Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Автоматизированная информационная система) — ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.
1995 жылы әзірлеушілер ААЖ тұжырымдамасы туралы екі пікір ұсынды. Бір көзқарас бойынша, бұл бағдарламалық жасақтама мен жабдықты, мәліметтерді, адамдар мен процедураларды қамтитын жүйелер. Жүйеге басқаша көзқарас оған процестер мен қоршаған орта, шекара, мақсат және өзара әрекеттесу сияқты маңызды элементтерді қосады. Бүгінгі көзқарас бойынша ААЖ - бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақпараттық технологиялар мен бизнес-процестер саласындағы шешімдерді біріктіруге бағытталған әр түрлі элементтерді қамтитын автоматтандырылған жүйе.