Кіріспе 2 Негізгі бөлім


ІІ. Бізбен тоқу технологиясы



бет6/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

ІІ. Бізбен тоқу технологиясы


ІІ.1. Бізбен тоқу түрлері

Бізбен тоқу үшін жүн, жартылай жүн, жібек, мақта жіптерді, қоян және ешкі түбітінен иірілген жіптерді, синтетикалық жіпті т.б. пайдалануға болады. Қосымша жіп қосып жуандату немесе жіпті жіңішкерту есебінен, затты қалың не жұқа етіп тоқу ( біз бен жіп диаметрінің әртүрлілігі ) арқылы пішілген үлгіге немесе есепке сай тоқу үлгісі өзгеріп отырады.


Тоқу біздері түзу, екі жағы немесе бір жағы ғана ұшты және иілме (айналдыра тоқитын ) болып келеді. әдетте біз жіптен екі есе жуанырақ болуы керек.
Тоқылған заттардың түрлері : а) біртегіс – оң және теріс жағы болады, оны ұзынынан немесе керісінше түзу екі бізбен яки иілмелі сымды айналдыра тоқиды ; ә) бітеу етіп – айналдыра тоқылады, мұны тек оң жағынан және 5 бізді немесе иілмелі сымды пайдаланып тоқиды.
Айшықтардың тоқылу жолын көрсеткенде, әдетте тақ қатарлар – оң, жұп қатарлар – теріс жақты білдіреді.
Алғашқы қатар. Жіпті сол қолға алады ( 1-сурет ). Екі бізді біріктіре ұстап, тоқылатын шүйке жіптің астынан өткізеді ( 2-сурет ), сұқ саусақтағы жіпті бізбен іліп алып, бас бармақтағы шалу арқылы өткізеді . бас бармақты шалудан босатып, жіпті тарту керек. әрбір келесі шалуды шығару үшін осы әдістерді қайталайды. Сонда алғашқа қатарды құрайтын жіптер тізбегі шығады (3-суретр ).
Шеткі шалулар - әр қатардың бірінші және соңғы шалулары. Бірінші шеткі шалуды ( қатардың басындағы ) оң бізге тоқымай алады.
Шеткі жиек. Жиек шеті түзу болып ( бұрымша ) шығуы үшін қатардың соңғы шалуын теріс алу керек те, ал келесі қатардағыны оң бізге тоқымай бос алады.
Оң шалу бергі жіп арқылы тоқылады, яғни оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы жіпті іліп алып шығады. Оң шалуды арғы жіппен, яғни оң қолдағы бізді оңнан солға қарарй өткізіп тоиды.
Бос шалудың тура және кері түрлері болады. Тура бос шалу ( 6-сурет ) : оң қолдағы бізді тоқылатын жіптің астына оңнан солға қарай салады. Кері бос шалу (6 а- сурет ) ; оң қолдағы бізді тоқылатын жіптің астына солдан оңға, өзінен кері қарай өткізеді. Кері бос шалу барынша сирек қолданылады, себебі көптеген айшықтар ( ағылшын резинкасы және т.б. сияқты ) бұзылып кетеді, ал өрнекті айшықтарда мұндай бос шалудың тор көзі тым үлкен болады.
Шалуларды азайту. Детальдарды тоқу барысында шалуларды азайту түрлі тәсілдермен жүзеге асады (бекіту, бір шалуды екіншісінен өткізу, әдетте олар белгілі бір модельдің сипаттамасында көрсетіледі ) . Тоқыманың бір шетінен шалудан азайта отырып, көбіне он екі шалуды біріктіре қосып алу арқылы бекітеді. Көп санды шалуларды ( ең соңғы қатардағыдай ) бірнен соң бірін бекітеді. Шалуларды тоқыманың оң қатарында да, теріс қатарында да азайтуға болады.
Екі шалуды жоғарыдан бірге алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 2-шалу жағынан тоқыманың алдын алу ( солдан оңға қарай, 7-сурет ).
Екі шалуды төменнен бірге алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 2-шалу жағынан тоқыманың алдынан алу.
Екі шалуды төменнен бірге алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 1-шалу жағынан тоқыманың артынан ( оңнан солға қарй, 7 а - сурет ) алу.
Үш шалуды бірге алу түрлі тәсілмен тоқылады : а) оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 3 шалуды тоқыманың артын 1 – шалу жағынан (оңнан солға қарай, 8-сурет ) іліп алады ; ә) оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 3 шалуды, үшінші шалу жағынан ( солдан оңға қарай ) тоқыманың алдына қарай алады (8 а -сурет ); б ) ортаңғы шалу мен бірінші шалудыңорнын ауыстырып, содан соң 3 шалуды тоқыманың артынан 1-шалу жағынан ( оңнан солға қарай 8 б, 8 в -суреттер ) алу керек.
Түйме ілгектері тігінен және көлденеңінен салынуы мүмін. К ө л д е н е ң і лгек шығару үшін бір қатарда түйме диаметріне сәйкес келетін бірнеше шалуды басқа жіппен бекітеді. Содан соң жабық қосымша тәсілмен тоқитын жіптен қанша шалу бекітілсе, сонша шалу теріп алады да, әрі қарай тоқи береді.
Т і к т ү с к е н і л г е к Түйме ілгегінің ішкі және сыртқы жағындағы шалуларды бөлек-бөлек, бір жіппен тоқиды.
Қ ы с қ а р т ы л ғ а н қ а т а р л а р Кей кезде бұйымның бір бетінен екіншісінен ұзынырақ болуы немесе керісінше бұйымның ұзындығын теңестіру керек болады. Мұндай жағдайда қысқартылған қатарлармен тоқиды, олар төмендегіше жасалады: қатардың аяғына 5 – 6 шалу қалған кезде тоқыманы кері айналдырып, соңғы шалуды сол қолдағы бізбен оң қолдағы бізбен ауыстырады да, әрі қарай тоқи береді.
Ұ з а р т ы л ғ а н қ а т а р л а р Қатарды ұзарту тоқыманың ортасынан екі жаққа қарай немесе бір шетінен екінші шетіне қарай жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет