Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысын (кезеңін) оқу процесіне енгізу туралы акт



Дата02.06.2022
өлшемі16,5 Kb.
#145777
Байланысты:
дурысы АКТ внедрения
ВЫПИСКА образец, Vocabulary, анықтама, ЦС 4 сынып. Ибрагимова А

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Ғылыми-инновациялық оқу ісі жөніндегі проректор,
істер жөніндегі проректор комиссия төрағасы
________________ Рамазанов Т.С. _____________ Хикметов А.К.
«______»________________2020 ж;. «_____» ____________ 2020 ж.

Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысын (кезеңін) оқу процесіне енгізу туралы
АКТ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің комиссия құрамы: төрағасы: Хикметов Аскар Кусупбекович - оқу ісі жөніндегі проректор, мүшелері: академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Мухитдинова Тансулу Мирасбековна, ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Мухамбетжанов Серик Копжасарович, әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Жакупова Гульназия Толгаевна, биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан Казыханович, биология және биотехнология факультетінің әдістемелік бюросының төрайымы Юрикова Оксана Юрьевна, биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі Тулеуханов Султан Тулеуханович осы акт 2019/2020 оқу жылында биофизика және биомедицина кафедрасында б.ғ.к., доцент м.а. Атанбаева Г.Қ., 2-ші курс магистранты Шамгон А.М. «Жасөспірімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алынған әдістермен білімді игеруін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері енгізілді.



№ р/н

Енгізу формасы
(жаңа курс, арнайы курс, дәріс бөлімінің атауы, зерт.жұмыстар, оқу құралдары және т. б.); курс, мамандық

Енгізу көлемі
(жұмыс, дәрістік сағаттар саны)

Енгізілген жұмыстың қысқаша мазмұны

1

«Жасөспірімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алынған әдістермен білімді игеруін зерттеу» ҒЗЖ нәтижелері 5В060700 «Биология» мамандығы бойынша 3-курс студенттерінің «Биологияны оқытудың әдістемелері» курсына (2 кредит) енгізілді.

Лекция – 2 сағат.
1. «Оқу әдістемесін қалыптастыруға үлесін қосқан ғалымдар. Биологияны оқыту әдіс-тәсілдері. Оқыту әдісіне түсінік және оның оқу үрдісіндегі маңызы, атқаратын қызметі, құрылымы.Биологияны оқыту әдісін жіктеудің критериясы» (1 сағат)
2. «Жалпы білім беретін мектептердегі биологияны оқытудың дидактикалық принциптері. «Дидактика» терминінің шығу тегі мен қазіргі түсінік» (1 сағат).

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында заманауи оқытушыларға қолдануға тиімді әдіс-тәсіл түрлері келтіріледі. Зерттеу жұмысында интербелсенді әдіс-тәсілдердің тиімді түрлері салыстырмалы зерттеу нәтижесінде пайыздық қатынаста көрсетіледі. Оқыту әдістерінің биология сабағын оқыту үрдісінде атқаратын қызметі мен маңызы келтіріледі.

Семинар – 2 сағат
1. «Биология пәнінен сабақ жоспарын жазу. Сабақ беру әдіс тәсілдерімен танысу» (1 сағат)
2. «Өсімдік жасушасының құрамы. Жасушаның тіршілік қасиеттері» (1 сағат)

«Жасөспірімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алынған әдістермен білімді игеруін зерттеу» ҒЗЖ нәтижелеріне сүйеніп, интербелсенді әдістерді қолдану арқылы, «Кластер», «Инсерт», «Джигсо», «Кинометафора», «Фишбоун» әдіс-тәсілдерінің қолдану барысындағы нәтижелері келтіріледі. Бұл арқылы студенттер биология сабағын қызықты да тиімді жүргізу үлгісімен танысады.

Осы актіге материалдар Биология және биотехнология факультетінің әдістемелік бюросының отырысында қаралды (Хаттама № _______________ ____________ 2020 ж.)


Комиссия мүшелері:

Академиялық мәселелер бойынша


департамент директоры ___________________________________Т.М. Мухитдинова
Ғылым және инновациялық
қызмет департаментінің директоры __________________________________ С.К. Мухамбетжанов
Әдістемелік жұмыс қызметінің
басшысы __________________________________Г.Т. Жакупова
Биология және биотехнология
факультетінің деканы __________________________________ Б.К. Заядан
Биология және биотехнология
факультетінің методбюро төрайымы __________________________________ О.Ю. Юрикова

Биофизика және биомедицина


кафедрасының меңгерушісі ____________________________________С.Т. Тулеуханов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет