А л д ы ң ғ ы ө ң і р. Артқы бойдың оң иығындағы түйреуішке өткізілген 12 шалуға шеткі ашық 8 шалуды қосу керек. Өңірді иықтың қиғаш сызығынан төмен қарай 1 х 1 резинкамен, ал шетін қуыс тоқумен тоқиды. 15, 25 және 35 см-де өңір мен шеттің арасынан өңірді төмен қарай кеңейту үшін
1 шалудан ( өңірдің бастап тоқылған жерін басқа түсті жіппен белгілеп қою керек ) қосып отырады. 42 см-ге артқы бойдағыдай белдік үшін тор көздер жасайды. Тағы да 3 см 1 х 1 тоқылады. Шалуларды бос тоқып бекітеді. Сол жақ өңірді де оң жақ сияқты тоқиды.
Ж е ң і. Ілмектен жоғарыдан төмен « созылған шалулар » суретін салып тоқиды. Басқа түсті жіптен екі жаққа қарай 3 см бөліп алады, осыдан бастап жеңді тоқитды. Әр қатарда тоқыманың енін созылған шалулар есебінен және суреттер саны көбеюі есебінен кеңейту керек. Жеңнің әр қатарын оң және сол жақтауында алдымен артқы бойдың шетіне бекітеді. Жеңнің ұзындығы 41 см, ал ені 71 см болғанша осылай тоқиды. Екінші жеңде бірінші жең сияқты тоқылады. Жеңді ірі бедерлі кез келген суретті салып тоқуға болады.
Б е л д і к. Бізге 5 шалу теріп алып, қуыс тоқу әдісімен 150 см бару тоқиды да, соны артқы бой мен алдыңғы бойдың тор көздерінен өткізіп, алдынан байлайды.
Берет. Жіптің салмағы 120 г. Біз № 3 және 2,5.
Т о қ ы м а н ы ң с у р е т і : « мүйізше ». терілген шалу саны жұп болуы керек.
1-қатар – * 1 оң, 1 тоқылмай алынады ( жіп тоқыманың алдында ).
2-қатар және барлық жұп қатарлар – барлық шалулар тегіс.
3-қатар – * 1 тоқымай алынады, 1 оң*.
5-қатар – 1-қатардан қайта бастайды. Е с е б і. 32 шалу – 10 см.
Берет өзара дөңес жолақпен бөлінген 4 қиықтан тұрады.
№ 3 бізге 338 шалуды теріп алып, « мүйізше » өрнегімен 2 қатар тоқиды. Қатардың барлық шалуларын 4 қиыққа бөлу керек : әр қиықтың ортасында 2 шалудан тұратын ажыратушы жолақ болуы керек, бұл екі шалу тоқыманың оң жағында оң шалулармен, ал теріс жағында тоқылмай өткізіледі, жіп тоқыманың алдында, яғни теріс жағында болады.
Қатар шалуларын бөліп, былайша тоқиды : 1 шеткі шалу, 1 ажыратқыш шалу, 82 шалу « мүйізшемен » қосылады ( 2 ажыратқыш, « мүйізшенің » 82 шалуы ) 3 рет қайталанады, 1 ажыратқыш, 1 шеткі.Осындай тәртіппен 4 қатарды еш өзгеріссіз тоқиды, бұдан кейін әр қиықтан 2 шалудан (ажыратқан шалулардың қасынан ) қысқартады, яғни оң беттен 8 шалу қысқарады. Бірінші ажыратқыш шалуды келесісімен бекітеді ( ажыратқыш шалуды сол бізден оң бізге тоқымай аударады, келесісін оң шалумен алып, бұның алдындағы шалу арқылы өткізеді ). Бұдан кейін де әр қиықтың бірінші ажыратқыш шалуын өзінің алдындағы шалумен бірге тоқып шығу керек.
Шұлық ( носки, 62-сурет ) 5 бізбен айналдыра тоқиды. әдетте өрнек салынған манжетадан немесе резинкадан бастап, шұлықша әдіспен тоқылады. Тоқудың тығыздығына қарай бір пар әйелдер носкиіне 100 – 120 г, ерлер носкиіне 120 – 150 г, балалар носкиіне 70 – 80 г жіп қажет, егер өрнек салынатын болса жіп көбірек жұмсалады.
Е с е б і н ш ы ғ а р у. Тобықтың тұсынан аяқты айналдыра өлшеп алу керек ( 63-сурет, бұл жерде – 23 см ). Бұдан кейін үлгі бойынша носкидің ( манжетаның емес ) өрнегіне сәйкес тоқу тығыздығын анықтау қажет ( мысалы, 3 шалу – 1 см, біз № 2,5 ), осыдан соң тоқуға қажетті шалулар санын есептепшығаруға болады : 3 шалу 23 см – 69 шалу.
Бұл санды ( 69 ) жұптау қажет ( шалу санын көбейткен дұрырақ, әрі бұл сан 4-ке қалдықсыз бөлінгені тиімді, себебі шалулар 4 бізге бөлінеді ). Бұл мысалды 72, әр бізде 18 шалудан болады.
Дөңгелектің сырт жағынан оңнан солға қарай 1 Х 1 резинкасымен 4 – 5 см тоқиды. Бұдан кейін өкшені шығара бастайды.
Ө к ш е н і ш ы ғ а р у ( 67, б-сурет ). Тоқыманы екіге тең бөліп, тек екі біздің 3- және 4-біздіңшалуларын ғана тоқу керек ( 1- және 2-біздегі шалулар өкше шығаруға қатыспайды ). Тоқу ыңғайлы болу үшін екі (3- және 4- ) біздегі шалуларды бір бізге өткізіп, шұлықша тоқумен өкшенің биіктігіндей етіп тоқып шығу ұсынылады.
Өкшенің биіктігі былай анықталғаны жөн : тоқыманың шетіндегі шеткі шалудың саны біздегі шалу санына тең болуы керек. Он қатардан тоқыған соң, тоқуды доғара тұрады.өкшені шығару үшін шалуларды қысқартады. Біздегі барлық шалуларды 3-ке бөледі ( егер сан 3-ке қалдықпен бөлінсе, қалдықты ортаңғы бөлікке қосу керек ) келтірілген мысалға шалулар былай бөлінеді : бүйір бөліктері үшін 6 шалудан, ортаңғы бөлікке – 8 шалу.
1-қатар ( тоқыманың теріс жағы – теріс шалулар: 1- бүйір бөліктің 6 шалуын және ортаңғы бөліктің ең соңғы шалуынан басқасын тоқу керек, соңғы шалуды 2- бүйір бөліктің негізгі шалумен бірге теріс тоқу керек ( 2- бүйір бөліктің 5 шалуы тоқылмайды ). Тоқыманы кері айналдырады.
2-қатар ( тоқыманың оң жағы ) – оң шалулар : шеткі шалуды тоқымай алып, қатты тарту керек, бұдан соң ортаңғы бөліктің соңғы шалуынан басқасын тоқып шығады, соңғы шалуды 1- бүйір бөліктің көршілес шалуымен бірге арғы жібінен оң алып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Бүйір бөліктің шалулары ортаңғы бөліктің шеткі шалулармен бірге тоқылып бізге ( тоқыма оң қатармен тоқылып бітуі керек ), 1- және 2-қатарды қайталай береді. Бізге тек ортаңғы бөліктің шалулары ( 8 шалу ) ғана қалады.Өкше шығарған кезде иірілген жүннен жіпке капрон немесе одан басқа бір мықты жіпті қосуға болады.
Н о ск и д і ң б а с ы н т а р ы лғ а н ғ а д е йі н т о қ у. Носкидің бұл бөлігін оң шалулармен айналдыра тоқиды. Бос бізбен өкшенің екінші шетінен біріншідегідей шалулар те,ріп алып, ортаңғы бөліктің жартысын ( 4 шалуды ) осыған қосады. Осылайша қайтадан 4 бізбен тоқи бастаймыз. Айналдыра тоқи отырып, 3- және 4 - біздегі артық шалуларды қысқарту керек бұл әр екі қатар ( бір айналым ) сайын 2 бізге теріс алу керек. Қысқарған жердегі қос қабат шалулар жүрген кезге кедергі келтірмеуі үшін, оларды табанның екі шетінен жасау керек.
Н о с к и д і ң б а с ы н ш ы ғ а р у. 1-бізбің басында екі шалуды бірге оң ( арғы жіптен ), 2-біздің соңында – 2 шалуды бірге оң ( бергі жіптен ), 3-нің басында екі шалуды бірге оң ( арғы жіптен және 4 - нің аяғында – 2 шалуды бірге оң ( бергі жіптен ) тоқып отырады. 1 шалудан қалғанша қысқарта береді. Бұдан соң жіпті үзіп, онымен шалуларды қатты тартып тігіп жіптің ұшын ілмекпен носкидің іш жағына білдірмей тоқып жіберу керек.