Кіріспе 2 Негізгі бөлім



бет10/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

ІV. Сарамандық жұмыс.
1. Техника қауіпсіздік ережелері және санитарлық-гигиеналық талаптарды еске түсіру.
2. Жұмыс орындарын ұйымдастыру.
3. Технологиялық нұсқау карта жұмыстандыру.
Техникалық нұсқау карта.
Әшекей бұйым.
Материал: жіп ( 100 % мақта ), №1, 5, 2.
Жұмыс реті: 9 бос шалудан тізбекше тоқу, қосу арқылы дөңгелектеу. Барлығы 10 қатар.
4. Жұмыс барысында көзге арналған жаттығулар жасау.
V Сабақты бекіту: тест сұрақтар.
1. Көзбен жұмысқа дейін қашықтық:
а) 15-20 см б) 35-40 см в) 50-55 см.
2. Ілмек біздіңномері . . . білдіреді.
а) радиусын б) ұзындығын в) диаметрін
3. Ілмек біз жіптен жуан болу керек.
а) 3 есе б) 2 есе в)екеуі бірдей болу керек
4. Тоқуға таңдалатын ілмек біз жасалған
а) сүйектен б) аллюминийден в) болаттан
5. Табиғи талшықтар
а) зығыр б) вискоза в) капрон
6. Табиғи жіптердің ішінен қайсысы төзімсіз болып келеді ?
а) жібек б) мақта в) жүн
7. Салфетка тоқылады
а) бос иірілшен б) ширақ иірілген в) орташа иірілген жіптен.
8. Алғашқы қатар тоқылады
а) бос шалумен б) ілмексіз шалумен в) біріктіру шалумен
Жауабы : 1-б, 2-в, 3-б, 4-в, 5-а, 6-в, 7-б, 8-а.

  1. Қорытынды . Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары

  2. Бағалау. Сарамандық жұмыс нәтижелері бойынша оқушыларды бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма : Тоқыма жұмысын жалғастыру.
IХ. Жұмыс орнын жинастыру.


Қорытынды
Қорыта айтқанда, тоқу өнері – қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғасып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемдікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс халдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады.
Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамының
парызы. Ал қоғамының дамытушысы – адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетуі керек.
Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту.
Сонымен бірге, эстетикалық, ұлттық, көркемдік, этикалық ету кезеңінде ұлттық бұйымдарға деген сұраныстың артуы республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырды. Осындай пайдалы еңбектің бір түрі – тоқыма өнері. Орта мектепте ұлттық негізге сүйеніп, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұнын, мақсатын, қағидаларын қайта қарап, оқушыларға еңбекке баулудың мазмұнын, қазақтың сәндік-қолданбалы қолөнерінің құрамдары мен әдіс-тәсілдерін үйретіп, жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуіне, өз бағыт-бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлау.
« Тоқыма қолөнерінде » оқушының көркем еңбек іскерлігін қалыптастыру, көркем графикалық білім – білікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша тоқыма бұйымдарын даярлауына баса назар аударылады.
Тоқыма қолөнері ұстанымдарды заман талабына сәйкестендіруді, оның көкейкестігін анықтайды. Оқушының білімін жетілдіріп, ақыл-ой санасын дамытуға игі әсер етумен бірге өнердегі басты мақсаттың бірі – көңіл күй мен сезім тереңдігін дамытудағы мәнін, эмоционалды тәжірибені арттырудағы қосатын үлесіне, рухани мәдениетімізді меңгеруге, адамгершілік және көркемдік тәрбиенің тиімді жолын ашуға табиғи жағдай тудырады. Жеке адамның шығармашылық қабілетін, суреткерлік қиялын, эмоционалды түйсіне білу қасиетін арттыруда өз бетінше ойлай білуге тәрбиелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:





  1. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы А, 1990 ж

  2. Ә. Табылдиев Халық тағылымы, Алматы, Қазақ университеті

  3. К. Өстеміров «Технология пәнін оқыту әдістемесі» А, 2008 ж

  4. Т. Қоңыратбай «Кәсіп және мәдениет» А,2000 ж

  5. Ө. Жәнібеков Қазақ қолөнері мен мәдениеті А, Өнер 1992 ж

  6. С. Ұзақбаева Тамыры терең тәрбие Алматы, ілім 1995 ж

  7. «Пайдалы кеңестер» // №3 2009

  8. «Мектептегі технология» // № 8, 2013 ж

  9. «Еңбекке үйрету» // № 4, 2007 ж.

  10. «Веселые пятельки» // № 5 , 2010 ж






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет