Кіріспе 2 Негізгі бөлім


ІІІ. « Ілмек бізбен салфетка тоқу» тақырыбында өтілген сабақтың үлгі жоспары



бет9/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

ІІІ. « Ілмек бізбен салфетка тоқу» тақырыбында өтілген сабақтың үлгі жоспары


Сабақтың тақырыбы: « Ілмек бізбен салфетка тоқу».
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: оқушыларды тоқу өнерімен таныстыру, бірнеше әдістермен схема қолдана отырып салфетка тоқуға, жұмыс орындарын ұйымдастыруға үйрету;
Дамытушылық : білімдерініс жүзінде пайдалануға ықпал ету, ой-өрістерін кеңейту, танымдылық қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: эстетикалық сезімдерін қалыптастыра отырып шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс, тест сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, әдебиет.
Көрнекілігі және жабдықталуы: тоқылған үлгілер, технологиялық нұсқау карта, сөзжұмбақ, жіп, ілмек біз, сауыт.
Сабақтың барысы мен мазмұны
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен материалдар бойынша сұрақтар.
– Ілмек бізбен тоқу үшін қандай жіптерді пайдалануға болады ?
– Ілмек бізбен тоқудың қандай әдістерін білесіңдер ?
– Шалусыз және шалмалы бағаншалардың қандай айырмашылығы бар ?
– Дөңгелектеп тоқуда тоқыманы тоқыманы қалай кеңейтеді ?
– Шартты белгілердің атаулары. .
– Ілмек бізбен тоқылатын қандай бұйымдарды білесіңдер ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен жабдығыныңнегізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғасып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемдікке жетелеуде. Адамдарды тұрмыс халдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта бшлуге тырысады. Тоқымамен айналысқанда адам басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі-түсті бояулар әлемнің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Сонымен ілмек бізбен әр түрлі әшекей сәндік бұйымдар, киім-кешек, ойыншық, үй тұрмысына қажет бұйымдар, сөмке, салфетка, қол орамалдар т.б. бұйымдарды тоқуға болады.
« Салфетка » француз тілінен аударғанда тесіктері бар дастарқан деген ұғымды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет