Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі



Дата03.06.2022
өлшемі17,07 Kb.
#145824
Байланысты:
экология (1)
11 test

Бекітемін:
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
______________ Ашикбаева М.У
«__» ________ 2019ж


Күні:3.10.2019
Тақырыбы: Экология –ел амандығы.
Мақсаты: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа зкологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді.Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым - қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай, елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріледі. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері — оқушылардың табиғи ортадағы адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерді көре білуі, сол табиғи ортаны қалпына келтіруге атсалысуы, оның сапалы болуын қамтамасыз етуін, оқушылардың табиғи ортаға жауапкершілік сезімдерін қалыптастырды. «Экологиялық тәрбие» қоршаған ортаға саналы түрде қарайтын, оның байлықтарын парасаттылықпен игеретін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын жастарды тәрбиелеу.
Пікірталас
1-топ Атырау экологиясы.
2-топ Каспий эколгиясы.
3-топ Арал экологиясы.


Атырау экологиясы.
Атырау қаласыда ірі өндірістік қалалардың бірі. Бұл жерде зимия өнеркесіб,мұнай өндіретін зауыттар бар.Солардан шыққан түтіндер ауаға жайылып,сөнбеген табиғи газдар жанып тұрады. Қаланың экологиясы өте нашар. Ірі өндірістік қала болғандықтан мұнда да машиналар өте көп.Қаланың ауасының нашарлығынан бұл жерде де қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдар саны жиі кездеседі.


Каспий эколгиясы.
Каспийдің де экологиясы қазір қауіпті аймақтың бірі болуда. Газ бен мұнай өндірудің әсерінен Каспий теңізі ластануда. Каспий теңізі көтеріліп,айналасындағы тұрғын үйлер мен газ - мұнай кен орындарын су басып,үлкен зиян келтіруде. Мұнай газ конденсаты суды ластап,су жануарларына әсер етуде.Экологиялық жағдайдың нашарлауынан адамдардың тері, тыныс жолдары аурулары,ісік аурулары көбеюде.


Арал экологиясы.
Бір кездегі біздің мақтанышымыз Аралдың хал-жағдайына да тоқталайықшы.Балыққа бай Арал бір кезде көптеген халықты балағымен аштықтан құтқарды емеспа?!Үлкен кемелер жүзіп,балық аулап,біздің мақтанышымыз болған Аралдың халі күннен- күнге нашарлауда.Суы күн санап тартылуда. Бұрын Әмудария мен Сырдария өзендері келіп құйылатын болса,қазір олардың суы азайып,Аралға келіп құйылмайтын болды.Барсакелмес қорығы жабылып қалды.Аралдың экологиялық жағдайы өте ауыр.Арал өңірінің тұрғындары түрлі ауруларға ұшырауда, әсіресе балалар аурулары өте көп.Аралды қорғаушылар өз шамалары жеткенше шаралар қолдынып жатыр.Арал мәселесі бүкіл дүниежүзілік мәселе болыр отыр.Көптеген шетелдік мемлекеттер Арал тұргындарына гуманитарлық көмек көрсетуде..


Сұрақ-жауап

1) Экология ғылымы нені зерттейді?


2) Экология ғылымының негізгі мақсаты неде?
3) Судың ластануы қандай ауруларға әкеп соқтырады?
4) Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиялық жағдайы қандай?
5) Қоршаған ортаға қауіпті заттарды ата.
6) Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?
7) Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болуда?


Шығармашылықпен жұмыс. (ой-бөлісу).
1. « Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда...»
2. « Егер сіз аудан әкімі болсаңыз, онда...»
3. « Егер сіз ақын болсаңыз, онда...»
4. « Егер сіз суретші болсаңыз, онда… »
5. «Егер сіз жазушы болсаңыз, онда...»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет