Қазақ тілі Диктант



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі22,71 Kb.
#189821
  1   2   3
Байланысты:
Күзгі демалыс тапсырма 3-сынып (1)


01.11.2021
Қазақ тілі
Диктант
Аңқау күшік
Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, мойнақ шеңберден қарғуды үйренді. (40 сөз.)
Тапсырмалар:
1. Мойнақ , күшік сөздеріне дыбыстық талдау
2. 3-ші сөйлемнен зат есім мен естістікті тауып астын сыз.
3 Жалқы есімді тауып астын сыз
02.11.2021
Құлын
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Мен құлынның қасына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекелге бел будым. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, осқыра қарап тұрды. Қайта келіп есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлын шөлдеген екен. Мен оған шелекпен су бердім. Құлын суды ұзақ ішті. Осылайша екеуміз достасып кеттік. /49сөз/
Тапсырма.
1.«Жылқышы» сөзін сөз құрамына талдау.
2. 1-ші сөйлемнен етістікті тауып астын сыз.
3.«Құлын» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

03.11.2021


Аю
Аю-орман қожасы.Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Соның бірі – қоңыр аю. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы өсімдіктер. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт – құмырсқаларды да аулайды. Аю үлкен-үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады. (51 сөз)
Тапсырма:
1. «Жаңғақ» сөзін сөз құрамына талдау.
2. 5- сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
3 Соңғы екі сөйлемді буынға бөліп жаз

04.11.2021



Кірпі
Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір ғажапты байқап қалдық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бірнеше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп қатты да қалды. Аспаннан әлдебір нәрсе күткендей телміріп отыр.
Ағаштың бастарынан кепкен саңырауқұлақтар түсе бастады. Кірпілер дайын асты тікендеріне шаншып алды.(53 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет