Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
№2 Ішкі аурулар кафедрасы
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.
Доцент:
Ауру тарихы
Науқас:Тащанов Мажит Қаншұлы (57 жас)
Алғашқы диагноз: Ревматоидты артрит
Клиникалық диагнозы: Ревматоидты артрит, белсенділік дәрежесі 2, серопозитивті, АЦЦП +, рентген сатысы - 3. Екіншілік екіжақты гонартроз, R 2 саты, НФС 2. Генерализациялаған остеопороз, аралас генезді.
Тексереген: Нургалиева А.К
Орындаған:Қуандықов М.
Қарағанды 2015ж
Паспорттық бөлім
Т.А.Ж: Тащанов Мажит Каншұлы
Туылған куні:14.03.1958ж (57жас)
Мекен-жайы:Қарағанды облысы,Теміртау, мкр 8, 8-үй кв29
Жұмыс орны: зейнеткер
Түскен күні:10.11.2015ж сағат 11:05
Науқасты стационарға кім жіберді: №4-емхана Теміртау
Ұлты:қазақ
Байланыс құралы:8-702-473-40-63
Бөлімше:10то.Ревматология палата №3
Жолдаған мекеменің диагнозы: ревматоидты артрит
Клиникалық диагнозы: Ревматоидты артрит, белсенділік дәрежесі 2, серопозитивті, АЦЦП +, рентген сатысы - 3. Екіншілік екіжақты гонартроз, R 2 саты, НФС 2. Генерализациялаған остеопороз, аралас генезді.
Түскендегі шағымдары: білезік,шынтақ,иық буындарында симметриялы ауырсынуға, тізе буынында ауырсынуға, қимылдың оларда шектелгеніне, күні бойы құрысуға шағымданады.
Аnamnesis morbi
Буындық синдром алғаш 1996 жылдан білек және тізе буындарында пайда болған. Науқастың сөзіне қарағанда ол амбулаторлы генерализацияланған остеоартроз диагнозымен ем алған. Патологиялық үрдіске білезік буындары астасқан. Білезік,тізе буындарының қозғалысы шектелген, күні бойы қимылсыз. Науқастың айтуынша 2015 жылы ақпан айында Астана қаласында ревматойдты артрит диагнозында ем қабылдаған. Аптасына 10 мг метотрексат қабылдауға кеңес берілген. Дәріні 1 ай шамасында қабылдаған. Әрі қарай өзі белгілеп отырған. Амбулаторлы терапия тиімсіз болғандықтан буын сидромы дамыған. Жоспарлы тұрғыда ОКА-ға жатқызылды, диагнозды негіздеу және базисті терапияны таңдау үшін.
Anamnesis vitae
Боткин ауруымен, туберкулезбен, тері ауруларымен ауырмаған. Аппендэктомия. ЖИА ауырады 2008ж. Артериялды гипертензия. 3 деңгей, қант диабеті 2 типі.
Зиянды әдеттері: бірнеше жылдар бойы шылым шегеді, күніне 20 дана, алкоголь қабылдамайды.
Тұқымқуалаушылық: анықталмаған.
Экспертті анамнез: 2 топ мүгедек.
Аллергиялық анамнезі: сөзіне қарағанда жоқ.
Status preasens
Жалпы жағдайы орташа деңгейде. Дене бітімі нормостеник. Тері жабындысы физиологиялық. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. Перифериялық ісіктер жоқ.
Сүйек-буындық жүйе: білезік,шынтақ,иық,тізе буындарында арталгия. Білезік, алақан фаланг буындарында периартикулярлы ісіктер анықталған. Оларда жұдырық түйген симптомы оң. Тізе буындарында қозғалысында сықыр бар. Шынтақ және тізе буындарында қозғалыс шектелген. Білек бұлшықетінің күші 2 балл. Қолдарын көтергенде қиындық бар.
Тыныс алу мүшелері: кеуде қуысы цилиндр тәрізді. ТАЖ 18 рет мин.
Өкпенің топографиядық перкуссиясы:
Жоғарғы шекарасы
|
Оң жағынан
|
Сол жағынан
|
Алдынан
|
Бұғанадан 3,0см
|
Бұғанадан 3,2см
|
Артынан
|
ҮІІ-ші мойын омыртқасының деңгейінде
|
ҮІІ-ші мойын омыртқасының деңгейінде
|
Кренинг алаңы көлемі
|
5см
|
5,2см
|
Өкпенің төменгі шекаралыры:
Топографиялық сызықтар
|
Оң өкпе
|
Сол өкпе
|
L.parasternalis
|
ҮІ қабырға
|
|
L.mediaclavicularis
|
ҮІ қабырғааралық
|
|
L.axillaris anterior
|
ҮІІ қабырға
|
ҮІІ қабырға
|
L.axillaris media
|
ҮІІІ қабырға
|
ҮІІІ қабырға
|
L.axillaris posterior
|
ІХ қабырға
|
ІХ қабырға
|
L.scapularis
|
Х қабырға
|
Х қабырға
|
L.paravertebralis
|
ХІ кеуде омыртқасының қылқа өсіндісінде
|
ХІ кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісінде
|
Өкпе жылжымалылығы:
Сызықтар
|
оң жақ
|
сол жақ
|
L.mediaclavicularis
L.axilaris media
L.scapularis
|
3 см
5 см
3 см
|
-
6 см
4 см
|
Аускултацияда: Кейде қуысының 2 бөлігі де тыныс алу актісінде симметриялы. Тыныс алу визикулярлы. Сырылдар жоқ.
Жүрек-қан жүйесі: жүрек аймағы тексеріс кезінде өзгеріссіз. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы қалыпты. Жүрек түрткісі 5 қабырға аралықта пальпацияланады.
Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы:
Шекарасы
|
Орналасуы
|
Оң жақ
|
ІҮ қабырға аралықта l.sternalis dextra-дан 1 см сыртқары орналасқан
|
Жоғары жақ
|
l.parasternalis sinistra бойымен ІІІ қабырға аралықта орналасқан
|
Сол жақ
|
l.mediaclavicularis sinistra бойынан 1 см ішке қарай Ү қабырғааралықта орналасқан.
|
Абсалютті жүрек тұйықтығының шекарасы:
Оң
|
L.sternalis sinistra бойымен IV қабырғаралықта орналасқан.
|
Жоғарғы
|
L.parasternalis sinistra сызығымен IV-ші қабырғаның төменгі қыры;
|
Сол
|
l.mediaclavicularis sinistra сызығымен V-ші қабырғааралықта 1.5 см ішке қарай орналасқан..
|
Тамыр шоғыры ені 6 см, биіктігі II-ші қабырға деңгейінде.
Аускультацияда: Жүрек тондары әлсіреген. Ритмі қалыпты, шуыл естілмейді. Пульс екі қолда бірдей ырғақты, күші және толуы қанағаттанарлық , 72 рет минутына. Патологиялық пульсация байқалмайды. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 72рет. Артериялық қысымы екі қолда да бірдей 140 /90 мм.с.б.
Асқорыту жүйесі: тілі таза, ылғалды. Құрсақ қуысы дөнгелек қалыпта, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпациялағанда жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыр қабырға доғасынан аспаған. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс бөлуі қалыпты, патологиялық қоспаларсыз.
Терең пальпацияда:
Ішектер
|
Сипаттамасы
|
Сигма тәрізді ішек
|
Ауырсынусыз,беті тегіс,эластикалы консистенциялы,цилиндр тәрізді,диаметрі 2 см,ұзындығы 25см,жылжымалылығы3-4 см,шұрылдамайды
|
Соқыр ішек
|
Ауырсынусыз,беті тегіс,тығыздау консистенциялы, түбі дөңгелектенген цилиндр тәрізді,диаметрі 3см,ұзындығы 9см,жылжымалылығы2-3 см,шұрылдайды
|
Мықын ішек пен құрт тәрізді өсінді
|
Мықын ішек ауырсынусыз,жұмсақ консистенциялы,цилиндр тәрізді,диаметрі 3см,қозғаламлы,шрылдайды.Құрт тәрізді өсінді пальпацияланбайды.ота жасалған.
|
Өрлемелі тоқ ішек
|
Ауырсынусыз,беті тегіс,жұмсақ ,тығыз консистенциялы,цилиндр тәрізді,диаметрі 2,5 см ,жылжымалылығы2 см,шұрылдамайды
|
Төмендеген тоқ ішек
|
Ауырсынусыз,беті тегіс,жұмсақ ,тығыз консистенциялы,цилиндр тәрізді,диаметрі 2 см ,жылжымалылығы2 см,шұрылдамайды
|
Көлденең тоқ ішек
|
Ауырсынусыз,жұмсақ ,орташа тығыз консистенциялы,көлденең орналасқан цилиндр тәрізді,диаметрі 2,5 см ,жылжымалылығы2 см,шұрылдамайды.Кіндіктен 1см жоғарырақ анықталады
|
Асқазан және қалтқы
|
Асқазан кіндіктен 2-3см жоғары пальпацияланады,білік тәрізді.қалытқы кіндіктен 3-4 см жоғары оң жақ тік бұлшықеттің жанында пальпацияланады,жиырылған цилиндр тәрізді,сипағанда шұрыдайды.
|
Курлов бойынша бауыр перкуссиясы:
l.mediaclavicularis dextra
|
10см
|
l.mediana anterior
|
9см
|
Сол жақ қабырға доғасы
|
8см
|
Курлов бойынша көкбауыр перкуссиясы: ені-4см,ұзындығы-6см, ауданы-43 см.
Зәр шығару жүйесі: бүйрек аймағы өзгеріссіз. Соққылау симптомы теріс. Зәр шығару еркін, жиі емес, ауыру сезімінсіз.
Нейро-эндокринді статус:
Зерттегенде:көз қарашығы бірдей көлемді,бірдей формада.Сөзі түсінікті,есі анық.Ұйқысы бұзылмаған.
Сезім мүшелері:көзі,естуі,дәм сезуі және иіс сезуі бұзылмаған.Науқас Ромберг қалпында тұрақты.Қалқанша безі пальпацияланбайды,калыпты формада,консистенциясы жұмсақ,эластикалы.Бсақа эндокриндік бездер жағынан өзгеріс байқалмайды.
Біріншілік диагноз: Ревматоидты артрит, белсенділік дәрежесі 2, серопозитивті, АЦЦП +, рентген сатысы - 3. Екіншілік екіжақты гонартроз, R 2 саты, НФС 2. Генерализациялаған остеопороз, аралас генезді. ( жасқатәуелді,жүйелі)
ЖИА. Атеросклерозды кардиосклероз. Қолқа атеросклерозы. 3-деңгейдегі артериялды гипертензия, қауіп-4. Қант диабеті 2-тип, орташа ауырлық деңгейінде, компенсация сатысында.
Клиникалық сиптомы:
-Буындық синдром: иық,шынтақ,білезік буындарында ауырсынуға, тізе буынында ауырсынуға, қимылдың оларда шектелген.
-Буын қызметінің жеткіліксіздік синдромы –шынтақ және тізе буындарының қозғалысының шектелуі.
Менің науқасымның жетекші синдромы – Буындық синдром.
Құрысу симптомы.
|
Графикалық структура Буындық синдром.
Ажыратпалы диагноздың I кезеңі.
Мұндай жетекші синдром келесі ауруларда болады:
Жүйелі қызыл жегі (Буындық синдром).
Реактивті артрит. Рейтер синдромы.
Ревматоидты артрит
-Жүйелі қызыл жегі (Буындық синдром).
Буындық синдром – Көбіне қол ұшының ұсақ буындары, білезік, тілерсек буындары ісініп ауырады. Буындар деформацияға ұшырамайды. Буындардың таңертеңгілік құрысуы шамалы уақыт қана. Көбінесе бұлшықетттердің ауырсынуымен қатар жүреді.
Ал, менің науқасымда буындар симметриялы және ұсақ (фалангтар) буындардың зақымдылуы, ауырсынудың таңертеңнен күні бойы ұзаққа созылуы ( 2-3 сағат немесе күні бойы).Толық диагноз жасау үшін әрі қарай.
-Реактивті артрит. Рейтер синдромы.
Буындық синдром – Аяқтың ірі буындарының: тізе, сирақ – асық буындарының ассиметриялы, серонегативті, олигоартрит, моноартрит түрінде зақымдалуы. Уретрит, конъюктивит, увеит, ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдалуымен жүреді.
Ал, менің науқасымда полиартритің, буындар симметриялы және ұсақ буындардың зақымдылуы, ауырсынудың таңертеңнен күні бойы ұзаққа созылуы ( 2-3 сағат немесе күні бойы), қозғалысының шектелуі, деформациялар бар. Толық диагноз жасау үшін әрі қарай.
-Ревматоидты артрит
Буындық синдром –ұсақ буындардың, қол басы буындарының симметриялы зақымдануы, сіресудің 30 минутқа және одан да көп күні бойына, ісіну, қозғалысының шектелуі, деформация болады.
Берілген клиникалық симптомдар менің науқасымның клиникасына тән. Ажырытпалы дигноздың қорытындысына сүйене отырып, ревматоидты артритті негіздеймін.
Алғашқы диагноз: Ревматоидты артрит, серопозитивті, өршімелі ағымды, белсенділік дәрежесі – 2
Ревматоидты –диагностикалық критерийлер негінде (таңертеңгі құрысулар, бірнеше буындардың айырсынуы, буындардың симметриялы зақымдалуы).
Өршімелі ағымды – 3айдың ішінде қол басы буындарының деформациясы.
Белсенділік дәрежесі 2 – құрысу ұзаққа созылған, жәй отырғанда да буындар ауырсынады, СРБ ++, ЭТЖ жоғарылаған.
Зерттеу жоспары:
А. Лабороториялық зерттеу:
1.Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зәр анализі.
3. Биохимиялық қан анализі.(АЛАТ, АСАТ, креатинин, мочевина, СРБ, сиал қышқылы, жалпы белок, зәр қышқылы)
Б. Аспаптық зерттеу:
4. Буынның рентгенографиясы.
5. УДЗ.
Жалпы қан анализі.
№
|
Зерттеу аты
|
Нормада
|
Зерттеудегі нәтиже
|
Интерпретация
|
1
|
Жалпы қан анализі
Гемоглабин
Эритроцит
Лейкоцит
Тромбоциттер
ЭТЖ
Түстік көрсеткіш
|
120-130г/л
3-5*10¹²л
4-9*10¹²л
150-300 *10 9\л
2-20мм/сағ
0,80
|
118г/л
4,1*10¹²л
4,1*10¹²л
369 *10 9\л
43мм/сағ
0,85
|
төмендеген
норма
норма
жоғарылаған
жоғарылаған
норма
|
Қортынды: нормохромды анемия, ЭТЖ жоғарылауы, тромбоцитопения.
|
2
|
Шилинг бойынша гемограмма:
Миелоциттер
Жас клеткалар
Таяқша ядролы
Эозинофильдер
Базофилдер
Моноциттер
Лимфоциттер
|
0
0-1
1-6
1-5
0-1
4-11
19-37
|
0
1%
4%
4%
1%
10%
24%
|
Норма
Норма
Норма
Норма
Норма
норма
норма
|
3
|
Қанның биохимиялық анализдері:
Жалпы белок
Глюкоза
АЛТ
АСТ
Жалпы билирубин
СРБ-белок
РФ
Анти ЦЦП
|
66-87г/л
3.5-5.7ммоль/л
40ЕД/л дейн
31ЕД/л
9-21 ммоль/л
|
78,3г/л
5,2ммоль/л
27Ед/л
26ЕД/л
13 ммоль/л
46,7 ммоль/л
142,6U\ ml
+
|
Норма
Норма
Норма
Норма
Норма
Жоғары
|
Қорытынды СРБ, РФ анықталды, Анти ЦЦП +
|
4
|
Жалпы зәр анализі:
Физикалық қасиеті
Түсі
Тығыздығы
Белок
Микроскопия
Лейкоцит
Эпителий
Глюкоза
|
Сабан сары
1.018-1.024
Жоқ немесе іздері ғана
0-2
0-3
|
Сабан сары
1.020
Жоқ
1-2
1-2
-
|
Норма
Норма
Норма
Норма
Норма
Норма
|
Қорытынды:Қалыпты,патологиялық өзгерістер жоқ
|
4.Буынның рентгенографиясы: білезік буындарының айқын остеопорозы, буын жіктері тарылған. Бірен саран эрозиялар анықталады. Буындарының деформациясы байқалады. Көптеген узуралар.
Қорытынды: R суретте ревматоидты артриттің 3 кезеңі.
5.УДЗ: бауыр,көкбауыр,ұйқыбезі, өт қалтасын зерттеген.
Қорытынды: ұйқы безі және бауырдың диффузды өзгерісі.
Қорытынды: артроздың 1 деңгейі көрінісі,артрит,синовит,менисктердің екіжақты дегенеративті-дистрофиялық өзгерісі, Бейкер кистасы сол жақта.
Ажыратпалы диагноздың ІІ кезеңі
-Жүйелі қызыл жегі: Қан анализинде цитопениялық синдром тән. Гипохромды анемия. Лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы. ЭТЖ <1 , Биохимиялық анализде Le жасушаларының, Антинуклеарлы фактордың анықталуы, диспротеинемия, а, g глобулиндерінің жоғарылауы.рентгенде – өзгерістер жоқ.Менің науқасымда анықталған зерттеу нәтижелеріне сәйкес келмегендіктен жүйелі қызыл жегі диагнозын жоққа шығарамын.
-Реактивті артрит: Қан анализінде ЭТЖ жоғары, анемия, нейтрофильді лейкоцитоз. Серологиялық зерттеуде: Ig M; Ig G. Рентгенде:сүйек траберкулалары өзгерген .сүйек қуысында сквестр болуы. Менің науқасымда анықталған зерттеу нәтижелеріне сәйкес келмегендіктен реактивті артрит диагнозын жоққа шығарамын.
-Ревматоидты артрит: Жалпы қан анализінде:СРБ – болуы, ЭТЖ жоғарылау, ревматоидтық фактордың болуы.Рентгенде: буын сүйегінің остеопорозы, буын жігінің тарылуы, контрактуралар мен анкилоз көрінеді.
Ревматидтік артритке тән зертханалық аспаптық зерттеу көрсеткіштері: жалпы қан анализінде: СРБ- болуы, ЭТЖ жоғарылау, ревматоидтық фактордың болуы.Синовиялық сұйықтықтық: РФ болуы, комплементтер титрінің жоғарлауы,жалпы ақуыз жоғарлауы, сұйықтық ұйындысының тығыз еместігі, бұлынғырлығы. Рентгенде: буын сүйегінің остеопорозы, буын жігінің тарылуы, көптеген узуралар.
Менің науқасымда анықталған көрсеткіштерге сәйкес болғандықтан, ажыратпалы диагноздың I және II этаптарының мәліметтеріне сүйене отырып, келесі клиникалық диагнозды қоямын.
Клиникалық диагнозды негіздеу:
Ревматоидты артрит, белсенділік дәрежесі 2, серопозитивті, АЦЦП +, рентген сатысы - 3. Екіншілік екіжақты гонартроз, R 2 саты, НФС 2. Генерализациялаған остеопороз, аралас генезді.
Ревматоидты артрит - 3буыннан артық артрит,білезік буынының қосарласуы, танертенгілік құрусу 30 мин артық жалғасады және қосымша зерттеулердің дәлелдемесі бойынша- РФ оң,СРБ жоғарылаған, АЦЦП +, рентгендегі өзгерістермен, остеопороз, буын жіктерінің тарылуы анықталады.
Серопозитивті- + қанда РФ анықталған және 142u\ml-ға жоғарлау себебінен.
Белсенділік дәрежесі 2-таңертеңгілік құрысу 3 – 4 сағат. ЭТЖ 43 мм\сағ. СРБ + +
Тез үдемелі ағымды – аурудын басталуынан 3 айдан соң қол басы сүектерінің деформациясы байқалады.
Рентген сатысы – 3- рентген бейнесіне қарап, айқын остеопороз, буын аралығы тарылған, көптеген узуралар бар екенін байқадым.
АЦЦП +
Ревматоидты артритың этиологиясы
Мына факторларға байланысты:
1.Ген ерекшеліктері- HLA жүййесінің антигендеріне байланысты.Науқастардың HLA жүйесінде DR1,DR4,DRW4, DRW14 – антигендері жиі анықталады.
2. Инфекциялық агенттер.Имуынды жасушалардың зақымдануларына алып келетін вирустарға- ретровирус,герпес, қызамық, цитомегало вирусына,әсіресе Эпстейн-Барр вирусыныңревматоидтық артриттің дамуына қатысуы анықталды.
Ревматоидты артритың патогенезі
Вирус н/е өзге этиология ген кемістігі
Синовиялық қабықтың зақымдалуы
Ревмотоидты фактордың түзілуі
Иммундық комплекстің түзілуі
Синовиялық қабықта, кейбір тіндер мен ағзалардың иммундық қабынудың дамуы
Шеміршек пен сүйектің деструкциясы
Аурулың клиникалық белгілерінің пайда болуы
Емдеу жоспары.
Емдеу жоспары:
2-режим, 9 диета.
Р-р преднизалон 90 мг+физ.р-р 0,9% 200.0 в/в кап.
Т.Ацеклоран 100 мг 1 таб. Кешке
Т.Бипрол 5 мг 1 таб таңертең
Күнделік
Күні
|
Динамика
|
Емі
|
11.11.15.
t – 36.7
АД –140/90
ТАЖ -18
|
Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесі.Тері жабындысы қалыпты физиологиялық. Тыныс алуы қалыпта, Жүрек тондары әлсіреген.Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды. Құрсақ қуысы жұмсақ,ауырсынусыз.Білезік,иық буынында аздаған ауырсынуға,ісінуі байқалады. Құрысу таңғы уақытқа тән, бірнеше сағатқа созылған. Бұлшықет күші 2 балл. Ұйқысы,тамақтауы жақсы.Шағымдары:буындары ауырсынуына,қозғалыста қиындауына. Диурезі және үлкен дәреті қалыпта
|
Режим- 2
Диета- 9
Sol. Prednizoloni 90 mg + Sol. Na Cl 0.9% 200.0 mg көк тамырға
Tab/ Acecloran 100 mg 1таб кешке
Tab/ Biproli 5 mg 1 таб азанда
|
12.11.15.
t – 36,6
АД – 140/90
ТАЖ -17
|
Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық . Тері жабындысы қалыпты физиологиялық .Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды . Құрсақ қуысы жұмсақ,ауырсынусыз .Ұйқысы жақсы. Орнынан тұрып, емдік жаттығулар жасады. Тынысы визикулярлы, сырылы жоқ. Жүрек тондары тыңдалады, ырғағы дұрыс.Аз мөлшерде білезік, шынтақ,тізе буындарында ісіну және ауырсыну бар. Құрысу таңғы уақытқа тән, бірнеше сағатқа созылады. Диурезі және үлкен дәреті қалыпта. Емнің динамикасы оң.
|
Режим- 2
Диета- 9
Sol. Prednizoloni 90 mg + Sol. Na Cl 0.9% 200.0 mg көк тамырға
Tab/ Acecloran 100 mg 1таб кешке
Tab/ Biproli 5 mg 1 таб азанда
|
13.11.15.
t – 36,6
АД –140/90
ТАЖ -18
|
Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық . Тері жабындысы қалыпты физиологиялық .Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды . Құрсақ қуысы жұмсақ,ауырсынусыз .Ұйқысы жақсы. Тынысы визикулярлы, сырылы жоқ. Жүрек тондары тыңдалады, ырғағы дұрыс. Буындарында сықырлар тыңдалмайды.Буындарының ауырсынуы төмендеген. Таң ертенгілік құрысуларының ұзақтығы азайған. Тағайындалған ем оң нәтиже берді.
|
Режим- 2
Диета- 9
Sol. Prednizoloni 90 mg + Sol. Na Cl 0.9% 200.0 mg көк тамырға
Tab/ Acecloran 100 mg 1таб кешке
Tab/ Biproli 5 mg 1 таб азанда
|
Эпикриз
Науқас: Тащанов Мажит Каншұлы,57жас
11.11.15ж – 02.12.15ж уақыт аралығында Қарағанды қаласының ОКБ ауруханасының ревматология бөлімшесінде ем қабылдады.
Клиникалық диагнозы: Ревматоидты артрит, белсенділік дәрежесі 2, серопозитивті, АЦЦП +, рентген сатысы - 3. Екіншілік екіжақты гонартроз, R 2 саты, НФС 2. Генерализациялаған остеопороз, аралас генезді.
Ауруханаға түскендегі шағымдары: білезік,шынтақ,иық буындарында симметриялы ауырсынуға, тізе буынында ауырсынуға, қимылдың оларда шектелгеніне, күні бойы құрысуға шағымданады.
Аnamnesis morbi
Буындық синдром алғаш 1996 жылдан білек және тізе буындарында пайда болған. Науқастың сөзіне қарағанда ол амбулаторлы генерализацияланған остеоартроз диагнозымен ем алған. Патологиялық үрдіске білезік буындары астасқан. Білезік,тізе буындарының қозғалысы шектелген, күні бойы қимылсыз. Науқастың айтуынша 2015 жылы ақпан айында Астана қаласында ревматойдты артрит диагнозында ем қабылдаған. Аптасына 10 мг метотрексат қабылдауға кеңес берілген. Дәріні 1 ай шамасында қабылдаған. Әрі қарай өзі белгілеп отырған. Амбулаторлы терапия тиімсіз болғандықтан буын сидромы дамыған. Жоспарлы тұрғыда ОКА-ға жатқызылды, диагнозды негіздеу және базисті терапияны таңдау үшін.
Anamnesis vitae
Боткин ауруымен, туберкулезбен, тері ауруларымен ауырмаған. Аппендэктомия. ЖИА ауырады 2008ж. Артериялды гипертензия. 3 деңгей, қант диабеті 2 типі.
Зиянды әдеттері: бірнеше жылдар бойы шылым шегеді, күніне 20 дана, алкоголь қабылдамайды.
Тұқымқуалаушылық: анықталмаған.
Экспертті анамнез: 2 топ мүгедек.
Аллергиялық анамнезі: сөзіне қарағанда жоқ.
Status preasens
Жалпы жағдайы орташа деңгейде. Дене бітімі нормостеник. Тері жабындысы физиологиялық. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. Перифериялық ісіктер жоқ.
Сүйек-буындық жүйе: білезік,шынтақ,иық,тізе буындарында арталгия. Білезік, алақан фаланг буындарында периартикулярлы ісіктер анықталған. Оларда жұдырық түйген симптомы оң. Тізе буындарында қозғалысында сықыр бар. Шынтақ және тізе буындарында қозғалыс шектелген. Білек бұлшықетінің күші 2 балл. Қолдарын көтергенде қиындық бар.
Тыныс алу мүшелері: Кеуде клеткасы циллинд формалы,тыныс алуы екі жақты- симетриялы. Тыныс алуы мұрын арқылы. ТАЖ 18 рет мин. Аускультациясы- визикулярлы, сырылдар жоқ.
Асқорыту жүйесі: тілі таза, ылғалды. Құрсақ қуысы дөнгелек қалыпта, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпациялағанда жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыр қабырға доғасынан аспаған. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс бөлуі қалыпты, патологиялық қоспаларсыз.
Зәр шығару жүйесі: бүйрек аймағы өзгеріссіз. Соққылау симптомы теріс. Зәр шығару еркін, жиі емес, ауыру сезімінсіз.
Нейро-эндокринді статус:Зерттегенде:көз қарашығы бірдей көлемді,бірдей формада.Сөзі түсінікті,есі анық.Ұйқысы бұзылмаған.
Сезім мүшелері:көзі,естуі,дәм сезуі және иіс сезуі бұзылмаған.Науқас Ромберг қалпында тұрақты.Қалқанша безі пальпацияланбайды,калыпты формада,консистенциясы жұмсақ,эластикалы.Бсақа эндокриндік бездер жағынан өзгеріс байқалмайды.
Жалпы қан анализі:
Hb – 118 г\л, Эр – 4,1х10 12\л, ТК -0,85, Тромб – 369х10 9\л, Ле – 6х10 9\л, ЭТЖ -43мм\сағ, Эоз - 2%, Тя - 1%, С я – 66%- , Л- 29% ,М - 2%
Қортынды: нормохромды анемия, ЭТЖ жоғарлаған.Себебі қабынулық процесс салдарынан.
Жалпы зәр анализі:Түсі – сарғыш, Реакциясы- негіз, Мөлдірлігі –мөлдір, Сал.тығыздығы -1020, Ле - 0,1 , Эпителий - 1
Қортынды: зәр анализі өзгеріссіз.
Биохимиялық қан анализі.
Билирубин - жалпы 13 ммль/л
АлАт 27 ммоль\л
АсАт 26 ммоль\л
Жалпы белок 78,3 г\л
Несепнәр 5,83 ммоль\л
Креатинин 0,061ммоль\л
Сиал қышқылы - 195
СРБ 46,7+
Зәр қышқылы 0,20 ммоль\л
РФ оң (+) 142,6U\ ml
Анти ЦЦП +++
Қорытынды: СРБ, РФ анықталды, сиал қышқылыжоғарлаған. Анти ЦЦП +++
Буынның рентгенографиясы:
Қорытынды: R суретте ревматоидты артриттің 3 кезеңі.
УДЗ: бауыр,көкбауыр,ұйқыбезі, өт қалтасын зерттеген.
Қорытынды: ұйқы безі және бауырдың диффузды өзгерісі.
Қорытынды: артроздың 1 деңгейі көрінісі,артрит,синовит,менисктердің екіжақты дегенеративті-дистрофиялық өзгерісі, Бейкер кистасы сол жақта.
Емдеу жоспары:
2-режим, 9 диета.
Р-р преднизалон 90 мг+физ.р-р 0,9% 200.0 в/в кап.
Т.Ацеклоран 100 мг 1 таб. Кешке
Т.Бипрол 5 мг 1 таб таңертең
Емнің нәтижесінде науқас жағдайы жақсарды, Буындық синдром: білезік,шынтақ,иық буындарында симметриялы ауырсынуға, тізе буынында ауырсынулар, құрысулар қайтты. Қолдарын еркін көтереді. Науқас өздігімен еркін қозғалып, жүре алады. Науқастың жағдайы жақсарып 02.12.15ж ауруханадан шығарылды.
Ұсыныстыр:
Емдік диета сақтау
Берілген емді қабылдау: 2-режим, 9 диета.
Р-р преднизалон 90 мг+физ.р-р 0,9% 200.0 в/в кап.
Т.Ацеклоран 100 мг 1 таб. Кешке
Т.Бипрол 5 мг 1 таб таңертең
жеке бас гигиенасын сақтау
3 айдан кейін ревмотологка кайта қаралу
ЛФК
Буындарды суыктанудан және физикалық жүктемеден сақтау
Ревматологтың диспансерлі қарауында болу
Санаториялы-курортты ем
Қолданылған әдебиеттер:
- Б.С.Қалимұрзина «Ішкі аурулар» І том. Алматы.Асем-Систем 2005 жыл.
Ішкі аурулар II том. І бөлім. Клиникалық ревматология.
- Каркабаева А.Д Ішкі аурулар.
- Окороков А. Н. “Лечение болезней внутренних органов” І том. Москва,Медицинская литература 2007 ж.
- Окороков А. Н. “Диагностика болезней внутренних органов” ІІІ том. Москва.Медицинская литература 2007 ж.
- www.google.ru 1>
Достарыңызбен бөлісу: |