«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ 1. «Үш қиян» шығармасындағы идеяны анықтаңыз.
А) Шұрайлы қоныстарды тартып алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін жырлау
В) Білімді игермеген елдің өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып айту
С) Халыққа жайлы жер, шұрайлы қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман іздеу D) Өмір мен өлімді, жастық пен кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш ету
2. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған? Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс, Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай, Біз түгілі осыларды да алған қоныс.
А) Үш қиян
В) Сарыарқа
С) Әттең, қапы дүние-ай
D) Қазтуған
3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды?
А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі
В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы
D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы
4. «Еңлік-Кебек» шығармасындағы оқиға немен аяқталды?
А) Екі жастың елден қашуымен
В) Жастарды өлтіру шешімімен
С) Еңлік пен Кебектің өлімімен
D) Ақынның түйінді ойымен
5. Шәкәрім «Жастарға» өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді меңзеді?
А) ел жақсыларын
В) орыс ақындарын
С) ағартушы Ыбырайды
D) кемеңгер Абайды
2-БӨЛІМ
6. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Мен қауіп еткеннен айтамын» дейді. Неден қауіптеніп еді? _____________________________________________________________________________7. «Үш қияннан» алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жазыңыз. Креативті жұмыс ұсыныңыз. Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны. Маңғыстаудың үш түбек Оны-дағы алғаны. Үргеніш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны, Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал менен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз, жігіттер, Замананы тағы да Бір қырсықтың шалғаны! _______________________________________________________________________________ 8. «Еңлік-Кебек» дастанынан берілген мына үзіндіні негізге ала отырып, автор бейнесін талдаңыз. Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім, Емес қой жастықпенен салған әнім. Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? Аларсың көп ғибрат, байқағаның. А, Құдай, күнәмді өшір, сауапқа жаз, Таусылмайды рахматың, не болмайды аз. Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде, Өлмес, өшпес дәулетім — осы қағаз.
3-БӨЛІМ
9. Берілген әдеби сын-пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. «Бұл жыр бізден кейін де жырлана береді. Әркездің жаңа ақыны өзінше өрнектейді, бірақ осы Еңлік-Кебек махаббатының алғашқы жыршысы боп Шәкәрім тұрады, келер ұрпақтың жадында…» Т.Молдағалиев ________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі № Жауап Балл Қосымша ақпараттар 1 А 1 2 В 1 5 3 В 1 4 С 1 5 D 1 6 Өлең жолы негізінде талдайды; 2 15 Негізгі идеяны ашады; 2 Өз ойын жеткізеді; 1 7 Үзіндіні қайта өңдеп жазады; 2 Үзіндідегі идеяны қолданады; 2 Креативті жазады; 1 8 Автор бейнесін анықтайды; 2 Автор бейнесін талдайды; 2 Үзіндідегі мысалмен байланыстырады. 1 9 Берілген сын-пікірді негізге алады; 2 10 Сыни пікір жазады; 2 Өзіндік көзқарасын, сыни пікірін танытады; 2 Логикалық қорытынды жасайды; 2 Сыни-пікірдің стилін сақтайды. 2
Достарыңызбен бөлісу: |