Қазақ журналистикасындағы термин сөздердің Қолданылу аясы



Дата28.01.2018
өлшемі83,61 Kb.
#34300
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДАҒЫ ТЕРМИН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
Юсупова Д.Қ.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы



Yusupova.diko@mail.ru

Ғылыми жетекші: Мүлік Д.


Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.

Бүгінгі қазақ журналис­тикасының жеткен жетістігі, бағындырған белесі зор деп айтуға болады. Өйткені жиырма жылдың ішінде телевизия, радио, баспасөз, интернет-жур­налистика саласы біраз белесті бағындырды. Жиырма жылдың ішінде журналистерге еркіндік берілді. Ұлт мәселесі, мемлекет мәселесінде журналистер ар­қаны кеңге салып ойын қағазға түсіріп, радио-теле бағдарла­малар арқылы бүкпесіз жеткізе білді. Былайша айтқанда, қазақ журналистері әртүрлі жанрларда бағын сынап,әр қилы материалдар мен бағдарламаларды дүниеге әкелді. Әсіресе, жас тележурналистердің есімін ел біле бастады. Сондай-ақ жур­налистика тарихында «интернет-журналистика» сияқты жаңа жанр, жаңа формат, комму­ни­кативтік құралдар көпшілікке жол тартты. Осы тұрғыдан алған кезде жиырма жылда технология, коммуникация, ауқым, масштаб тұрғысынан алғанда үлкен жетістіктерге жеттік деп айтуға болады.

Қазақ журналистикасы­ның артықшылығы - ұлтты сүйе біле­тіндігінде. Ау­дандық газеттен республикалық телеарналарға дейінгі жур­на­листер қауымы қазақтың тіл, діл, мемлекет мәселелерінде жанын салады.

Бүгінгі таңда, осы қазақ журналистикасына шетел және орыс журналистикасынан әртүрлі термин сөздер енді. Сол бір жаңажыл, жиі қолданысқа енген сөздерді назарларыңызға ұсынамын.

Қазіргі таңда баспасөз зерттеушілері газеттерді сапалы басылым, сары басылым, аралас басылым деп бөліп қарастырады. Бәрімізге белгілі «Сары басылымдар» деген атаумен әйгілене бастаған үлкенді-кішілі тәуелсіз басылымдардың көбіне оқырмандарға ешқандай рухани нәр бермейтін, тәрбиелік әсері жоқ, жандүниесіне ләззәт беріп, қуанышқа бөлейтін қауқары жоқ, жалған сенсациялар, өтірік-шыны аралас, өсек аяндар, адамдардың сыртынан айтылған ғибадаттарға толы мақалалар жариялайтын үрдіс белең алды. әрине, бұл рухани санасы төмен қауым үшін оқылуы тез, өтуі тез бір сәттік арзан хабарламалар екені белгілі. Мәселен, әркім нені оқу өз еркінде десек те, бұл тәуелсіз ел болып саналы, рухты ұрпақ тәрбиелеу жолына жасалып жатқан қастандық деуге болады. «Қызық», «Шыжық», «Тамаша» секілді газеттерден әке-шешесі көз алмай, жастығына жастанып оқып жатса, баласы да ертең осындай «өсек» басылымнан өзге ештеңе оқымайтын жарымжан адам болып шығатыны дәлелдеуді қажет етпейді. «Баспасөз еркіндігі» деген ат жамылып келген журналистикадағы жаһанданудың жиіркенішті үрдістерін, ел болып, үкімет болып ауыздықтау уақыт күттірмейтін кезге жетті. «Сары баспасөз» деп көпшілікке арналған бульварлық басылымдарды айтады. бұл басылымдар негізінен қалтасы қалың емес, талғамы төмендеу, орта білімді оқырманға арналған және айқай-шулы сенсацияны, өсек-аяңды жазуға құмар, иллюстрациясы мол газеттер. Баспасөз зерттеушісі Л.М. Землянованың пікірінше, сары басылымдарда қызмет ететін журналистер бас пайдасы үшін обьектвті ақпарат беру принципін бұзады. Сары басылымдар тарихына келетін болсақ, мұндай типтегі газеттер ХІХ ғасырдың соңында Америкада алғашқы баспасөз магистралы Жозеф Пулитцер мен Уильям Рендольф Херстің бастамасымен дүниеге келген. 

«Сары» басылымдардың пайдаланылатын әдіс-тәсілдері мынадай:

1.Сенсация – газет бизнесінің өсіп-өркендеуінің көзі. Айшықты тақырыптар мән берілген қылмыс, катастрофа, соғыс – мұның бәрі көпшілік қолды басылымдардың таусылмас азығы.

2. Өсек-аяң. Жұлдыздардың, ірі шенеуніктердің әс-әрекеттері, жеке өмірі назардан тыс қаламайды.[1]

Газет бетіне шыққан материалдың оқылуы көбінесе тақырыбының қалай қойылуына тікелей байланысты болады. Өйткені сәтті қойылған тақырып оқырманды бірден баурап алады. Оның да өзіндік сырлары жеткілікті. Оны ғылыми тілде біз – аргумент дейміз. Әдетте тақырыптың қойылуы мақалада айтылатын фактілерге тікелей байланысты. Көп іздене білетін журналист ресми материалдың өзіне де сәтті тақырып қоя алады. Бұл арада журналистің кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің молдығы, талантының дәрежесі шешуші роль атқарады.

ХХІ ғасырда барлығы да дайын. Мысалы, егер де бір қызмет орындарында жиын өтетін болса, онда сіз бұқаралық ақпарат құралдарына қысқаша мағлұмат беру арқылы хабарландырасыз. Пресс-релиз немесе брифинг ұйымдастыруға болады.Онда белгілі бір мәселе төңірегінде үкіметтің позициясы баяндалады немесе халықаралық келіссөзге, конференцияға қатысушы жақтардың көзқарасы хабарланады.Брифинг баспасөз конференциясының үлгісі тәріздес. Брифингте мемлекеттің қандай да бір бағыттағы мәселеге көзқарасы ашық баяндалып, оған БАҚ-тың көзқарасы тексеріледі. [2]



Қарап отырсақ, қазір көптеген басылымдар интернеттен мағлұмат ұрлау арқылы танылып жатыр. Ондай газеттердің контенті дайджест форматындағы басылымның контентіне сай келеді. Дайджест дегеніміз - ағылшынның «digest» сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест - әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады. Осы ұрлау, көшіруге қатысты тағы да терминдер бар. [3]

Копирайтиң  - мақаланы басынан бастап соңына дейін өзіңіздің жазып шығуыңыз. Әдетте, мұндай мақалалар жарнамалық, пиарлық немесе тауар туралы мәлімет беру сипатында болады. Бірақ үнемі олай емес. Мақала жазу барысында ғылыми еңбектерден үзінді келтіріп, статистикалық деректерді кірістіруіңізге болады. Бастысы, мақаладағы сөйлемдердің басым бөлігі көшірмеден құралмау керек. 


Рирайтиң (rewriting — қайта жазу, өзгертіп жазу) - жазылып қойған мақаланы мағыналық жағынан өзгертпей, бірақ сөйлемдерінің құрылымы жағынан өзгертіп, қайта жазу. Бұл амал авторлық құқықты бұзбау мақсатында және сайттар үшін іздеу моторларына жақсы "іліну" мақсатында жасалады. 
Қарақшылық  - жазылып қойған дайын мақаланы рұқсатсыз алып, заңға қайшы әрекет (авторын және ақпарат көзін көрсетпеу) арқылы екінші бір сайтта немесе баспа өнімдерінде қазқалпында немесе қысқартылған нұсқасында жариялау. 

Маркетингтің біздің бәріміздің өмірімізге қатысы бар. Маркетинг процесс кезінде адамның қарауына тауар және қызметтер беріліп, оларды пайдалану нәтижесінде бірқатар өмір деңгейі қанағаттандырылады. Макетингтің құрамына аса көп мағыналы жұмыс түрлері кіреді, оның ішінде: маркетингілік зерттеулер, тауарды дайындау, оны таратуды ұйымдастыру, баға тағайындау, жарнама және жеке сату және т.б. Мекемелер алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті тұтыныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, қызмет атқаруға және табуға қажетті бірнеше жұмыс түрлерін үйлестіреді.

Адам тартымдылығының бір белгісі – дұрыс әрі әдемі сөйлеу. Абай атамыз «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» — дейді. [4]. Қазіргі кезде орысша оқығандарды айтпағанда, қазақ мектебін бітіргендердің өзі сөз әдебін сақтамай, әдемі сөйлеуден бұрын, қазақ тілінде дұрыс ойын жеткізе алмайды. Жаһанданудың әсерінен тілімізде «модный» сөздер пайда бола бастады. Солардың бірі -«спичрайтер». Спичрайтер — ірі компания, мекеме басшылары мен саясаткерлердің сөйлейтін сөзін, мәтінін дайындайтындар. Интернет беттерінен немесе жарнамалардан сіз «Спичрайтер керекдеген хабарландыруды көрмеген боларсыз. Себебі бұл кәсіп иелері туралы ашық түрде айтыла бермейді. Олар үшін көзге көрінбей жүріп сапалы еңбек етукәсіби жоғарылауға себеп болады. 

 PR( немесе Public Relation) осы сөзді жиі естиміз. PR – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Бірақ бүгінгі күнде осы терминнің әртүрлі аударылуына байланысты сан алуан мағынада қолданылып келеді. 1807 жылы әлемде бірінші рет PR біріккен сөзі пайда болды. Оны тарихқа енгізген Томас Джефферсон болды. Джефферсонның ойы бойынша пиардың негізгі мағынасы – адамдарды дұрыс таңдау жасауға сілтеу болатын. Осылайша тәуелсіздік декларациясының авторы және Америка президентінің арқасында жаңа ұғым пайда болды. Бұл ұғымның мағынасын және дұрыс қолданысын 1906 жылы Айви Ли өзінің «PR ерекшеліктерінің декларациясында» ашты. Сол мезеттен бастап Айви Ли "PR әкесі" атағына ие болды.[5]

Қазіргі кезде PR бөлек ғылым түрі ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Қазақстанда әйгілі «клуб пиаршы» элитті клубы жұмысын жалғастыруда. PR маманы қазіргі заманның ең престижді және сәтті мамандығы болып танылады. Алайда кейбіреулер пиаршы клубында отырған адамдарды менменшіл тәтелер мен ағалар деп кінәласа, пиар мамандарын халықтың құлағына өтірік ілетін кәсіпқойлар деп атайды. Қазақстанда PR тұрмақ, оның иісі де жоқ деп айқай шығарады. Ал жоғарғы оқу орындарының оқытушылары  «Қазақстанда пиар оқытылады, бірақ бірде бір қазақстандық оқулық жоқ» деп дабыл қағады.



Жоғарғы аталған мәселелердің барлығына байланысты болмақ, осы жылы Қазақстанның атақты пиаршигі , «Шахар» медиахолдингінің бастығы, Қуат Домбай ең бірінші мемлекеттік пиар оқулығын шығарған болатын.Оқулық атауы назар аударарлықтай естіледі: «Қазақстандағы шіренбеген PR». Кітап авторының айтуы бойынша: Қазақстанда пиар тек өз мемлекетімізге тән ерекшеліктерге толы, сондықтан оларды бөлек атап өту керек. [6]

Журналистикасыз бүгінгі қазақ қоғамын елестету мүмкін емес болды. Бұл бізге жауап­кершілік артады. Ендеше, қо­лына қалам, микрофон ұстаған әрбір журналист елдің, ұлттың ал­дындағы міндетін ұмыптаса. Жауапкершілік арқылы өз салмағымызды, беделімізді арттыра аламыз. Қала­мымыз қарымды, ойымыз орам­ды, сөзіміз жүйрік болғай...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Землянова Л.М. - Коммуникативистика и средства информации. Англо-русский толковый словарь концепций и терминов.

  2. https://sozdik.kz.

  3. http://kerekinfo.kz/blog

  4. https://kk.wikipedia.org

  5. Сұлтанбаева Г.С. Саяси коммуникация: негіздері мен тәжірибесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 162 б.

  6. Қ.Домбай «Қазақстандағы шіренбеген PR немесе компанияны жарнамасыз қалай көтеруге болады».- Алматы. – 2010. 40б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет