Ауаның ластануы



Дата28.06.2022
өлшемі18,9 Kb.
#147149
Байланысты:
ауаның ластануы
Развитие Я концепция в младшем школьном возрасте, Тренировочный тест к экзамену 250 winter 2022, Аглшн, 1581070021, етістік, БЖБ,ТЖБ талдау1-токсан 21-22ж

Күні:9.10.2014.
Сыныбы: 5а
Тақырыбы: Ауаның ластануы.
Мақсаты: Оқушыларды ауа екі жолмен табиғи және адамның іс –әрекетінің нәтижесінде ластанады.Сондықтан жас ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Ауаның ластануы
Ауаның табиғи жолмен ластануы
Адам қызметінің нәтижесінде ластануы.
ІІІ. Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.
ІV. Қалалардағы ауаның ластануы.
V. Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тигізетін әсері.
VІ. Қорытынды.
1-оқушы. Мақұлова Аминат.
Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын тозаң мен газдардың жалпы мөлшері атмосфераның бүкіл массасымен салыстырғанда өте аз.Ауаның түрлі заттармен ластануы,бүлінуі алғашқы кезде өнеркәсібі ерте дамыған Еуропа мен Америкада басталғаны белгілі.Ол кезде ауаны тазартуға өндірістен,зауыттардан және фабрикалардан шығатын улы газдар,шаң-тозаңдар және т.б.зиянды заттарды ұстаудың тиісті құралдарын ойлап таппаған .Соның салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан жылға көбейе берген.
2-оқушы. Болатова Іңкәр.
Ауа екі жолмен-табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады.Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атылғанда ,тау жыныстарының үгітілуінеен,шаңды дауылдан,орман өрттерінеен болады.Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де атмосферадағы газдардың тепе –теңдігін бұза алмайды.Үлкен вулкандар атқылағанда шыққан түтін мен күл шоғы жер шарын қоршап,атмосфераның көптеген кеңістігін алып кеткендігі байқалған.
3-оқушы.Құрметов Равиль.
Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады.Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттарды шалғай жатқан екінші аудандарға таратады.Мәселен,Африка мен Алдыңғы Азияның шөл даласында ауаға көтерілген құм шаңның көп мөлшері Оңтүстік және Орта Еуропа жеріне келіп түскен кездері болған .
4- оқушы. Қайрат Бекарыс.
Атмосфераның жоғарғы қабатындағы шаң-тозаңдар әлем кеңістігінде планета аралық тастардың ауаның тығыз қабатында жауыннан және басқа ғарыштық денелердің әр түрлі себептерден жануынан пайда болып отырады.
5-оқушы. Насыров.Мейрамбек.
Ауаның төменгі қабатының ластануы негізгі тау жыныстары мен топырақтың беткі қабатының бұзылуынан да болады.Мәселен жерден 10км биіктікке дейін шаң-тозаңның болуы-тек жерден көтерілген заттар.Тіпті керек десеңіз жауыннан кейін бір текше сантиметр ауаның құрамында 30 мыңға жуық шаң-тозаң болса,ал құрғақ күндері оның саны 100мыңнан асып кетеді. Кей уақытта құрғақ желдің өзі жердің беткі қабатынан миллион тоннаға жақын топырақтың ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп әкетеді.Көптеген шаң-тозаң ауаға вулкандар атқылағанда қосылып отырады.
6-оқушы. Тулегенов Думан.
Адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады.
7-оқушы. Қадырғали Жанель.
Ауаның көбірек ластанатыны-төменгі қабаты. Өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозаңдары күнде қосылып отырады. Сондықтанда атмосфералық ауаны ластамай таза ұстау-бүгінде барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндеті.
Қорытынды:
Барлығы бірге: Ауылымыз таза болуы үшін табиғатты қорғауымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет