Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты



Дата06.02.2022
өлшемі18,53 Mb.
#80751
түріСабақ
Байланысты:
6 сынып ким күтім
ЖБ Математика 2-сынып

Сабақ тақырыбы:

Киім және аяқкиім күтімі, оларды сақтау

Сынып: 6


Оқу мақсаттары
Барлық оқушылар:
  • Киімнің шығу тарихымен танысады.
  • Мата түрлерін ажыратады.
  • Киімді күту жолдарымен танысады.

  • Оқушылардың басым бөлігі
  • Тапсырмаларды белсене орындайды, кері байланыс

  • беруде өз ойын ашық білдіреді.
    Кейбір оқушылар
  • Киім түсі,мата түрлері адам адам денсаулығына

  • әсерін біледі.

Сабақ мақсаттары
6.2.5.5 Шектеулі қолдауда мезгілдік киім мен
аяқ-киімдерді күту мен ұзаққа сақтау ережелерін
білу және ұстану
Бағалау критерийі

Киім киу мәдениеті

  • Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.
  • Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
  • Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Сырт киім
Қолданылуына қарай киім түрлері
Жеңіл киім
Іш киім
Жағажай киімі
Бас киімі

Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді


Іш киім
Сырт киім
Жеңіл киім
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.
Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:
Тығыздап тоқылған,
Біркелкі боялған,
Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.

Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).


Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).
Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады.
Киім мен аяқкиімге күтім жасау түрлері
тазарту құрғақ не химиялық
жуу қолмен не машинамен
сақтау
кептіру
үтіктеу

Киім мен аяқкиімді таза ұстау мен сақтау жолдары

  • Киімдерді күтіп киген жағдайда олар көпке дейін тозбайды.Киімді, аяқкиімдерді келесі маусымға дейін сақтау үшін дұрыстап тазалап алу керек.
  • Шаң-тозаңнан қорғау үшін киімді арнайы қағаз не полиэтилен қапшықтарда сақтаған жөн. Киімді құрғақ, желдетілген орында, шкаф не киім ілетін бөлмеде сақтау қажет. Киімнің қасында өзгеше иісі бар заттар болмағаны дұрыс.
  • Аяқкиімді күн сәулесі түспейтін құрғақ жерде сақтау қажет. Ашық түстілерін қара түстілерден бөлек сақтаған жөн. Күнделікті киетін аяқкиімді бөлек шкафта ұстаған жөн.

Кім көп біледі? Затбелгіде (теріс жағындағы арнайы жапсырмада) киімді қалай күту керектігі жазылып тұрады. Төменде көрсетілген киімді күтуге қатысты негізгі белгілердің мағынасын жазыныздар. Дескриптор Білім алушы − киімдегі шартты белгілерді анықтайды; − кестені толықтырады.

Киім үтіктеу

1. Затбелгіні мұқият қарап шығындар. Матаның түрін, температура режимін анықтап алыңдар.

2. Үтік табанының тазалығын тексеріңдер.

3. Киімді үтіктеу тақтайына жайыңдар.

4. Үтіктеген кезде схемаға сүйеніңдер.

5. Үтіктеп болған соң қатпарларын жазып, дұрыстап қойыңдар.

Сәйкестендіру

1. Іш киім А. Іш киімнің сыртынан киілетін киім

2. Сырт киім В. Жалаңаш денеге киетін киімнің барлығы

3. Жеңіл киім С. Жеңіл киімнің сыртынан киілетін киімдер

4. Эстетикалық талап Е. Киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге төзімділігі

5. Гигиеналық талап Д. Киім әдемі, заманға сай болуы керек

6. Эксплуатациялық талап Ж. Киім жеңіл, жұмсақ жайлы (пайдалану талабы) микроклимат жасау керек


Киімдегі дақ кетірудің ең оңай тәсілі!
Жақсы кеңес болсын сіздерге!!!
Үй тапсырмасы

Төменде көрсетілген мамандықтың бірін таңдап, сәйкес келетін
жұмысыңызды атқарыныз.
Зерттеуші жұмысы сырт киім күтімі туралы қосымша мағұлмат
беру
Тарихшы жұмысы киімнің шығу тарихын баяндау.
Дизайншы жұмысы жаңа киім үлгісін жасап шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет