Кіріспе 2 Негізгі бөлім



бет7/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

Бізбен тоқу үлгілері






ІІ.2. Бізбен тоқылған киім үлгілері

Шұлықша тоқу ( бір жақты, 21-сурет ). Айналдыра тоқығанда үнемі оң шалумен тоқиды ; жазып тоқығанда – бір қатарда ( тоқыманың оң жағынан ) оң шалумен, екіші қатарды (тоқыманың теріс жағынан ) теріс шалумен тоқиды.


Қуыстап тоқу ( 22-сурет ). Тоқыманың оң және теріс жағын бірдей етіп тоқиды :
1-қатар – * 1 оң беті , 1 оң шалуды тоқымай алады ( жіп тоқыманың алдына түседі ) * .
2-және одан кейінгі қатарлар – оң шалуларды оң тоқып, терісін тоқымай бос алады ( жіп тоқыманың алдына түседі ). Орамалша тоқу . Айналдыра тоқығанда бір қатарды оң шалумен, бір қатарды теріс шалумен тоқиды. Жазып тоқығанда тоқыманың оң немесе теріс жағы болсын біркелкі оң не теріс шалулармен тоқылады.
Резинка ( л а с т и к ) – белгілі бір есеп бойынша теріс және оң шалулардың кезектесіп отыруы, мысалы, 1 оң, 1 теріс немесе 2 оң, 3 теріс т.б.
Айқасқан резинка – кәдімгі резинкадай тоқылады ( 1 оң, 1 теріс ), бірақ оң шалуларды шалулардың артқы жібінен, ал терістерді әдеттегідей тоқиды
Ағылшын резинкасы. 1-қатар – * бос шалу, 1 шалуды тоқымай өткізеді ( жіп тоқыманың арт жағында ), 1 оң шалу .*
2-және бұдан кейінгі қатарлар – 1 бос шалу, 1 шалуды тоқымай өткізеді ( жіп тоқыманың арт жағында ), бұдан кейінгі қатарлардың шалуы мен бос шалуын бірге үстінен іліп алып, оң шалумен тоқиды.
К а н а д а л ы қ н е м е с е б е д е р л і р е з и н к а . шалулар саны 5-ке бөлінуі керек, оған қосымша ( симметрия үшін ) 3шалу және 2 шеткі шалу алынады.
1-қатар – * 3 теріс, 2 оң*, 3 теріс.
2-қатар – барлық шалулар өрнегіне қарай тоқылады
3-қатар – * 3 теріс, оң шалудан әрірек тоқып жатқан қатардан 1 қатар төменірек ұзын шалу іліп алып, бізде қалдырады, 1 оң * және 3 оң шалу алады.
4-қатар – * 3 оң, 2 теріс, әрқайсысын бұдан бұрынғы қатарда ұзын етіп ілініп алынған шалумен бірге тоқиды*, 3 оң.
5-қатар – 3-қатардан қайта бастайды.
« Б ұ р ы м ». Шалулар саны 11-ге бөлінуі керек, оған қосымша ( симметрия үшін ) 3 шалу және 2 шеткі шалу алынады.
1-қатар – * 3 оң, 1 теріс, ( 7 бос шалу, 1 теріс ) 6 рет қайталанады, 1 теріс*, 3 оң.
2-қатар – барлық шалулар өрнегіне сәйкес тоқылады, бос шалулар тоқыманың оң жағына аударылады.
3 - , 4 - , 5 - , 6 - қатарлар - өрнегіне сәйкес тоқылады.
7-қатар – 1-қатардан қайта басталады.
Ө р і л г е н ж о л а қ т а р. Шалулар саны 24-ке бөлінуі керек, қосымша екі шеткі шалу алынады.
1-қатар – * 3 теріс, 18 оң, 3 теріс*.
2-қатар және барлық жұп қатарлар өрнегіне сәйкес тоқылады.
3-қатар – 3 теріс, ( 3 оң шалуды қосымша бізге ауыстырып, тоқыманың артында қалдырады, 3 оң, қосымша біздегі 3 оң ) 3 рет қайталанады, 3 теріс*.
5-қатар – 1- қатар сияқты.
7-қатар – * 3 теріс, 3 оң, 2 рет қайталанады.
9-қатар – 1-қатардан қайта басталады.
Бұйымды тоқудың алдында әуелі өлшемін алып, сол бойынша үлгі жасау керек.
Ш а л у л а р д ы е с е п т е у. Бұйымды үлгісі бойынша дәл тоқып шығу үшін еніне қанша шалу алатынын және ұзындығына неше қатар керек екендігін анықтап алған жөн. Бұл үшін негізгі тоқитын бізді, жіпті пайдаланып және сол бұйымға түсетін өрнекті салып, 30 шалу мен 30-қатардан үлгі тоқып алу керек. Үлгіні ылғал шүберек арқылы үтіктеп, кептіріп, бұдан кейін оның ұзыны мен көлденеңі қанша сантиметр екендігін өлшеп алады. 1 см-ге неше шалу және қанша қатар сиятындығын есептейді. Мысалы, еніне 30 шалу бар үлгі 30 см-ге тең, ал 30-қатар – 8 см-ге тең болады.
Киімді мына ретпен тоқу ұсынылады – артқы бой, жең, сол жақ алдыңғы бой, оң жақ алдыңғы бой – бұл әйелдер үшін, ал ерлер киімі үшін әуелі оң жақ алдыңғы бой, содан соң сол жақ алдыңғы бой.
Ө р н е к т і қ а л а й о р н а л а с т ы р у к е р е к. Егер өрнек жіңішке, ұзыннан түскен жолақтардан тұратын болса, артқы боймен жеңдегі өрнектер бірдей шалумен басталып, солай аяқталуы тиіс. Бұл ереже кез келген ендіктегі көлденең жолақтарға да қатысты.Егер өрнек жалпақ, ұзыннан түскен жолақтардан тұратын болса, оны алдыңғы бойдың бүкіл еніне өңірдің алдындағы оң жағы мен сол жағының өрнектері бірдей болатындай етіп тоқыған жөн. Жолақтар дұрыс кезектесіп түсуі үшін 1 – 3 жіпті қосуға не азайтуға болады.
Т ү р л і ө р н е к т е р д і с ә й к е с т е н д і р е т о қ у. Кеудешелердің артқы бойы мен өңірін әдетте әр түрлі өрнектер салып тоқиды. Мұндайда кейбір тоқу түрлерінің әр қатарда бұйымның биіктігін өсіретін есте ұстау керек. Өңір мен планканы бірге тоқыған кезде түймелік қысқа болып, өңірді жиырып тұрмауы үшін ара-тұра қосымша тоқулар тоқу керек.егер түймелік өңірден ұзын болып бара жатса, ондайда ара-тұра өңірде қосымша қатарлар тоқылады.
Т о қ ы л ғ а н к и і м д е р д і ү т і к т е у. Киімнің барлық бөліктері тоқылып болған соң оларды біріктіріп тігерден бұрын үлгіге салып, ылғал шүберекпен жауып булау керек ( үтікті матаға тигізер-тигізбестей етіп ұстау қажет ). Барлық бөліктер кепкен соң барып оларды үлгіден ағытып алады.
Суланған киімді түкті орамалға орап жақсылап сығып, содан соң столға ( еденге ) төселген ақ жайманың не түкті орамалдың үстіне қажетті формасына келтіріп жайып қою керек. Иығы мен жеңіне бедерлі өрнек ( « погон » ) салынған свитер ( 49-сурет ) 46-размер. Керекті жіптің салмағы 500 грамм ( № 32 / 2, 3 қабатталып ширатылған жіп ). № 2,5 бізбен тоқылады.
Т о қ ы м а ө р н е к т е р і : созылмалы 1 оң х 3 теріс және өрілген жолақтар.
А р т қ ы б о й. 154 рет шалынған жіпті санап алып, 16 сантиметр 1х1 созылмалы етіп, тағы 22 сантиметр 1х3 созылмалы етіп тоқиды. 39-сантиметрде қолтық ойындысы үшін 5, 4, 2 және 2 рет 1 шалудан бекітеді. Әрі қарай өзгеріссіз тоқиды. 55-сантиметрде иықтың қиғаш сызығын шығару үшін түйреуішке не қосымша бізге әр жағынан қатар аттатып 3 рет 8 және 4 рет 7 шалудан ауыстырады. Ортада қалған 24 шалуды бірнеше қатар етіп мақта жіппен тоқиды немесе түйреуішке өткізіп қояды.
А л д ы ң ғ ы б о й. 154 рет жіпті шалып алып, 1 х 1 созылмалы етіп 16 сантиметр тоқиды, бұдан кейін 1 қатарда әр 15 шалудан кейін 1 шалу қосып отырады.Келесі қатарда 164 шалуды былай бөледі : 1 шеткі, бүйірдегі 69 шалуды 1 х 3 созылмалы етіп ( оң шалудан бастайды ), ортадағы 24 шалуды « өріп » тоқиды, ал соңғы 69 шалуды 1 х 3 созылмалы етіп ( оң шалудан бастайды ) тоқиды, соңғы 164 - шеткі шалу. Тоқыма 37 сантиметр болғанда әрқайсысын бөлшектеп омырау тұсындағы сызығын тоқиды, мұнда тоқыманың екі жағынан қатар аттанып, 4 рет 8 шалудан жеткізбей тоқиды. Бұдан кейін тағы 2 сантиметр өрнектеп тоқиды да, 39-сантиметрде қолтық ойындысы үшін әр жағынан 5, 4, 3 және 2 рет бір шалудан бекітеді. 52-сантиметрде мойын ойындысы үшін тоқыманы тең екіге бөліп, түйреуішке қатар аттатып 10, 5,4,3,2 және 6 рет бір шалуды ауыстыра отырып, әр бөлігін өз бетінше тоқиды. 54 -сантиметрде мойын ойындысын дөңгелете отырып, иықтың қиық сызығын алу үшін түйреуішке қатар аттатып, 3 рет
6-дан және 4 рет 5 шалудан ауыстырып алады. өңірдің екінші бөлігі де осылай тоқылады.
Ж е ң. 72 рет шалынған жіпті санап алып 1 х 1 созылмалы етіп 7 сантиметр тоқиды. Екі жағынанда әр 7-қатарда бір шалудан қосып отырады. Резинка етіп тоқып болған соң бір қатарда тағы 8 шалу қосылады, бұдан соң 1 шеткі, 2 теріс, 29 бүйір шалуларын 1 х 3 созылмалы етіп, ортадағы 24 шалуды « өріп » тоқиды, келесі 29 шалу 1 х 3 созылмалы, 2 теріс, 1 шеткі шалу. Шалуларды бөлген соң екі жағынан да әр 7-қатарда бір шалудан қоса отырып 37 сантиметр тоқиды. Соңғы 14 сантиметрді еш өзгеріссіз, тегіс етіп тоқу қажет. 45-сантиметрде жеңнің бекітілуі үшін әр жақтан қатар аттатып 5, 4, 2 шалудан, 23 рет бір шалудан, бұдан соң 1 рет 2шалудан, 2 рет 3 және 4 шалудан бекітеді. Қалған « погонға » арналған 28 шалуды « өріп » тоқи береді. 11,5 сантиметр өзгеріссіз тоқып шыққан соң мойын ойындысы үшін алдыңғы жақтан түйреуішке 6 рет бір шалудан, одан соң қатар аттатып 2 және 4 шалудан ауыстырады. Екінші жең де дәл осылай тоқылады. Бүйір тігістерін тігіп, содан ұзын және көлденең тоқымаларды біріктіретін тігіспен өңір және артқы бойдың ашық шалулары « погонмен » біріктіреді. Алдыңғы бойдың мойын ойындысы ашық шалуларды бізге айналдыра өткіізіп 1 х 1 созылмалы етіп өңірді ( 4 см ) тоқып шығу керек.
Б е л д і к. Мақта жіптен 28 рет шалынған жіпті ( белдіктің ені бойынша ) санап алып, бірнеше қатар тоқыған соң, кәдімгі жіппен тоқи бастайды. Оң қатарлар былайша тоқылады : 1 шеткі, 6 оң, 1 тоқымай өткізеді ( жіп тоқыманың арт жағында ) 1 шалу тартып алынады, 12 оң, 1 тоқымай алады ( жіп артында ) 1 тартып алынған, 6 оң, 1 шеткі шалу. Теріс қатарларды теріс шалумен тоқиды. Тоқылған жолақты белдіктің ұзындығы бойынша ( белдің айналдыра өлшемі, оған қосымша 6 – 8 сантиметр ) бұрыштап бітіреді. Бұрыштап тоқу үшін әр оң қатарда тартылып алынған шалудың орнына 3 шалуды бірге « бұрымша » етіп тоқиды ( тартылып алынған шалу ортада қалуы керек ). Соңғы 4 шалуды бірге тоқиды. Белдікті булап, қорсаждық лентадан жасалған астарын тартып алынған шалулар сызығымен теріс жағын тігіп, белдіктің өзін ұзынынан түскен тоқыма тігісімен тігеді. Мақта жіпті сөгіп, ашық шалуларды өзара көлденеңінен түскен тоқыма тігісімен тігеді.
Реглан. Регланды екі түрлі тәсілмен тоқуға болады : үлгісіз, шалуларды есептеп, мойыннан төмен қарай тоқиды және үлгі бойынша, төменнен жоғары қарай. Кез келген айшық реглан сызығы үшін қолданылады. Шалуларды реглан сызығының әр жағынан қосып отырады.
Реглан сызығының бойымен шалу қосудың бірнеше түрі бар.
1-тәсіл ( 52, а-сурет ). Ш ұ л ы қ ш а т о қ ы а л а д ы. Реглан сызығы тоқыманың оң жағында да, теріс жағында да оң мен тоқитын 1 шалудан тұрады. Үлгі жасау үшін шалулар саны тақ ( мәселен, 11 ) болуы керек. Даярлау қатарын оң шалумен тоқиды. Ортаңғы шалуды түрлі-түсті жіппен белгілеп қояды. – бұл реглан сызығының басы.
1-қатар – 1 шеткі, 4 оң, 1 бос шалу, 1 оң, 1 бос шалу, 4 оң, 1 шеткі.
2-қатар – 1 шеткі, 4 теріс, бос шалуды арғы жібінен оң тоқу, 1 оң, бос шалуды арғы жіптен оң тоқу, 4 теріс, 1 шеткі.
3-қатар – 1 шеткі, 5 оң, 1 бос шалу, 1 оң, 1 бос шалу, 5 оң, 1 шеткі.
Әрбір оң қатарда реглан сызығының екі жағынан бір-бір шалудан қосып отырады. Теріс қатарда бос шалуларды тор көздері онша білінбес үшін арғы жібінен оң тоқиды. Шалуларды қосудың мұндай тәсілі неғұрлым қарапайым, сондықтан оны регланды шұлықша тоқығанда ғана емес, түрлі күрделі айшықтар салғанда да қолдануға болады.
2-тәсіл ( 52, б-сурет ). Ш ұ л ы қ ш а т о қ у. Реглан сызығы тоқыманың оң бетінде теріс шалумен, теріс бетінде оң шалумен тоқылатын бір шалудан тұрады. Үлгі үшін алынатын шалулар саны тақ ( мысалы, 11 ) болуы керек. Даярлау қатарын оң тоқиды. Ортадағы шалуды ( шеткіні санағанда 6-ны ) түсті жіппен белгілеп қояды – бұл резинканың басталуы.
1-қатар – 1 шеткі, 4 оң, 1 теріс, 4 оң, 1 шеткі.
2-қатар – 1 шеткі, 4 теріс, 1 бос шалу ( қол сыртқа қарай қозғалады ), 1 оң, 1 бос шалу ( қол өзіңе қараай қозғалады ), 4 теріс, 1 шеткі.
3-қатар – 1 шеткі, 4 оң, бос шалуды арғы жіптен оң тоқиды, 4 оң, 1 шеткі.
4-қатар – 2-қатар сияқты тоқиды, мұнда шалу қосылған соң теріс шалулар саны 4, 5, 6 , 7 және тағы сол сияқты көбейетінін ескеру керек. Жоғарыда көрсетілгендей әр теріс қатарда шалу қосып тоқыманы әрі қарай жалғастырады.
3-тәсіл ( 52, в-сурет ). Ш ұ л ы қ ш а т о қ и д ы. Реглан сызығы тоқыманың оң бетінде оң, ал теріс бетінде теріс шалулармен тоқылатын 3 шалудан тұрады. Үлгі үшін алынатын шалулар саны тақ ( мысалы, 15 ) болуы керек. 15 рет шалып алынған жіпті санап алып оң тоқиды. Бұдан соң ортадағы 3 жіпті түрлі-түсті жіппен белгілеп қояды – бұл реглан сызығының басталуы.
1-қатар ( тоқыманың оң беті ) – 1 шеткі, 4 оң, бір шалудан 3 шалу шығару ( былайша тоқиды : 1 оңды арғы жіптен, 1 өзіңе қарай бос шалу, 1 оң арғы жіптен ), 3 оң, 1 шалудан 3 ( жоғарыда көрсетілгендей ), 4 оң, 1 шеткі.
2-қатар және барлық жұп қатарлар ( тоқыманың теріс беті ) барлық шалулар теріс ( бос шалуларда теріс ) тоқылады.
3-қатар барлық шалулар оң.
5-қатар – 1 шеткі, 6 оң, бір шалудан 3 ( жоғарыда көрсетілгендей ), 3 оң, 1 шалудан 3 ( жоғарыда көрсетілгендей ), 6 оң, 1 шеткі. Тоқыманың оң жағында әр төртінші қатарда шалулар қосып отырып тоқылады. Қосудың бұл тәсілі шұлықша тоқу үшін пайдаланылады.
Кеудеше ( 56-сурет ). Жіптің (синтетикалық ) салмағы 200 г. Біз № 6, ілмек № 3,5.
Т о қ ы м а н ы ң с у р е т т е р і : бедер, бос шалусыз бағана.
Е с е б і н ш ы ғ а р у ( бедер ) : 15 шалу – 10 см, 20 қатар – 10 см.
Б е д е р. Шалулар саны 3-ке бөлінуі керек және 2 шеткі шалудан тұрады.
1-қатар – * 1 оң, 2 теріс*.
2-қатар – * 2 оң, 1 теріс*.
3-қатар – * 2 шалу бірге теріс, тура бос шалу, 1 теріс *.
4-қатар – * 1 оң, 1 теріс, 1 оң*.
5-қатар – * 1 теріс, 1 оң, 1 теріс*.
6-қатар – * 1 оң, 1 теріс, 1 оң*.
7-қатар – * тура бос шалу, 1 теріс, 1 бірге теріс*.
8-қатар – * 2 теріс, 1 оң*.
9-қатар – * 1-ші қатардан қайта бастайды.
А р т қ ы б о й ы. Бізбен 74 шалу теріп алып, бедермен 38 см тоқиды. 39 см –де қолтық ойындысы үшін әр жағынан қатар аттатып, 3, 2, 1 шалудан бекітеді. 42 см-де тоқыманы екіге бөліп, әр бөлігін жеке-жеке тоқиды. Мойын ойындысын дөңгелете шығару үшін 1 рет 9 және 2 рет 8 шалудан қатар аттатып тоқиды. Мойын ойындының қалған бөлігін өзгеріссіз тоқиды. 60 см-де иықтың қиғаш сызығын шығару үшін бір қатарда бірден 6 шалуды бекітеді. Артқы бойдың екінші бөлігін де біріншісі сияқты тоқиды.
А л д ы ң ғ ы ө ң і р і. Бізге 74 шалу теріп алып, « бедерлі саңылаулармен » 40 см тоқиды. 41 см-де қолтық ойындысы үшін әр жағынан 2, 3 және 1 шалудан бекітеді. 44 см-де тоқыманы екіге бөліп, әрқайсысын жеке тоқиды. Мойын ойындысын дөңгелете тоқу үшін 9 және 2 рет 8 шалудан қатар аттатып бекітеді. Мойын ойындысының қалған бөлігін өзгеріссіз тоқиды. 62 см-де иықтың қиғаш сызығын шығару үшін бір қатарда 6 шалуды бекітеді. Екінші бөлігін де бірінші сияқты тоқиды.
Ж е ң і. Бізге 42 шалуды теріп алып, бедермен 7 см тоқиды.
Жеңді кеңіту үшін әр қатарда екі жағынан да 12 рет 1 шалудан қосады. Бұдан кейін қатарды өзгеріссіз тоқиды. Тоқыма 8 см болған соң жеңнің басын шығару үшін әр жағынан 2 рет 3 шалудан, 1 рет 6 қатарда 2 шалу, 18 рет әр қатар басында 1 шалудан және 6 қатарда 2, 3 және 4 шалудан бекітеді. Ортада қалған 12 шалуды бір қатарда бекіту керек. Екінші жең де біріншісі сияқты тоқылады.
Детальдарды булап, екі жанының тістерінің алдыңғы жағындағы кеуде бүкпесі үшін 2 см-ді жиырып бүгеді, жең мен иығын тігеді. Жеңнің басын сәл жиырып, содан соң орнына қондыру керек.
Ілмекпен мойын ойындысын, жең мен кеудешенің төменгі шеттері бос шалусыз бағанамен тоқылады. Планканың ені 3 см. Мойын ойындысын әсемдегіш планкаға қосады. Планканы тоқыған кезде бант шығару үшін шалудан 2 тізбек теріп алып, планкамен бірге тоқу керек.
Желбегей – кеудеше ( 57-сурет ) 46 – 48-размер. Жіптің салмағы ( жіңішке мохер ) 120 г. Ілмек № 3,5,
біз № 3,5.
Т о қ ы м а н ы ң с у р е т т е р і : 1 х 1 резинка, созылған шалулар.
Е с е б і н ш ы ғ а р у ( резинка ) : 12 шалу – 10 см, 16-қатар – 10 см; созылған шалулар : 20 шалу – 10 см, қатар – 10 см. Созылған шалулар үшін шалулар саны 5-ке бөлінуі керек, оған қосымша шеткі 2 шалу алынады. 3- және 4 –қатарларды кезектестіріп отыру керек.
А р т қ ы б о й. Бізге 45 шалу теріп алып, резинкамен 3 см тоқиды. 4-ші см-де тор көз шығару үшін бүкіл қатар былайша тоқылады * 1 тура бос шалу, 1 х 1 резинканың 3 шалуы *. Бұдан соң 1 х 1 резинкамен тағы 38 см тоқиды. 43 см-де тоқыманы 3 бөлікке бөледі: 21 шалу артқы бойдың мойын ойындысы үшін және иықтың қиғаш жағы үшін 12 шалудан келеді. Артқы бойдың мойын ойындысын шығаратын шалуларды түйреуішке өткізіп, уақытша тоқымай қоя тұру керек. Мойын ойындының жиегі және алдыңғы бойдың ортасы үшін бізге 2 рет 8 шалудан теріп алады. Әр шалудан қуыс тоқу әдісімен жолақтар тоқиды ( ұзындығы 7 см ). Шалуларды түйреуішке өткізіп ашық қалдырады. Жолақтарды өзара басынан біріктіріп тігеді, бұдан соң жиекке мойын ойындысының шалуларын ұзын және көлденең тоқымаларды біріктіретін трикотаж тігісімен тігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет