Ауызша аударма — түпнұсқа мен оның аудармасы тіркелмеген нысанда аудару процесінде туындайтын түрі.
Аудармашының түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады.
Ауызша аударма дегеніміз келесі белгілермен сипатталатын аударманың бір түрі: (жазбаша аудармадан бөлек қарастырғанда):
ауызша аударма жағдайында бастапқы мәтіннің сегменттерін жеке-жеке айту және/немесе жеткізу;
уақыт тұрғысынан аударма іс-әрекеттерінің параллелизмі сияқты шектеулерге ие;
берілген бастапқы мәтіннің сегменттеріне байланысты нақты бір уақыт интервалын назарға ала отырып, аударма мәтінінің сегменттері жеке-жеке жүзеге асырылады және аударма мәтінін түзетуге болмайды.
01
Кезекті аударма — бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі.
Ілеспе аударма – халықаралық конференцияда аудиториядан оқшаулаған кабинада отырып, сөз сөйленетін тілде бір рет қана айтылатын ауызша хабарламаны сөз сөйлеушімен бір мезгілде екінші тілге аударуды жүзеге асыратын ауызша аударманың түрі.
01
сөйлеушінің өзі анықтаған сегменттер бойынша бастапқы мәтінді айтуы;
мәтіннің сегментін аударма тілінде/мәдениетінде айту және/немесе жеткізу үшін бастапқы мәтіннің айтылуын үзу;
есте сақтау немесе ескертпелер жазу арқылы қабылданып, жазылып алынған бастапқы мәтіннің берілген сегментінің логикалық-тұжырымдамалық субстратына негізделе отырып, аударма мәтінін айту және/немесе жеткізу.
Ілеспе аударма дегеніміз ауызша аударманың келесі қасиеттерге тән түрі (оны ізбе-із аудармадан бөлек қарастырғанда):
бастапқы мәтіннің аударма жасау үшін тоқтатылмай, үздіксіз орындалуы;
ілеспе аударма уақытының бастапқы мәтіннің жеткізілу уақытына байланысты болуынан туындайтын айрықша уақыт шектеуі;
мәтіннің сегменттерінің аударылуына әкеліп соғатын барлық аударма іс-әрекеттерінің параллелизмі.
Ауызша аударманы шартты түрде бірнеше негізгі бағытқа бөлуге болады: