен көрегендік жасап, елдің қауіпсіздігі қамына белсене кірісіп, аянбай еңбек етті, тәуелсіздік үшін тікелей атсалысты.



Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 1, Темір ауданы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 1, Ақтөбе қаласында ескерткіш бар

20

МолдағұловаӘлия

Екінші Дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор

Ақтөбе облысыҚобда ауданыБұлақ ауылында 1924 жылы дүниеге келген

1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольни-кидеқайтыс болған




1943 жылы снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.

Ақтөбе қаласы бойынша – 2, Әйтеке би ауданы бойынша –1, Алға ауданы бойынша – 6, Байғанин ауданы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 3, Қобда ауданы бойынша – 8, Мұғалжар ауданы бойынша –4, Темір ауданы бойынша –1, Хромтау ауданы бойынша – 1, Мәртөк ауданы бойынша – 1, Ойыл ауданы бойынша – 1, Ақтөбе қаласында мұражай, ескерткіш бар

21

Пацаев Виктор

Ұшқыш, космонавт, Кеңес Одағының батыры

1933 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында туған

1971 жылы қайтыс болған




КСРО Гидрометеорология қызметінің Орталық аэрология обсерваториясында және конструкторлық бюрода қызмет етті. 1969 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданды.

1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблімен сынаушы ретінде Г.Т. Добровольский және В.Н. Волковтармен бірге ғарышқа ұшты. Сол жылғы 7 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблі «Салют» ғылыми станциясымен түйісу операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, ғарышта 23 тәулікке жуық барлығы 25 тәулік болды. Ұшу бағдарламасы толық аяқталды.



Пацаев атында Ақтөбеде көше, алаң, мектеп, шаруашылық ұжымдары бар,

Қобда ауданы бойынша – 2,

22

Бөкенбаев Малкеждар




1924 жылы Ақтөбе облысы Жұрын ауданында дүниеге келген







М.Бөкенбаев Совет Одағының Батыры.  1942 ж. маусымда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Қызыл Тулы 312-Смоленск атқыштар девизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Лейтенант Малкеждар Бөкенбаев басқарған десантшылар взводыБуг өзенінің бойында болған жекпе-жек айқаста ерлікпен шайқасып, жаудың 102 әскері мен офицерін қолға түсірді.

Мұғалжар ауданы бойынша – 1

23

Ешбаев Сәрсенғали

Кеңес Одағының батыры

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1924 жылы дүниеге келген

1997 жылы қайтыс болған




1942 жылы армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Калинин, Ленинград, бірінші Белорусь майдандарында дербес саперлер батальонының сапында басқыншы жаумен шайқаста қаһармандықтың үлгісін көрсетеді. Батыр жерлесіміз аса қырағылық танытып, қарулас жауынгерлер мен әскери техниканың жау минасына соқтықпай өтуін қамтамасыз етіп отырған. Қарапайым қазақ баласының осы сұрапыл соғыста үш бірдей «Даңқ» орденін омырауына тағуы оның өшпес ерлігінің айғағы. Батыр жерлесіміз елге 1947 жылы оралып, халық шаруашылығының әртүрлі саласында еңбек етеді. 

Байғанин ауданы бойынша – 1, Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округіндегі мектеп атауы,

24

Білтабанов Иманғали

Кеңес Одағының батыры

Ақтөбе облысы Қобда ауданында 1925 жылы дүниеге келген

1945 жылы қайтыс болған




Бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін ұжымшарда мал өсіру бригадасында жұмыс істейді.  Он алты жасында тракторшы курсын бітіріп, соғыс басталған жылдары «Ударник» ауылында трактор жүргізеді.1943 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, аз уақыт дайындық курсынан өткен соң, майданға қосылады.  1-ші Украин майданында 120-шы атқыштар  дивизиясының  289-атқыштар полкінің  пулеметшілер бөлімін басқарады.

Кейін Ленинград түбіндегі Одер өзені маңында жаумен болған шайқаста ерекше ерлік көрсетеді.

Ақтөбе қаласында көше бар,

Қобда ауданы бойынша – 3,




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет