№ 3 ЕСЕП
Әйел адам, 68 жаста, терапевттке 200 метр жүргенде 5-10 минут бойына жалғасатын төс артындағы сол қолға иррадиация беретін, 1-2 минуттан соң нитроглицерин қолданғаннан басылатын қысып ауру сезіміне, жүректің дұрыс қақпауына, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданды.
Ауру анамнезінен: ЖИА бірнеше жылдар шамасында ауырады. 2001 жылы ЖИМ өткерген. АҚҚ 180/100 мм рт.ст. 20 жыл шамасында, бас айналумен бірге. Дәрілік препараттарды уақытылы қолданбайды. Әкесі 50 жасында инфаркт миокардынан қайтыс болған.
Объективті: бойы 163 см, салмағы 88 кг. Жағдайы орташа ауырлықта. Гиперстеникалық қалып. Перифериялық ісінулер жоқ. Тынысы қалыпты, ТЖ 18/рет минутына. Аускультативті: тынысы везикулярлы, төменгі бөлікте майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүректің салыстырмалы шекарасы: оң жағы төстің оң жақ сызығынан 1 см оңға қарай, жоғарғы-төменгі шекарасы ІІІ қабырға деңгейінде, сол жағы- ортаңғы төс маңы линиясынан 1 см солға. Жүрек тондары тұйық, аортада ІІ тон акценті, ритм дұрыс емес- ЖСЖ 88/рет минутына, пульс аритмиялық, әлсіз тамыр соғысы, 78/ рет минутына.
АҚҚ 140/90 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыр мен көкбауыр үлкеймеген.
Кіші, үлкен дәреті ерекшеліксіз.
Қосымша зерттеу әдістері:
ЖҚА
|
ЖЗА
|
Биохимиялық анализ
|
эритроцит 4,3х1012/л
гемоглобин 140 г/л
ТК 1,0
Лейкоцит 8,6х109/л
с/я 68%
т/я – 2%
эозинофил 2%
лимфоцит 24%
моноцит 4%
ЭТЖ 8 мм/ч.
|
көлемі 100,0 мл,
салыстырмалы тығыздығы– 1020,
түсі – желтый,
лейкоцит – 2-3 к/а
|
Глюкоза – 5,3 ммоль/л
Холестерин 6,7 ммоль/л
ЛПНП – 3,5 ммоль/л
ЛПВП – 0,4 ммоль/л
Триглицериды – 2,8 ммоль/л
Креатинин – 112 мкмоль/л
Зәр қышқылы– 360 мкмоль/л
|
Науқастың ұстама кезіндегі ЭКГ өзгерістері: ST (V1,2) сегменті изолиниядан 1 см-ге жоғары ығысқан, кейінгі T тісшесінің (V2) теріске ауысуымен. Науқастың ұстама басылғаннан кейінгі ЭКГ көрсеткіші:
ЭХОКГ: Аорта кеңеймеген, склерозданған, СДК сқ-5,5 см, ССК сқ- 3,5 см, Тзслж Сқққ – 1,3 см, Қақд-1,4 см. Оң қарыншаның соңғы диастолалық көлемі– 2,6 cм. Сол қарыншаның артқы-бүйір сегментінің акинезі. ФВлж -50%, дельта S- 28%. Аорта склерозданған. Жүрек қуысы кеңеймеген. СҚ гипертрофиясы. Миокардтың жиырылу қызметі біршама төмен.
Келесі сұраққа жауап беріңіз:
1. Осы патология кезіндегі ангинозды ауруды сипаттап беріңіз?
2. Науқастың объективті статусын бағалаңыз?
3. Лабораторлы және инструменталды көрсеткішке интерпретация жасаңыз?
4. Клиникалық диагнозды негіздеңіз? Ем тактикасы?
Редакция: 1
|
БӨҚ ӨП
№1Ішкі аурулар кафедрасы гепатология курсымен
|
беттің беті
|
Достарыңызбен бөлісу: |