«Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті
Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Президентінің Қоры
Мемлекет тарихы институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2015 жылдың 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлт Көшбасшы - Қазақстан Республикасы Президентінің Қоры, Мемлекет тарихы институты «Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуді жоспарлайды.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады.
Конференция жұмысынының негізгі бағыттары:
– Қазақ мемлекеттілігінің генезисі проблемалары
– Қазақ хандығының құрылу тарихының өзекті мәселелері
– Қазақ хандығының дерекнамасы мен тарихнамасы
– Еуразиялық көшпенділер мемлекеттілігінің проблемалары
– Қазақ хандығы: Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет
– Хандық биліктің дәстүрлі басқару институттары
– Қазақ хандығы тарихындағы мемлекеттік нышандар
– Қазақ хандығының сыртқы саясаты
– Қазақ хандығының Шығыс елдерімен қарым – қатынастары
– Қазақ хандығының Орта Азия елдерімен қарым-қатынастары
–Қазақ хандығының өзекті мәселелері бойынша жаңа көзқарастар мен тұжырымдар.
Конференция жұмысына қатысу үшін Өтініш пен мақаланың тезистерін Ұйымдастыру Комитетінің мекен-жайына жіберу қажет:
Өтініш, төмендегі формаға сәйкес толтырылады.
Мақала мәтіні – 7 бет көлемінде, жазбаша және электронды нұсқасы, интервал -1, Шетелден және басқа жақтан қатысушыларға мақала мәтінін бекітілген файлдың формасына (файлдың атауы: АТЫ МЕН АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ ИНИЦИАЛЫ - мақала) сәйкес электронды нұсқасын жіберуге болады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
МАҚАЛАНЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ - 2015 жылдың 30 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша:
000100 Астана қ., Орынбор көшесі 8 үй, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 11 қабат,
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты. Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары және факс:
Тел.: 8 (717) 274-01-68, 8 (717) 274-12-81, 8 (717) 274-10-45.
Факс: 8 (717) 274-10-54
E-mail: tarih_institut@mail.ru
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемі 7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасы.
Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шегі: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Мақала атауы - ортадан қарамен белгіленген үлкен әріптермен, Интервал арқылы оң жақта автордың аты, инициалы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақша ішінде – қала, мемлекет атауы). Мақаладағы сілтемелер мәтіннің ішінде тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Кестелер MS WORD редакторында беріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).
МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ: КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
Қалиев Ж.Н.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Мемлекет тарихы институты (Астана қ, Қазақстан)
Мәтін... [1, 17-б.]...Мәтін [2, 25-б.]
Әдебиет:
Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. - Алматы: «Жалын», 1993. - 192 с.
Абусеитова М. Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVІІ вв.: история, политика, дипломатия. - Алматы: «Дайк-Пресс», 1998. - 268 с.
Касымбаев Ж. К. Государственные деятели казахских ханств (XVІІІ в.). - Алматы: «Білім», 1999. - 288 с.
СҰРАНЫС
«Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін»
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушының
АӘТ (толық жазу)____________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы)______________________________________________________
Қызметі:____________________________________________________________________________
Мекеменің толық атауы_______________________________________________________________
Байланыс телефоны__________________________________________________________________
Автордың мекен-жайы________________________________________________________________
Факс, E-mail ________________________________________________________________________
Мақаланың қысқаша аннотациясы______________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |