Кіріспе 2 Негізгі бөлім



бет2/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

І. Ілмекпен тоқу өнері


ІІ.1. Негізгі шалу түрлері
Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка, сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгі мен есепке сәйкес шалуды ( петель ) қосу, яки қысқарту, сирек те жиі тоқу ( ілмекпен жіптің диаметріне қарай ) арқылы жасалады.
Тізбек ( цепочка ) бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар ( немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі ) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады ( 1­-сурет ). Осылайша қайталана береді.
Қысқаша шалу ( полустолбик ) ( 2­­­­­­­­­-сурет ). Ілмекті тізбектегі 3­­-шалудыңалдынан артына қарай өткізеді.Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Жай шалу ( столбик без накида ). Ілмекті тізбектегі 3­­-шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Нық шалу ( прочный столбик ) ). Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.
Бос жіп қосылған шалу ( столбик с накидами ) ( 4, 5 –суреттер ). Бағананың ( шалудың ) биіктігін көтеру үшін оны бір немесе бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4 –шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, оны ілмектегі шалумен бос жіптен ( 2­-шалу ) ткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2­-шалудан өткізіп алады. не 3, одан да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен қосып тоқи береді,ол үшін ілмекті соған сәйкес 5-, 6­­-, 7­- т.б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек.
Бос жіп қосылған рельефті оң шалу ( рельефный лицевой столбик с накидами ) ( 6-сурет ). Ілмектің сабына жіпті орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен ( 2­-шалу ) өткізеді, жіпті тағы орап, енді оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.
Бос жіп қосылған рельефті теріс шалу ( рельефный изнаночный столбик с накидами ) ( 7-сурет ). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай сыртқы жағынан өткізіп,1шалуды теріс жағынан тартып шығарады, шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді. Рельефті шалуларды 2­-қатардан бастап бірнеше бос жіп қосып тоқуға болады. Бірінші қатар бос жіп қосылған шалулар мен жай шалулардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет