Қатты денелер физикасы



бет1/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   252
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС Ы БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Пәрімбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Бралинов А.И.,

Какимов М.М., Килибаева С.К.



Қатты денелер физикасы

Оқу құралы

Семей 2013
УДК 539.2/6.(075.В)

ББК 22.37 Я 73

Қ 46
Пікір беруші: педагогика ғылымдарының докторы, СМПИ физика

кафедрасының профессоры Маусымбаев С.С.

Авторлар: Пәрімбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Бралинов А.И.,

Какимов М.М., Килибаева С.К.


Қ 46 Қатты денелер физикасы.Оқу құралы / Пәрімбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Бралинов А.И., Какимов М.М., Килибаева С.К..Семей, 2013. – 146 бет


ISBN 978-601-297-021-0

«Қатты денелер физикасы» атты оқу құралы қатты денелер және конденсирленген күй физикасы пәндерін оқитын мамандық студенттеріне арналып жазылған.

Оқу құралы кредиттік технология бойынша оқитын студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына және оларға қатты денелер физикасы туралы мағлұматтар беруге мүмкіндік береді.

Баспаға ұсынушы:



  • Шәкәрім атындағы СМУ оқу-әдістемелік кеңесі, Хаттама №6

13 маусым 2013 ж.
УДК 539.2/6.(075.В)

ББК 22.37 Я 73


© Пәрімбеков З.А.,2013

© Рахимбердина А.Т.,2013

© Бралинов А.И. ,2013

© Какимов М.М. ,2013

© Килибаева С.К. ,2013



КІРІСПЕ

Қатты денелер физикасы (ҚДФ) – физиканың бірден-бір ең ауқымды да, қиын бөлімдерінің бірі.

Оқулық физикалық статистика элементтерін, металдар мен жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін, контактілік құбылыстарды, қатты денелердің жылу сиымдылығы және жылу өткізгіштігін, асқын өткізгіштікті, ферро және ферримагнетизмнің табиғатын қамтиды.

Радиотехника саласы мамандары үшін қатты денелердің электрлік, жылулық және магниттік қасиеттерінің маңызы үлкен. Аталған оқулықта қатты денелердің осы қасиеттеріне арналған ұғымдар мен заңдар қарастырылады.

Қазақ тілінде жазылған қатты денелер физикасынан қажетті оқулықтар өте аз. Кітап тілі жатық, түсінікті етіліп жазылған. Оқу құралын жоғары оқу орындарында физиканың осы бөлімдерін оқыту кезінде қолдануға болады.

1 ТАРАУ



БАЙЛАНЫС КҮШТЕРІ.

ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Заттың қатты күйде болуы бөлшектер бір-біріне өте жақындаған кезде олардың арасындағы өзара әсерлесу күштерінің пайда болуына негізделген. Мұндай бөлшектерге атомдар, иондар немесе молекулалар жатады. Қатты денеде орнықты құрылым пайда болу үшін бөлшектер арасында қос күш – бөлшектерді бір-бірінен алыстатпайтын - тартылыс күші, және бір-біріне қосылуын болдырмайтын- тебіліс күштері болуы керек. Осы күштердің табиғатын қарастырайық.


Ван-дер-Ваальс күштері
Кез-келген атомдар мен молекулалардың арасында пайда болатын күштердің ең жалпылама түрі Ван-дер-Ваальс күштері. Оны ең алғаш рет нақты газдар күйлерін сипаттайтын күш ретінде енгізді.

(1.1)

Идеал газдарға арналған Менделеев-Клапейрон теңдеуіне енгізілген екі түзету пен нақты газдар молекулалары арасындағы тартылыс және тебіліс күштерін көрсетеді. Бұл күштер таза күйінде қаныққан химиялық байланыстар (О2 Н2, N2, СН4 және т.б.) молекулаларының арасында, сонымен бірге сұйық және қатты күйлерде бола алатын инертті газ атомдары арасында да көрінеді.

Жалпы жағдайда, Ван-дер-Ваальс байланысы дисперсиялық, бағдарлаушы және индукциялық өзара әсерлесулерді біріктіреді. Осылардың әрбіреуіне қысқаша тоқталайық.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет