Перделерге арналған өрнек. Шалу саны 7-ге бөлінуге тиіс. Оған симметрия үшін 4 шалу, 2 шеткі шалу қосылады. 6-қатар 2-қатардағыдай басталады.
Г и п ю р л і ө р н е к. Шалу саны 15-ке бөлінуге тиіс. Оған симметрия үшін 9 шалу, 2 шеткі шалу қосылады.
1-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған 9 шалу, 2 үлпілдек шалу тоқып,
(негіздің 2 шалуын қалдырып кетеді, негіздегі 2 шалудың үстіне бос жіп қосылған 2 шалу тоқылады, 2 үлпілдек шалу, негіздің 2 шалуын қалдырып кетеді, негіздің 9 шалуына бос жіп қосылған 9 шалу, жиек үшін бос жіп қосылған 1 шалу тоқылады.
2-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 1 үлпілдек шалу тоқып, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 1 шалуды қалдырып кетеді.
3-қатар – қатарды көтеру үшін 3 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы үлпілдек шалудың астынан іліп 1 жай шалу тоқылады, 1 үлпілдек шалу, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 1 шалуды қалдырып кетеді, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 5 шалудың үстіне бос жіп қосылған 5 шалу тоқылады.
4-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 2 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы 1 үлпілдек шалудың 2 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы 1 үлпілдек шалудың астынан іліп, 1 жай шалу тоқылады.
5-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 2 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы 1 бос жіп қосылған 3 шалудың ортасындағының үстіне бос жіп қосылған 2 шалу тоқылады.
6-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 1 үлпілдек шалу, 1 жай шалу, 3 үлпілдек шалуданжасалған « пико » және бұрынғы қатардағы 2 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп 1 жай шалу тоқылады.
7-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 1 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы 1 үлпілдекшалудың астынан іліп 1 жай шалу тоқылпды, 4 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы 2 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп бос жіп қосылған 2 шалу тоқылады.
8-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған 4 шалу, 3 үлпілдек шалудан жасалған« пико » және бұрынғы қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп бос жіп қосылған шалу тоқылады.
9-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 2 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы « пиконың »сырт жағындағы бос жіп қосылған 7 шалудың соғңы шалуларының үстіне бос жіп қосылған 2 шалу тоқылады, бұрынғы қатардағы 2 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп бос жіп қосылған шалу тоқылады.
10-қатар – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 1 үлпілдек шалу, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 9 шалудың ортасындағы 7 шалудың үстіне бос жіп қосылған 7 шалу тоқылады, 2 үлпілдек шалу, 1 жай шалу, 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико » және бұрынғы қатардағы 3 – 4 үлпілдек шалудан жасалған «имектің » астынан іліп 1 жай шалу тоқылады.
11-қатар – 3-қатардағыдай басталады.
Ш і л т е р л і ж о л а қ ( прошва ).
1. 28-қатар 4-қатардағыдай басталады.
2. Әр тор бос жіп қосылған 1 шалу мен 1 үлпілдек шалудан тоқылады, тордың айқыш-ұйқыш етіп айқастырыла толтырылған жерін үлпілдек шалудың орнынан бос жіп қосылған 1 шалумен тоқу керек.
Гепюржиек ( гипюрный край ). Жоғарғы және төменгі өркештерден тұрады.
Жоғарғы ( үлкен ) өркеш. Шалу саны 24-ке бөлінуге тиіс. Негізге жетерліктей етіп үлпілдек шалуға модельге ( үлгіге ) қажетті тізбек тоқу керек.
1-қатар – қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалу: негіздің әр шалуына 5 жай шалудан тоқылады, 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико » негіздің келесі шалуына 2 жай шалудан тоқылады, істі кері бұру керек.
2-қатар – 8 үлпілдек шалуды бұрынғы қатардағы 4-ші ( бастапқы жиегінен санағанда ) жай шалуға қысқа шалу арқылы бекітеді. Істі ( тоқыманы ) кері бұру керек.
3-қатар – жиектің бас жағынан санағанда бұрынғы қатардағы 3-ші жай шалудың .стінен қысқа шалу тоқылады, 8 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп 12 жай шалу тоқылады.
4 -қатар – 11 үлпілдек шалуды жиектің бас жағынан санағанда бірінші қатардағы 1 жай шалуға қысқа шалу арқылы бекітеді. Істі кері бұру керек.
5-қатар – Жиекке 1 қысқа шалу, 4 жай шалу, 3 үлпілдек шалудан « пико » жасалады, 2 жай шалу, 3 үлпілдек шалудан « пико » жасалады. 6-, 7- және 8- қатарлар – 2-, 3-, және 4-қатардағыдай тоқылады
9-қатар – бірінші қатардағы 8-жай шалудың үстіне ( сол жақ жиектен санағанда ) 1 қысқа шалу тоқылады, 11 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп 4 жай шалу тоқылады.
10-қатар – 6 үлпілдек шалуды бос жіп қосылған шалудан 11 үлпілдек шалудан жасалған 1-« имектің » шалуына қысқа шалу арқылы бекітеді, келесі жай шалудың үстіне 1 қысқа шалу тоқылады. Істі кері бұру керек.
11-қатар – бұрынғы қатардағы 6 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп 10 жай шалу тоқылады, 11 үлпілдек шалудан жасалған 2- « имектің » астынан іліп, 2 жай шалу тоқылады. Істі кері бұр керек.
12-қатар – 12 үлпілдек шалуды бұрын тоқылған қысқа шалудың сыртындағы 11 үлпілдек шалудан жасалған 1-ші « имектің » 2-жай шалуына қысқа шалу арқылы бекітеді, келесі жай шалудың үстіне 1 қысқа шалу тоқылады. Істі кері бұру керек.
13-қатар – 4 жай шалу және 12 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп, 3 үлпілдек шалу тоқылады да, сол 3 үлпілдек шалудан « пико » жасалады, 4 жай шалу мен 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико » да соған кірігеді.
Т ө м е н г і ө р к е ш ( кішкентай өркештер ). Шалу саны 4-ке бөлінуге тиіс. Бұл өркештерді негізгі тізбектердің келесі бетінен тоқу керек.
1-қатар – қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалу.
2-қатар – 5 үлпілдек шалуды жиегінен санағанда 1 жай шалуға қысқа шалу арқылы бекітеді.
3-қатар – қатарды көтеретін шалуға қысқа шалу тоқылады, 5 жай шалу, 3 үлпілдек шалудан « пико » жасалады және 5 үлпілдек шалудан жасалған «имектің» астынан іліп, 5 жай шалу тоқылады, негіздің келесі 2 шалуының үстіне 2 жай шалу тоқылады. 1-қатардан бастап қайталанады.