Кіріспе 2 Негізгі бөлім



бет1/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс


Жоспары
Кіріспе -----------------------------------------------------------------------------------------------2

Негізгі бөлім


I. Ілмекпен тоқу өнері
I. 1. Негізгі шалу түрлері-------------------------------------------------------------------------5
I.2. Ілмекпен киімдер тоқу-----------------------------------------------------------------------11

II. Бізбен тоқу технологиясы


II.1. Бізбен тоқу түрлері---------------------------------------------------------------------------16
II.2. Бізбен тоқылған киімдер--------------------------------------------------------------------19
III. «Ілмек бізбен салфетка тоқу» тақырыбының үлгі сабақ жоспары-------------------26

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------------28


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------------29



Кіріспе.

Тоқыма өнері ­­– қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен бірге өркендей бермек.


Тоқыма өнері бояу үйлесімдігі сәнді пішіндерді, тоқыма әдістері мен толғамы, өрнектеу шеберлігі арқылы адамның ой - өрісін, көркемдік сезімін, қабілетін жетілдіріп, дамытады. Басқа өнер саласының түрлері секілді тоқу өнері де үйренуді, ізденуді қажет етеді.
Адамдардың тұрмыс халдерінің үнемі өзгеруіне сай, олардың мәдени тұрмыстық тілектері де өсе түсуде. Сондықтан әр адам киген киімін қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, одан өзінің талғампаздығын, қайталанбас әсемдік ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай, бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды. Осы тоқу үстіндегі түрлі – түсті бояулар әлемнің үйлесімдігі, алуан түрлі сән мен фасондар, түрлі тоқу әдістері, оның талғамын, шеберлігін, ой - өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады.
Тоқыма тоқу - әйел адамның ол да бір өнері. Тоқыма тоқыған кезде адамның көңіл – күйі сабасына түсіп, бір сәт өзімен - өзі болып шаршағаны басылады. Әрі еңбек, әрі ермек. Өз киімін өзі тоқып алса әжептеуір үнем, сондықтан тоқи білудің еш зияны жоқ.
Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық, сәндік - қолданбалы қолөнердің тұнығынан сусындатып, халық шеберлігінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңқаларлық тамашалармен таныстыру, дұрыс бағыт сілтеу, ұлттық қолөнерге баулу үшін қажет.
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі – түсті ою - өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан, сонау заманнан келе жатқан қарым - қатынасын, көңіл- күйін, жан –дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен.
Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланады.
Жүн - жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдердің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30 см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі – 2,5 мм, сыртқы өлшемі – 30 мм.
Тоқыма үшін қажетті құралдар : біз, жіп және ілмек.
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы: қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойынорағыш тоқуға, баскиім т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы : ата – бабаларымыз бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке жіптерді жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай – ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіп жарайды. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген,ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу, айналдырып шеңбер жасай тоқу.
Бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтар әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет