Кіріспе 2 Негізгі бөлім


Тоқыманы тарылту және кеңейту



бет3/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

Тоқыманы тарылту және кеңейту. Тоқыманы тарылту ­ – тоқыманың ортасынан не екі шетінен шалулар мен үлпілдек шалуларды қысқарту арқылы орындалады, ал кеңейту үшін қатарға жаңа шалулар мен үлпілдек шалулар қосылады. Түймеге арналған ілгек. Ілгек көлденең болса, онда кезекті бірнеше шалуды (түйменің көлеміне қарай ) қалдырып кетіп, оның үстіне бірнеше үлпілдек шалу жасайды. Келесі қатарда сол үлпілдек шалудың үстінен жаңа шалулар жасап, тоқуды жалғастыра береді. Ал ілгек тігінен келсе, сол ілгек болатын жерге дейін тоқып, кері қайтады. Сөйтіп, 3 – 5 қатар әрлі-берлі тоқиды ( түйменің көлеміне байланысты). Содан соң басқа шумақ жіптен жаңағы ілгек қалатын жердің келесі жағынан да жоғарыдағыдай 3 – 5 қатар тоқиды, әрі қарай бәрін қосып, тоқуды жалғастыра береді.
Тоқудың түрлері:
Айшықты өрнек. Үлпілдек шалулардың саны 10­-ға бөлуге тиіс, оған шеткі 1-шалу қосылады. 6-қатарды 2­-қатардағыдай етіп бастайды.
Үлпілдек шалулардың саны 2­-ге бөлуге тиіс, оған тағы 1­-шалу ( симметрия үшін) және 2 шеткі шалулар қосылады. Тоқу үстінде 3 және 4­ - қатарларды алмастырып отыру қажет.
Шалулар саны 4­-ке бөлінуге тиіс. Оған шеткі 2­-шалу қосылады. 14­-қатарды 2­-қатардағыдай етіп бастайды.
К в а д р а т. 1­-қатар ­– 18 үлпілдек шалуды қысқа шалу арқылы дөңгелетіп біріктіреді.2­­-қатар ­– 28 жай шалуды 18 бос шалу жасалған шеңберді айналдыра тоқиды. 3­-қатар ­– бұрын ( айналдырып ) келтіру үшін үш үлпілдек шалу, бұрынғы қатардағы 6 жай шалудың үстіне бос жіп қосылған 6 шалу, 6 ­– үлпілдек шалу тоқылады.

Шашақты айшықтар. Шалу саны беске бөлінуге тиіс, оған тағы 1­-шалу қосылады ( симметрия үшін). 5­-қатарды 3­-қатардағыдай етіп бастайды. Бұрынғы қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған « имектен » 7 шашақты шалу шығарылад ( бұрынғы қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған имектің астынан іліп, жай шалу алынады, сол шалуды 1 ­– 1,5 см­-ге созып, ілмектің ұшында қалдырады ). Осыны 7 рет қайталайды, ілмектегі 7 ұзын шалуды босата тұрып, ілмекті шашақтың ең соңғы ( 7­-ші ) шалуынан өткізеді. Суырып алған жіпті кәдімгі жұмыс істейтін көлеміндегі қалпына келгенше тартып, 3 үлпілдек шалу жасайды.
« П и к о » айшығы. Үлпілдек шалудың саны 6-ға бөлінуі тиіс. Оған симметрия үшін 5 шалу, екі шеткі шалу қосылады.
1­­-қатар – бұрын ( айналдырып ) келтіру үшін 3 үлпілдек шалу, 1 бос жіп қосылған 1 шалу, 1 үлпілдек шалу және 3­- шалуының үстіне бос жіп қосылған 1 шалу, бос жіп қосылған 1 шалу, 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико ».
2­-қатар ­– бұрын (айналдырып ) келтіру үшін 3 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған шалу, 1 үлпілдек шалу және бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 4 шалудың ортасындағы үлпілдек шалудың астынан өткізіп, бос жіп қосылған 1 шалу, 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико ».3­-қатар және қалған барлық қатарлар 2­-қатардағыдай тоқылады. өрнек шақпақ тәртіппен орналастырылады. « пико » - 3 үлпілдек шалу жасап, оны қысқа шалу не жай шалу арқылы бекітіп, түйіншек жасау арқылы жасалады.
« Мозайка ». Үлпілдек шалудың саны екіге бөлінуге тиіс, оған симметрия үшін 1 , 2 шеткішалулар қосылады. Бұл өрнек үшін жіп түрлі­­­­­­-түсті болуы керек.
Ж и е к т і ө ң д е у. Дайын бұйымның ( оң жағынан ) тігінен де, көлденеңінен де түрлі­-түсті жіппен үлпілдек шалу арқылы тізбек тоқиды да, оларды әр түрлі жіпті алмастыра отырып, жай шалу арқылы бекітеді.
« Шаян ілмек ». жай шалулар мен бос жіп қосылған шалулардың екі жиегін қуалай бұйымның оң жағынан бұрынғы қатардағы әр шалудың астынан солдан оңға қарай жай шалулар тоқиды.
Шілтер салынған жиек ( прошва ­– крой ). Шалу саны беске бөлінуге тиіс. Оған симметрия үшін 1 шалу қосылады. Шілтері жиек ( прошва ) үшін екі жиек тоқиды, 2-жиекті тоқу үстінде оны бірінші жиекпен схемада көрсетілген жерлерге қосады.
« Т ы ғ ы з ж а й ы л м а » өрнек. Бір түсті жіпті екінші түсті жіппен қосады. Шалу салу беске бөлінуге тиіс. Оған 2 шеткі шалу қосылады.
Өрнекті 2-қатардан бастап қайталайды, әр 7 қатар сайын жіптің түсін өзгертіп отырады. Бір түсті 6 қатар ғана тоқиды. Өрнек шығару үшін кезекті жай шалуларды бірнеше қатар төмен бекітеді, ол үшін тоқылған тоқыманы оң жағынан теріс жағына қарай тесіп, одан жұмыс жібін оң жағына өткізеді де, тоқып жатқан қатарға дейін созады, содан соң барып жай шалып тоқиды.
23-сурет. К е с т е л і ө р н е к ( филейный узор ). Шалу саы 41­-ге бөлінуге тиіс. Оған 2 шеткі шалу қосылады.
Қ и ғ а ш т о қ у. ( Косое вязание ). Шалу саны 16­-ға бөлінуге тиіс. Оған симметрия үшін 7 және шеткі 2 шалу қосылады.
Жаңа түсті жіпті ( бос жіп қосылған шалу ) бұрынғы қатардағы бұрымның соңғы бөлігіне бекітеді.
1­-қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған 2 аяғына дейін тоқылмаған шалу (негіздің әр келесі 2 шалуы ) 1 үлпілдек шалу, негіздің 1 шалуын қалдырып кетеді, негіздің келесі 2­-шалуының үстіне бос жіп қосылған 1 шалу және 1 үлпілдек шалу тоқылады, бәрі 2 реттен қайталанады, бос жіпқосылған 5 шалу ( желпуіштің негіздің әр келесі шалуы ) негіздің келесі 2­-шалуының үстіне үлпілдек шалу мен бос жіп қосылған 1 шалу қосылады ( бәрі 2 реттен қайталанады, 1 үлпілдек шалу, негіздің 1 шалуын қалдырып кетеді, бос жіп қосылған 5 аяғына дейін тоқылмаған шалу негіздің әр келесі 5 шалуы ) 1 үлпілдек шалу, негіздің ( основание ) 1 шалуын қалдырып кетеді, ( негіздің келесі 2 шалуының үстіне 1 бос шалу қосылған 1 шалу мен 1 үлпілдек шалу тоқылады ) , бәрі 2 реттен қайталанады, жиегіне бос жіп қосылған 3 шалу тоқылады. 2­-қатар ­– бұрынғы қатардағы әр шалудың үстіне қысқа шалулар тоқылады. 3­-қатар ­– 1­-қатардағыдай тоқылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет