Қазақ көшпелі мемлекеттілік бастаулары: теориялық-методологиялық көзқарастар мен тұжырымдар



бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі148,19 Kb.
#183063
  1   2
Байланысты:
treatise190289



Қазақ көшпелі мемлекеттілік бастаулары:

теориялық-методологиялық көзқарастар мен тұжырымдар
Бүгінгі таңда көшпелі тайпаларының саяси - әлеуметтік трансформациясының концептуалды мәселелерін зерделеу, саяси институттар қалыптасуының мән - мазмұнын анықтау, әлеуметтік құрылымының өзгерістері туралы ғылыми зерттеулер қажеттілігі туындап отыр. Саяси және әлуметтік антропологияның заманауи методологиясының талаптары америкалық, еуропалық және ресей ғалымдарының зерртеулерін бірінші қатарға шығарды. Орталық Азиядағы көшпелі құрылымдардың тарихы мен олардың саяси құрылымы күні бүгінге дейін аса маңызды зерделеу обьектісі болып келеді. Жаңа әдіс-тәсілдер мен жүйелі сараптау арқылы жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барысы әртүрлі бағыттағы үдерістерді көрсетеді. Методологиялық тәсілдерді қайсыбірі жаңа мазмұнмен толтыру зерттеушінің өзіне, оның жұмысының нақты жағдайына, ителлектуалды қуатына сондай - ақ басқа да көптеген факторларға тәуелді. Бүгінгі таңда қазақ көшпелі мемлекеттіліктің пайда болуының мәні мен үдерісін түсіндіретін теориялардың ең танымал екі тобы белгілі. Шиеленісті, немесе бақылаушы теориялар мемлекеттіліктің пайда болуын және оның ішкі табиғатын қанау, таптық күрес, соғыстар және этникааралық басымдықтар қатынастары тұрғысынан көрсетеді. Интегративті, немесе басқарушы (функционалды) теориялар ең алдымен мемлекет феноменін экономикалық және қоғамдық интеграцияның жоғары кезеңі ретінде түсіндіруге бағдарланған (1, 503). XX ғасырдың басында американдық әлеуметтанушы - антрополог О. Латтимордың концептуалды байламдары бойынша көшпелілердің тек қана ішкі дамуы қисындарына сүйенетін болсақ, онда оларға тән қоғамды түсіне алмас едік. (2. 1940). Саяси және әлеуметтік антропологияның методологиялық ізденістері көшпелілердің саяси институттарын жүйелі зерттеу барысында өзара кіріккен және өзара іс - әрекеттегі жүйе бөлшектерін құрайтын элементтер кешенін зерделеуі қажет. Сол кездің өзінде көшпелілердің "мемлекетке ұқсас" империяларындағы ішкі қатынастар күш қолданбау (консенсутік және сыйлықтарымен алмасу) байланыстарына негізделді, олардың өміршендігі малшыларға салық салудан емес, сыртқы көздер есебінен қамтамасыз етілді. Ең соңғысы, көшпелі империяларда мемлекеттіліктің басты белгісі болған жоқ. Көптеген заманауи политогенез теорияларына сәйкес мемлекеттілікке дейінгі құрылымдардың мемлекеттіліктен басты ерекшелігі басқарушы көсем тек қана консенсустық (бірауызды келісімге негізділген) билік жүргізді, яғни беделін пайдаланды, ал мемлекетте болса үкімет заңдастырылған күш қолдану арқылы әсер - әрекеттерін жүзеге асырды [3, Servise E. 2005: 16; Classen. Sсalnik 1978; 21-22].
Тарих ғылымның дамуы көрсеткендей ғылыми методология талаптарымен есептескен жағдайда ғана прогреске қол жеткізуге болады. Тарих ғылымының, соның ішінде саяси және әлеуметтік антропологияның мақсаты да көптүрлі мифтерден құтылып, сыни, органикалық тарихты жасау болса керек. Тарихи ой-сана, нақты тарихи және ретроспективті сараптама, моделдеу мен қайта құрастыру әдістерінің тізбегі, сондай-ақ басқа да заманауи теориялық - методологиялық тәсілдерді қолдану көрсеткендей көшпелі халықтар ішіндегі туыстық құрылымдар мен генеологиялары көшпелі социумның "дисперстігі" (шашырауы) мен ортадан алшақтауы үдерістеріне жол ашты. Дегенмен көшпелі конфедерациялардағы саяси басқарудың, әскери - иерархиялық органдары ру-тайпалық сегменттермен араласты, бірақ, соның өзінде ру - тайпалардан жоғары тұрды, оларды бақылады, империялық биліктің мақсаттарына сәйкес сондай сегменттерді тиімді пайдалану іс - әрекеттерін ұйымдастырды. Заманауи тарих ғылымында көшпелі бірлестіктердегі "империялық конфедерациясы", "көшпелі саяси жүйе", "саяси - құқықтық қатынастар" сияқты қыртыс - қабаттарды тереңдете зерттеу үшін жаңа тарихи әдістер негізінде қайта құрастыру жұмыстары көшпелі мемлекеттілік дамуының күрделі үдерістерін толыққанды модел ретінде қарастыруға мүмкіндіктер береді.
Көшпелілерге егіншілірден азық, қолөнершілерден қару және т.б. бұйымдар қажет. Бұның бәрін егіншілерден бейбіт сауда немесе соғыс арқылы алуға болатын еді. Екі әдіс те бірігуді және тайпа үстілік қоғам құруды қалайды. Бірақ көшпелілердің отырықшы - қалалық қоғамдармен байланыс орнатуға талпыныс - ұмтылыстары "көшпелі империялар" құруға мүмкіндіктер бере қойған жоқ. Соның өзінде шиеленісті көзқарас бойынша да, интегративті келіс бойынша да көшпелі империялардың көпшілігін көсемділік деп те, мемлекет деп те бірмәнді қарастыруға болмайды. Далалық империялардың мемлекетке ұқсастығы олардың сыртқы әлеммен қатынастарында анық білінеді (көршілерден қажетті өнімдер мен тауарларды мәжбүрлеп алуға сондай-ақ сыртқы қысымды бәсеңдетуге бейімделген әскери - иерархиялық құрылым, халықаралық егемендік, сыртқы саяси қатынастарда қолданатын арнайы рәсімдер). Дегенмен екі көзқарас бойынша да мемлекеттілік көшпелілер үшін ішкі қажеттіліктен туындады деп айтуға болмайды. Малшылық қоғамда барша негізгі экономикалық үдерістер жекелеген үй шаруашылығы шеңберінде жүзеге асырылды. Осы себептен басқару – рестрибутивті қызметпен шұғылданатын арнаулы "бюрократтық" аппараттың қажеттілігі болған жоқ. Екінші жағынан көшпелілер арасында туындайтын әлеуметтік қарама-қайшылықтар ішкі саяси орнықтылықты ұстап тұратын дәстүплі институттар шеңберінде шешілетін болған. Көшпелілерге қатты қысым көрсету оларды көшіп кетуге немесе әрбір еркін көшпелінің өзі жауынгер болғандықтан олар қарсы күш қолдануға дайын еді [1,503].
Өз кезегінде американдық ғалым А.М. Хазановтың пікірінше ең оңтайлы және сызба түрінде отырықшы қоғамдармен өзара қарым – қатынастары сипатына сәйкес көшпелі мемлекеттіліктің екі типін бөліп көрсетуге болады. Бірінші типтегі мемлекеттерде өзара қатынастар вассалды – алымды немесе басқа да қарабайыр, ұжымдық тәуелділік пен қанаудың реттелмеген формаларында көріне бастады. Әдетте, көшпелілер мен отырықшы халықтардың әрқайсысы дербес, өздерінің экономикалық аймақтарында өмір сүрді. Қайбір кездерде отырықшы мемлекеттердің тіршілігі жалғаса берді, басқа бір кезендерде көшпелілер мен отырықшы-қалалық мәдениет өкілдері бір мемлекеттің құрамында тіршілік етті. Тіпті соңғы жағдайдың өзінде де олардың интеграциясы саяси сфераны ғана қамтып отырықшы қоғамның әлеуметтік - құқықтық негіздеріне ешқандай ықпал жасай алған жоқ деп анықталады [4,481 б.].
Қазіргі саяси және әлеуметтік антропологияның көрнекті өкілдерінің бірі Т.Дж. Барфилд болса көшпелілер мемлекеттілікті егіншілерден қабылдады дейтін диффузиялық (таралу, қабылдау) пайымдарды терістейді де, далалық қоғамның орталықтану дәрежесі отырықшы – егінші қоғамдармен саяси интеграциясы деңгейімен тікелей байланысты дейді. Сонымен бірге көшпелі қоғамдардың саяси ұйымдастырылуы өңірлік экология ерекшеліктерімен шекаралас егінші өркениеттердің жер көлеміне байланысты болды. Заманауи зерттеуші Т. Холл әлемдік - жүйелілік тәсілді қолданады, егер номадизмді осындай методологиялық түсінікте қарастыратын болсақ, онда индустрияландыруға дейінгі дәуірде көшпелілер "жартылай перефериялы" яғни жартылай тысқары орында болған. Т. Холлдың пайымдауынша әртүрлі өңірлік (аймақтық) экономикалар (тұйық шеңбердегі өркениеттер, "әлем - империялар") біртұтас кеңістікте біріккен болатын. Т. Холл тарихшы Т.Дж. Барфилдтің егіншілік өркениеттерімен көшпелі империялардың синхронды (бірмезгілді) өрлеуі мен құлдырауы болғаны туралы пікірін құптайды [5].
Батыс ғалымы Н. Ди Космо өзінің ғылыми еңбегінде политогенез үшін тайпалық қоғамның өз ішіндегі құрылымдық дағдарысы түрткі болып табылады деп көрсетті [6, 1-40бб]. Мұның өзі көшпелі қоғамды әскерилендіруге, тұрақты әскери бөлімшелер мен арнайы жасақтардың құрылуына алып келеді. Н. Ди Космоның жорамалы бойынша сыртқы әлемнен табыс алудың әдістері бойынша далалық империялар тарихында төрт кезең болған: 1. алым-салық алушы империялар кезеңі – хуннулардан жужандарға дейінгі кезең (б.э.д. 203ж – б.э.551ж); 2. түріктердің, хазарлар мен ұйғырлардың (551-907ж.ж.) сауда алым –салық империялары кезеңі; 3. дуалды –әкімшілік империялар кезеңі (907-1269ж.ж.); 4. дами түскен империялар кезеңі (1200-1796ж.ж.). Сондай - ақ ол “ далалық” империялардың құрылуына әсер етуші эндогенді (сыртқы) және экзогенді (ішкі) факторларды анықтайды. Эндогенді факторлар ішінен негізгісі ретінде харизматикалық "империя құрылысшыларының" рөлін ерекше атап көрсетеді. Олар далалық саясатта да, әскери іс – қимылдарда да, дипломатияда да өздерін суда жүзген балықтай сезінді, сондай – ақ тайпалық конфедерациялар, тіпті орталықтандырылған саяси билігі мен қарулы күштері бар империялар құруда да жетістікке жетті [7, 210-218 бб.].
Заманауи тарих ғылымдарындағы жекелеген пікірлер мен гипотезалар зерделену үстіндегі құбылыс ерекшеліктерін толыққанды көрсете алмайды. Тарихи пікірталастар барысында, тіпті қарама-қарсы теориялардың өздері бірін-бірі терістемейді, олар зерттеу объектісінің маңызды құрылымдық параметрлерін ғана көрсетеді. Дж. Флетчердің [8, 212-254 бб.] зерттеу методологиясы негізінде мемлекеттілік көшпелі қоғам үшін өмірлік қажетті институт болып табылмайды және өз кезегінде П. Голден көшпелілер өзінше, ешбір сыртқы әсерсіз мемлекеттілік құра алады деген идеяға күмәнмен қарайды, бірақ қытай өркениетінің ықпалымен далалық империялар ертемемлекеттік формасын қабылдағанын терістемейді [9, 103-1.35бб]. Л. Квантен өзінің еңбегінде біршама басқаша көзқарасты ұстанады, оның көрсетуі бойынша көшпелі империяларды құрудың бастаулары мен дәстүрлері ұқсас болып келеді, бірақ алдыңғы көшпелі мемлекеттердің қателіктерін қайталамас үшін моңғолдарда стратегиялық жоспар болғандығын мойындайды [10, 5 б.]
Жаулап алынған отырықшы - қалалық қоғамдарға қатысты көшпелілер екі түрлі моделді қолданды:

  1. Егінші халықтың қалаларын қирату, егістік алқаптарын мал жайылымына айналдыру;

  2. Өзіндік басқару органдарын күрделендіру – басқару элитасын қалаларға қоныстандыру (седентаризация), бюрократтық аппарат құру, жазбаша іс жүргізуді енгізу.

Жаулап алынған аумақтарды көшпелі қоғамның дәстүрлі институттары арқылы басқару мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, басқару органдарын модернизациялау (жаңғырту) қағидатты түрде қажет еді. Ресейлік зерттеуші С.А. Васютин былайша көрсетеді: "Биліктің көсемдік және ертемемлекеттік компонентері арақатысының тұрақсыз және жылжымалы болуы барлық көшпелі мемлекеттерге, соның ішінде Моңғол империясына да тән құбылыс болып табылады". Заманауи тарих ғылымы бұндай өзара қатынастарды "элиталар теориясы" тұрғысынан қарастыру жемісті болады деп тұжырымдайды, онда бір жағынан, жаңа саяси бірлестікте жаулап алушылардың арасынан шыққан жоғары элита болса, екінші жағынан автохтонды тұрғындар ішінен элита құрастырылып, қолдау көрсетіледі. Автохтонды элита да әлеуметтік иерархияның биігіне көтеріледі" [11, 93-143 бб.].
"Көшпелі империя" негізінде көшпелі саяси құрылымдардың дилектикалық дамуы мен өзекті мәселелерін зерделеуге қатысты баламалы (альтернативті) теориялық-методологиялық іргетастар жасау қажеттілігі жатыр. Тарих ғылымындағы ұзақ уақыттар бойына іргелі мәселелердің бірі - "трансконтиненталды көшпелі супер империялар" қалай және не үшін пайда болды деген сұраққа жауап іздестіру болып табылады. Орталық Азиядағы көшпелі құрылымдардың тарихы мен олардың саяси құрылымы күні бүгінге дейін аса маңызды зерделеу обьектісі болып келеді. Жаңа әдіс - тәсілдер мен жүйелі сараптау арқылы жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барысы әртүрлі бағыттағы үдерістерді көрсетеді.
Саяси және әлеуметтік антропологияның ресейлік өкілі А.А. Тишкиннің пікірінше - өзара іс - қимылдар нәтижесінде көшпелі билік жергілікті үстемдік етушілердің үстінен қарап, олардың қосымша өнімін ашықтан-ашық меншіктеп, әртүрлі сфералар қызметіне де араласып "екі қайтара элита" құзыретіне ие болады [12,43-56]. В.В.Трепавлов көшпелі қоғам дамуының қолда бар моделдері бойынша негізгі екі үрдісті атап көрсетеді [13, 1993]:

  1. Орталықтандырылған деспоттық монархиялық басқаруды орнықтыру;

  2. Бірте-бірте ыдырай бастаған тайпаларды біріктіріп ру-тайпалық институттарды тайпаүстілік билік құрылымы функцияларына адаптациялау (сәйкестендіру).

Көшпелі империялардың саяси - әлеуметтік ұйымдарстырылуын сарапқа салған зерттеушінің пайымдауынша олар осы қоғамдық құрылыстың біртұтас дамуы үдерісінің баспалдақтары тәрізді болып табылады.
Соңғы онжылдықтардағы концептуалды тұжырымдар мен методологиялық келістердің (тәсілдердің) көрсетуі бойынша көшпелі империялардағы әлеуметтік қатынастар динамикасының эволюциясы біржақты және бірвекторлы болған емес. Белгілі зерттеуші Д.Г. Савинов көшпелілердің этносаяси стратификация жүйесі туралы өзінің жорамалын ортаға салды. Автордың концептуалдық тұғырнамасы бойынша көшпелі қоғам құрылымы жаңадан құрылған мемлекеттік бірлестіктер шеңберінде өзгерген жоқ және Хунну дәуірінен бастап Моңғол империясы құрылғанға дейінгі кезеңде әлеуметтік ұйымның өзіндік «діңгегі» рөлін атқарды. Мәселенің теориялық - методологиялық негіздерін дамытуға өз үлесін қоса түскен Д.Г. Савиновтың сараптамасы бойынша: этнос - элитаның негізгі күштері мәдени шаруашылық іс - әрекеттері әрдеңгейлі экономикалық әлеуетті пайдалану мақсатында полиэтникалық мемлекеттік құрылым жасауға бағытталды. Тәуелді тайпалар, әсіресе этнос - элитаның мәдени-шаруашылық типіне жақын тайпалар қалыптасқан протекторат жүйесінен шығуға, саяси гегемонияны өзгертуге, дербес мемлекеттілік құруға ұмтылды [14,2005].
Америкалық зерттеушілердің тұжырымдамасы негізінде империялардың өрлеуі мен құлдырауы біртекті, ұқсас циклдардан тұрады және оларда эволюциялық өзгерістер байқалмайды. Осыған байланысты Еуропа мен АҚШ-тың антропологиялық мектептері көшпелі қоғамдарды бүтіндей тоқырауға ұшыраған, өзіндік тарихи дамудан ада қоғам ретінде қарастырады. Т. Дж. Барфилд [15] көшпелі қоғам болмысының заңдылықтары механизмін, сондай-ақ олардың отырықшы халықтармен өзара іс-әрекеттері кезіндегі орын алған трансформациялар мен өзгерістерді зерделеуді ұсынды. Зерттеуші көшпелі қоғамның (ең күрделісі - "көшпелі империя") тарихи эволюциясын ішкі дамудың нәтижелері ретінде емес, егінші - отырықшы халықтармен тікелей араласуы нәтижелері ретінде қарастыру қажеттілігіне назар аударды. Қытайдың орталықтандырылған империялық билігі көшпелілермен шаруашылық қарым - қатынаста болып, олардың көмегіне жүгінді, мұның өзі қайсыбір династияның өміршендік мерзімін ұзарта түсті, бірақ соның нәтижесінде мемлекеттің экономикалық ресурстары түбегейлі сарқылды. Т.Дж. Барфилд [16] көшпелі мәдениеттің өзгерістерін қоршаған табиғи орта мен әлеуметтік жағдайларға сәйкестену қажеттілігінен туындайтын ерекше жүйе ретінде қарастырды. Бұл тұжырымның қисынды салдары: Қытайдағы саяси—әлеуметтік үдерістер мен көшпелілердің әлеуметтік даму формалары арасында өзара байланыс болды деген қорытындыға әкеледі. Билік циклы деп аталатын Орталық Азия аумағында орын алған үдерістерді типологизациялау – оның теориясының негізін қалады.
Ал эволюциялық теория өкілдерінің пайымдауынша көшпелі империялар дамуының жоғарғы нүктесі және далалық мемлекеттіліктің классикалық үлгісі Моңғол империясы болып табылады. Эволюциялық номадизм теоретиктері көшпелі мемлекеттілік - біртіндеп ішкі дамудың қорытындысы деп біледі және көшпелілер қытайдың саяси жүйесіне ұқсас жүйе құрды деген пікірлерді терістейді. Дж. Флетчер барлық теорияларға ортақ жеті сипатты анықтады: 1. далалықтардың ашкөздік және жыртқыштық табиғаты; 2. климаттық өзгерістер; 3. дала халқының санының артуы; 4. егіншілердің көшпелілерімен сауда-саттықтан бас тартуы; 5. өмір сүрү үшін қосымша азық-түлік көздерінің қажеттілігі; 6. көшпелілердің тайпаүстілік бірлестіктерін құру қажеттілігі; 7. көшпелілер психологиясының екі тұғырлылығы – егіншілермен бірдей, қатар болу және бүкіл әлемді жаулап алу туралы Тәнір түсірген сенім. Осындай тұжырымдар негізінде автор мынадай қорытындығы келеді: "Егер моңғол халқының басым бөлігі "көшпелілер өмір салтын жақтаушылар" қатарында қалғанда және егіншілерді қанауды мақсат тұтқан өздерінің дәстүрлі далалық моделіне сенім артқанда империяның өмірі үзағырақ болар еді [8, 221-222 б.].
Саяси және әлеуметтік антропология ғылымы көрсеткендей көшпелі қоғамның саяси – әлеуметтік трансформациясының мәні мен табиғатын түсіну үшін логикалық құралдардың жетіспеушілігі байқалады, өйткені бұл жүйе күрделі және ерекше құрылым болғандықтан зерттеушілер үшін шиеленіскен өзара қарым – қатынастарды зерделеу және қайта құрастыру бойынша бірқатар мәселелер туындайды. Бұл аспектілерді тарихнамалық сараптау қажеттілігі саяси және әлеуметтік антропологияның өкілдеріне келесідей талаптар қояды: біріншіден, "көшпелі мемлекеттілік", "көшпелі империя", "империялық конфедерация" ұғымдарының мәні мен мазмұны тереңдете сарапталуы тиіс, екіншіден, көшпелі қоғамның саяси – әлеуметтік институттарын зерделеуге қажетті тарихи парадигмалардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу өзекті болып табылады. Теориялық - методологиялық ізденістердің тиімділігін арттыру үшін көшпелі құрылымдардың басқару институттарын зерделеу, күрделі кешен сипатындағы биліктің әртүрлі типтері мен моделдерін біртұтас империялық құрылымға біріктіру мәселелері одан әрі тереңдете зерттелуі тиіс. Тарих ғылымының бүгінгі таңдағы дамуы барысы "көшпелі империялардың" саяси - басқару жүйесінің қалыптасуы мәселелері бойынша белгілі бір пікір айту үшін мамандарға көшпелі қоғамның құрылымын зерттеудің критерийлерін талдап жасауды, типтері мен моделдерін қайта құрастыруды жүктейді. Сонымен, көшпелілердің саяси институттарының күрделі және әрдеңгейлі сипаты олардың билік құрылымдарының, әлеуметтік жүйесінің және трансформациялау үдерісінің ерекшеліктерін зерттеудің жүйелі қағидаларын қолдануды қажетсінеді.

Заманауи ғылымның назарын өзіне ерекше аударатын мәселелер қатарында көшпелі мемлекеттердегі саяси құрылымдар мен билік институттарының дамуы болып табылады. Формациялық және өркениеттік келістер шеңберіндегі тарихи көзқарастардың эволюциясы мен трансформациясы өте ұқсас. Олар көшпелілер қоғамының статикалық сипаты туралы пікірден бастап олардың даму бағыты ерекше және бұған отырықшы - егінші көрші халықтардың ықпалы болды деген теорияға дейінгі жолдан өтті. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы ресей тарихнамасында - далалық мәдениет пен өркениет дамуының баламасы деген мәселе қойылды, ал мұның өзі, әрине өркениетті әдіс - келісті мойындау еді. Адамзат туралы күрделі жүйелердің туындауы, одан әрі дамуы тіпті, жойылып кетуі туралы негізгі заңдарды әртүрлі түсіндіретін бірқатар ғылыми парадигмалар пайда болды.


Көшпелілердің басқару институттарының аса күрделі сипаты көшпелі империялардағы билік құрылымдарын сараптау үшін жүйеленген қағидаларды қолданудың перспективалы екендігін көрсетеді. Көшпелі құрылымдардағы саяси үдерістердің дипломатиялық жүйе бөлшектерінің тұрақсыздығы және жылжымалылығы, жүйе бөлшектерінің арақатысындағы өзгерістер жүйенің өзін толықтай трансформациялайды. Тарихи ой-сананың заманауи қозғалысынан және зерттеу парадигмаларынан шығатыны әскери - саяси қысым (Қытай мен бәсекелес көшпелі элита мүддлерінің бірігуі) мен билік басындағы кланның қарама-қайшылықтарының болуы және тайпалық топтар арасындағы текетірестер, экологиялық жағдайдың нашарлауы және соғыстағы жеңілістер көшпелі құрылымдардың құлдырауына немесе күйреуіне себеп болды. Еуразиядағы саяси үдерістердің циклдығын ескеретін болсақ, онда бір көшпелі империяның ақыры екінші империя тарихының бастауына жалғасқанын байқар едік. Мұндай үдерістер империяның үйымдық құрылымының толықтай жойылуына алып келеді және содан сегменттелген этносаяси кеңістіктің пайда болуы әбден мүмкін. Сонымен, аталған дереккөздердің құрамындағы ақпараттың интерактивті сипаты тарихшыға көшпелі саяси құрылымдардың мәні мен мазмұнын ашып көрсетеді.
Тарих ғылымның дамуы көрсеткендей ғылыми методология талаптарымен есептескен жағдайда ғана прогреске қол жеткізуге болады. Тарих ғылымының мақсаты да неше түрлі мифтерден құтылып, сыни, органикалық тарихты жасау болса керек. Тарихи ой-сана, нақты тарихи және ретроспективті сараптама, моделдеу мен қайта құрастыру әдістерінің тізбегі, сондай-ақ басқа да заманауи теориялық - методологиялық тәсілдерді қолдану көрсеткендей көшпелі халықтар ішіндегі туыстық құрылымдар мен генеологиялары көшпелі социумның "дисперстігі" (шашырауы) мен ортадан алшақтауы үдерістеріне жол ашты. Дегенмен көшпелі конфедерациялардағы саяси басқарудың, әскери-иерархиялық органдары ру-тайпалық сегменттермен араласты, бірақ, соның өзінде ру-тайпалардан жоғары тұрды, оларды бақылады, империялық биліктің мақсаттарына сәйкес ондай сегменттерді тиімді пайдалану іс-әрекеттерін ұйымдастырды. Заманауи тарих ғылымында көшпелі бірлестіктердегі "көшпелілердің империялық конфедерациясы", "көшпелі саяси жүйе", "саяси-құқықтық қатынастар" сияқты қыртыс-қабаттарды тереңдете зерттеу үшін жаңа тарихи әдістер негізінде қайта құрастыру жұмыстары көшпелі мемлекеттілік дамуының күрделі үдерістерін толыққанды модел ретінде қарастыруға мүмкіндіктер береді. "Көшпелі империя" негізінде көшпелі саяси құрылымдардың дилектикалық дамуы мен өзекті мәселелерін зерделеуге қатысты баламалы (альтернативті) теориялық-методологиялық іргетастар жасау қажеттілігі жатыр. Тарих ғылымы ұзақ уақыттар бойына іргелі мәселелердің бірі - "трансконтиненталды көшпелі супер империялар" қалай және не үшін пайда болды деген сұраққа жауап іздестіру болып табылады. Орталық Азиядағы көшпелі құрылымдардың тарихы мен олардың саяси құрылымы күні бүгінге дейін аса маңызды зерделеу обьектісі болып келеді. Жаңа әдіс-тәсілдер мен жүйелі сараптау арқылы жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барысы әртүрлі бағыттағы үдерістерді көрсетеді. Методологиялық тәсілдерді қайсыбір мағына мазмұнмен толтыру зерттеушінің өзіне, оның жұмысының нақты жағдайына, сондай-ақ басқа да көптеген факторларға тәуелді.
"Көшпелі империялардың" қалыптасуы кезеңін тоқтаусыз атқарған іс-қимылдар үдерісі әлеуметтік құрылымы өзгерістермен бірге дәстүрлі әлеуметтік институттарды қирату қатар жүрді. Көшпелі құрылымдардағы саяси ұдерістердің динамикалығын есепке алсақ, онда жүйе бөлшектерінің арақатынасы әрдайым қозғалыста және түрақсыз сипатта болуы да түсінікті. Көрнекті ғалым К. Иностранцев өзінің "Хунну и Гунны" еңбегінде былайша көрсетті: "Үш ұлы империялар Ғұн, Тюгю және Монғолдар империясы бір ғана ру басқарған әртүрлі ру-тайпалардың қоспасы болып табылады" [17, 12 б]. Қайсыбір көшпелі халықтың шығу тегін білу үшін бізге олардың қандай тайпалық топ өкілі немесе тіпті қандай нәсілден тарағанын, содан барып жалпы халықтың түп-тамыры қайдан шыққанын анықтау керек. Сондықтан Қытайға ежелден белгілі, уақыт өте келе күшейгені соншалықты аса қуатты көшпелі империя құрған тайпа немесе рудың шығу тегін анықтау өте қажет болды. Зерттеуші көшпелі қоғамның этникалық, әлеуметтік, саяси және ішкі құрылымдарын қайта құрастыру үшін идентификациялық (ұқсастық) тәсілдің қажеттілігіне назар аудартады.
Әлемдік империялар болмысын зерделеген Г.В. Вернадский "Орыс өркениеті мен мәдениеті византиялық өркениет пен мәдениетті бойына сіңірсе, екінші жағынан киімі мен қаруын, әні мен ертегісін, әскери тәртібі мен ойлау үлгісін далалық көшпелілердің өркениеті мен мәдениетінен алды" [18, 236 б] деп көрсетті. Салыстырмалы сараптама жолымен және ұқсастықтарға зер салған, автор әлемде ізі қалған империялар тарихына сілтеме жасай отырып өзінің келесідей тұжырымын жасайды: “Рим және Византия батыс пен шығыстың мәдениеттерін, егіншілік, және теңіз мәдениеттерін, сонымен бірге далалық көшпелі мәдениетті біріктірді. Бұл рөлді XIII-ғасырда Византия империясы қирағаннан кейін моңғол империясы алды. Рим және, кейінірек Византия империясыда өркениеттің орта теңііз ошағы (егіншілік-теңіздік) мен көшпелілердің далалық мәдениеті негізінде құрылған болатын. Моңгол империясы өркениеттің екі ошағын жаулап алды, оның бірі егіншілік - теңіздік және Қытай болса, екіншісі Византия империясы құрылымындағы аумақтармен Кіші Азия, Капказ, Қырым болатын” [18, 237б]. Осылайша, автор трансконтиненталды империялар жаулап алған геосаяси кеңістіке нұсқайды және империялардың жауланған территорияларға саяси және әлеуметтік-мәдени ықпалын моделдейді. “Көшпелі империялар” туралы ойларын Моңгол империясы мысыланда қорытындылаған Г.В. Вернадский былайша түйіндейді: "империяның орталығы, дінгегі Моңғол империясы негізінен ішкі коммуникациялар желілерін бақылауда ұстады, ал тұрақтылық –орнықталған империяның әрбір аймақтың өзіндік, дербес интеграциясына тәу елелді еді. Шын мәнінде ортаазиялық өңір моңгол феодалдық саясатының полигоны болды және мұның өзі империялық тұтастықты қиратудың алғышарты мен мүмкіндігіне айналды [19,137 б.]".
Көшпелі құрылымдарды жүйелі зерттеудің тағы бір бағыты тарихи - географиялық бағыт, оны алғашқылардың бірі болып В.И. Егоров анықтады [20, 3-23 б]. Аталмыш зерттеу тәсілін пайдаланған автор Алтын Орданы ң мемлекеттік аумағын, оның ішкі мазмұнын нақтылайды, көшпелілер көші- қонның табиғат ерекшеліктерімен байланыстырылығын ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік ерекшеліктерімен де байланылыстығын дәлелдейді. Салыстырмалы және ретроспективті сараптау негізіндегі тарихи таным үдерісі бойынша ортағасырлық дәуірдің тарихи тәжірибесінде көшпелілердің әртүрлі деңгейдегі туыстық топтарында ішкі әлеуметтік-экономикалық, саяси және салт-сана байланыстарының шынайы элементтері болған. Сондықтан тарих ғылымының заманауи жетістіктері және оның тұжырымдық - дәлел базасы тұрғысынан бұл элементтердің бар болуынан ғана көшпелілердің қоғамдық жүйесі мемлекеттілікке дейінгі сипатта болды дейтін жалғыз аргументтің пайдасына шығару обьективті бола қоймас. Зерттеуші А.М. Хазанов өзінің нақты зерттеулері арқылы Моңғол империясында басқарушыға билік көктен, көк аспаннан берілді концепциясының бірқатар даму жолдарынан өткендігін айнықтайды. Моңғол империясының бұрынғы - көшпелілер мемлекеттерінде көк аспан қағандарға өзінің халқын билеуді тапсырған болса, ал енді Моңғол империясына көк аспан бүкіл әлемді билеуді жүктеген. Автордың пікірінше “Түрік қағандары, мүмкін олардың алдындағы сюннулар халық пен патшалықты басқару құқығы көк аспаннан берілгендіктен өздерінің билігін халықтың қалауы ретінде насихаттады, бірақ олардың ойы мен ниеттерінде бүкіл әлемді билеу үшін көк аспанның мандаты қажет деген деген сенім ешқашан болған емес” [21, 387 б].
Моңғол қоғамындағы билік табиғатын зерттеген жоғарыдағы автордың пайымдауынша олар жариялаған жалғыз мақсат-бүкіл әлем Шыңғысханның алтын ұрпағына бағынуы тиіс. "Моңғол империясында және одан кейінгі Шыңғыс ұрпағы билеген барлық мемлекеттерде билік әрдайым көшпелілердің қолында болды. Олардың басым көпшілігі жаулап алынған елдерге қоныс аударып, көшпелі өмір салтын жалғастыра берді. Моңғолдың билеуші элитасы Шыңғысхан ұрпағы басқарған барлық мемлекеттерде өздерін отырықшыландыруды қаламады. Мұрагер мемлекеттердің өздерінде де, мысалы әмір Темір әулетініңде де әскери элитаны көшпелілер құрады және олар этникалық, тайпалық тұрғыдан әрдайым билеушілермен тығыз туыстық байланыста болды" деп қорытындылайды А.М. Хазанов [21, 397 б.] Т.Д. Скрынникова проблеманы екі жазықтықты қарастырады: 1. Біріншіден, моңғолдарда мемлекеттілік болды ма, жоқ па және екіншіден, моңғол империясындағы мемлекеттілік деңгейі туралы. Автордың екіншісі мәселесі мемлекеттілік белгілерін іздестіреді (белгіленген аумақ, салық жүйесі, билік және басқару функцияларын атқару үшін әкімшілік аппарат). Мұндағы билік экзополитарлық формасында болуы тиіс, себебі олар өздерінен гөрі дамыған қоғамдардың халқын қанауға арналған және бағытталған болатын. Зерттеушінің теориялық-методологиялық ұстанымдары бойынша үйымның сипатын қоғамның әлеуметтік құрылымы анықтайды. Әлеуметтік эволюция барысында жоғарғы билеуші обьективті түрде туыстас кландырдың қарсылығын басып тастауға мүмкіндігі болуы тиіс. Автор екі үрдісті атап көрсетеді: 1. жаңа лидердің орталықтандырылған билігіне қарсы тұрған көсемдердің көзін жою; 2. конфедерацияны басқару үшін қалыптасқан кландық (туыстық) жүйе мен механизмдерді жаңа лидердің тиімді пайдалануы. Әскери демократия, иерархия және жасақтардың қатысуымен әскери лидерлер билікке келетін бағыт - бұл билік қатынастарын орнатудың бірінші типі; екінші типі-аристократиялық, яғни билікті тайпалық көсемдер өз қолына шоғырландырады. Билік қатынастарының де-дәстүрлі және харизматикалық – екі типі де моңғол билеушілерін екі топқа бөлу барысында байқалды. Бірінші топты мұрагерлік аристократия өкілдері - бэхтер, эбугэн, эчигэ құраса, екінші топты жеке-дара сіңірген еңбегі үшін билікке келген лидерлер - хан, багатур, мэргэн, сэцэн және т.б. құрады, алайда бірақ екі топтың арасында қатаң шекара болған жоқ, себебі екі топтың өкілдері де харизматиқалық (жеке қасиеттері берген бедел) тұлғалар ретінде лидерлік мәртебеге лайықты болып табылады. Сонымен билікке құқықты негіздеу үшін "үстемдік және бағыныштылық" – дәстүрлі және харизматикалық екі типі де қолданылған [22].
Ғылыми – зерттеу жұмыстарындағы алғы буындар тәжиребесін жалғастырып және сыни сараптаудың жиынтық тәсілдерін қолдана отырып С.А. Васютин былайша көрсетеді: "Барлық көшпелі империялардың, соның ішінде Моңғол империясының ерекшелігі биліктің көсемдік және ертемемлекеттік компоненттерінің арақатысы тұрақты емес және жылжымалы. Мүндай ертемемлекеттік ұйымдық құрылымдар архаикалық басқару институттары деңгейіне дейін төмендеп кетіп өзінің ұйымдық құрылымына ыдырауға итермелейді" [23, 57 б.].
"Көшпелі империя" концептуалды қағидатының көпнұсқалығы және пікірталастығы көшпелі қоғамдардағы қоғамдық – саяси құрылымдар мен мемлекеттік институттарды қалыптастырудың типология мәселесі әлі де жеткіліксіз тарихи сараптау жасалғанын көрсетті. Мұның өзі зерттеушілер алдында көшпелі саяси құрылымдардың проблемасын зерделеу келіс, тәсілдерін әртараптандыру, оларды биліктің әртүрлі типті және моделді кешені ретінде жүйелеу мен қайта құрастыру негізінде біртұтас империялық құрылымға біріктіру арқылы аңықтау қажеттілігі туындап отыр. Көшпелі құрлымдармен байланысты нақты тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерделеу концептуалды, методологиялық проблемаларды алға қойып сараптау үшін алғышарттар жасайды. Моңғол империясының саяси - басқару және жүйелі - құрлымдық моделін қайта құрастыру көшпелі қоғамдардың өзара байланыстары мен өзара іс-қимылдары мәселелерін тарихи білімнің заманауи көзғалысында зерттеп, зерделеуге, және ортақ үдерістері мен бағыттарын тереңдете түсінуге мүмкіндік береді.
Ресей тарих ғылымы тарихи салыстырмалы сараптау және жүйелі келіс негізінде империялық ұйымдастыру типімен шартталған көшпелі империялардағы көсемдік немесе ертемемлекеттік компоненттердің басымдығын аңықтады. Типтік және алым – салықтық империяларда әскери - саяси ұйым құру мәдениетінде қанаудың экзополитарлық формаларының басым мәнге ие болды, себебі қанаудың бұл формасы егіншілерге мейлінше қысым көрсетіп, олардың ресурстарының бір бөлігін алудың тиімді жолы болған еді. Жаулап алушы көшпелі империяларда биліктің мақсатттары едәуір өзгерістерге ұшырады. Оның негізгілері бағынышты отырықшы халықты әсери – саяси бақылауды үйымдастыру және егіншілердің қосымша өнімінің бір бөлігін салық ретінде тұрақты түрде алып отыруды қамтамасыз ету үшін бюрократтық аппаратты жасақтау болатын. Алғашқы көшпелі империялардың бірі Ғұнндар империясын сипаттай келе заманауи зерттеуші Н.Н. Крадин былай деп көрсетеді: «Шын мәнінде Ғұнндар империясы тайпалық империя болды, ондағы жаңа әскери иерархиялық қатынастар көшпелілердің күрделі әлеуметтік – тайпалық генеологиясын өзгерте қойған жоқ, олармен қатар, арласа өмір сүрді». [24, 192 б.].
Көшпелі қоғамдардың мемлекеттілігі және саяси дамуының шектері проблемалары бойынша пікірталастардың қазіргі кезеңі көшпелі басқару жүйесін бағалаудың жалпы, ортақ компоненттерін жасап, жіктеу жұмыстарын атқару қажеттілігін көрсетіп отыр. Көшпелі құрлымдардағы суперкүрделі көсемдік пен ертемемлекеттің айқын аражігін анықтаудың қайшылықтары жетерлік. Заманауи тарихи ой – сананың көрсетуі бойынша көшпелі империяларға қатысты биліктің екі жақты табиғаты жөнінде айтуға тура келеді: мемлекетке дейінгі билік ( күрделі, суперкүрделі көсемдіктер, тайпалық конфедерациялар, архаикалық империялар, квазиимпериялар) және ерте мемлекеттік ксенократтық билік. Соңғы онжылдықтағы тарихи ізденістердің аңықтауы бойынша Моңғол империясындағы шенеуніктердің саны мен басқару аппараттарының күрделілігі жаулап алынған аумақтар кеңістігіне тікелей тәуелді болған (империяның құрамына, әсіресе отырықшы және жартылай көшпелі тұрғындарды бар аумақтарды қосып алу ерекше маңызды болған.) Жаулап алынған жерлердегі саяси биліктің дәстүрлері де әрдайым есепке алынып отырған. Бертін келе бұл фактор басқа көшпелі империяларды саяси ұйымдастыруда едәуір маңызды рөл атқарған болатын. Зерттеу парадигмаларында бұл мәселені қарастыру едәуір қайшылықтар туғызуда, өйткені көшпелі империялардың барлығында биліктің мемлекеттілікке дейінгі және ерте мемлекеттік компоненттері тұрақсыз, әрі жылжымалы болған. Бұл зерттеулердің методологиялық құндылығы моңғол қоғамының дамуын байланыстыра және тізбекті моделдеу арқылы беруінде болса керек.
Тарихи ой - сананың дамуы көрсеткендей көшпелілердің басқару институттары мен отырықшы - егіншілердің мемлекеттік дәстүрлерінің симбиозы билік құрлымдарын сараптаудың жүйеленген қағидаларынн қолданудың жаңа перспективаларын ашады. Зерттеушілер тізбекті түрде ертемемлекеттік институттардың құрыла бастауы проблемаларын алға қояды және мұның өзі күрделі империя деңгейіне де, ұлыстардың күшейтілген билік орталықтарына да қатысты жүргізіледі. Империялық құрылымдарда жоғарғы билік иелері көшпелі құрлымдардың көсемі рөлін де, жоғарғы қолбасшы, сот пен әкім, ресурстары билеуші, әулиелік құқықтарды иеленуші фунцияларын да қатар атқарды. Мұның өзі көшпелі империялық билік институттары мен білік жүргізушілер сипаттамасының күрделі және әрқилы болғандығын көрсетеді.
Тарихнама өткен замандар туралы білімдерді жинақтау арқылы тарих ғылымы жүйесінде танымдық функция атқарады. Таным үдерісі ілгерілеу сипатында жүреді. Тарихи білім – күрделі, көпқырлы үдеріс, ол тұрақты қозғалыста болады. Теориялар мен гипотезалар бірін-бірі тұрақты түрде алмастырып тұрады. Идеялардың, концепциялардың ауысуы сөзсіз, себебі әрбір теория белгілі бір құбылыстар шеңберін ғана түсіндіреді. Тарихи білім белгілі бір қоғамдық ортада, белгілі бір мәдениет түрінде қалыптасуы және қоғамның сол кездегі әлеуметтік-экономикалық, саяси, идеологиялық жағдайлармен сипатталады.
Тарих ғылымы ең дамыған көшпелі бірлестіктер көшпелі халықтың едәуір массасын қамтыған мемлекеттік типтегі саяси институттарда орнықтыра алады ма деген сұрақтың тетігін іздестіру мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде мамандар қайсыбір пікірді жақтауға көмектесетін критерияларды талдап жасауға қызығушылық танытуда. Тарихи білімнің заманауи қозғалысы көшпелі қоғамның табиғатын одан әрі пайымдауға, жүріп өткен үдерістердің мәнін түсінуге шақырады. Социяологиялық (әлеуметтану) теориялары мемлекеттік қоғам түрлері арасында белгілі бір тәртіпті орнықтырушы және белгілі бір аумақта өзінің іс-әрекетіне бүкіл тұрғындарды тарта білетін қоғамды ұйымдастырудың ерекше түрі ретінде сипаттайды. Көшпелі мемлееттілікті терістеуші концепцияларды біз неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И. Кант пен Ф.Гегель [25] еңбектерінен кездестіреміз. И. Кант көшпелілер мемлекеттілігінің бастауын номадтар мен жер иеленушілер (отырықшы топтар) арасындағы жанжал, қайшылықтардан көрді.Ф. Гегель номадтарды көшпелілік дамуының екінші тарихқа дейінгі кезеңіне жатқызды және көшпелілер мемлекеттілік құру кезеңіне дейін пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Саяси институт ретіндегі мемлекеттің құрылуы, Ф. Гегельдің пікірінше, бұқаралық билік орталықтары ретінде қалалардың пайда болуымен, ұйымдастырылған құқық жүйесі және басқа да ілеспе элементтердің қызмет көрсетуімен байланысты екен. Патриархалды ұйым болуы себебінен мемлекет пен жеке тұлғаның бойындағы жасампаздықтың жоқтығынан Ф.Гегель көшпелілерге өркениетті қиратушылар рөлін берді.
Заманауи тарихи зерттеулердің жетекші мәселелерінің бірі Еуразия көшпелі бірлестіктері пайда болуының негізгі кезеңдерін қайта құрастыру болып табылады. Нақты көшпелі қоғамдардың антропологиялық құрылымы жүйесін сипаттау және олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау теориялық ізденістердің негізгі бағыты болып отыр. Осы мәселе аясында көшпелі мемлекеттің типологиялық құрылысын анықтау үшін негізгі әдіс-тәсілдер жиынтығы таңдалуы тиіс.
«Көшпелі феодализмнің» негізгі теориялық ұйымдарын өзінің «Моңғолдардың қоғамдық құрылысы» еңбегінде Б.Я. Владимирцев негіздеген болатын. Көптеген зерттеушілер мен методологтардың көшпелі қоғам туралы пікірі бойынша Б.Я. Владимирцев «моңғол қоғамының өзіндік ерекшелігін ескере отырып феодлизм заңдарының» жалпыға бірдей екенін дәлелдеді [26]. Өзінің теориясында ғалым өндірістік қатынастардың мәнін анықтап, үстем тап пен тәуелді таптардың аражігін ашып көрсетті. Бұл тезисті көшпелілікті зерттеушілер В.Н. Никифоров, Б.Ф. Поршнев, И. Васильченко қолдады. Г.Е. Марковтың пікірінше көші-қонды реттеудің негізгі мақсаты феодалдық жер меншігін орнықтыру емес, тайпааралық қақтығыстарды болдырмау және әскери күштерді мобилизациялауға және әскери тәртіпке кедергі болатын жіктелген топтардың өз бетінше көшіп-қонуға тыйым салу мақсаты болатын. Г.Е. Марков қоғамда жер иеленудің иерархиялық формасы мен өзіндік феодалдық белгілер байқалды деген пікірлерді терістейді [27]. И.Я. Златкин «көшпелі феодализм» теориясының қағидатты тұстарын, мысалы, көшпелі қоғамда феодалдық тәуелділік пен жерді меншіктеу ережелері болғанын қолдады [28].
Моңғол ғалымдары көшпелілердегі қоғамдық қатынастардың феодалдық бейнесі туралы идеясын қолдап, одан ары дамытты. Зерттеуші Нацагдорж қанаудың екі жақтылығы туралы идеяны ұсынды «... қатардағы көшпелілердің малды меншіктеуі жеке-дара еңбекке негізделді, сондықтан меншіктік бұл формасы феодалдық меншіктен ерекше болды. Оның үстіне қатардағы мылтығы феодалдар мен байлардың экономиалық қысымы орын алуы». Көшпелі қоғам дамуының феодалдық емес нұсқасының да теориясы ұсынылды (Вайнштейн, Семенов, Марков) [29].
Әртүрлі методологиялық келістер мен зерттеу тәжірибелерін талдап келе айтып өтетін мәселе – ол кеңестік кезеңнің тарихнамалық пікірталастарының негізінде жерге феодалдық меншік болды ма, жоқ па деген сұрақ жатқан еді.
Заманауи ресейлік зерттеуші Н.Н. Крадин [30] номадтардың әлеуметтік құрылысын сипаттайтын негізгі төрт көзқарасты анықтайды:
1. Көшпелілердің тапалды дейінгі (С.И. Вайнштейн, Л.С. Васильев, К.П. Калиновская, В.А. Шнирельман и др.)
2. Номадтардың ерте мемлекеттілігі (Е.П. Бунтян, С.Г. Кляшторный, Е.И. Кычанов, А.И. Мартынов, М.С. Мартынов, М.С. Мейер, А.И. Першиц)
3. Көшпелілер феодализмі: а) «көшпелі феодализм теориясының ортодоксалды нұсқасы; (И.Я. Златкин, М.Х. Маннай-Оол, Л.П. Потапов); б) көшпелі феодализмнің «саундық» (табиғи) нұсқасы (А.В. Даньшин, К.И. Петров, Ф.Я. Полянский); в) номадтарды билеу феодализмнің негізі ретінде (Н.Ц. Мункуев, А.В. Попов, В.С. Таскин, Г.А. Федоров-Давыдов) г) «көшпеліліктен қалаларға» барысында феодализмнің орнығуы ( С.А. Плетнева). Бұдан басқа номадизмнің ішкі табиғатын сипаттамастан, оның феодалдық мәні туралы пікірлер (А.А. Арзыматов, Л.Л. Викторова, Д.Е. Еремеев и др.)
4. Көшпелілердің ерекше – номадтық өндіріс әдісі (Г.Е. Марков, Н.Э. Масанов) немесе экзополитарлық өндіріс әдісі (Н.Н. Крадин)
Көшпелі мемлекеттіліктің табиғатын зерттеуде әртүрлі әдіс-тәсілдер мен үрдістерді қарастыра келіп автор тарихи зерттеулердің басым бөлігі номадизмнің өзіндік табиғатына тоқталады және көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырылуы мамандандырылған, құрылымдық жағынан бөлінбеген деген тұжырымға келеді. Л.Е. Гринин келесідей анықтаманы ұсынады: ерте мемлекеттілік – бұл категория, оның көмегімен едәуір ірі және күрделі аграрлық қолөнер қоғамының ұйымдастырылған ерекше формасы сипатталады; бұл қоғам оның сыртқы саясаты және біршама әлеуметтік және қоғамдық тәртібін анқытайды. Бұл саяси форма сонымен бірге тұрғындардан оқшауланған билікті ұйымдастыру формасы болып табылады: а) үстем және егемен; б) өзінің талаптарын орындату үшін мәжбүрлей мүмкіндігі бар; ескі қатынастарды жаңа қатынастарға өзгерте алады және ресурстарды қалыпты бөлуге мүмкіндігі жетеді; в) туысқандық қағидасында құрылмаған.
Н.Н. Крадиннің, С.В. Даниловтың, Коновалованың еңбектерінде Хуннулардың Орталық Азияның алғашқы көшпелілері құрған құрылымдардан мүлде басқа қоғамды ұйымдастыру қағидаттарын қолданғаны туралы айтылады. Өз кезегінде С.А. Васютин [23] ыдырау үдерісі басталған ірі көшпелі бірлестіктер мәселесіне назар аударуда.Қыпшақта әскери-саяси қысым (мұнда Қытаймен бәсекелес көшпелі элитаның мүдделері бірлесе әрекет жасаған), билеуші кланның ішкі қарама-қайшылықтары немесе әртүрлі тайпалық топтар арасындағы қайшылықтар, экологиялық жағдайдың нашарлауы мен әскери жеңілістер ірі өшпелі бірлестіктердің ыдырауына алғышарттар жасалған. Орталық Азиядағы саяси үдерістердің циклдығын есепке алатын болсақ, онда бір көшпелі империяның құрылуы, әдетте басқа бір империя тарихының бастауы болып отырған. Дегенмен деструктивті үдерістің империялық ұйымдық құрылымын толықтай жойып, сегменттелген этносаяси кеңістіктің қалыптасуына мүмкіндіктер берген.
Өзінің «билік циклдары» теориясын негіздеген америкалық антрополог Т. Дж. Барфилдтың [16] пікірінше ішкі Азияның көшпелі мемлекеттері «имприялық конфедерциялар» болып табылады. Олар сыртқы және әскери саясатта автократтық және мемлекетке ұқсас құрылым болса, ішкі істерде келісім және федерализм қағидаларын ұстанған. Бұндай мемлекеттік құрылымның орнықтылығы шекарадан тыс аумақтардан қаржы ресурстарын табу есебінен қамтамасыздандырылған. Тайпалық ұйым жергілікті деңгейде тұрақты түрде болған, бірақ орталықтандыру кезеңдерінде ішкі істермен ғана шектелген. Бұл жүйе ыдыраған кезде тайпалық көсемдер өздерінің аумақтарында тәуелсіздік алып, анархия далалықтарға қайта оралып отырған.
Ресейлік методологтар Д.М. Бондаренко, Л.Е. Гринин, А.В. Коротаев [31] күрделілігі орташа деңгейдегі қоғамдардағы әлеуметтік-эволюциялық үдерістерін зерделеуде бірқатар мәселелерді алға тартады:
1. Өзгерістердің саяси аспектілерінің басқа аспетілермен өзара қарым-қатынасы және өзара байланысы;
2. Алғашқы мемлекеттердегі әкімшілік институттардың даму деңгейінің төмендігі мен фрагментарлық (толық емес) сипаты;
3. Күрделіліктің бір схемасының екіншісіне өтудің салыстырмалы жеңілдігі.
4. Тарихи-мәдени және географиялық шарттарға байланысты әлеуметтік-саяси эволюциялық моделдерін анықтау.
Авторлар көрсеткендей өзгерістердің мүмкін болу бағыттарының бірінен мемлекеттілік белгісі байқалатын эволюциялық жол көшпелі мемлекет құрылуы мен дамуының жолы болып табылады. «Алғашқы мемлекетке ұқсастық» ұғымы бұл формалардың алғашқы мемлекетке ұқсастығымен қатар, олардың құрылымдық айырмашылықтарын да көрсетеді. Сонымен, көшпелілердің басқару институттарының күрделі – құрамдас сипаты көшпелі империялардың билеуші құрылымдарын сараптау үшін жүйелі қағидаттарда негізге алып, қолданудың перспективті екенін байқатады.
Көшпелі құрылымдардағы саяси үдерістердің динамикалылығын ескеретін болсақ, онда жүйе бөлшектерінің өзгерістері бүкіл жүйені өзгертуге алып келеді екен. Э. Сервис [32, 492] жасаған эволюциялық схема келесідей кезеңдерді қарастырады: бэнд (тектеулі топ) – тайпа- көсемдік – мемлекет. Бұл схема бойынша саяси күрделіліктің өсуі теңсіздікті, жіктелуді туындатады, билеушілер мен бағыныштылар арасында әлеуметтік дистанцияны ұзартады, авторизация мен саяси жүйенің иерархизациялануын күшейтеді, тұрғындардың негізгі бөлігін саяси іс-қимылдан аластатады және т.б.
Хунну державасы, автор, Түрік және Ұйғыр қағанаттарының тәжірибесінің тарихи ұқсастықтарын зерттеу барысы көрсеткендей «прогрессивті» (империя «орталығын» күшейтуге бағытталған тенденциялар) үрдістер «регрессивті» (империяның жекелеген сегменттерінде автономияға өсуі) үрдістерге ауысып кетуі әбден мүмкін. Қайсыбір кездерде бұндай қарама-қайшылықта үрдістер бір уақытта жүзеге асқан немесе басқару мезанизмдерінде күрделі кешенге айналып кететін болған.
Көшпелі жүйелердегі биліктің мамандану үдерісінің күшеюінің коғам дамыған және жоғары құрылымданған сайын тереңдей түскен. Жапондық зерттеуші Н. Шираси [33] күні бүгінге дейін жалпыға бірдей танылып, құпталған көшпелілер мемлекеттілігінің жіктемесін келтіреді: «Масао Мори хуннулардан ұйғырларға дейінгі мемлекетті «ежелгі көшпелі мемлекет», ол Моңғол империясын «ортағасырлық көшпелі мемлекет» деп атайды. Исао Савада Хунну кезеңін «көшпелі мемлекеттің қалыптасу кезеңі» деп сипаттады, ал түркілерді «көшпелі мемлекеттің қалыптасып, орныққан» кезеңі деп көрсетті».
Ресейлік зерттеуші С.В. Даниловтың [34, 498 б.] пікірінше Хуннулардан кейінгі – сәньбилр, жужандар, түркілер, ұйғырлар, қидандар, моңғолдар туралы тарихи дерек көздерін сараптау арқылы олар құрған көшпелі империялардың саяси, әлеуметтік, әскери, экономикалық құрылысында хуннулардан аса ерекше ешнәрсе бола қойған жоқ: көшпелі державаны екі немесе үш қанатқа бөлу, жергілікті басқару институтының пайда болуы, моңғол құрылтайы тәрізді халық жиналысы, қуатты әскери ұйым, әскери күш арқылы жүргізілген белсенді сыртқы саясат, дамыған экономикалық қатынастар көрініс тапты.
А.М. Хазановтың есебінде көшпелі мемлекеттіліктің пайда болуы, кездейсоқ үдеріс болған емес. Онда ішкі факторлар емес, сыртқы факторлар белгілі болған. Көптеген мемлекеттердегі саяси билік айтарлықтай шашыраңқы болды және негізінен әскери және ұйымдық-реттеушілік функцияларды атқарды. Көшпелі қоғамдардың өз ішінде саяси интеграция әлсіз болғандықтан кідіріссіз құрылымдық өзгерістерге қабілетсіз болды.
Заманауи авторлардың тарихи зерттеулерінде екі тарихи құбылысты – отырықшы әлем және көшпелі периферияны қарама-қарсы қағидаттары айқын көрсетеді. Н.Н. Крадин өзінің: «Көшпелі империялар және әлеуметтік эволюция» мақаласында көшпелі империялардың үш моделін ерекшелейді [34]:
1) Типтік империялар – көшпелілер мен егіншілер қашықтықта қатар өмір сүреді.
2) Алым-салық империялары – егіншілер көшпелілерге тәуелді;
3) жаулап алушы империялар – номадтар егінші қоғамды жаулап алады да солардың территориясына қоныс аударады. Ғалымның пікірі бойынша соңыра моңғолдар аса ірі аймақтың орталықтарды біріктіріп тұтас тіркесті әлемдік жүйе жасады. Егер Н.Н. Крадин көшпелі империялар мен ортағасырлық қоғам мемлекеттік деңгейге сәйкестенді ме деген сұрақты шешу үшін өркениеттік келісті ұсынған болса, С.Г. Кляшторный [35] көшпелі қоғамдар үшін тікелей эволюция әдісін қолданады. Бұған сәйкес билік ру-тайпалық және әскери-демократиялық институттардан бастап тайпаүстілік саяси қаған – алғашқы мемлекетке дейін дамыған.
Заманауи зерттеушілердің қорытындылары келесі тезиске келіп тоқтайды: «Ерте, алғашқы мемлекет күрделі мемлекеттілікті ұйымдастырудың көптеген формаларының бірі ғана болды және мұның өзі ұзақ эволюциялық таңдау барысында ғана типтік жетекші формаға айналды. Белгілі қазақстандық ғалым З. Қинаятұлының [36] пайымдауынша көшпелі мемлекеттіліктің сипатын ұғыну үшін ежелгі түркілердің «ұлыс» терминіне жүгіну керек. Зерттеуші өзінің назарын ежелгі түркі-моңғолдардың «ел», «ulus» терминдеріне аударады. Бұл терминдер ағылшынның «state» , қытайша «go», яғни мемлекет деген ұғымды білдіреді және аталмыш терминдер еурославяндық «state», «respublica» арабтық «мемлекет», парсылық «давлат» терминдерінен әлдеқайда бұрын танымал болған.
Қазіргі тарихнамалық ахуал тарихшылардың алдына әуетті, қолданыстағы материалдың өзін жаңа қырынан қарастыруды талап етеді. Сонда белгілі, дәстүрлі материалдың өзінен жаңа мәліметтер пайда болады да, қазіргі тарихнамаға көзқарасты түбегейлі өзгертіп жібереді. Біз бұл үрдісті көшпелі мемлекеттік құрылымдардың дуалды (екі жақта) тәжірибесінен көре аламыз. Дуалдық (екі жақтылық) – рух пен материядан, идеал мен материалдықтан бастау алатын философиялық ілім болып табылады.
Тарихи ой-сана «дуалдықтың» әртүрлі түсіндірмелерін береді. Көшпелі құрылымдарға қатысты түсініктерге келетін болсақ, олар: әскери-ұйымдық құрылым формасы кең байтақ мемлекетті басқару қажеттілігі, династиялар арасындағы қарама-қайшылықтардың нәтижесі. Дуалдықты әскери-ұйымдық құрылым ретінде қабылдаған зерттеушілер тайпалық жасақтарды оң және сол қанаттарға бөлу проблемасын басжидық береді. Ресейлік ғалым В.В. Трепавловтың [13] пайымдауы бойынша, «Еуразия далалық белдеуі халықтары құрған мемлекеттерде аумақтың «ескі жақтылығы» орны алған яғни аумақ екі бөлік қанаттарға бөлінген (әдетте батыс және шығыс) және әрқайсысының билеушісі болған.
Көптеген зерттеушілер негізгі факторларға алғашқы қоғамдық қауымның дуалды-фратриалдық қалдықтарын жатқызады. В.В. Трепавлов [37] «қос үкімет» түсінігімен белгіледі, яғни бір уақытта екі патшаның державасының екі бөлігін басқарды». Ноғай Ордасының тарихына зер салған тарихшы келесідей мысал келтіреді: «Маңғыттарды дербес билеуінің бастапқы жылдарында-ақ Едіге өз жұртының шекарасын батысқа, Волга өзеніне дейін жылжытты... Бәлкім, сол кездің өзінде маңғыт қанаттарын оң-сол деп бөлген де оңтүстік және батыс қанатына Нураддин билік жүргізген, сол қанат шығыста орналасқан және оны беклербектің өзі басқарған. Кейінірек, Ноғай ордасы толықтай қалыптасып болған соң, оң қанаттың билеушісі және әскери қолбасшысы ретінде Нұр ад –Динннің есімі аталған. «Қос үкімет» жүйесіндегі жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, В.В. Трепавлов былай деп жазады: «Моңғол империясы» ұлысына ең жақын ұқсастық Жужан, ежелгі түркі жіне Қараханидтер қағанаттарынан байқалады. Бұлардың барлығы бір-бірімен байланысты: VI ғасырда түркілер жжан мемлекетінің қирандысында өзінің «мәңгілік елін» құрды, ал Қараханидтер (қарлұқтар, яғма, чигилдер) олардың аумағында орналасқан Батыс Түрік қағанатының дәстүрлерін қабылдап алып, пайдаланды. Сонымен, түгелдей дерлік көшпелә империялардың ортақ белгілері келесідей: а) державаны екі бөлікке бөлу; б) оның әрқайсысында айрықша өкілетті билеушының болуы; в) қосарланған билеушінің қағанмен рулас, туысқан болуы; г) қосарланған билеушілердің қаған тағына мұрагерлік құқығының болмауы [13].
Қырғыз тарихшысы Т.Д. Джуманалиевтің [38] пікірі бойынша, «Шығыс Түрік қағанаты телестер мен тардуштардан құрылған және вассал тайпалар тардушардың құрамында болған. Сол сияқты, Батыс Түрік қағанаты да он оқ бұдұн, яғни «он жебелі» «дулу» және «нушеби» атауларымен белгілі. «Біз бұдан дуалдықтың ең ірі мемлекетті басқару қажеттілігінен пайда болғанын байқаймыз...» Көшпелі қоғамда әскери-саяси одақ, бірлестік ретінде оң және сол қанат әрдайым болған. Мұның өзі қағанды абсолютті биліктен айырған және орталық биліктің күшейіп кетуіне қарсылық тетігі болған».
Л.Н. Гумилев [39] Батыс Түрік қағанатының жағдайына сараптау негізінде оның басқару жүйесі туралы: « ... династияның басты тірегі дулу мен нушиби тайпалық одақтарының бектері қағанат билігін әлсіретуге тырысты, сонда олар максималды дербестікке қол жеткізген болар еді». Бұдан байқайтынымыз «билік жүйесіндегі екі жақтық» билікті орталықтандыруды тежейтін фактор болған.
Династиялар арасындағы қарама-қайшылықтардың нәтижесі ретінде «дуалдық» С.Г. Кляшторный [40] еңбектерінде де қарастырылған. Ежелгі Хуннудың басқару құрылымын қарастыра отырып ол келесідей тұжырым жасайды: «Шаньюйден кейінгі мемлекеттің мәртебелі тұлғалары – сол және оң (яғни Батыс және Шығыс) «дана князьдер» - оның ұлдары немесе жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумақтарын басқарды және сол уақытта әскердің сол және оң бөліктеріне қолбасшы болды».
Зерттеушінің пайымдауынша дәл осы «туыстық қатынастардың маңызы зор болды, олар Хунну-дың жоғары мәртебелі тобындағы әрбір тұлғаның әлеуметтік жағдайы мен саяси рөлін анықтады» .
Белгілі қазақстандық тарихшы Б.Е. Көмековтың [41] пікірінше ежелгі түркі мемлекеттік ұйымының дәстүрлі әкімшілік-аумақтық құрылымы – қанаттар жүйесі – Қимақ қағанатын ұйымдастыруда көрініс тапты. Қағанаттың Шығыс қанаты Орта Ертісте орналасты және қағанның билігінде болды, ал батыс бөлігі араб авторы әл-Масуди (Хғ.) мәліметі бойынша Орал мен Ембі өзендері аралығы ябғудың (мамлака кимек-ябғу) басқаруында болды».
«Дуалдық» мәселесінің тарихи-жағрафиялық компонентіне өзінің еңбектерінде Т.И. Сұлтановта сілтеме жасайды [42]. «Алтын Ордада оның алғашқы билеушілерінен – Бату және оның інісі Берке – бастап екі резеденция жүйесі қалыптасты: Сарай қаласы (кейінірек Сарай әл-Джадид) елдің саяси өмірінің орталығы қызметін атқарды, Орда – ханның көшпелі резеденциясы, онда лауазым берілді, жарлық жарияланды және мемлекетті басқару ісі шоғырланған болатын». Бұл жерде автор әрбір орталықтың функционалдық ерекшелігін көрсетіп отыр. Осы жағдайды, бірақ Хазар қоғамы мысалында бізге америкалық ғалым А.М. Хазанов көрсетеді [43]: «... көшпелілер мен отырықшы халық арасында анық жағрафиялық арақашықтық сақталды. Хазардың билеуші элитасы, қағанның өзін де қосқанда , тек қана қысқы мезгілді мемлекеттің ірі екі қаласында – Итил және Семендерде өткізді, көктемде олар жаз – жайлауға тығып кетіп, онда келесі қысқа дейін қала беретін. Дәл осылайша Янгикент қаласы да қыста оғыз жабғуларының ордасы болып, жаз түскенде олар қала төсіне көшіп кететін. Қимақ хандарының да екі ордасы болды: қысқы және жазғы». Бұл арада біздің көретініміз, «дуалдық» маусымдық көші-қонға сәйкес екі нұсқада жүзеге асырылған және мұның өзі көшпелілердің өмір сүру салтымен тікелей байланысты болған.
Заманауи ресейлік зерттеуші Р.П. Храпачевский [44] «дуалдықтың» негізін моңғол империясының әскери ұйымдастырылуынан көреді. «Шыңғыс хан бірқатар өзгертулер мен жаңалықтар енгізді. Сырттай қарағанда көшпелілерге тән ондық жүйесін сақтады. Ханның қоластындағы көшпелілері үшін олар қанаттарға – сол (жоңғар), оң (барунғар) және орталық (кель) болып бөлінді және ханның ең жақын адамдарына бағынды. Шыңғыс хан бұны жаңа мазмұнын толықтырды – ондықтар, жүздіктер және мыңдықтарды қалыптастыру ескі рулық жасақтар негізінде емес, мемлекеттің жоғарғы билігінің шешімімен жүзеге асатын болды. Тағы бір ресейлік зерттеуші В.П. Костюковтың пайымдауынша [45]: «... Шыңғыс ханның ұлдарының үлесі төрт мың жауынгер (шамамен 90 мың адам) белгілі бір дәрежеде символикалық мәнде болды. Бұл бөлімін берілген ұлыстардың әкімшілік – тайпалық құрылымын анықтау үшін қажет болған еді. Кейінірек моңғол мемлекеттерінде бұндай құрылым универсалды сипат алды: Шыңғыс ханның ұрпағы емес Төрт Әмір ханның жанынан «мемлекеттік кеңес» құрып, этикалық негізде біріктірілген төрт ірі тұрғындар массивінің мүдделері үшін қызмет атқарды. Кейінгі авторлардың ақпараты бойынша Бату хан батыс жорығы аяқталғаннан соң өзінің бауырларына ұлыстарды үлестірген Шибанға омактар, көштілер, наймандар, қарлықтар мен бұйрықтар Тоқай-Темірге - минг, тархан, ушун және ойрат халықтары берілді. Батудың иелігін омақтар, қият, маңғыт, салдиут және қоңырат ұлыстары құрады». Бұл баршаға белгілі әскери-ұйымдық жүйені В.В. Трепавлов та қарастырған. Көшпелі қоғамдардың дамуын сараптай отырып, ол мынадай тұжырым жасайды: «әңгіме жүйеде кеңінен тараған қанаттар жүйесі туралы болып отыр. Қанаттар – хандықтың екі бөлігі, олар ұлыс әскерінің оң және сол жасақтары үшін жауынгерлер бөліп беріп отырған. Бұндай тәжірибе көшпелі империялардың барлығында дерлік орын алған» [46].
Осы концептуалдық бағытта қазақстандық зерттеуші К. Өскенбай [47] да ұстанады. «Номадтардың дәстүріне сәйкес қоғамдық басқару үшін әскери-әкімшілік тұрғыдан мемлекет қанаттар мен ұлыстарға бөлінді Моңғол империясының әскері мен тұрғындары қанаттар мен ұлыстарға бөлу бүкіл империяның әкімшілік-аумақтық негізін құрады» - деп тұжырымдайды автор.
Көшпелі қоғамдарда әлеуметтік-саяси ұйымдастырудағы «дуалдық» мәселесін анықтау негізінде заманауи тарих ғылымы жеткен жетістіктері туралы келесідей қорытындыға келеміз: зерттеушілер маңызды методологиялық мәселелерді алға қойып, проблеманың негізгі аспектілерін анықтады. Көшпелі қоғамдар «дуалдықтың» белгілі бір деңгейінен өтті және бұл үдеріс әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктері орын алды. Сондықтан көшпелі қоғамдардың эволюциясы мен дамуы контурларын анықтау үшін осы мәселеге арналған тарихи зерттеулердің объективтілігі арттыра түсу күн тәртібінде тұр. Тарихи білімді жетілдіру мақсатында ғылыми жұмыстарды талдап жасап тереңдете тұсу бүгінгі таңдағы негізгі талаптардың бірі болып табылады. Әртүрлі әдіснамалар мен тарихи парадигмалар жинағы көшпелі ортадағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің генезисін атап көрсетті. Тарихи ой-сананың бұдан арғы дамуы бізге көшпелі құрылымдарды зерттеудің жаңа бағыттары мен көкжиектерін атап, оның баламалы жолдарын іздестіруге мүмкіндіктер береді. Заманауи ой-сананың дамуы деңгейіне сәйкес көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-саяси жүйесінің қалыптасуы мен қызметі туралы мәнлелерді зерделеуде белгілі бір динамика бар екендігі даусыз. Бұл үдерістердің барлығы көшпелі қоғамдардың ұйымдық құрылымы мен басқару жүйесінде көрініс тапты. Ендігі мәселе көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-саяси трансформацииясы мәселелерін талдап жасау қажеттілігінде болса керек, сондай-ақ саяси институттар қалыптасуының табиғаты мен мәнін анықтау, көшпелілердің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді талдау қажеттілігі туындап отыр.
Заманауи зерттеу тәжірибиесі бағыттарының біріне тарихты «мифтендіру», оның этносаяси үдерістердегі рөл аспектілерін жатқызуға болады. Тарихты «мифтендіру», мәселесін қарастырғанда заманауи ғылым бірқатар негізгі үрдістерді айқындайды: 1. Этногенетикалық, идеологиялық және т.б. мифтер туралы сұрақтардыі негізгі шеңберін анықтау; 2. Тарихи мифтердің жалпы методологиялық тамырларын жіктеу және сараптау; Халықаралық (Германия, Франция ) антрополиялық институтының зерттеушісі Ф. Шварц [48] ескертеді: «Тарихи дерек символ және аңызға айналғанда ол тарихтың мифтік кеңістігіне кіреді. Сол кезде ол бізге өзінің халқы туралы хабарламасында бұл халықтың дүниетанымын, оның құндылықтары, түпкі мақсаттары туралы баяндайды. Тарихи оқиғаны зерделеген адам әрқашан-ақ оны мифтендіреді және соның нәтижесінде мифтендіру тарихы,үдерістеп басым түсіп жатады».
Этникалық бастаулары мен қалыптасуы және ұлттық құрамын анықтауда мифтің рөлі туралы Т.Эриксен, Д. Горович, Э. Рзелпс, Дж. Хоскинг [49] өз еңбектерінде атап өтеді. Олардың пікірінше этникалық адалдық сезімі жалпыға ортақ сезімдерді ояту тарих, мәдениет және символизм есебінен жүзеге асады. Ғылымның бүгінгісі туралы сараптама жасаған А.Я. Гуревич [50] «Заманауи тарих ғылымының дағдарысы туралы» мақаласында былай деп жазады: «Тарихи реконструкциялық (қайта құру) дегеніміз тарихшының құрылысы. Ол өзінің құрылғысын ғылыми тәжірибе мен әлемнің заманауи картинасынан қорытылған тарихи үдеріс туралы деректер хабарламасы мен өзіндік ой-толғамдарынан құрастырылады..Тарихшының зерттеушілік, шығармашылық белсенділігі «барды көрсету» және «мәліметтерді тіркеумен» аяқталмайды; оның алдына қойған проблемасы өткен уақытпен байланыс орнату мүмкіндігін береді, соның нәтижесінде тарихи дереккөзі де, тарихи факті де «жасалады».
Қазақстандық тарихи мектептің өкілі А.А. Ғалиев [51] өзінің « Түркітілдес халықтардың этносаяси үдерістері: тарих және оны мифтендіру» еңбегінде тарихты мифтендірудің теориялық проблемаларын қарастырады. Оның анықтауынша түркілер тарихының ерте кезеңдерінде жасалған этногенетикалық мифтер құрала бастаған. Этносаяси бірлестіктердің және олармен тығыз байланыстылығы белгілі бір әулеттердің билікке келуін негіздеу мақсатында қызмет атқарады. Автордың пікірі бойынша, заманауи тарихи зерттеулер арқылы біздер Орталық Азия тарихының ежелгі және ерте ортағасырлық кезеңдерінде орын алған маңызды оқиғалар туралы хабарлама бізге келіп жеткен этногенетикалық аңыздардан табамыз. Ежелгі тарихи кезеңде дүниетаным негізінде мифтің көмегімен ғана аталатын социокосмос моделі жатты. Ондай мифтер тіршіліктің пайда болуын,соның ішінде тіршіліктің компоненті болып табылатын этностың шығу тегіне түсіндіретін еді. Содан шынайы тарихи оқиғалар көрініс табылып, «мифтер күресі» орын алады.
Ежелгі түркілер заманындағы негізгі миф Оғыз қаған туралы миф болып табылады. Түркілердің мифтендірілген тарихи дамудың ерте кезеңдеріндегі басқа да этностарда сызықты этногенетикалық мифтер тұрпатында көрініс тапты.Олар этносаяси үдерістермен бірге олардың нәтижелерін бекемдеді.Автордың түйіндімесіне сәйкес «мифтендірілген тарихтың көрінісі этностреотип болып табылады».А.М.Хазановтың [52] «Көшпенділер және сыртқы әлем»монографиясында көшпелілер және олардың мәдениеті туралы теріс, жағымсыз стреотиптің қалыптсауына және мақсатына назар аударылған. Г.Е. Марков [53] дәстүрлі қоғамда ойдан шығарылған «шығу тегінің біртұтастығы» түсінігі шынайы қалыптасқан әскери-саяси, шаруашылық, этникалық және басқа да байланыстардың идеологиялық формасы екендігі туралы концептуалдық байламын алға тартты.
Заманауи Ресей зерттеушісі А.И. Селицкий [54]: «қуатты әскери антқа, киелі ілімдер жүйесіне, істен тәртіпке, салт-дәстүрге берік жасақтың барлық мүшелері «жыртқыш-жауынгерлерге айналдырылды» деген пікір айтады. Айта кететін жайт, бұл әскери бірлестіктер ,бір жағынан тайпалық ұйым қағидаларына қарсы әрекет етті, жасалған бейбіт келісімдерді бұзды, көршітайпаларды тонады, сондай-ақ олардың басшылары жергілікті тайпалық билікке қарсы шығып жатты.Бірақ, екінші жағынан, жасақлидерлері тайпалық бірлестіктің әскери көсеміне айналған кезде және қарама-қайшылықтар орынсыз болып қалыпты». Осыған байланысты философ М.К. Мамардашвилидің [55] пікірі өзіне назар аудартады: «Миф, салт-дәстүр және тағы басқалары философия мен ғылымнан айырмашылығы миф пен салт түсінікті және проблемасы жоқ әлем. Ал проблемалар мен түсініспеушіліктер басталғанда нағыз философия мен ғылым көрініс береді»
Л.И. Гумилев зерттеулерін ерекше атайтынымыз - ол халыққа түркілердің көшпелі «мәңгілік ел»ұғымының әлеуметтік-саяси мәні мен маңыздылығын анықтап беруінде болса керек. Автор Хунну державасының тәжірибесінен кейбір дәстүрлер жалғастығын көре білді. Ол Хунну державасындағы ру-тайпалық институттарды «рулық әулеттік империя» деп анықтады. Л.Н. Гумилев [39] Түрік қағанатына қатысты көзқарасында, Ашина билеушілері тұсындағы саяси ұйымның «жіпке тізгендей»анық, айқын болғанын алға тартады. Л.Н. Гумилевтің пікірі бойынша, Түрік қағанаты Ашина руы хандарының жаулап алу саясаты негізінде қалыптасты. Ашина жорықтарының нәтижесінде Еуразияның бүкіл далалық халықтары дерлік және отырықшы-егінші көрші аумақтары біріктірілді. Ежелгі түркілер «ел» атауымен өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрды. Түркі қағанатында таптарды қалыптастыру үдерісі аяқталмады және түркілердің әскери демократиялық тек алғашқы қауымдық қоғам кезеңіндегі бағындырылған тайпалар арасындағы қарама - қайшылықтар мемлекеттің ыдырауы мен құлауына алып келеді.
Батыс зерттеушісі П. Голден [9] жалғасқан дәстүрлер жүктемесін әзірледі, соның ішінде тайпаларға ерекше назар аударды: 1. Діни дәстүрлер (тәж кигізу рәсімі, қаған және бүкіл билеуші рудың тартушы күштермен киелі байланысы; держава қасиетті орталық түсінігі. 2. Саяси және әлеуметтік дәстүрлер (лауазымдар, мемлекетті шығыс бөлігінің басымдығын сақтай отырып екі бөлік-екі қанатқа бөлу; Орхон және Селенгі бойындағы қасиетті жерлерді иемдену) Билікте әкімшілік міндеттемелер орнаған және соңыра ұжымның белгілі бір бөлігімен бекітілгеннен кейін билік «полюстарының» тазалануы және күрделенуі жүргізілді. Әскери ақсүйектер (көсемдер мен аға жасақтыларға)қызметтің басқару сферасын иемденіп, рулық наным-сенімдерді сақтаушы танымдар биліктің идеологиялық өкілдері болып саналды. Көшпелі мемлекеттер ыдыраған кезде оларды құрайтын тайпалар мен рулар бар-жоғы қайта топтасып билеуші «әулеттік»басшылығымен немесе рулардың басшылығымен тыныс-тіршілігін мемлекеттік емес түрде жалғастыра берді. Олар мемлекетсіздік пен мемелекеттіліктің арасындағы белгілі бір нүктеге оралып, жаңа катализаторларды күтті. Дәл осы «дем беруші» оларды қайтадан мемлекеттіліккеитермелейтін елі. Тарих ғылымының үздік методологтарының бірі И.Н. Ионовтың [56] анықтауы бойынша: «Өркениеттің құндылықтарын бекемдеу үшін мәдениеттің мифологиялық моделдеріне жүгінуі, және осындай жағдайларда Платон, Ксенофонт, Т. Мор және Ф. Бэкон секілді ғұламалар жариялаған күшті утопиялар сияқты утопиялар жасалып, олар бірте-бірте бәсеңдеп, әлсізденді.
Дж. Флетчердің [8] методологиялық тәсілі белгілі дәрежеде қыығушылық туындатады. Оның пікірінше хан көшпелілерді бақылауда ұстаудың идеологиялық құралы ретінде Тәңірге сенімді арттыру болды. Тәңір - жеңіске жеткізетін бүкіл ғаламдық құдай, аттыға, отқа табыну секілді көсемдер мен билеушілерге қатысты әмбебап билік концепциясы. Тәңіршілдік бірқатары Иран мен Индияға қоныс аударған, ал басқалары далалық өлкелерде тұрақтап қалған ежелгі арийлерден бастау алады. Бүкіл ғаламдық жоғарғы құдай идеясы зерттеушінің пікірі бойынша жер бетіндегі әмбебап мүмкіндіктерді өзіне тоғыстырған жоғарғы күш және осы жоғарғы күш өзінің билігін орнықтыру үшін жалғыз басқарушыны тағайындайды жәнеоған тұтастай бағынуды тапсырды. Аталмыш зерттеу бағытын жалғасырған, М. Хазанов [21] тәңіршілдік концепциясы мен моңғол империясы билігінің идеологиялық негіздері көк аспаннан берілген, сондықтан ол мәңгілік және оған барша жұрт мойынсұнуы тиіс деп уағыздаған биліктің ұшар биігінде орналасқандар дейді.
Автордың анықтауы бойынша көшпелілерге дейінгі мемлекеттерде көк аспан қағандардың өз еліндегі билігін жақтасы, Моңғол империясы үшін көк аспан әлемдік билік орнату мүмкіндігін сыйлады. Түрік қағандары және мүмкін олардың алдындағы Сюнну өздерінің билігі құдайдан деген идеясын насихаттауы, бұл билікті берген көк аспанғана басқа ешкім емес, басқаларды басқару құқығы моңғолдарға аспаннан берілген деген идея барша жауланған халықтардың да, туған халқының да санасына сіңірілді. Дегенмен, түрік қағандары әлемнің төрт бөлігінде өмір сұретін халықтарды бағындырғандары туралы тас бетіндегі жазбаларда қалдырған, сөйтіп Еуразия даласын щарлаған көшпелілер алдында сіңірген еңбектері мен қызметтерін дәріптеген.
Зерттеушінің пікірі бойынша, Шыңғыс хан тек қана саяси емес, сонымен бірге діни инноватор бола білген. Оның билігі тұсында сондай-ақ оның алғашқы мұрагерлерінің билігі кезеңінде көк тәңірі концепциясы тек қана түркітілдес көшпелілерге тән болып қалмай, сонымен бірге алтайлық халықтарға да тән болған еді.Бұл наным моңғолдардың саяси жетістіктер арқасында өзінің одан әрі дамуы үдерісін отырықшы халықтардың әртүрлі діни ағымдарымен жалғастыра берді. Айталық, христиан, ислам,қытай халықтарының діни сенім-нанымдарымен танысу көк аспанға табынуды одан сайын дамыта түсті. Мұның өзі көшпелі қағандарға көп тамырлы және көп түрлі сипат бере бастады.
Заманауи зерттеушілердің пікірінше ең кұйтырқы стратегия-ол тарихсыздандыру стратегиясы болып саналады. Тарихсыздандыру стратегиясы арқылы «варварлардың» образы «өркениеттілік» идеясына қарсы қойылды. Дж. Космоның концептуалды қағидаты бойынша, «тайпалықтан жоғарғы тұрған лидердің» образы күллі образға айналдырылды, ал бұл өз кезегінде ханға «көк аспанның қорғауындағы тұлға» болып есептелуіне немесе «көк аспанның» өзі тағайындаған тұлға ретінде сезуіне мүмкіндік берді. Осындай образға кірген ханды сайлаған билеушілер жиналысы оны құдайдай көруге шақырды. Қасиеттілік бейнесі ерекше жағдайлар туындағанда «сақтаудағы идеология» қызметін атқарды. Кейбір зерттеушілердің көрсетуінше далалық көшпелілер құрған империялар олардан бұрынғы империяларда дамыған саяси легитимдеу институттарын, салт-дәстүрлерін формаларын сапалы түрде қабылдап алды.
Айталық, Ч. Гальперин [57] моңғол империясы мысалында әртүрлі ұлыстарда моңғолдар өздерін әрқалыпта ұстауын дәл көрсетеді. Жаулап алынған халықтардың өздері де моңғолдарды әрқалай қабылдады. Қытайда олар династиялар ауысуының классикалық схемасына сыйысып кетті. Оның себебі алдыңғы императордың көк аспан мандатын бұзушылығы болды. Нәтижесінде, моңғолдар ұлысы Юань династиясына өзгеріп кетті.
Иран мен Орта Азияда ауылдық және қалалық оазистермен іргелес жақсы жайылымдар болды. Осынау өмір сүруге және мал шаруашылығына қолайлы аумаққа моңғолдардың қызығушылығыжалғаса бастады. Ислам философиясы моңғолдарды көшпелі мемлекеттіліктің пайда болуы мен күйреуінің циклдық парадигмасы бойынша қабылдауы( Ибн Халдун) болды. Қуатты далалық империя құрушының өз халқының тайпалары мен көшпелілердің басқа этностарын байланыстыратын қолжетімді және өте маңызды екі құралы болды. Философ А. Жукова [58] өзінің «Орыс тарихы мен мәдениетінің мифологиялық қызығушылықтары туралы» мақаласында былай дейді: «Кез келген ұлттық мәдениет өзіндік қалпын негізінде қайсыбір миф жатқан тарихи аңыз формасында «есінде сақтайды». Миф қандай болмасын түрде қоғамдық және жеке-дара санада сақталады және тарих пен мәңгілік әлеміндегі адам болмысының толыққанды қортпасын жасап шығарады». Көшпелілердің діни санасы діни сенімнің негізін құрады,ал діни сенім болса өз кезегінде адамның дүниетанымының басты элементтерінің бірі болып табылады.
Тәңірге табыну мәдениет пен діни көзқарастар дамуының негізгі үрдстері қатарында қала берді. Тәңірге табыну ерте түрік мемлекеттік құрылымдарында жалғыз құдай дәрежесіне жеткен болатын. Бұның негізгі себебітүрік қағанатындағы билікті орталықтандыру үдерістерінің қарқын алуында болса керек. Жалпы тарихы, жаһандық ресурста оны Д.Е. Куббель [59] келесідей анықтайды: «Биліктің жекелеген түрлерінен маманданған қолданушылардың пайда болуы және оқшаулануы жалпы үрдіске айналды, дәл осы жағдайда олар әскери-әкімшілік және діни әдет-ғұрыптарды қолданушыларға бөлінді. Автор билік уағыздаушы (абыз) әскербасы және көсем. Аталған үрдістің пайда болу себебіне әлеуметтік құрылымдардың күрделенуі және бір басшының басқару функцияларын толыққанды атқару мүмкіндіктерінің болмауы жатады. Сонымен, билікті мамандандыру қоғамның дамуы мен құрылымдануы қарқындаған сайын тереңдей түсті. Бірақ, ерте әлеуметтік көшпелі әлемде бұл үдеріс бастала салысымен кедергіге ұшырайды».
Аталмыш үрдістің пайда болу себебін Ресейлік ғалым В.В. Трепавлов [60] әлеуметтік құрылымдардың күрделенуінен, бір басқарушының басқару функцияларын түгелдей игере алмауынан көреді. Бұл үдерісінің күрделі және көптүрлі сипатын зерттеуші атап көрсете алды. В.В.Трепавловтың пікірінше үдеріс бастапқыда қандас, руластар ұжымында орын алып мемлекетте аяқталған. В.В.Трепавловтың есептеуінше көшпелі қоғамда әскери ақсүйектерге (көсемдер мен аға жасақтарға) қызметтің әскери және басқару сферасы тән болса, рулық наным-сенімдерді сақтаушы мамандарға (абыздарға)идеологиялық өкілеттік берілді.
Америкалық зерттеуші Дж.Флетчердің [8] пайымдауынша қуатты далалық империяны жасаушы Шыңғыс ханға маңызды және ғасырлар сынынан өткен екі құрал өз халқы мен басқа көшпелілерді біріктіруге көмектесті. Олардың біріншісі құрылымдық құралдар болса, екіншісі- идеологиялық құралдар болған еді. Құрылымдық құралға әскери ұйымдастырудың ондық жүйесі жатқызылды, мұның өзін далалық билеушілер қайсыбір уақыт кезеңдерінде пайдаланып отырған, айталық әскери ұйымдастырудың ондық жүйесі Хунндар көпфедерациясы уақыттарынан бастап қолданылған. Дегенмен, ондық жүйее тайпалардың орнын басқан жоқ. Тіпті бұл құдіретті Шыңғыс ханның да қолынан келмеді. Тайпалар мен тайпалық көсемдердің өміршеңдігі жалғаса берді, дегенмен, ондықтарды үйымдастыру кезіндегі әскери басқару ісінде билеушінің тайпалық және ішкітайпалық арналарды айналып өту мүмкіндігі болды. Мұның өзі далалық билеушінің қолындағықуатты қару еді және оның билігін күшейте түсуге қосымша жағдайлар жасады.
Көшпелілерді жұмылдырудың құралдарын сараптай келе автор келесідей қорытынды жасайды: «Ханның бақылауын күшейтудің идеологиялық құралы жеңістерге жеткізетін бүкіләлемдік құдай - Тәңірге деген сенім еді. Тәңірге сенім отқа табыну және т.б. секілді көсемдер мен билеушілерге шексіз басқару мүмкіндігін берді және менің пайымдауынша, әмбебап билік пен ежелгі арийлерден келіп жатқан жалғыз құдай концепциясы далалық билеушілердің үстемдігін еселей түсті». Бірқатар зерттеушілер, соның ішінде Korwiz, Turan, Pallisent. Ronx, Sonders, Mori [61] секілді ғалымдар бүкіләлемдік құдіретті құдай идеясы жер бетінде біртұтас сфера жасау мүмкіндігін береді, сондықтан құдіретті құдай жер бетіндегі әмбебап сфераға жалғыз билеушіні тағайындау арқылы өзінің құдіретті күшін паш ете алады»деген тұжырымды жүзеге асырудың ықтимал мүмкіндігі болды деп есептейді. Моңғолдық автор Д. Дашпурев [62] көшпелілердің дәстүрлі әлеуметтік–экономикалық және әлеуметтік-психологиялық қатынастарыыы қағидаларын сараптай келе мынадай қорытынды жасайды: «Моральдық дәстүрлерге психологиялық ұстанымдарға және діни – дүниетанымдық ұғымдарға негізделген көшпелілердің қоғамдық қатынастары көшпелі өндірістің ерекшеліктерімен анықталады».
Заманауи авторлардың (А.М.Хазанов және т.б.) пікірінше түрік қағандары және мүмкін олардан бұрынғы Сюнну өз билігінің құдайдан екендігі идеясын, халық пен патшалықты басқару көк аспанның жарлықтарында бүкіл әлемге билік жүргізу туралы көк аспаннан түскен жарлыққа сенім ешқашан болған емес. Дегенмен түрік қағандары « дүниенің төрт бұрышын мекендеген барша халықты бағындырдық» деген пайымдауларды болғаны рас, бірақ бұны айтқанда олар Еуразия кеңістігіндегі көшпелілер туралы айтты, сөйтіп өздері қол жеткізген жеңістерін дәріптеді.
Шыңғыс хан тек қана саяси жаңашыл емес, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде діни жаңашыл болуы да әбден мүмкін. Оның билгі тұсында және оның алғашқы мұрагерлерінің билігі кезеңінде түркітілдес көшпелілер және Алтай халықтары дініне тән көк тәңірі концепциясы толықтай алғанда одан әрі дами түсті. Дегенмен, А.М.Хазановтың [63] пайымдауынша көшпелілерде әмбебап діннің пайда болуы үшін маңызды алғышарт болған жоқ. Ол қоғамның идеологиясы үшін трансцептуалды (шектен шыққан) және кәдуілгі тәлім-тәрбие арасындағы қайшылықтардың деңгейі: әлсіз, төмен сипатта болды». Әлеуметтік жағынан олар барынша біртекті ұқсас болған еді. Көшпелілер басқалар жасаған дінді қабылдаған және таратқан еді, және олар мұның өзін саяси себептерге байланысты пайдаланып отырған» деген қорытынды жасайды зерттеуші.
Ресей зерттеушісі С.А. Васютиннің [23] тарихи парадимасы бойынша биліктің маңызды атрибуты қасиетті саналатын көптеген саяси жоралары мен рәсімдер болып табылады. Көшпелі лидерлердің саяси, әскери және діни іс-әрекеттерінің бір-бірінен оқшауланып, бөлектенбегенін ескерсек, онда билеушілердің ритуалды – сиқырлы іс-әркеттері билік пен көшпелілер арасындағы байланыс арналарының бірі болуы мүмкін, сондай-ақ мұндай салт жоралары билеушінің мәрттебесін күшейтудің тағы бір әдісі болуы да әбден мүмкні. Т.Д. Скрынникова [64], салт жораларының екі типін көрсетеді: орнықтыратын сипаттағы (бастау салттары) және кемшіліктерді түзету салт-жоралары. Билеуші әрдайым таққа отыруға, жаңа жылға, жазға, күзге т.с.с. көк аспанға табынуға, елді мекендердің иесі болып саналатын әруақтарға дұға жасауға, тауға құрмет көрсетуге, отқа табынуға жалпы ата-бабаға қатысты, салт жораларына арналған іс - шараларды өткізіп отырған. Автор салт жораларының орнықтырушы, тұрақтандандырушы сипатына назар аудартады. Оның пікірінше, салт жоралары жаңа тәртіпке бастайтын жасампаздықтың символикалық акті болып табылады. Көшпелі қоғамда қадір - қасиеті зор абыз – әулиелердің халықты сендіріп, көндірудегі рөлі ерекше болды. Және бұл факт дейді Т.Д.Скрынникова абыз – әулиелердің «мысы» жер бетінде, адамдар арасында оның өлімінен кейін де қала береді, абыздардың қасиеттері әртүрлі заттар мен салт жоралары атрибуттарында сақталып қалады, халық оларға тәу етеді.
Көшпелілер қоғамының статикалық (қимылсыз) сипаты жөніндегі пікірден олардың ерекше дамуы жолдары және көшпелілерде мемлекеттік құрылымның пайда болуына көршілес отырықшы –егінші халықтардың әсері туралы пікірлер болды, көшпелі қоғамдарға қатысты әлеуметтік –идеологиялық үдеріске байланысты көзқарастар эволюциясы орын алды. Айталық, Г.Е.Марков [28] еуроцентристік қағидат негізінде көшпелі бірлестіктердегі қоғамдық және әскери құрылымдардың қалыптасуы мен дамуы мәселелерін зерделеді. Ол өзінің басты назарын мүліктік айырмашылықтары үдерісі негізіндегі үстемдік етуші – әскери және тайпалық жетекшілердің ерекшеленіп шығуына аударады.
Этносаяси және этномәдени өзара әрекеттесуі үдерістерінің көпқатпарлығы мен көптүрлілігі көшпелі тайпалардың әскери орталықтануына көшпелі империялардың пайда болуына әкелді. Көшпелі империялар үшін ең басты проблема – берік экономикалық базаның жоқ болуы – бұл саяси құрылымдардың өміршеңдігін кемітіп, ғұмырын қысқартты. Орталық биліктің әлсізденуі көшпелі империяның ыдырауы үдерісін бастады, әскери –әкімшілік жүйеқарекетін тоқтатты, күйреуі мен құлауы қысқа уақыт еншісінде қалды. Осы тәріздес көзқарастарлы С.А. Плетнева [65] да айтқан болатын. Оның пайымдауынша көшпелі қоғамда мемлекеттің пайда болуы мүмкіндігі олардың отырықшы болуына байланысты.
Бірақ, бұл арада мемлекеттің пайда болуы қоғам дамуының ішкі себептерінен байланысты екенін ұмытпау қажет, себебі бұл институтта сырттан әкеліп орнықтыру мүмкіндігі тек жергілікті тұрғындарды толық ассимиляциялық және олардың мәдениетін «жою» жағдайында ғана туындайтын анық. Егер отырықшы халықтар үшін анықталған мемлекет құру критерийлерін қолданатын болсақ, онда тікелей айту керек-көшпелілер мемлекеттік деңгейге көтеріле алмайды.
Заманауи тарих ғылымында жүріп жатқан пікір-таластар мен қарама-қайшылықты қорытындылар көшпелі қоғамның әлеуметтік – идеологиялық сферасының мәні мен өзгерістерінің табиғатын түсіну үшін логикалық құралдардың жетіспеушілігі қолданыстағы әдіс-тәсілдердің теориялық- методологиялық деңгейін көрсетсе керек. Тарих ғылымының дамуы көшпелі қоғамның мәні мен табиғатын түсіну үшін логикалық құралдардың тапшылығын көрсетеді де сараптаудың жүйелі әдістерін қолдануды талап етеді. «Орталық Азия –көшпелі –отырықшы континуум (үздіксіздік) болып табылады. Бұл аумақта өздерінің мәні бойынша екі бөлік әлем –көшпелі және отырықшы әлем мәдениеттерінің шиеленіс –диалог үдерісі және тұрақты түрде жүрген және жалғасын тапқан. Бұл қорытындыны заманауи тарихнамалық зерттеулердің жинақталған қорытындысы деуге болады.
Ғылыми методология мен тарих ғылымының дамуы үрдістерімен санасатын жағдайда заманауи ғылыми білімнің дамуы мүмкін емес екендігін көптеген зерттеулер айқындап берді. Тарихи ой-сананың одан әрі дамуы бізге көшпелі құрылымдардың күрделенуі, бөлшектенуі үдерістерін зерделеудің жаңа бағыттарын анықтап, зерттеу көкжиектерін және оның баламалы жолдарын анықтауға көмектесуі методологиялық әдістердің көптүрлілігі жағдайында да жоғарыда аталған авторлардың ешқайсысы да көшпелі және қала мәдениеттерінің өзара симбиозын, өзара кірігуін терістемейді.
Заманауи тарих ғылымында жүріп жатқан пікірталастар мен қарама-қайшылықты қорытындылар қолданыстығы теориялық- методологиялық тәсілдердің деңгейін айқындайды, сонымен бірге отырықшы –егінші және көшпелі жүйелердің мәні мен өзара арақатынастардың табиғатын түсіну үшін логикалық қисынды құралдардың тапшылығын көрсетеді. Бүгінгі таңда көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-саяси және идеологиялық трансформациясының концептуалды проблемаларын одан әрі іздестіріп, талдап жасау екі мәдениетті синтездеу негізінде саяси институттардың табиғаты мен мән-мағынасын анықтауға үлкен қажеттілігін туындап отыр.
Көшпелі қоғамда дамуының өзіндік ерекшеліктері бұл мәселе бойынша пікірталас туындататын бірқатар сұрақтарды ылғи қойып отыр. Олар: «көшпелі мәдениетті» егіншілік өркениетке балама түрінде қарастыру және Орталық Азия аумағындағы көшпелі бірлестіктердің этнотарихи, әлеуметтік-мәдени өзара іс-қимылдарын зерделеу. Аталмыш проблеманы ретроспективті сараптау көрсеткендей, бұл мәселені зерделеу үшін көшпелі құрылымдар мен отырықшы –егінші аумақтардың әлеуметтік мәселесін қарастыру. Көшпелі қоғамның әлеуметтік-идеологиялық трансформациясы дегеніміз күрделі және ішкі құрылымданған жүйе болып табылады.сондықтан, бұл жүйе зертеушліре алдына күрделі де кешінді өзара қатынастарды зерделеу мен қайта құру мәселесін қояды.
Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде Орталық Азия аумағындағы діни көзқарастар мен дәстүрлердің трансформациялық проблемасының әлеуметтік – мәдени өлшемдерін мәдениеттер арасындағы диалог арқылы инновациялық тәсілдер негізінде зерделеу перспективті бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда өркениет дамуының тарихи перспективаларын кеңінен және тереңдете анықтау бағытында бірқатар талпыныстар жасалуда. Тарих ғылымының дамуының ағымдағы кезеңінде көшпелі және отырықшы өркениеттердің әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара іс–қимылдары проблемалары басым бағыттарының бірі болып табылады. Тарихшылар өздерінің зерттеулерінде көтеріп жатқан негізгі проблемалардың ішінде келесі мәселелерді ерекше атап өту қажет. Олар: 1. Көшпелі және отырықшы –егіншілік мәдениеттердің антогенезі немесе өзара әсер етуі. 2.Көшпелілер өміріндегі қала мәдениеттерінің рөлі мен маңыздылығы. Тарих ғылымында «мәдениет», «өркениет» түсініктері төңірегінде жиі пікірталастар болып тұрады. Зертетушілердің бұл түсініктер бойынша қорытындылары мынадай: «Өркениет түсінігі ғылыми айналымға «мәдениет» терминінен кейін кірді, сондықтан олар көбінесе бір мазмұнда пайдаланылып жүрген жайы бар, яғни өзара арақатынаста. Ф. Бэгби: «Өркениет - бұл қалалардан табылатын мәдениет» дейді. Өркениеттік теория қалаларды өркениеттің алғышарты және өркениеттің негізгі құрамдас бөлігі деген түсіндірме береді. О. Шпенглер [66] бойынша қалаларда бірінші кезекте олардың рухы «жаны» болуы арқылы қарастырады және тек қана қосымша көрсеткіштер ретінде халық саны қалааралық байланыстарды қарастырады.
«Өркениеттің екінші критериі ретінде ішкі және сыртқы бөліністер есептеледі, яғни саяси–әскери өзара іс-әрекеттер екінші критерий болып табылады. Еуразияның көшпелілері мен отырықшы –егінші тұрғындарының өзара іс-қимылдарының әлеуметтік-мәдени проблемаларын зерделеуде бірқатар шешімін күткен мәселелер бар. Әрбір зерттеуші өзінің бағалау нюансы деңгейі, зерттеуге даярлық деңгейі биігінен көрінеді, және мұның өзі отырықшы–егінші өркениет пен көшпелі халықтардың саяси,әлеуметтік және мәдени өзара іс-қимылдары проблемаларының тарихи идеялары эволюциясын қарстыруға мүмкіндік береді.
Америкалық тарихшы У.Джонс [67] келесідей көрсетеді: «Алғаш рет Киыр Шығыста туындаған өркениетті қоғам басқаларымен қатар өмір сүрді, және басқа қоғамдар одан өзінің әлеуметтік ұйымдастырылуымен және мәдениеті дамуы деңгейімен ерекшеленді. Бұл «басқа» қоғамдарды өркениетті адам «варварлық» қоғам, ал халықтарын – «варварлар» деп атады. Бір жағынан мәдениет дифференцияциясы кезеңдерінде егіншілік қоғамдар, қалалар, жер суландыру техникасы, монументалды архитектура мен жазу пайда болды, екінші жағынан малшылықты кейбір кездерде егіншілікпен біріктірген, бірақ, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан және көшпелі өмір салтын ұстанған аңшылар мен малшылар қоғамдастығы өмір сүрді. Таяу Шығыста скифтер мен түрікттерлі, Шығыс Азияда арийлер мен хуннулардың, Еуропада кельттер, германдықтар атты көшпелілерге теңеп «варварлар» қатарына жатқызды. Дегенмен, «варварлық» қоғамдардың жалпыға бірдей белгісі олардың толық немесе жартылай мал шаруашылығы экономикасына жататындығына қарамастан «варвар» дегеннің өзі институтында «тарихи шындық» емес, мифтік образ «мифтендірілген» бейне болды.
Ресейлік автор Б.Н. Орлованың [68] пікірінше, өркениет–бұл табиғи-кеңістік ортамен тығыз байланыстағы халықты суперэтникалық жүйе. Заманауи зерттеушілер үшін өркениет түсінігі көптеген қоғамдардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін, методологиялық тұрғыда адамзаттың мәдени-тарихи дамуын анықтайтын ұғым болып табыл ады. А.М.Хазанов [43] тарихи болмыстың моделдеу қағидасын ұсынды. Бұл методологиялық тәсіл негізінде қалалар мен көшпелі қоғамның қатар өмір сүруі мен өзара іс-әрекеттерінің негізгі моделдері жасалады:
1. Сауда және отырықшы елдердегі қалалармен діни және мәдени т.б. неше түрлі байланыстарды қолдау;
2. Бұл лидерді жаулап алу немесе белгілі бір отырықшы аумаққа бақылау орнату, ал болса өз кезегінде қалаларды жаулап алушыылардың экономикалық, әкімшілік, мәдени және т.б. қажеттіліктері үшін пайдалану;
3. Көшпелі мемлекеттерде өзіндік қалалық сектор құру;
Ғалымның пайымдауы бойынша отырықшы мемлекеттер көшпелілермен сауда-саттыққа сыртқы саясаттың құралы ретінде, экономикалық қысымның тетігі ретінде қарастырылып отырған.
А.М. Хазанов жаулап алу моделінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Бірінші нұсқада көшпелілер негізінен бағындырылған отырықшы аумақтар мен онда орналасады, және бағындырылған қалаларға бақылау күшейтумен шектеледі. Екінші нұсқа көшпелілерді түгелдей немесе олардың бір бөлігін жаулап алынған отырықшы елдердің аумағына көшірумен байланысты болады. Бірінші нұсқада көшпелілер мен отырықшы тұрғындардың арасында айқын географиялық шектеулер қойылады. Осынау күрделі үдерістің барлық жағдайларын сараптай келе зерттеуші былайша анықтайды [43]: «Көшпелілерді қалаларға қоныстандыру үзілісті, тұрақсыз болды.Көптеген көшпелі жаулап алушылар үшін отырықшы өмір салты мен дамыған қалалық тіршілікке мойынсұну онай болған жоқ, ақсүйектер әулеті және оларға жақын топтар жартылай көшпелі қмір салтын ұстануды жалғастыра берді. Бұндай деректі басқа тарихшылар назардан тыс қалдыра қойған жоқ, ауқатты малшылар, әсіресе ақсүйектер кез келген формада өздерінің «атты адам»әлеуметтік мәртебесін қоолдап, қорғап жүрді.
Қарастырылып отырған моделдің екінші нұсқасы «отырықшы елдерді жаулап алғаннан кейін көшпелі династиялар және олардың туыстары бірте-бірте жауланған қоғамдардың құрылымдарына интеграциялана бастады, қалаларға қоныстанып, «көшпелілермен байланыстарын жоғалтты» деген қорытындыға келеді.
Аталмыш қорытынды зерттеушіні кеңестік кезеңнің белгілі тарихшысы Г.А. Федоров - Давыдовтың [69] пікірімен ұқсастығы, Федоров - Давыдовтың Алтын Орда қалалары мен даласының өзара қарым-қатынастарын қоғам дамуындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер көріністерімен байланыстары зерттеуінен байқалады. Федеров - Давыдов көшпелі ақсүйектердің рөлін жоғары бағалады, оның пікірі бойынша ақсүйектер және олардың жақындары қалалардың, қолөнердің және сауданың дамуына зор үлес қосты. Дегенмен, бұл зерттеушілерді жинақтаған қорытындылары түпкі нәтижеде өз беттерімен кетеді. Федеров - Давыдов көшпелі қоғамды дамытудағы ақсүйектердің жасампаздық, позитивті рөліне назар аударса, А.М. Хазанов көшпелілердің қалаларды салу мен олардың гүлденуіне қосқан үлесін шектеп тастайды. «Біріншіден, дейді А.М. Хазанов, көшпелілердің барлығы бірдей қала салуға қатысқан жоқ, екіншіден, қалаларды салып, қоныстанғандар үшінде көшпелілердің үлесі тым аз болды. Қалалар салудағы көшпелілердің рөлі қолдау мен қаржыландыруға байланысты болған. Далалық аймақтардабой көтерген қалалардың пайда болуында кездейсоқтық факторы орын алды, қалалар көбінесе билеушінің саналы саясаты негізінде тұрғызылды» .
Г.Е. Марковтың [28] да пікірі көшпелілер мен қала мәдениетінің өзара іс-әрекеті пассивті және тұтынушылық сипатта болды дегенге саяды. «Моңғолдар мен жаулап алынған ааумақтарда әскери команда беру мен басқаруда жүзеге асыратын орталықтандырылған билік аппараты құрылды. Бұл дәстүрлік көшпелі салт белгілері және элементтерімен қатар көршілес егінші халықтардың да мемлекеттік ұйымдастыру тәжірибесін пайдаланды». Ғалымдардың пайымдауы бойынша, көшпелілердің одан әрі бөлшектенуі мен теңсіздіктің пайда болуы үдерісінде қала ерекше рөл атқарды. Көшпелілердегі мүліктік теңсіздік оларды мемлекеттілік болғанда немесе олардың өздері отырықшы мемлекеттің құрамына енгізілгенде айрықша белең аллды. Мұндай жағдайларда мемлекет меншікке кепіл ретінде көрінеді де қайта бөлу механизмдерінің әрекетін әлсіздендіреді. Көшпелі қоғамның ерекше белгілері соларға қатысты түйінді мәселелер шеңберін анықтады: Көшпеліліктің пайда болуы және оның баламалары, көшпелілерде мемлекеттіліктің болуы, көшпелі мемлекеттіліктің дуалдығы «көшпелі мәдениетті»отырықшы-егінші ұйымдастыруға қарсы қою. Көшпелілердің діни көзқарастарының трансформациясы мен өзгерістері.
Ресейлік зерттеушілер Д.М.Бондаренко, Л.Е.Гринин, А.В.Коротаев көшпелілер бірлестіктеріндегі әлеуметтік–саяси және идеологиялық өзгерістерді зерделеу барысында бірқатар проблемаларды белгіледі. Солардың ішінде қайсыбір қоғамдағы жүзеге асуы тарихи-мәдени және географиялық жағдайларға байлансты әлеуметтік-саяси эволюция моделдерін атап көрсету проблемасы анық байқалады.
Сонымен, отырықшы–егінші және көшпелі екі жүйенің синтезденуі дамуының күрделі және бір сипатты емес болуы билік институттары мен билік жүргізуді сараптаудың жүйелілік қағидаларын қолданудың перспективалы екенін көрсетеді. Көшпелі қоғамның әлеуметтік жүйесі және оның трансформациясы үдерісінің ерекшеліктері , сондай-ақ көшпелілердің қалалық оазистерімен әлеуметтік- мәдени өзара іс-қимылдары , әлеуметтік, саяси және мәдени-рухани сфераларының күшеюі мен синтезі үдерістері негіздеу қажет. Жаңа зерттеу тәсілдерін, ғылыми парадигмалар мен концепцияларда жан-жақты іздестіру үдерісінің жандануы заманауи тарих ғылымында орын алған оңды құбылыстардың бірі болып табылады.
Қазіргі тарихнамалық жағдай екі негізгі бағыт төңірегінде топтасқан жайы бар. Бірінші, көшпелі қоғамдастықтың эволюциясы көшпелілер мен салыстырғанда жоғары ұйымдасқан аграрлық-урбанистикалық, қоғамдармен ұдайы байланыс жағдайында жүрді және екінші иерархиялық және мәдени жағынан күрделі жоғары деңгейді қамтамасыздандырған баламалы эволюциялық бағыт болды, бірақ бюракраттық қоғамның пайда болуына байланысы жоқ еді. Еуроцентристік теориялар көшпелі қоғамның эволюциясы мәжбүрлі дербестігі жоқ сипатта болды деген анықтамаға басымдық береді.
Америкалық антрополог Т. Барфилд көшпелілер мемлекеттілікті егіншілерден үйренді, солардың көшірмесін пайдаланды деген пайымдамаларды терістейді де далалық қоғамның орталықтандырылуы дәредесі отырықшы-егінші қоғамның саяси интеграциясы деңгейімен тікелей байланысты екенін көрсетіп берлі. С.А. Плетнева көшпелі қоғамдастықта орын алған жағдайларды сараптай келе көшпелі қоғамда мемлекеттің пайда болуы үдерісі қоғамның ішкі дамуы себептері негізінде жүзеге асатынын байқамайды, ұмыт қалдырады, ал бұл институтта сырттан күштеп енгізу байырғы тұрғындарды толық ассимиляциялау және оның мәдениетін жойып жібергенде ғана мүмкіндік болады. Бұл тарихи парадигма Ресейлік автор С.Г. Кляшторныйдың [35] еңбектерінен көрінеді: «Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің байқамайды, ұмыт қалдырады, ал бұл институтта сырттан күштеп енгізу байырғы тұрғындарды толық ассимиляциялау және оның мәдениетін жойып жібергенде ғана мүмкіндік болады. Ежелгі тайпалық қағандықтарының генезінің ең маңызды факторы әлеуметтік жағынан бөлшектенген урбанизацияланған өркениеттің тікелей немесе жанама түрде ықпалы болса керек. И. Далайдың пайымдауынша, мемлекеттік – біртұтастық идеясы, тіпті хунндар дәуірінде пайда болған. Мәңгілік аспан идеясы да Хунну империясы кезеңінде мемлекеттілік концепциясының маңызды бөлігін құраған. Бұл идея кейін көшпелілер құрған мемлекеттерде жалғасып және өзінің мейлінше даму дәрежесіне Ұлы Моңғол мемлекеті тұсында жеткен. Мәңгілік аспан идеясы моңғол көшпелілері мемлекеттілігінің классикалық дәстүрлері негізінің бірі болған. Сол уақыттардан бастап моңғол көшпелілері қағанды «Аспан» тағайындаған тұлға ретінде қарастырған және мұның өзі мемлекеттік дәстүрдің идеологиялық компоненті қызметін атқарған болатын.
С.Г. Кляшторныйдың зерттеулерінде [70] ежелгі түрік өркениетінің империялық дәстүрлері мен қалыптасуы тарихының проблемалары қозғалған. Оның анықтауы бойынша өркениетке тән белгілер (ең алдымен жеткілікті деңгейде дамыған жазу және бұл жазуда таңбаланған тарихи жад) Түрік елін құрудың тікелей салдары болып табылады. Біз, Түрік қағанаты немесе Түрік империясы атап жүрген мемлекетті - Түрік мемлекетін, олардың өздері «Түрік елі» деп атаған.
Орталық Азия империяларының пайда болуы динамикасы- олардың барлығын көшпелілер құрған болатын – бір қарағанда анық та, жеңіл де, оңай да, көрінеді. Көшпелілердің алғашқы жаулап алу ипульстарының өзі жайылымдық аумақтарда кеңейтуге ғана емес, сонымен бірге бөтен, өзгеше шаруашылық-мәдени дәстүрлері бар елдерді бағындыруға бағытталды. Далалық тайпалар бір көсем, бір ру, бір әулет билігі төңірегіне топтасты. Билікке таласқан тайпаларды өзіне бағындырып алған басқыншы шаруашылық іс-әрекеті көптүрлі типтегі елдер мен халықтарды өзіне тәуелділікте ұстауға ұмтылды және жауланған елдердің көпшілігінде дамыған мемлееттілік болды. Тәуелділікті жүзеге асыру үдерісі басқыншыға тікелей бағыну немесе шартты түрде белгіленген алым-салық төлеу формасында жүргізілді. Мінеки, дәл осы кезеңнен бастап көшпелілер құрған мемлекет империяға айнала бастады.
Н.Н. Крадин көшпелі қоғам дамуының саяси және әлеуметтік-мәдени табиғаты туралы зерттеуінде көшпелілер бастапқыда өздерінің жеке мемлекеттілігін қажетсінген жоқ. Н.Н. Крадиннің [71] концепциясы бойынша көшпелілер мемлекеттілігінің туындауына олардың ұйымдастырылу деңгейі жоғары егінші және қалалық қоғамдармен ұзақ уақыт бойына белсенді байланыста болуы әсер етті.Бұл концептуалды байламның оппоненті Е.Н. Кычанов болды. Е.Н. Кычановтың [72] пікірінше, ішкі дамуының нәтижесі болып табылады. Көшпелі қоғамдардың мемлекеттілігі әлеуметтік - таптық бөлініс пен қоғамдағы кқптүрлі қарама-қайшылықтардың жемісі болып табылады. Өзінің зерттеу жұмысында автор көшпелі халықтардың дамуға деңгейі проблемаларын көшпелілерде таптық қоғам белгілері болды деген қағида негізінде қарастырады. Ал. таптық қоғам да мүліктік және таптық жіктелу орын алады және мұның өзі көшпелі мемлекеттің пайда болуына әкеледі.
А.М. Хазанов өз кезегінде Е.И.Кычановтың пайымдауларына сыни көзқарасын жасырмайды. Оныі ойынша қалалар көшпелі ортаның өзінде де пайда болған. «Қалалар кез келген көшпелі қағандарлың сөзсіз атрибуты болып табылады», автордың пікірі бойынша, «барлық көшпелілер мен жартылай көшпелілер қалалар тұрғызған. Ғұндардың, үйсіндердің, сяньбийліктердің, жуанжуандардың, ұйғырлардың, моңғолдардың қалалары болған» [63]. Осы тәрізді сынға С.А. Плетневаның көзқарастары ұшырайды. С.А. Плетневаның «көшпелілердің барлығында дерлік седентаризациялық (отырықшылық) үдерістері дами түсіп феодалдық бекіністер пайда болды да солардың айналасында далалық қалалар бой көтере бастады» , «қаласы жоқ, ерте мемлекеттілік құрылымдар туралы ақпарат өте сирек, ал мемлекеттілікке дейінгі қоғамдарда қалалар болған деген шынайы ақпараттың бірде-бірін кездестіре де, таба да алмаймыз. Көшпелі қоғамдастықтар дәл осндай жағдайдын тыс қалған жоқ. Ол ол ма көшпелі экономиканың бейавтаркиялық ( өзін өзі қамти алмайтын) және көші-қонға бейімделген сипатын егіншілік пен қолөнер өнімдері толықтыруды қажет етеді. Ал егіншідік пен қолөнері отырықшылықты қалады. Қолөнер өндірісінің дамуы қалалық жағдайда ғана мүмкін еді» [65].
Ғылыми әдіснама мен концептуалдық қорытындылардың салыстырмалы-тарихи сараптамасы тарихи идеялардың эволюциясын көрсетеді. Ал, мұның өзі ішкі пікірталас арқылы тарих ғылымының өзін дамыта түседі. Бұл әдіс-тәсілдердің методологиялық парадигмасы көшпелілердің саяси ұйымдастырылған және әлеуметтік- мәдени дамуға толыққанды атсалысқандығын терістейді. Көшпелі бірлестіктерге екінші дәрежеде қабылдаушы рөл ғана беріледі.
Жоғарыдағы тарихи – концептуалдық парадигмалардан байқайтынымыз, көшпелілер мен қала мәдениеттерінің әлеуметтік-саяси өзара іс-әрекеттері проблемасын зерделеуде өз шешімін күткен бірқатар мәселелер бар екені белгілі болып отыр. Әрбір зерттеуші өзінің сараптамасы негізінде қорытындылар жасайды. Дегенмен, жоғарыда аталған авторлардың ешқайсысы да Орталық Азия кеңістігінде қатар тіршілік еткен көшпелі және отырықшы-егінші мәдениеттердің симбиозы(өзара кіріккен)үдерісін, өзара байланыстылығы мен синтезін терістемейді. Көшпелілердің саяси бірлестіктерінің тарихы болып табылады. Көшпелі бірлестіктер мен отырықшы-егінші халықтардың әлеуметтік өлшемдігі этномәдени және этносаяси өзара іс-әрекеттерін сраптау-заманауи ғылымда қабылданған жаңа дәстүрлі тәсілдерден оқшау сараптама болып табылады.
Тарихнамалық зерттеулерді ранқа салып зерделеу көрсеткендей рухани және діни мәдениет жиынтығына діни-философиялық идеяллар мен ұғымдар, идеалдар мен ілімдер, космогоникалық білімдер, салт-дәстүүрлер, табынушылқ, өнер, жазу және т.б. компоненттер жатқызылады. Даму және діни дәстүрлерді тарату проблемаларын жан-жақты зерделеу Еуразия кеңістігіндегі өркениетті зерттеудің ажырамас бөлігі болып табылады және мұның өзі тарихи дәуірді зерделеудің заманауи және перспективті әдіснама болса керек. Кеңестік тарихнама мектебінің өкілі Л.Р. Кызласов [73] өзінің ғылыми еңбектерінде алғашқылардың бірі болып келесі үрдісті байқаған: «XIII ғ. Моңғол ақсүйектерінің ортасында жаулап алынған елдердің бағындырылған қалалары мен тұрғындарын толық жоюды қолдаған едәуір топтар болғаны мәлім. Олар бұндай қадамды қарсыластарын қорқытыпүркіту үшін және бұдан былайғы уақытта ешқандай қарсылық көрсетпестей ету үшін жасауға үндеген болатын. Ал, енді сол ақсүйектердің басқа бір бөлігі өздерінің және жаулап алынған аумақтарда ескі қалаларды сақтап қалуға және жаңа қалаларды салуға, сауда-саттық пен пошта қызметін дамытуға шақырған болатын». Ғалым бұл арадасалыстырмалы-тарихи сараптамаға сүйенеді, тарихи - географиялық әдісті қолданады, сөйтіп моңғолдардың өз саясатын жүзеге асырудың одан арғы механизмдерін көрсетеді. Мысалы, Шыңғыс ханның тірі кезіндегі моңғол әскерінің барлық жорықтары тұсында жолдар салынғанымен, таулы қыраттардың жайғастырылғанынан, өзендеріне көпір тартылғанынан және өткелдер жасалғанына назар аударады. Кеңестік мектептің тағы бір өкілі Н.Ц. Мункуев [74] тарихи-салыстырмалы әдістің теориялық-методолгиялық негізіне сүйене отырып, бұл екі үрдістің XIII-XIV ғғ. Моңғол қоғамының жоғарғы сатыларында орын алған себепті-салдарын байланысын көрсетеді.
Зерттеушінің пікірі бойынша бұл байланыс бағындырылған елдерге қатысты екі қарама-қарсы саяси үрдіс сипаты болды. Бірінші үрдсті көшпелі моңғол ақсүйектерінің көпшілігі қолдады. Бұлар Н.П. Петрушевскийдің [75] айтуы бойынша, «моңғолдардың ежелгі көшпелі дәстүрлерін сақтаушылар, жартылай патриархалды, жартылай феодалдық қоғамдық құрылысты жақтаушылар, шаруашылық жүргізудің артта қалған формаларын қорғаушылар, отырықшы өмір мен егіншіліктің қас жаулары». Екінші үрдісті моңғол ақсүйектерінің шағын тобы мен Ұлы Ханға қызмет көрсетуші жерглікті азаматтық бюракратия жақтады. Бұл бағытты ұстанушылар бағындырылған елдердің соғыс барысында қиратылған өндіргіш күштерін қалпына келтіруді, қалалар мен сауда-саттыққа жәрдемдесуді, салықтардың мөлшерін нақты анықтауды, хан қазынасына басқа да түсімдерді дұрыс есептеуді, империядағы орталық хан билігін күшейтуді көздеді».
Заманауи зерттеуші Т.И. Сұлтанов [76] өзінен алдыңғы авторлардың идеяларын дамыта отырып, «Шыңғыс хан және шыңғыс ұрпақтары, Тағдыр және билік» атты еңбегінде тарихи ретроспективны көрсете отырып, Шыңғыс ханнығ ұрпақтары мен жоғары әскери басшылық, сондай-ақ әкімшілік ақсүйектер ортасында мүлде қарама-қарсы екі бағыт еблігілі болды. Бірінші бағытта орталықтан кетуді көкіген көшпелі өмірді жақтағандар болса, екінші бағытта орталыққа ұмтылу идеясын ұстанушылар болды. Бірінші бағыттың өкілдері отырықшы өмір мен қалаларға жауыға қарады. Екінші бағыттң өкілдері болса, күшті хан билігі негізінде берік орталықтан кетуді көкіген әскери-көшпелі ақсүйектерді ауыздықтауға тырысты». Автор мәселенің теориялық-концептуалды тұсына назар аударады және отырықшы қоғамдармен салыстырғанда көшпелілерге тән өзіндік сипаттарға (мәселен, қалалармен қарым-қатынас мәселелерін шешу әдістеріне қатысты) едәуір мән береді. Батыс зерттеушісі З.В. Доде [77] «Империя мәдениеті. Алтын Орда көшпелілері костюміндегі империялық анықтаушы символдар» мақаласында Шыңғыс ұрпақтарының сыртқы келбетін иедологиялық негіздеу үшін хан киімдерінің символдарын қабылдаған. Сонымен бірге бағындырылған елдердің атқамінерлері де моңғолдар мемлекетіне жеке - дара адалдығын көрсетуге тырысып сыртқы киім белгілерін империя адамдарының киім белгілеріне ұқсатып баққан. Моңғол мемлекетіне қосылып, біріккеннің айғағы ретінде моңғол басқыншылары көпэтникалық ортада көрнекті болу үшін белгілі бір символдарды атқаруды талап еткен.
Қазақстандық зерттеуші В.П. Юдин [78] Моңғол империясының ресми мемлекеттік идеологиясын, ұлыстың бөліктермен бірге қайта құрастыруға ұмтылды. Шыңғыс ханның және оның ұрпақтарының идеологиясы , автордың пікірі бойынша діни жүйе болып табыладығ сонымен бірге «әмбебап идеологиялық-дүниетанымдық концепция және прагматикалық доктрина» болып табылады. «Жаңа, жалған дүниетаным» негізінде Шыңғыс ханға табыну талаптары орын алды. Шыңғыс ханның тұлғасы империяның негізін қалаушы ретінде мифтендірілді. Шыңғыс ханға табыну Шыңғыс хан ұрпақтарының да билікке монополиясы Жошы ұлысы ыдырағаннан кейін де сақатлып, жалғасын тапты. Тарихнамадағы тағы бір маңызды аспектілердің бірі Алтын Ордада қалалардың салынуы, және қала халқының өсуі болып табылады. В.Л. Егоров [79] былайша жазады: «қала тұрғызу идеясын моңғолдар көршілерлен алған жоқ, бұл идея көшпелі қоғамның өз ішінде дами түсу өнімі ретінде туындаған болатын» .Мәдениет пен өркениеттің ірі көлемді өзара әрекеттесуіні көрнекі тәжірибесі Моңғол империясының астанасы- Қарақорым болып табылады. Бұнда әртүрлі халықтардың мәдени өмірі мен тілдері, салттары мен дәстүрлері біте қайнасып кеткен еді.
Қарақорым әлемнің төрт бұрышынан жиналған интеллектуалдардың, өнер өкілдерінің, ойшылдардың, шебер қолөнершілер мен саудагерлердің нағыз орталығына айналды. Моңғол империясында, жалпы айтқанда еркін саудаға қолайлы жағдайлар жасалды. Моңғол империясы ескі әлем өркениеттері арасын жалғаған көпір тәрізді еді. Еуропаның негізгі аумақтарын, Таяу және Қиыр Шығыспен байланыстырған шын мәніндегі орталық болды,-дейді батыс зерттеушісі Дж Космо [7]. Ол Репфрюдің мемлекеттің өміршеңдігі тану ісінде қалалардың пайда болуы маңызды фактор болып табылады деген ғылымы концепциясын алға тартады. Қалаларды салып, тұрғызудың екі кезеңі болды, мысалы, Ұйғыр қағанаты дәуірі тұсындағы Орду Балық, сондай-ақ Моңғол империясы кезеңіндегі Қарақорым. Бұл кезеңдерде хунндар мен түріктерде мұндай іс-қимылдар байқала қойған жоқ болатын.
Көсемдікке қатысты К. Ренфрю [80] және т.б. зерттеушілер келесі археологиялық критерийлерді атап көрсетті:

  1. Үлкен елді мекендермен салт-дәстүр орталықтарының қирандылары;

  2. Қорғаныс құрылғылары мен бекіністердің орны;

  3. Билеушіге генелогиялық жақындыққа сәйкес қазаны атқару, жерлеу рәсімдерндегі ерекшеліктердің көрінісі;

  4. Кәсіби қолөнершілер болғанын дәлелдейтін қолөнер шеберханаларының сақталып қалған бөлік-бөлшектері т.с.с.белгілердің болуы.

Тарих ғылымының қазіргі дамуының кезеңі әлемдік діни дәстүрлердің өзара іс-әрекеті проблемаларын кеңінен және тереңдете зерделеуді талап етеді. Бұл үшін тарих ғылымы жинақтаған білімдер мен тарихи үдеріс теориялары тұрғысынан, жаңа методологиялық тәсілдерді қолдану негізінде едәуір ғылыми табыстарға жетуге болады.Көшпелі құрылымдар мен отырықшы-егінші аумақтардың әлеуметтік, саяси және рухан-мәдени сфераларының күшейе түсуі мен синтезі әртүрлі діни және идеолгиялық элементтердің баайланысын орнықтырды және өзара кірігу үдерісін жеделдетті.
Қазіргі тарих ғылымында көшпелі қоғамдардың саяси - әлеуметтік трансформациясының концептуалды мәселелерін зерделеу, саяси институттар қалыптасуының мән - мазмұнын анықтау, көшпелілердің әлеуметтік құрылымының өзгерістері туралы ғылыми зерттеулердің қажеттілігі туындап отыр. Қазақ мемлекеттілігін зерттеудегі өзектілігі жаңа теориялық-концептуалдық тәсілдердің, методологиялық деңгейлерін анықтау талабынан, сондай-ақ жаңа көшпелі этно-саяси қоғамдастықтардың пайда болуы үдерісін жан-жақты және кешенді зерттеуден туындайтын тарихи ой-пікірдің орнығуы мен тереңдеуіне және биліктің саяси-ұйымдық формалары мен құрылымын, әлеуметтік ерекшеліктерін зерделеу қажеттілігінен туындайды. Оның өзекті және күрделі мәселелерінің бірі Алтын Орда тарихы. Алтын Орданың тарихнамасы XXғ. 90-шы жылдары Ресей ғылымының перспективті бағыттарының біріне айналды. Жетекші зерттеушілердің бірі татар ғалымы Мірқасым Усманов [81] ортағасырлық мемлекеттің тарихын зерттеуде бірқатар мәселелерді қойып белгіледі. Мұндай тарихнамалық мәселелерге ол Алтын Орда тарихын фальсификациялауды (бұрмалауды), монополизациялауды және стереотипттерді таңуды жатқызады. тарихының әртүрлі аспектілерін зерттеуде заманауи және перспективалы тәсілдерді В.П. Костюков [82] та ұсынды, оның пікірінше "қыпшақтардың автохтондық рулары мен тайпалары Алтын Орда көшпелі халқының басты компоненті болды және жаулап алушыларды ассимиляцияға ұшыратты". Жошы билігіндегі далалықтарды және одан тысқары бөліктерді жаппай "қыпшақтандырумен" қатар Қытайдан Мысырға дейінгі Алтын Ордадан тысқары аумақтардағы этникалық үдерістерге қыпшақтардың өздері де қатысты. Қазіргі қазақстандық тарихнамадағы келесі ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады: "Шығыс Дешті-Қыпшақты жаулап алу және оны моңғол империясының құрамына енгізудің аймақтық және одан арғы этносаяси тарихы үшін екі маңызды салдары болды. Моңғол үстемдігі жаулап алған халықтың этникалық формасы мен әлеуметтік-саяси құрылымын едәуір өзгертті және мұның өзі бүкіл этносаяси жағдайға күшті әсер етті; бастапқыда Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағымен шектелген Жошы ұлысының шекарасы шеңберіндегі халықтың саяси бірігуі жүзеге асты"[83] .
Алтын Орда қоғамының әлеуметтік құрылысына, стратификациясы мен ыдырауна көптеген авторлардың еңбектері арналған. Айталық, В.Н. Ткачевтің [84] көрсетуі бойынша "ауқатты мал иеленушілер, әсіресе ақсүйектер кез келген нысанда өздерін "ат үстіндегі адам" әлеуметтік мәртебесін көрсетіп қалуға тырысты". Алтын Ордалық далалық көшпенділер мен отырықшы қала тұрғындарының "күресі мен өзара байланысы" мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайына әсерін тигізбей қойған жоқ. Г.А. Федоров – Давыдов [69] Алтын Орда қалалықтары мен далалықтарының өзара қатынастарын қоғам дамуындағы әлеуметтік – экономикалық үдерістер қөрінісімен байланыстырады. Бұл үдерістегі ерекше рөлді ол көшпелі ақсүйектер үлесіне қалдырды, өйткені, зерттеушінің пікірінше олар қалалардың, қол өнерінің және сауданың дамуына ықпал етті. Өз кезегінде С.П. Толстовтың [85] айтуынша моңғолдың көшпелі ақсүйектері өздеріне тәуелді, жекеменшік мал бақташыларын ұстаған. Алтын Орда қоғамның әскери – иерархиялық сипаты туралы А.Н.Насонов [86] та жазған. Жылнамалық деректерді зерттей келе ол басқақ Ахмет туралы әнгімені келтіреді: "Бұл басқақтың қарамағында "жан-жақтан жиналған адамдармен толықтырылып отырған жасақтар болды, олардың бір бөлігі қашқындар, енді бір бөлігі Русьтен болатын; олар арнайы слободаларда тұрып жатты". Басқақтардың міндеті "ішкі күзет қызметі" сондай-ақ олардың салық жинауға да қатыстылығы болды. Бұдан басқа оларға даньщиктер, поплужниктер, кеденшілер секілді шенеуніктер де бөлініп берілді.
Американдық ғалым Юлай Шамиоғлы [87] Алтын Орданың экологиялық және ауа райы мәселелерін зерттеу нысанына айналдырып, шын мәнінде Л.Н. Гумилевтің [39] географиялық және экологиялық көптүрлілік идеясын жалғастырды. Бұдан басқа Юлай Шамилоғлының Алтын Орда қоғамының тайпалық құрылымның проблемалары бойынша тарихнамалық ізденістері қызықтырады. Алтын-Орда тарихнамасындағы моңғол – татар теориясын жақтаушылар қатарында Д.М. Исхаковтың, И.Л. Измайловтың [88] концептуалдық көзқарастары да бар. Олардың пікірінше Алтын ордада мемлекеттік идеологияға құрылған әскери-феодалдық ақсүйектердің жаңа этносаяси қоғамдастығы қалыптасты, олар дәстүрлі (түркілік және моңғолдық) аңыздармен қатар ислам идеялары мен символдарын пайдаланды. Зерттеушілердің пікірі бойынша бірінші этноқұрушы фактор – ол мемлекет. Екінші мәселе этноқұрушы әлеуметтік топ – ол әскери – феодалдық ақсүйектер. Айталық, зерттеуші Т.Д. Скрынникова [22 27б.] бойынша "моңғолдардың әлеуметтік ұйымының негізгі қағидаты генеология болып табылады. Бұл әлеуметтік бірліктің мүшесі болу, осы топқа мүше болу жайылымдарға қолжетімділік пен ресурстарды бөлу мәселелерін анықтады. Генеология әлеуметтік байланыстарды реттеу құралы болды, иерархияны анықтап, билік ету қатынастарын айқындады".
Алтын – Орда моңғол империясынан мемлекеттің шеткі шекараларын қорғайтын және отырықшы елдердің тәуелсіздікке ұмтылысын басып, жаншитын қуатты әскерді, ақпараттық – көліктік құрылымды, діндерге төзімділік пен мемлекеттің әкімшілік негіздерін мұраға алып қалды. Көшпенді құрылымдар мен отырықшы - диқаншы аумақтардың әлеуметтік, мәдени және саяси сфераларының біртіндеп күшеюі саяси-құқықтық жүйе элементтерін бағындыруға және әлеуметтік категориялар мен топтарды жіктеуге мүмкіндік берді. Билік әскери – мемлекеттік машинаны арқа тұтты және Ұлы хан тұрғындарды басқару мен жазалаудың көптеген құралдарын пайдаланды (әскери жорықтарға қатысу міндеттілігі, моңғол әскеріндегі қатал тәртіп, әскери – әкімшілік аппараттың бақылауы т.с.с.). Алтын – Орда тарихының бұл аспектілері М.В. Горелик, Фомичев және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Тарихи зерде дамуының қазіргі кезеңіндегі негізгі мәселелерінің қатарында әртүрлі мәдени дәстұрлер мен діндердің өзара байланыстары тұр. Алтын Орда қоғамын исламдандыру үдерісі туралы мәселе тарихнама үшін қызығушылық туындататын қосымша тағы бір бағыт болып табылады. Айта кету керек, сол уақыттарда діннің рөлі өте күшті болды және ол қандай болмасын соғыс әрекеттерінің идеологиялық негізі қызметін атқарған еді. Алтын Орда саясатындағы ислам факторы рөлінің күштілігі туралы араб тарихшылары да жазған болатын: "Беркеге құранды оқыту кезі келгенде Ходжент қаласынан мұсылман имамдарының бірі таңдалып алынды. Берке Бұхарада мұсылман оқымыстыларымен кездесіп тұрды. Сол жерде ол сопы, шейх Шамс-ад дин ал-Бахарзиден мұсылмандықты қабылдау рәсімін өткізді"- деп хабарлайды ибн Халдун және ал-Айни [89]. Берке билігі кезіңінде моңғол ақсүйектерінің ішінде, әсіресе сарай маңындағылар арасында, ислам діні кеңінен тарады. Ан-Нувайридің көрсетуі бойынша Берке хан ислам дінін қабыдағаннан соң оның қол астындағы халықтың көпшілігі мұсылмандыққа мойынсұнды, ал оның әйелі Джиджек хатун исламды қабылдаған сәтте "өзімен бірге алып жүретін шатырлардан өзіне мешіт құрастырды". Еуропалық автор Хаммер-Пургштальдың [90, 11-12б.] пікірі бойынша ислам идеологиясының әсері Алтын Орда мен Иранның қақтығысына алып келді, себебі Хулагу Беркенің мұсылман әлеміндегі беделіне қызғаныш сезіммен қараған еді. "Беркенің Сирия және Мысырдың ішкі істеріне араласуы, ол аумақтар Хубилайдің (ұлы қаған) Хулагуге арнаған жерлер болатын, Иран және қыпшақ билеушілерінің арасындағы соғыстың басталуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ"- деп жазды Хаммер-Пургшталь. Қазақ зерттеушісі З. Жандарбек [91]. Берке ханның ислам дінін қабылдауын былайша сиппатайды: "Берке хан Алтын Орда мемлекетінің тағына отырғаннан кейін ислам дінін жалпы мемлекеттік идеологияға айналдыруға күш салуы Алтын Орда мемлекетін біріктіретін басты фактор ретінде пайдаланбақ болған әрекеті деп түсінген дұрыс". Зерттеуші М.Г. Сапаргалиев [92] те осы методологиялық тұрғыдан сараптайды: "Берке хан Алтын Орда тағына отырысымен ұлыстарды билеуші Жошы ұрпақтарының билігін шектеп, оларды тікелей бір орталыққа бағындыру мәселесін қолға алады. Әр ұлыста ондық, жүздік, мыңдық, онмыңдық тұрақты әскери-саяси ұйымдар құрылды. Олар мемлекеттің ішкі бірлігін нығайтуға тиіс болды". Берке ханның ішкі және сыртқы саяси әрекеттеріне ислам идеологиясының әсері туралы ресейлік ғалым Н.М. Малов [93] та жазады: "Мемлекеттік қызметке Хорезм мен Булгардан шыққан мұсылман оқымыстылар тартылды. Еділ бойына салынған қалалар таза мұсылмандық сипат алды. Халықаралық қатынастарда Берке хан ислам мемлекеті билеушісі ретінде көрінді. Ол халифатты жаулап алып, Халиф Мустасимді өлтірген Хулугуге қарсы Мысыр мемлекетімен одақ құрып, Хулугу мемлекетіне қарсы әскери қимылдарға дейін барды". Берке хан тұсында ислам дінінің саяси ықпалының өсуіне қазақ ғалымы Қ. Зардыхан [36, 169 б.] назар аударады: "Береке 1257-1266жж.аралығында Жошы ұлысында тоғыз жыл билік құрды. 1) мұсылман елдерімен жан-жақты қарым-қатынас жасау арқылы Қыпшақ даласына мұсылман діні дендеп кіруіне мұрындық болды. 2) Алғаш рет салық реформасын жүргізді. 3) Ел астанасын Еділді бойлай көшу арқылы Еуразия мәдениетінің ара жібін жалғады, шығыс пен батысты араластыруға мүмкіндік тудырды".
Тарихнама үшін Алтын-Ордада қалалар тұрғызу мәселелері де құнды аспектілер қатарынан орын алды. "Қала салу идеясын моңғолдар көршілерінен алған жоқ. Бұл идея көшпенді қоғамның дамуы нәтижесі ретінде өз қойнауынан туындаған еді" – деп жазады В.П. Егоров [79]. Ресейлік зерттеуші Э.С. Кульпин [94, 192] Алтын-Орда қалаларын тұрғызу ерекшеліктеріне назар аударады: "Алтын Орда қалалары еуропалық қалалардан ерекшеленетін. Егер Еуропа қалалары қоғамдық қаражатқа, аз бөлігі мемлекет есебінен салынған болса, Алтын Орда қалаларын тұрғызуға мемлекеттік қаржы-экономикалық ресурстары көптеп бөлінді". Алтын Орданың гүлдену кезеңі билікке келген Өзбек ханның (1312/13-1341/42) есімімен тығыз байланысты. Алтын Орда қала құрылысы мен халықаралық сауда орталығына, білім мен рухани өмір орталығына айналады.Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде көшпелі және отырықшы өркениеттердің, әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара байланыстарын зерделеу ғылыми - зерттеулердің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Тарих ғылымы көшпелі қоғамдардың саяси-құқықтық жүйелерінің қалыптасуы мен қызмет атқаруы проблемаларына ұдайы назар аударып келеді.
Тарих ғылымында адами қызметтің ерекше сферасын құрайтын билік және билік жүргізу қатынастарына арнайы назар аударылады жне соған сәйкес саяси мәдениетке едәуір көңіл бөлінеді. Себебі, саяси мәдениет әлеуметтік құрылымның құқықтық қызметінің ерекше әдісі болып табылады. Тарих ғылымы үшін көшпелі тұрғындардың едәуір көлемін қамтитын дамыған көшпелі бірлестіктердегі мемлекеттік типтегі институттар туралы мәселені шешу кезек күттірмейді. Осыған байланысты келесі сұрақтардың зерделену дәрежесі мен зерттеу тіжірибесі туралы мәселе туындайды: 1. Көшпелі қоғамдардың саяси құрылымындағы өзгерістер.2.Түрік-моңғол бірлестіктеріндегі құқықтық дерек көздері. 3. Төре құықтық номаларының дамуы мен трансформациясы. Бұл үш мәселег жинақтай қарастыру зерттеу әдістері мен ізденістер дәрежесін толықтай айқындайды.
Орталық Азиядағы үдерістердің циклдығын есепке алмақ, онда бір көшпелі империяның күйреуі, әдеттебасқа империя тарихының бастауы болды. Бұндай үдерістер империяның ұйымдық құрылымдарының толық жойылуына әкеліп, сегменттелген этносаяси кеңістікті құруға мүмкіндіктер беріп отырған. Моңғол империясында XIII ғ. Үшінші ширегінде ерте мемлекеттілік институттарымен қатарұлыстар деңгейінде де билік орталықтары құрылып, күшейе түскен. Тура сол уақыттарды Жошы мен Хулагидтердің батыс ұлыстарының бөлектенуіне қолайлы жағдайлар пайда болды. Көптеген империялардағы басқару институттарға мен саяси шаралардың белгілі бір дәрежедегі ішкі дифференцияциясы көшпелілердің мемлекетке дейінгі және ерте мемлекеттік саяси мәдениетінде әр түрлі қатпарлардың болғаны турпалы айтуға мүмкіндік береді. Н.Н. Крадиннің [95, 192 б.]. Хунну империясына қатысты берген сараптамалық сипаттамасы өзіне назар аудартады: «Шынтуайтында хунну империясы өзінің анық мәнінде «тайпалық империя» болды, ондағы жаңа әскери-иерархиялық қатынастар көшпелілердің күрделі әулеттік- тайпалық жүйесін ауыстырудың орнына қатар өмір сүрді, тіпті онымен астасыпараласып кетті». В.В.Трепавлов [13, 31 б.].өзінің зерттеу ізденістері барысында көшпелі мемлекеттілікті құрудың ең кем дегенде төрт жолы мен әдісі болуы үлкен қорытындыға келеді. Олар: жазбаша тарих, тарихи жад, дәстүрлі құқықтық нормалар және мемлекеттік тәжірибе. Сонымен, бұндай деректерде сақталған ақпараттың интегративтік сипаты тарихтағы көшпелі саяси құрылымдардың сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Р.Ю. Почекаевың [96,530 б.] көшпелі қоғамдардағы құқық дереккөздері және құқықтық қатынастардың пайда болуы проблемаларына жүйелі келесі қызығушылық оятады. «Төре-тәртіп,заң,салт, дәстүр»- бұл құқықтық жүйе ежелгі түріктер дәуірінде пайда болған көшпелі қоғамдардың құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.Төренің көшпелі қоғамның құқықтық жүйесіндегі орны туралы тарихшылар әртүрлі пікір айтады, кейбіреулері, тіпті бұл ұғымды мейлінше кеңейтілген мағынада қарастырады да оған –держава, билік деген түсіндірме береді.
Мәселенің зерделену дәрежесін сараптай келе, Р.Ю. Почекаев [96] келесідей пікір айтады: «Бүгінгі таңда Төреге қатысты түрік-моңғол халықтары мен Моңғол империясының құқықтық жүйесінде бірқатар көзқарас бар екені белгілі. Шетелдік зерттеушілердің көпшілігі Төрені Түрік қоғамындағы өзара қатынастар мен іс-әрекетерді реттейтін нормалар мен ережелер жиынтығы деп түсіндіреді. Бұған халықтың ежелгі салт-дәстүрлерімен қатар монархтар мен билеушілер дайындаған құқықтық нормаларды да қосады. Басқа бір топ ғалымдардың тарихи парадигмасы бойынша Төренің халық арасындағы «Йосун» дәстүрлерінен айырмашылығы ол монархтың құқық шығару қызметінің өнімі болды және өзінің шеңберіне халықтың әлеуметтік және жеке өмірі мәселелерін реттеуді де кіргізді. Сонымен бірге Түрік халықтарына тән Төре термині Шыңғыс хан билеген кезеңдегі моңғолдар арасында кеңінен тарап, сол күйінде пайдаланыла бастады, бірақ, Шыңғыс хан және оның ұұрпақтары оның атауын «Ясы» деп өзгертп алды. Тіпті Түрік халықтарының өздері моңғол жаулап алуларынан кейін төл термині «Төреден» бас тартып, оларға бөтен «Яса» терминін қолдана бастады, бірақ, терминнің мазмұны өзгерген жоқ, құқықтық нормалар жүйесі «Төреде» қалыптасқан нормаларды пайдалануды жалғастыра берді»- деп қорытындылайды Р.Ю. Почекаев. Тарих білімінің жалпы үрдісі мен біртұтас ағыны бойынша төре құқықтың қолданыстағы көзі болып қала берді және моңғолдардың жазба заңнамасы мен мұсылман құқығымен XIV ғ. бастап Шыңғыс ұрпақтары билеген меммлекеттерде тұрақты қолданыста болды.Заманауи тарихнама құқықтық дереккөздерді көшпелілердің құқықтық жүйесінде белгілі бір орны бар, реттеудің белгілі бір сферасы ретінде жариялайды. Р.Ю. Почекаев тарихи-салыстырмалы және теңдестіру әдістерін қолдану арқылы келесідей қорытындыға келеді: «Жошы Ұлысының құқықтық жүйесі өте тартымды тарихи-құқықтық феномене – моңғол және түрік құқықтарының элементтерін ұжымдастыра қолданудың үздік үлгісі. Дәстүрлі және мемлекеттік құқықтардың және исламның құқықтық дәстүрлерін жинақтап, пайдалған құқықтық феномен болып табылады».
Осындай және осылар секілді басқа да мәліметтердің болуы В.В.Трепавловқа [13, 39-41б.] төренің құқықтық жүйедегі орны туралы өзгеше пікір білдіруіне мүмкіндік берді. Моңғол құқығында Ясамен қатар қолданылған бұл институтты сараптай келе В.В.Трепавлов оларда қолдануды қаррама-қайшылықтардың орын алмағаны туралы айтады. Себебі, олардың ( Төре мен Яса)реттеу сфералары өзгеше болған. Егер Яса тұрмыстық шектеулер қойып, қылмыс үшін жаза тағайындаса, Төренің негізін «әкімшілік» заңнама құрады, ол « монархтың өкілеттігі сферасы болды».
Заманауи тарих ғылымының зертееу тәжірибесі ортағасырлық қоғамдық ой-сананың атап айтқанда, моңғолдардың қалыптасқан санының ерекшеліктеріне сүйене отырып, төрені нормативті ережелер жиыынтығына жатқызбайды. Ежелгі түріктер мен ортағасырлық моңғолдардың даму деңгейін сарпатай келе ғалымдар келесідей қорытынды шығарады: аталмыш қоғамдарды құқықтық нормалар адамдардан емес, тіпті монархтардың да емес- олар құдайдан деген терең сенім болған.
Төренің ерекшеліктері мен қайшылықтары туралы Т.Д. Скрынникова [64, 47б.] жазды. Оның анықтауы бойынша,Төре «әзірше киелі емес заңның мән-мағынасы». (бұл «дхарма» ұғымына сәйкес келеді). Төренің ережелері мен нормаларын мойындау табиғат пен қоғамда тепе-теңдік пен үйлесімдікті қаматмасыз етеді. Төреде зертеушінің пікірі бойынша қос тарапты мән бар: бір жағынан –бұл қоғамдық іс-әрекеттер және ондағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жинытғы, екінші жағынан биліктің қасиетті, киелі белгісі, билеушінің заңды екенінің, ақиқат екенінің критериі. Әртүрлі буын зерттеушілері С.Г.Кляшторный, Л.Н. Гумилев, Н.Н. Крадин ежелгі және ортағасырлық моңғол мемлекеттеріндегі билеушінің рөлін қасиетті функцияларды бойына сіңірген, Аспан мен қоластындағы көшпелі қоғамдарды біріктіруші ретінде көрсетеді. Монархтың міндеті қоластындағыларды қорғау, олар көк аспанның қамқорлығымен қамтамасыздандыру, қоғамдық қатынастарды үйлесімділікке жету және қоғам мен мемлекетте тәртіп орнату болып табылады.
Қалай болғанда да, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен заманауи сраптамалық әдістер көрсеткеніндей төре ұғымы түріктерде де, моңғолдарда да ең алдымен билік, басқару,монархтың мәртебесі мәселелерімен тығыз байланыста болған.Өз кезегінде ханның заңнамалық жұмыстарының өнімі әлеуметтік құқық дерек көзі ретінде белгілі бір дәрежеде халық дәстүрі «Йосунға» қарсы қойылды.Мұндай өзгерістер күшті, орталықтандырылған мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылды, және төре мемлекеттік аппарат пен оның функцияларын құқықтық негіздеу үшін қызмет атқарды.
Зерттеу парадигмалары түрік тайпалары қолданған төре мен Шыңғыс ханға дейінгі моңғолдар төресі арасындағы едәуір айырмашылықтарды көрсетіп берді. Ертетүрік мемлекеттерінде төрені құқық шығармашылымен шұғылданған билеушілер жасады. Бұл құқық шығармашылығы туралы атақты Орхон жазуларында және басқа да руникалық жазба ескерткіштерінде сақталған. Аталмыш жазбаларда «Төре» термині жиі кездеседі және хан заң шығармашылығының өнімі екендігі атап көрсетіледі». В.В.Трепавловтың [13, 40-41] пікірі бойынша төре реттейді дейтін мәселелер (оң және сол қанатқа әкімшілік бөлу жүйесі, жоғары лауазымдарға ұсыну тәртібі, халықтарды жаулап алу және бағындыру, табыстар мен олжаны бөлу) ешбір нақты дереккөздерін мәліметтерімен құпталып расталмастан гипотеза деңгейінде қалған жайы бар. Көрсетілген іс - әрекет сфералары тек қана моңғолдарға тән емес Еуразия көшпелі империяларының көпшілігіне тән еді. Сондықтан тарихшылардың басым бөлігінің есептеуінше бұл сфераларды мемлекеттік реттеу нормаларынан гөрі халықтың салт - дәстүрлерін жатқызған тән болады.
Нақты құқықтық нормалар жүйесінен қағидалар жиынтығына айналған төре моңғол қоғамы құқықтық жүйесінің ажырамас бөлігі болып қала берді. Бұл хан үшін де, қараша үшін де ортақ міндеттілігі моңғол ақсүйектері әлеуметтік тобына хан билігіне шектеу қоюға және құқықтық нормаларды жеке мүдделеріне пайдалануға кең жол ашты. Юриспруденция аяғына жаңа тұрып келе жатқан кезеңде, әсіресе халықтарда жазу жоқ кезеңде құқықты ақсүйектер өкілдерінің түсіндіруі кәдуілгі құбылыс сипатын алды.
Сонымен, зерттеу парадигмалары көрсеткендей,төре дәстүрлі құқық «Йосунмен» қатар ортағасырлық моңғол құқығының дерек көздері жүйесін құрады. Аталмыш құқық жүйесінің сипатты белгілерін діни көзқарастарымен тығыз байланыстылығы, өзгермейтіндігі және айқын еместігі жатады.Әлеуметтік–саяси тұрғыдан төре бірте-бірте хан билігінің мүдделеріне бағындырылды: Төрені ханның өзі түсіндіретін болды, оның қағидалары хан мен мемлекеттің мүдделеріне сәйкестендірілді. Р.Ю. Почекаевтың көрсетуінше өзінің эволюциялық дамуы барысында төре бірқатар өзгерістерге ұшырады, Түрік халықтары мен мемлекеттерінің құқықтық нормалар жүйесінен құқықтық нормалардан және моңғол тайпаларының салт-дәстүрлерінен артық, жоғары қойылды да, Төре Тәңірдің билігі мен көк аспанның беделіне айналды.
Нақты тарихи зерттеу тәжірибесі бірқатар маңызды методологиялық мәселелерге назар аудартады. Көшпелі қағандардың саяси-құқықтық жүйелерінің қалыптасуы мен қызмет атқаруы мәселелерін зерделеуде белгілі бір динамика бар. Бұны тарихи ой- сананың өазіргі кезеңдегі дамуы деңгейі көрсетіп отыр. Бұл үдерістер көшпелі қоғамдардың әлеуметтік- саяси құрылымында, басқару жүйесінде, құқық дерек көздері мен нормаларында өз көрінісін тапты.Тарихнамалық сараптау бойынша әлі де бірқатар шешімін күткен және зерделенуі жетіспейтін проблемалар бар. (мысалы, құқықтық жүйелердің ерекшеліктері және оларды моделдеу). Көшпелілердің мемлекеттілігі және саяси дамуы бойынша пікірталастардың қазіргі кезеңі көрсеткендей көшпелілердің құқықтық басқару жүйелерін бағалаудың ортақ критерийлерін жасау және оларды жіктеу қасиеттілігін тарихты ғалымдардың алдына қойып отыр.
Заманауи тарих ғылымының зерттеу тәжірибесі көшпелі құрылымдардың ерекшеліктерін көрсету арқылы төре ұғымын тек қана нормативтік ережелер мен ұстанымдар жиынтығын жатқызуға болмайтындығын дәлелдеді.Тарихи танымның ретроспективті санаты және жаңа тәсілдерді талдап жасау қажеттілігі тербелістер мен өзгерістерге бейім оқиғаларды бағалауды тарихи дерек көздерін зерделеу арқылы жүзеге асыруды қалайды.
Негізгі міндет тарихи дерек көздері мен ғылыми-тарихи ой-сананы табиғи ұштастыра отырып, тарихты жасайтын барлық факторларды жан-жақты есептеп, соларға негізделіп тарихи синтездеуді жүзеге асыру болып табылады.Тарихнамалық теориялық негіздерін түсінуге сыни, жаңаша көзқарасты оны зерделеудің жаңа тәсілдерімен астастыра зерттеуіне қол жеткізу тарих ғылымымен жаңа « перспективті» жағдайлар жасайды.
Тарихтың өткен тағы біз үшін тарихнамалық дерек көздерден ашылады және олардың көпқырлылығы соншалықты, тіпті заманауи гнесология көзқарастары бойынша тарихнаманы зерделеу әдісін кешенді әдіс ретінде қарастыруға болады.
Тарихи таным проблемасы ретінде тарихнамалық дереккөздерге кешенді тәсіл тарихи ақиқат секілді зерделеу обьективтісінің өзімен анықталады, және оның көптүрлілігіне есепке ала отырып зерделенуі- тарихи ой-сананың заманауи қозғалысы құқық дереккөздерін көшпелілердің құқықтық жүйесіндегіорнына маңызды деп санайды және реттеудің белгілі бір сферасы ретінде қарастырады.
Сонымен, тарихнамалық деректердің ақпараттың интегративті сипаты авторға көшпелі саяси құрылымдардың болмысын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеушінің анықтауы бойынша: « Бүгінгі таңға дейін анықталған дереккөздері кешені көшпелі мемлекеттіліктің тарихи-генетикалық байланыстары мәселелерін талдап жасай бастауға мүмкіндік береді... көшпелілердің саяси құрылымын зерттеу үшін қажетті құралдарға төре нормалары,жаугершілік дастандар ақпараты және мемлекеттік құрылыс тәжірибесі жатады. Осыған байланысты Ресейлік зерттеуші Р.Ю. Почекаев [96] келесідей қорытынды жасайды: «Төре моңғол империясы мен одан кейінгі Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттерінің құқықтық жүйесінің маңызды ажырамас элементі болып табылады. Төреде құқықтық қатынастарды реттеу негізінде қолданылған құқық формаларымен қатар басқа да құқықтық дерек көздерін (Йосун, Ұлы Жасақ, т.с.с.) пайдаланылған. Тарих ағысында жүздеген жылдар бойына Төре моңғолдың жазба заңнамасымен, мұсылман құқығы нормаларымен қатар Шыңғыс ұрпақтары билеген мемлекеттерде қолданыстағы құқықтық дерек көзі болып қала берді. Моңғол мемлекетінің империялық заңнамасы Яса түрік құқығы төренің негізгі нормалары мен қағидаларын пайдаланды.
Батыс зерттеушісі Дж. Флетчер [8, с.231] моңғол қоғамы басқарудың негізгі қағидалары тек басқару әдістерін ашып көрсете отырып былай дейді: «Хан бақылауын күшейтудің идеологиялық құралы құдіреті бүкіл әлемге дарыған, жеңіс әкелетін тәңірге сенім болды.Бүкіләлемдік жоғарғы құдай идеясы жер бетіндегі біртұтас әмбебап сфера мүмкіндгі болған еді және жоғарғы құдай осы әмбебап сфераға басқарушы тағайындау арқылы бүкіл әмбебап сфераға өзінің билігін жүргізеді».
Сондықтан, түріктер жасаған анық және айқын нормалар жүйесі төре моңғол мемлекетін құру кезеңінде тасада қалды да, енді бұрынғы құдіретті далалық империялардың атрибуттарының біріне айналды. Көрсетілген үрдістердің күрделенуі, бір билеушінің басқару функцияларының барлығын жүзеге асыру мүмкіндігінің әсер етті.
Сонымен, биліктің мамандандырыыуы қоғам құрылымдары үдерістердің әмбебап сипаты туралы Е.И. Кычанова [72, 484 б.]. жазады: «Орталық Азияның үлкен көшпелі мемлекеттерінің атрибуттары егемендік бұл-билеуші билігінің ел ішіндегі басымдығы, және сыртқы істерде мемлекеттің тәуелсіз Орталық Азия аумағындағы үлкен көшпелі мемлекеттерінің атрибуты егемендік еді. Мұның өзі билеуші билігінің ел ішіндегі басымдығы – болса, сырт-істерде мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту болатын. Жоғарғы биліктің және оның органдарының егемендігі өзінің көрінісін қылмыстық және азаматтық істерді тағайындалған талап-тәртіп негізінде қарастырудан тапты. Құқық жоғарғы билік тағайындаған нормалардың жиынтығы ретінде дәстүрлі құқық пен жоғарғы биліктің жаңа жасаған карталарына бейімделді».
Тарихи дерек көздерді зеерделеуде болжауға болатын үрдіс – ол көшпелі қоғамдардың саяси-құқықтық жүйелерін қалыптастыру мен қызметін ұйымдастыру мәссеелерін анықтау еді. Тарихи ой-сананың дамуы тарихи дерек көздерін бағалаудың критерийлерін анықтауды қажетсінеді. Көшпелі қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымын, басқару жүйесін, құқық нормаларын зерттеу боынша мәселелерлі жаңа қырларынан қарастыру талаптары туындап отыр. Деректердің молаюы (линвистикалық дерек көздеріі, генеологиялық аңыздар, халық аңыз әдебиеті) сараптаудың жаңа әдістерін қолдану көшпелі мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйелерінің қалыптасуы мен дамуын зерделеуде және осы үрдістерді моделдеу мүмкіндіктері проблеманы жан-жақты зерттеуге қолайлы жағдайлар жасайды. Көшпелі құрылымдар мен отырықшы-егінші аумақтардың әлеуметтік-мәдени және саяси сфераларының синтезделуі саяси-құқықтық жұйедегі әлеуметтік категориялар мен топтары бағындыру элементтерін біртіндеп күшейте түсуге мүмкіндіктер береді.
Билеуші әскери - мемлекеттік мағынаға арқа сүйеді және империя тұрғындарына қатысты ұлы ханда басқару мен жазалаудың көптеген құралдары пайда болды (әскери жорықтарға қатысу міндеттілігі, моңғол империясындағы қатал тәптіп, әскери-әкімшілік аппаратты бақылау). Осылайша көшпелі қоғамдардың билік құрылымындағы циклдық өзгерістер анықталады.
Заманауи зерттеушілердің бірі С.А.Васютин [97, 271б.] моңғол империясындағы жалпы идеологиялық жүйедегі этномәдени тұтастықты терістейді.(бұндай «империялық» идеологиялны тек қана моңғолдардың өздері қолдауы мүмкін еді және ең алдымен бұл идеологияны, әрине, «элита» қолдаған болар еді)
XIIIғ. орта шенінде Шыңғыс хан әскерінің жаулап алу жорықтары нәтижесінде мемлекеттің құрамында көшпелі аумақтарының бірге негізінен отырықшы халық қоныстанған жерлер де енді. Моңғол империясы мегаимперияға айналды, оның құрамында әртүрлі саяси, жүйе құраушы құрылымдар болды. (ұлыстар, қанаттар, егіншілк аумақтары, діни бірлестіктер және т.б.) Мұның өзі Моңғол империясын бұрынғы империялардан ерекшелейтін, көшпелі империя құрудың мәжбүрлі алым және жаулап алу типтерініңи өзгеше бір симбиозы болды».
Түрік және моңғол дәстүрлері мидай араласып, нәтижесінде Ясаның мазмұнын құрады.Шыңғыс ханның саяси-құқықтық реформалар моңғол тайпаларының салт-дәстүрлерін түп-тамырымен өзгертіп, жаңа империялық тәртіпті орнықтыратын Ұлы Ясаны өмірге әкелді. Ескі тәртіпті қарсылықсыз қиратуға болмайтынын Шыңғыс хан білді, және сондықтан өзінің реформаларын кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Осының бізге жеткен баптарының әрқайсысын тақырыбы бойынша топтастыруға болады: халықаралық қатынастар, діни мәселелер, жоғарғы билік, мемлекеттік құрылыс және бағындырылған аумақтарды басқару, әскери іс және аңшылық жарғысы, қылмыстық құқық және жазалау туралы ережелер. Яса құқықтың барлығы дерлік сфераларын реттеді - мемлекеттік-әкімшілік, қылмыстық, сауда,экономикалық, әскери және салықтық.
Ясаның міндеті дәстүрлі құқық нормаларын кодификациялау емес жаңа империяның қажеттіліктеріне сәйкес жаңа құқықтық нормалар жасау болатын. Дәстүрлі құқық деп аталатын нормалардың көптеген мәселелеріне Яса тоқталмайды. Айталық, ру және отбасы өміріне Яса араласпайды, тек қана қолданыстағы нормаларды мақұлдайды. Яса кеңейе түскен империяда туындаған мәселелер мен қажеттіліктерді реттеу үшін және оларды хан заңнамаларына сәйкестендіру үшін жаңа құқықтық нормалар жасайды.
Империялық заңнама рөлін атқарған Яса, төренің негізгі нормалары мен қағидаларын негізге алды. Мұның өзі қағидатты жаңа заңнамаға эволюциялық ілгерілеу жолымен, ешбір қарсылықсыз империяның саяси –құқықтық жүйесінен өз орнын алуға мүмкіндік туғызды. Шыңғыс хан заңнамасының құндылығы мен маңыздылығы сонда, ол өз бойына ежелгі түрік – моңғол құқығының нормалары мен Қытай, Иран және т.б. көрші, қанаттас мемлекеттері құқықтарының элементтерін сіңіріп, жинақтап алды.
Заманауи зерттеу қағидалары мен әдістердің дамуы деңгейі Шыңғыс хан жасаған Ясаның негізгі дереккөздерін жаңа, сапалы дәрежеде сараптауды қажетсінді.Түрік – моңғол көшпелі қоғамдары мен Моңғол империясының жүйелі –құрылымдық моделін Шыңғыс хан Ясаның көмегімен қайта құру көшпелі қоғамдар бойынша зертеулердің үрдістері мен құқықтық жүйе эволюциясының бағыттарын, әлеуметтік, мәдени және саяси сфераларының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін тереңдірек түсінуге мүмкіндіктер берері даусыз.
Ортағасырлық құқықтық дамуы логикасын қисынын зерделеу тарихи білімді кеңейтеді, дәлдейді, және байытады. Шыңғыс хан жасаған Яса - бұл халықтан, құрылтайдан немесе ежелгі салт-дәстүрлерден жеткен мұра емес, тікелей ханнан келген құқықтық жаңа, сапалы дерек көзі болып табылады.Дәстүрлі құқық дерек көздері жауланған отырықшы-егінші аумақтар үшін жаңа ережелері империялық заңнама жинақталып синтезденуі тиіс еді. Г.В.Вернадский [98, 106 б.] өзінің «Моңғолдар және Русь» тарихи еңбегінде «Яса» сөзінің этимологиясын зерттеу барысында терминді « тәртіп» немесе «декрет» деп анықтады. Ясаның мазмұнын сараптай келе бұл заң негізін қалаушы Шыңғыс хан кемеңгерлігінің жемісі деп қарастырады. Парсы тарихшысы Джувейни құдай рухтандырған Шыңғыс ханның санасы Ясаның дерек көзі болып табылады деп жазды. Автордың пікірі бойынша Шыңғыс ханның пайымдары мен шешімдері біртұтас тарихи, экономикалық және әлеуметтік кеңістік пен ортаға бағытталған. Шыңғыс ханның Ясаны жасаудағы негізгі міндеті құқықтық жаңа жүйесін жасап шығару болатын. Бұл құқықтық жүйе хан немесе империя құқығы ретінде бұрынғы дәстүрлі құқықтан жоғары, үстем болуы тиіс еді.
Академик В.В. Бартольд [99, 457 б.] Ясаның жаңа империя құрудағы құдіретті рөлін атап айта келіп, былай деп жазады: «Ұйғыр жазуын қабылдаудың бірінші салдары моңғолдың дәәстүрлі құқығын кодификациялау болды және мұның өзі моңғол хандары үшін Шыңғыс ханның нақыл сөздерімен бірге ұзақ уақыт бойына ең жоғарғы авторитет болып қала берді».
Ортағасырлық тарихшылар Рашид-ад-Дин және Марваизидің жазулары бойынша Ұлы Яса 1206 жылы құрылтайда бекітілді. Шыңғыс ханның бұдан кейінгі жылдары жеңістен жеңіске жалғасқан жорықтары Яса баптарына қосымшалар мен түзетулер енгізуді талап етті. Ясаны қайта қарау және кеңейту, сондақ-ақ Қытай, Иран және т.б. мемлекеттердің құқықтық дәстүрлерін ескеріп, қолдану мақсатында 1218 жылғы құрылтайда, одан соң 1225 жылғы құрылтайда Ясаның соңғы редакциясы бекітілді [100, 277 б.].
Шыңғыс ханның кейбір нақыл сөздері дереккөздерде түріктің «білік» (білім) аталады жәәне бұл туралы мәлімет Рашид-ад-Дин еңбегінің, «Шыңғыс ханның қасиеттері мен әдеттері туралы»бөлімінде келтірілген. Шығыстанушы, көшпелі құқық білімпазы П. Мелиоранский арнайы зерттеу барысында Шыңғыс ханның Ясасы мен билігінің мазмұндары арасындағы айырмашылық туралы айтар болсақ, онда Ясада әртүрлі тәртіпсіздіктер мен қылмыстар тізбектеліп сипатталады және кінәлілер үшін қолданылатын жазалар көрсетіледі. Біліктер, өз кезегінде моңғол сотындағы тергеу мен сот өндірісі тәртібін анықтайды. Басқаша айтқанда, Яса Шыңғыс ұрпақтары қатаң ұстануы міндетті заңдастырылған ереже, яғни Яса –қолданыстағы заң, ал Биліктер процессуалды кодекс. В.В. Владимирцев [101, 116-117б.] Шыңғыс хан жасап шығарған Ясаны сараптай келе былай дейді: «Шыңғыс ханның жасағы өзі құрған империя өмірінде зор рөл атқарды және моңғолдардың негізгі құқықтық кодексі ретінде, олардың бағындырған халықтардың да өмірінде зор әсер етті».
Ясаның міндеті дәстүрлі құқық нормаларын кодификациялау емес, жаңа империялық талаптарына сәйкес жаңа құқықнормаларын жасау болды. Дәстүрлі құқық деп аталатын құқық нормаларына Ясаның ешқандай қатысы жоқ.
XIII ғ.бастапқы кезеңінде құрылған екі Моңғол ұлысы (Ұлы Моңғол мемлекеті) жазбаша құқық нормаларында бекітілген мемлекетті басқару үшін қажетті заңнамалық ережелерд талдап жасауға мұқтаж болды.Бұл мақсатқа жету жолында туындаған сан-қатерлерге жауап беру үшін дәстүрлі құқық нормаларына өзгерістер енгізіліп, олар ағымдағы күн тәртібінен ыңғайландырылды. Джувейнидің сөздері бойынша, Шыңғыс ханның Ясасы ұйғыр жазуымен тұмарға түсіріліп, «Ясаның ұлы кітабы» (Йасы-намейи бузург) деп аталды. Біздің заманға дейін сақталған фрагменттерден келесідей қорытынды жасауға болады: Шыңғыс хан қаулыларының негізгі міндеті; феодалдану үстіндегі моңғол қоғамының сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын жаңа құқық жүйесін жасау еді. Шыңғыс ханның Ясасы тек қана көшпелі өмір нормаларының регламентін бекітті. Шыңғыс хан сот істерін жүргізуді Шахи-хутуху нойонға тапсырды және оған былай деді: «Ұрлық, алдау оқиғалары бойынша соттауды және жазалауды саған тапсырамын; қылмыс жасағанды жазала; халыққа дүние-мүлікті бөлуді өзің шеш! Соңынан біреулер өзгертпес үшін қабылданған шешімдерді тас тақтайға жазып қоятын бол»[102].
Ресейлік зерттеуші Р.П. Храпачевский [103, 135-142 б.] түрік-моңғол құқықтық жүйесіндегі эволюциялық өзгерістерге назар аударады:: «Толыққанды мемлекет құрғанға дейін моңғолдардың дәстүрлі құқықты пайдалануы бірі обок ішіндегі қатынастарды да, сондақ-ақ көрші обоктар арасындағы қатынастары да реттеуге жетіп артылатын. Мемлекет құрумен байланысты өзара іс-қимылдарды реттеу үшін дәстүрлі құқық нормаларын бір жүйеге келтіру қажет болды, ең бастысы-олардыі өзгерген жағдайларға лайықтау қажеттілігі туындады. Сондықтан «құпия шежіре» беттерінде жазылған «Эке Төре» 1206 жылдан кейін жүйеленген «Ясаға» ауыстырылды».
Заманауи тарих ғылымы экстраполяция әдісін қолдану арқылы билік басындағылардың өсе түскен сұранысын қанағаттандыру үшін көшпелі саяси құрылымдар ресурстарының шектеулі болғанын анықтады.Көшпелі лидерлер өздерінің саяси артықшылықтарын туыстарына шексіз бөліп бере алмайтын боды. Ақсүйектер әулетінің құқықты монополизациялауы оларға құқықты түсіндіру, қолдану сферасында, әсіресе жазбаша нормалардың жоқ жағдайында көптеген өкілеттіліктер берді. Құқықты түсіндірудің маңыздылығы арта түсті, өйткені, құқықтық нормаларға өзіне қолайлы мән-мазмұн беріп белгіді бір әлеуметтік топтың мүдделерін қорғауға мүмкіндіктер алатын еді. Осындай айланы «бектер», рубасылардың, тайпа жетекшілерінің төрені түсіндіруге құқық беретін мәртебесі пайдаланды, сондықтан болар Шыңғыс хан таққа отырған сәттен бастан бектердің артықшылықтарына қарсы күрес басталды.
Бұл кезде көшпелілер көсемдерінің билігі империялық сипатын жоғалтады да көсемнің іс-әрекеті, бірінші кезекте этникалық элита ішінде өз билігінсақтап қалуға бағытталалы. Бағындырылған мемлекеттердің көпшілігінде, әсіресе өздерінің құқықтық дәстүрлерін сақтаған Орта Азия мен Иран тұрғындарын жаңа құқыққа бағындыру өте ауыр және қиын қарекет болды. Әлеуметтік тұрмыстық және қоғамдық өмірдің көптеген тұстары Ясамен реттелмеген күйі қала берді, тіпті кейбір ережелері мұсылмандардың діни құқығы мен жергілікті халықтың салт-дәстүріне қарама-қайшы келді. Уақыт өте келе империяның батыс ұлыстарындағы Шыңғыс ұрпақтары мен әскери-көшпелі ақсүйектері мұсылмандық мәдениет пен мемлекеттілік дәстүрлерін қабылдай бастады да, өз өмірлеріндегі Яса ұстанымдарының әсерін шектеуге кірісті.
Алға қойылған проблемалар бойынша дереккөздері мен тарихи еңбектерді кешенді сараптау көрсеткендей саяси-құқықтық жүйеде қалыптасқан жағдай жоғарғы билеуші – ханның құзіретін едәуір шектеді, бұл әрине жедел жоғарылап келе жатқан Шыңғыс ханды қанағаттандыра алмады, сондықтан ол моңғол тайпаларының құқықтарын реформалау бойынша батыл қадамдар жасады.Шыңғыс ханның саяси-құқықтық қайта құрулары моңғол тайпаларының бұрынғы салт-дәстүрлері мен ережелерін түбегейлі өзгертіп, жаңа, империялық тәртіпті бейнелейтін Ұлы Ясаның пайда болуына әкелді. Ескі тәртіпті қолданушылар тарапынан қарсыластығына тап боларын білген Шыңғыс хан өз реформаларын кезең-кезеңімен жүзеге асырды.
Ясаның сақталған, біздің заманымызға жеткен баптарын тақырыбы бойынша топқа бөлуге болады: халықаралық қатынастар, діни мәселелер; жоғарғы билік; мемлекеттік құрылыс пен бағындырылған жерлерді басқару; әскери ісі мен аңшылық жарғысы, салықтар мен алымдар; басыбайлық жарғысы, азаматтық құқық; қылмыстық құқық және жазалау туралы ереже. Яса–құқықтың барлығы дерлік сфераларын –мемлекеттік-әкімшілік, қылмыстық, сауда-саттық, экономикалық, әскери және салықтық сфераларын реттеді. «Шыңғыс хан қолбасшы ретінде және оның мұрасы» іргелі еңбегінің авторы Эренжен Хара-Даван [104, 82 б.] мынадай байлам жасайды: «Қайта жанданған жазудан тапқан ең маңызды салт-дәстүрлерін Шыңғыс ханның көзқарастарымен байытып, кодификациялау болып табылады». Ғылымның тарихи – сараптамалық схемасы бойынша, «Үлкен Жасақтың» ішінен екі ірі бөлімді айрықша атап көрсетуге болады.
1. Білік - Шыңғысханның жеке өзінің «Нақылдары», бұнда Шыңғыс ханның ойлары, насихаттары мен шешімдері берілген және бұл «Нақылдарда» жалпы теориялық сипаттағы насихаттармен қатар Шыңғыстың әртүрлі нақты оқиғаларға байланысты айтылған пікірлері берілген.
2. Жасақ - бұл әскери және азаматтық заңдардың жиынтығы. Яса Шыңғысхан ұрпақтары үшін атқарылуы міндетті, бұлжымас заң болды.
Ортағасырлық құқықтың негізгі дерек көзі ретіндегі Шыңғыс хан жасаған Ясаның мән-мағынасы Моңғол империясының саяси-құқықтық жүйесінің қызметін трансформациялауда болса керек. Түрік-моңғол қоғамының дәстүрлі құқығы мен отырықшы-егінші мемлекеттердің көптеген құқықтық нормаларының дипломатиялық өзгертулері жаңа реттегіш механизмдердің пайда болуына әсер етті. Шыңғыс хан Ясасының негізінде әртүрлі әлеуметтік-саяси категориялар мен топтарды біріктіру мүмкіндігі пайда болды, Моңғол империясында мәдени-тарихи ұқсасық қалыптасты.
Қазақ көшпелі мемлекеттілік бастауларының бір көрінісі құқықтық деректерді сараптау және оларды зерделеу, дерек көздерінің типі мен сипатын анықтау тарих ғылымының маңызды бір үрдістерінің бірі болып табылады. Ежелгі және ортағасырлық дереккөздерін тарихи зерттеулер кешенді сараптау көшпелі құрылымдардың әкімшілік-саяси жүйесінің қызметін қайта құрастыруға мүмкіндік береді, жаңа категориялар мен топтардың әлеуметтік құрылымы мен қалыптасуы түсініктері кеңейтеді. Тарихи танымның ретроспективті сипаты және жаңа тәсілдерді талдап жасау қажеттілігі және оқиғаларды бағалаудың тербелістер мен өзгерістерге бейімділігін ескере отырып, оларды тарихи дерек көздері арқылы зерделеу бүгінгі күннің талабы болып отыр. Негізгі міндет-тарихи дерек көздері мен ғылыми-тарихи ой-сананы табиғи түрде біріктіру болып табылды. Сонда ғана тарихи оқиғалардың барлық факторларын жан-жақты есепке алып, тарихи синтез жасауға қол жеткізіледі. Тарихи түсініктің теориялық негіздеріне жаңаша, сыни көзқарас тарих ғылымында пайда болған жаңа дерек көздерін жаңа тәсілдер арқылы зерделей түсуге мүмкіндік береді. Өткен тарих біздің көз алдымызда тарихи дерек көздері арқылы ашылады және заманауи гнесеология тұрғысынан оларды зерделеу әдісі тек қана кешенді әдістер сипатында болуы тиіс.Түрік-моңғол құқығы ескерткіштерін дерекнамалық сараптауды ғылыми тереңдете зерттеу жаңа тарихи білім береді және тарихи ой-сананы қалыптастырып, жетілдіреді. Заманауи тарих ғылымында көшпелілердің басқару, құқық, әлеуметтік жүйелерінің өзектілігін қайта құру, көшпелі қоғамның күрделі диалектикалық дамуы үдерісін толыққанды модель ретінде көрсетуге мүмкіндіктер береді. диалогы саяси әлеуметтік және рухани-мәдени өзара іс-әрекеттер қажеттілігінен туындайды деп айтуға әбден болады.
Мемлекеттілік – бұл қоғам мен дамуы мен жетістіктерінің көрсеткіші сонымен бірге мемлекетті қорғау мен өркендетуге бағыттайтын идеологиясы, саяси, қоғамдық және мәдени бағдаршамы. Тарих білімінің заманауи талаптары қазақ хандығының мемлекеттілік институттарының жалғастық үдерісін одан әрі пайымдау қажеттілігін алға тартады. Қазақ хандығы түрік мемлекеттілік дәстүрлерінің тікелей жалғастырушысы. Сондай-ақ Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы мен Әбілқайыр хандығының саяси және идеолгиялық мұрагері болып табылады.
Өткен замандағы өзгерістердің мән-мағынасын түсіну ұшін көшпелі қоғам трансформациясының ішкі механизмдерін тереңдете зерделеу қажеттілігі туындайды. Көптеген мәселелер қайта қарауды қажетсініп қана қоймай тарих ғылымы жинақтаған білімдер тұрғысынан жаңа методологиялық әдістерді қолдану негізінде тарихи теориялар үдерісін дамыта түсүді көздейді. Мүның өзі қазақ халқының басынан өткен тарихын қалпына келтіріп, ұлттық рухани-мәдени жаңғыруына жол ашатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет