Аутистикалық спектрі бұзылған балалар Сипаттамасы



Дата05.10.2023
өлшемі16,46 Kb.
#183836
Байланысты:
Аутистикалық спектрі бұзылған балалар
Шпор Айнұр 2021 жыл, слайд 2 апта

Аутистикалық спектрі бұзылған балалар
Сипаттамасы:
Аутизм — ми дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сондай-ақ шектеулі мүдделермен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ауытқу болып табылады. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген.
Аутистік спектрі бұзылуы бар балалардың негізгі ерекше белгілерге негізделген: өзіне кету, коммуникативтік қабілеттерінің бұзылуы, мінез-құлқында стереотипияның көрінуі, қоршаған жаңдайдағы өзгерістерге әртүрлі қорқыныш пен қарсылық көрсету, дене (көру) байланысынан қорқу, сөйлеу дамуының ерекше бұзылуы (сұрақтарға жауап беру кезінде эхолалия, өзі туралы үшінші тұлға ретінде әңгіме, дыбыс айтудың бұзылуы, сөйлеу қарқынының бірқалыпты болуы), психикалық даму патологиясының ерте білінуі.
Ата-аналарға кеңес:

  • Күн тәртібін қатаң сақтау. Күн сайын бала белгілі бір уақытта ұйықтап, тұруын қадағалау аса маңызды. Таңғы, түскі, кешкі асты бір уақытта ішуі керек. Әрі белгіленген уақытта серуендеуге шығуы, дамыту/зияткерлік ойындар ойнауына көңіл бөліңіз.

  • Қарым-қатыснасқа тарту. Балаңызбен ауызша көбірек сөйлесіңіз, оның сізге жауап беруіне талпыңыз. Сізбен қарым-қатынасқа түскені үшін мақтаңыз.

  • Саналы мақтау. Әсіре мақтамаңыз. Балаңыздың өзіне пайдалы жұмыстары үшін ғана мақтаңыз. Мысалға балаңыз өзінің ойыншықтарын жинауы жатады.

  • Қашудың алдын алу. Балаңыздың бойында «Тоқта және сұра» ережесін қалыптастырыңыз. Бір жаққа шыққысы келсе: «Анамнан/әкемнен рұқсат сұрайын», - деген сауалды кою әдетіне үйрету керек.

  • Таңдау тақтасын орнату. Егер балаңызға таңдау жасауға ерік берсеңіз, кейбір теріс іс-әрекеттердің алдын алу мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін визуалды тақта жасау керек. Онда балаңыздың сүйікті жемістері, фильмдері, ойындары т.б. жазылуы мүмкін. Осылайша сіз оның жеке таңдауы бар екенін көрсетесіз.

Ойындар:

  • «Шар» ойыны. Біз шарды үрлейміз, баланың назарын аударамыз, үшке дейін санаймыз және шарды босатамыз. Шар ұшқан кезде бөлмеде «Алақай! Шар!» деп қуаныш білдіреміз, алақанмен шапалақтаймыз. Үрленген шар еденге түскенде, тоқтап тұрып, баланың әсерін күтеміз. Жалғастырғысы келсе, бала шарды өзі үрлеп, оны ересек адамға апаруға тырысуы мүмкін. көру, эмоционалдық және сөзбен («Шарды тағы ұшырамыз ба?») байланысқа түсу үшін оның қызығушылығын пайдаланамыз.

  • «Көпіршіктер» ойыны. Ойынның бірінші нұсқасы. ересек адам сабын көпіршіктерін үрлеп, қатты қуанады, жымияды және күледі. «Көпіршіктер!», «Ұшып кетті, ұшып кетті», «Бух, көпіршік жарылды!». Көпіршіктерді бірнеше рет жіберіңіз. содан кейін біз кідіреміз, көпіршіктерді тоқтатамыз және баланың реакциясы мен әрекеттерін күтеміз. Әдетте балалар ойынды жалғастырғысы келеді және көпіршіктердің болмауы оларды ересек адамға өтініш жасауға итермелейді. Ойынға деген қызығушылығын пайдаланып, біз баламен көзбен байланыс орнатуға тырысамыз, алдымен қысқа, содан кейін ұзағырақ. "тағы да қалайсың ба?", ойынды қайта бастау үшін қимылдарды, дауыстарды немесе сөздерді қолдануға ынталандыру. Белгілі бір коммуникативті күш салудан кейін біз қайтадан көпіршіктерді жібереміз.

  • Жарма, құмдағы ұсақ заттарды іздеу және табу (мысалы, монеталар немесе кәмпиттер). Баланың тапқан заты үшін мақтау және қуану: «Сен таптың», - деп баланы ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет